Тапсырма №21 Жазық және кеңістік механизмдердің құрылымдық анализ



Дата01.03.2022
өлшемі38,41 Kb.
#133830
Байланысты:
механика



Тапсырма №21
Жазық және кеңістік механизмдердің құрылымдық анализ
Барлық механизмдер жазық және кеңістік болып бөлінеді механизмдердің барлық звенолары бір жазықтықта немесе параллель жазықтықтарда қозғалатын болса жазық механизм деп аталады, ал егер звенолары әртүрлі параллель емес жазықтықта қозғалатын болса кеңістік механизм деп аталады.
Тапсырмада берілген жазық топсалы-иінтіректі механизм 5 қозғалмалы звенодан тұрады. Олар мынандай веналар:0-тіреуіш,1-кривошип,2-шатун,3-күйенте,4-шатун,5-күйенте. Осы звенолар бір-біріне қатысты қозғала отырып, келесі төмендегі жұптарды құрайды:


А(0;1)- айналмалы V клаасты кинематикалық жұп
В(1;2) –айналмалы V класты кинематикалық жұп
С(2;3) - айналмалы V класты кинематикалық жұп
Д(3;0)- айналмалы V класты кинематикалық жұп
Е(0;4)- айналмалы V класты кинематикалық жұп
F(4;5)- айналмалы V класты кинематикалық жұп
G(5;0)- айналмалы V класты кинематикалық жұп

Сонымен қозғалмайтын звено саны n=5, ал кинематикалық жұптар саны және екенін біле отырып, еркіндік дәрежесі есептеледі. Жазық механизмдердің еркіндік дәрежесін П.Л. Чебышевтің формуласымен анықталады, онда


Бұл дегеніміз звенолардың ішінде біреуі бастапқы, не жетекші дегенді білдіреді және ол шартты түрде тіреушпен жұп құрайды. Бастапқы зеноны таңдай отырып, құрылымдық Ассур тобына жіктейміз және механизм класын анықтаймыз. Механизм класы олардың құрамындағы топтардың ең үлкен класымен анықталады. Онда бірінші звено бастапқы болғанда механизм ІІІ класты болады және бастапқыға тізбектей жалғанған екі Ассур тобынан құралады. Құрылымдық формуласы төмендегідей болады
І(1)→ ІІ(2;3)→ ІІ(4;5) механизм ІІ класты
І(3)→ ІІ(2;1) II (4;5) механизм ІІ класты
І(5)→ІІ→(4;3)→ ІІ(2;1) механизм ІІ класты
Бұл құрылымдық формулалардан кинематикалық және күш анализдерінің реті анықталады. Кинематикалық анализ формула қалай жазылады, сондай ретпен жүргізіледі, яғни жетекшіден басталып, ары қарата ретімен жазылған Ассур топтарына жасалады. Күштер анализі кері қарата жасалады, яғни ең соңғы Ассур тобынан басталып, жетекші зенодан бітеді. Механизмдердің құрылымдық формуласынан механизм құрылысымен бірге кинематикалық тізбектердің құрылысын толық анықтауға болады.
Қазіргі өндірісте механизмдермен бірге кеңістік механизмдерде кең қолданысқа ие болуда, сондықтан құрылымдық анализіне тоқталайық. Кеңістік механизм 6 қозғалатын және 1қозғалмайтынзвенолардан тұрады. Олар мынадай кенематикалық жұптар құрады:

А(0;1) айналмалы V класты кинематикалық жұп
B(1;2) айналмалы V кинематикалық жұп
C(2;3) ілгермелі V класты кинематикалық жұп
D(3;4) сфералы саусақты IV класты кинематикалық жұп
E(4;5) цилиндірлі IV класты кинематикалық жұп
F(5;6) айналмалы V класты кинематикалық жұп
Сонымен n=6, болады екен, онда Самов-Малышев формуласы бойынша кеңістік механизмнің еркіндік дәреже саны анықталады:

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет