"Таным" білім беру саласы



бет1/4
Дата08.02.2022
өлшемі36,19 Kb.
#118612
  1   2   3   4
Байланысты:
лекция 8
1545510591, Жалпы тіл білімі, Қ.Ғ.Аронов, 22.01 Вебинар, ашық сабақ 2, my school 011, Анталия, section by section physics kz, Лингвоконцептология диплом, 472 бұйрық-4 тоқсан-10 сынып., фрезеологизмдер, 313978.pptx 2, Булшык еттер, 17.01 6 сынып, Физика 10 сынып Тұрақты ток Толық тізбек үшін Ом заңы жоспар

"Таным" білім беру саласы
"Таным" білім беру саласының базалық мазмұны математика негіздері, құрастыру, жаратылыстану ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.
Мақсаты инновациялық әдістер мен технологияларды қолдана отырып, интеллектуалдық қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыту және қоршаған ортаның біртұтастығы туралы білімдерін қалыптастыру болып табылады.
Міндеттері:
қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру;
командада жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру;
көрнекі-қимылдық ойлауды және шығармашылық қиялдауды дамыту;
тірі және өлі табиғат туралы білімдерін, табиғатта өзін ұстау туралы ережелерді және қарапайым өзара байланыстар туралы білімдерін байыту;
табиғатқа сүйіспеншілікке және ұқыпты қарауға баулу;
өз ойы бойынша құрылыстарды жасауға, оларды мазмұн бойынша біріктіруге және олармен ойнауға ынтасын тәрбиелеу.
І жартыжылдық
Математика негіздері
Сан. "Көп", "біреу", "бір-бірден", "бір де біреуі жоқ" ұғымдары туралы түсініктерін қалыптастыру.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
1) біртекті заттардан топтар құрастыру және олардың біреуін бөліп көрсету;
2) бөлмедегі заттарды ажырату және олардың санын анықтау;
3) заттарды салыстыру;
4) заттардың бір тобын екіншісіне бірізділікпен беттестіру және қосу;
5) заттарды бір қатарға, реті бойынша, бір бағытта солдан оңға қарай оң қолымен орналастыру.
Шама.
Шама бойынша заттардың әртүрлі болатыны туралы түсінік беру.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
1) ұзындығы мен ені бойынша екі қарама-қарсы және бірдей заттарды салыстыру;
2) биіктігі мен қалыңдығы бойынша екі қарама-қарсы және бірдей заттарды салыстыру.
Геометриялық пішіндер. Балаларды геометриялық пішіндерді тануға және атауға үйрету: шеңбер, шаршы, үшбұрыш, түйсіну және көру арқылы пішін түрлерін зерттеуге үйрету.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
1) геометриялық пішіндерді тану және атау;
2) пішін түрлерін зерттеу.
Кеңістікте бағдарлау. Өзінің дене бөліктерінің орналасу бағдарын білуге үйрету.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
1) өзіне тікелей жақын кеңістік бағдарын анықтау, заттарды сол жақтан оң жаққа қарай орналастыру.
2) өзінің дене мүшелерін (басы, аяғы, қолы) бағдарлау және атау.
Уақытты бағдарлау.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
тәулік бөліктерін тану және атау - таңертең, күндіз, кеш, түн.
Күтілетін нәтижелер:
бір затты топтан бөледі және топтарға біріктіре алады;
біртекті заттарды құрастырады және бөліп алады;
заттарды қатарға реті, шамасы бойынша оң қолымен солдан оңға қарай қояды;
екі қарама-қарсы және бірдей заттарды ұзындығы мен ені, биіктігі бойынша беттестіру және тұстастыру арқылы салыстырады;
геометриялық пішіндерді таниды және атайды: дөңгелек, шаршы, үшбұрыш; өзіне қатысты кеңістікті бағдарлай алады;
тәулік бөліктерін – таңертең, күндіз, кеш, түнді таниды және атайды.
Құрастыру.
Құрылыс материалдарынан құрастыру.
Келесі дағдыларды қалыптастыру:
1) әртүрлі түстегі және пішіндегі бөлшектерден қарапайым құрылыстар құрастыру;
2) бөлшектерді орналастыру және кірпіштерді қалау, пластиналарды тік бағытта және көлденең орналастыру тәсілдерін пайдалану;
3) ірі және ұсақ құрылыс материалдарынан құрастыру;
4) көп түсті құрылым құрастыру;
5) үлгі бойынша құрастыру;
6) қағазды бүктеу, жырту, шиыршықтау тәсілдерін пайдаланып, қағаз беттерін көлемді пішіндерге түрлендіру.
Күтілетін нәтижелер:
әртүрлі түстегі және пішіндегі бөлшектерден қарапайым құрылыстар құрастыра біледі;
құрылыс бөліктерін ажыратады және атайды; өзі құраған құрылысын қуыршақтың, ойыншықтардың өлшемдерімен үйлестіреді;
сюжеттік ойын міндеттерін пайдалана отырып, ірі және ұсақ құрылыс материалдарынан заттар құрастыра алады;
түрлі тәсілдерді пайдаланып, қағаз беттерін түрлендіреді.
Жаратылыстану.
Тірі және өлі табиғат құбылыстары туралы білімдерін қалыптастыру.
Ауа-райының жағдайын анықтау, табиғат құбылыстарын (маусымдық) бақылау. Табиғат құбылыстарына қызығушылықтарын тәрбиелеу.
Өсімдіктер әлемі.
Туған өлкенің кейбір өсімдіктері, көкөністері мен жемістері туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру; бөлме өсімдіктерінің түрлері (шегіргүл, қазтамақ, бегония және тағы басқа), олардың ерекшеліктері туралы білімдерін қалыптастыру.
Келесі қарапайым ұғымдарды қалыптастыру:
1) туған өлкенің кейбір өсімдіктері, көкөністері мен жемістері туралы түсініктерін қалыптастыру; 2- 3 ағаштардың түрлерін танып, атауға үйрету;
2) бөлме өсімдіктерінің түрлері, олардың ерекшеліктері;
3) табиғат құбылыстарына қызығушылықтарын, өсімдіктерге сүйіспеншілікпен және қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Жануарлар әлемі.
Үй жануарлары мен олардың төлдері туралы білімдерін бекіту. Қазақстанды мекендейтін жабайы жануарлар жайлы түсініктерін қалыптастыру; табиғат бұрышын мекендеушілерді бақылау дағдыларын қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:
табиғаттағы және ауа райындағы қарапайым өзгерістерді байқайды.
туған өлкенің кейбір өсімдіктері туралы ұғымдарды игерген;
кейбір көкөністер мен жемістерді дәмінен ажыратады және атайды;
құстардың мінез-құлқындағы ерекшеліктерге назар аударады;
үй және жабайы жануарларды, құстарды, жәндіктерді атайды;
табиғатқа қамқорлық танытады.
ІI жартыжылдық
Математика негіздері.
Сан. "Көп", "біреу", "бір-бірден", "бір де біреуі жоқ" ұғымдарын ажырату дағдыларын жетілдіру; екі тең немесе тең емес заттар тобын салыстыра білу, бір топтағы заттарды екінші топтағы заттарға беттестіру және тұстастыру тәсілдерін пайдалану.
Шама.
Екі қарама-қарсы және бірдей заттарды ұзындығы, ені, биіктігі мен жуандығы бойынша салыстыра білуді бекіту.
Геометриялық пішіндер.
Геометриялық пішіндер туралы білімдерін нақтылау: дөңгелек, шаршы, үшбұрыш.
Кеңістікті, уақытты бағдарлау.
Кеңістікті және уақытты бағдарлауға үйрету. Тәуліктің қарама-қарсы бөліктерін анықтауға үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
"Көп", "біреу", "бір-бірден", "бір де біреуі жоқ" түсініктерін біледі;
ұзындығы, ені, биіктігі, жуандығы бойынша бірдей екі әртүрлі және бірдей заттарды салыстыруды біледі;
салыстыру нәтижесін сөзбен жеткізеді;
геометриялық пішіндерді біледі;
кеңістік пен уақытты бағдарлай біледі;
оң және сол қолдарын ажырата алады.
Құрастыру.
1) құрылыс материалдарынан құрастыру;
2) құрылыс материалының негізгі бөлшектері, олардың бөлшектері туралы білімді қалыптастыру, оларды түсі, шамасы бойынша тану. Сюжеті бойынша біріктіру және ойнау арқылы құрылыс салу кезінде шығармашылық қиялды қалыптастыру;
3) қағаздан құрастыру. Қағаз беттерін көлемді пішіндерге өзгертуге үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
құрылыс материалдарының бөліктерін біледі және атайды, оларды түрлі тәсілдермен орналастырады;
түсі және көлемі бойынша ажырата алады;
қарапайым құрылыстарды құрастырады;
түрлі құрастыру тәсілдерін қолдана отырып, қағаз парағын түрлендіреді.
Жаратылыстану.
Тірі және өлі табиғат құбылыстары мен заттары.
Өсімдіктер әлемі:
1) туған өлкенің кейбір өсімдіктері туралы қарапайым ұғымдарды қалыптастыру. Ағаштарды, дала гүлдерін, кейбір көкөністер мен жемістерді, бөлме өсімдіктерін тану және атау, өсімдіктердің бөліктерін тану дағдыларын қалыптастыру. Жуаны, гүлдерді және тағы басқа тұқымдарды (шырайгүл, барқытгүл) себуді және отырғызуды бақылау;
2) бөлме өсімдіктерінің түрлері (шегіргүл, қазтамақ, бегония) олардың ерекшеліктері туралы білімді қалыптастыру.
Жануарлар әлемі.
1) үй жануарлары мен олардың төлдері туралы білімдерді бекіту;
2) жабайы жануарлар, өздеріне таныс жануарлардың сыртқы ерекшеліктері туралы ұғымдарды қалыптастыру.
Табиғаттағы маусымдық өзгерістер:
1) қыс және көктем мезгілінде ауа райының жағдайларын бақылау және анықтай білуді жетілдіру;
2) жаз мезгілінің кейбір сипаттық ерекшеліктері жайлы білімді жетілдіру.
Күтілетін нәтижелер:
табиғаттың сипаттық маусымдық өзгерістерін анықтайды және атайды;
туған өлкенің кейбір өсімдіктері туралы ұғымдарға ие;
таныс ағаштарды, бөлме өсімдіктерін, көкөністер мен жемістердің
3-4 түрін таниды және атайды;
құстарды, жәндіктерді, үй және жабайы жануарларды, олардың төлдерін өздеріне тән белгілері бойынша атайды және ажыратады;
құмның, судың, қардың қасиеттерін біледі;
табиғатта өзін ұстаудың ережелері туралы ұғымдарды игерген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет