Т-3
Ж…яу, ж…й, ш…й, д…птер, …демі, с…біз, с…н, т…р, т…н, с…л.
Тапсырмасы:
Көп нүктенің орнына а немесе ә әрпін қойып, көшіріп жазыңдар.
Сөздерді аударыңдар.
Бұл сөздерді қатыстырып, сөйлем құрыңдар.
Т-4
Ақын, қазақ, ғалым, қала, оқушы, мұғалім, бөлме, ұшқыш, мектеп, сөздік.
Тапсырмасы:
Берілген сөздерге көптік жалғауын жалғаңдар.
Сөздердің тасымалдану жолдарын көрсетіндер.
Сөздерден сөйлем құрыңдар.
Т-5
Ж…мыс, к…н, қ…с, т…н, т…р, б…гін, с…т, д…кен, б…л, …шқыш, м…ғалым.
Тапсырмасы:
Көп нүктенің орнына ұ немесе ү әріптерін қойып, көшіріп жазыңдар.
Сөздерді аударыңдар.
Берілген сөздерден сөйлем құрып жазыңдар.
Т-6
Інімнің аты-Әнуар. Ол-оқушы. Інім бірінші сыныпта оқиды. Бір күні інім ауырды. Әкем інімді дәрігерге апарды. Әсем-емханада дәрігер. Ол Әнуарды қарады, дәрі жазып берді. Дәрілерді әкем дәріханадан сатып әкелді.
Тапсырмасы:
Қазақ тілінің ерекше дыбыстарына сипаттама беріңдер.
Мәтіннен түбірлес сөздерді теріп жазыңдар.
Сөйлемдерге сұрақтар қойыңдар.
Т-7
Еңбек, арыстан, болашақ, уақыт, той, бұрын, қиын, ауыл, сантиметр, сынып, елу, ірі, ұшақ, әйгілі.
Тапсырмалар:
Берілген сөздерді тасымалдаңдар.
Тасымалдауға болмайтын сөздерді бір бөлек жазыңдар.
Еңбек, уақыт, болашақ, әйгілі, ірі сөздерін пайдаланып, сөйлем құраңдар.
Т-8
Көк-көгі, көп-көбі, мектеп-мектебі, жүрек-жүрегі, терек-терегі, сабақ-сабағы, қонақ-қонағы, доп-добы, тарақ-тарағы, топ-тобы.
Тапсырмалар:
Сөз түбіндегі қатаң дыбыстың өзгеру заңдылығын түсіндіріңдер.
Берілген сөздерден сөйлем құрыңдар.
Т-9
Мой отец-учитель. Он учит детей. Мать-врач. Она работает в поликлинике. Бабушка и дедушка не работают. Они –пенсионеры. Я и моя старшая сестра учимся в школе. Меня зовут Сарсен. Я учусь в шестом классе. Сестра Карлыгаш учится в 8 классе. Мы учимся хорошо.
Тапсырмалар:
Сөйлемдерді қазақшаға аударыңдар.
Тәуелдік жалғаулы сөздердің астын сызыңдар.
Мұғалім сөзін тәуелде.
Т-10
Біз ауылда тұрамыз. Ауыл жанында тоғай бар. Тоғайда түрлі ағаш, гүл, жидек өседі. Жазда тоғайға жиі барамыз. Біз жидек, гүл тереміз. Мен әжеме , анама гүл сыйладым. Қарындасыма жидек жинап әкелдім. Олар маған алғыс айтты.
Тапсырмалар:
Мәтіндегі ағаш, гүл , жидек, тоғай сөздеріне көптік жалғауын жалғаңдар.
Мәтінді оқып, мазмұнын әңгімелеңдер.
Төмендегі сұрақтарға жауап жазыңдар.
А/ Сен қайда тұрасың?
Ә/ Сен тұратын жерде орман / тоғай, өзен, көл, тау, теңіз / бар ма?
Б/ Сен жазда қалай демаласың?
В/ Демалыста не істедің?
Г/ Сен қалай демалдың?
Т-11
Бүгін , таңертең, оқыды, келді, қазақ тілі, сөйлем, қызық, үйрену, сөйлесу.
Тапсырмалар:
Берілген сөздерді орысшаға аударыңдар.
Сөздерді қатыстырып, сөйлем құраңдар.
Сөйлемдерге сұрақтар қойып, бір-біріңмен сөйлесіңдер.
Үлгі: Оқушылар мектепке келді. Оқушылар қайда келді?
Т-13
1/ Андрей, здравствуй!
2/ Как дела?
3/ Что нового в школе?
4/ Где твой друг Жомарт?
5/ Передай ему привет.
6/ До свидания!
Тасырмалар:
1. Сөйлемдерді қазақшаға аударып, дәптерге жауабымен жазыңдар.
Бір-біріңмен «Сыныпта» тақырыбы бойынша әңгімелесіңдер.
Т-14
Ән, сурет, ұшақ, өнерпаз, әнші, суретші, әншілік, өнер, ұшқыш, өнерлі, ұшты, суреткер.
Тапсырмалар:
Түбірлес сөздерді бөліп жазып, орысшаға аударыңдар.
Сөздерден сөйлем құрап жазыңдар.
Өздерің білетін Қазақстанға белгілі әнші, суретші, ұшқыш, өнер адамдарын атаңдар, аты-жөнін жазыңдар.
Т-15
Күз, оқу, сабақ, ертең, жиналды, барды, басталды, жақсы, мұғалім, оқушы, мектеп, жылы.
Тапсырмалар:
Берілген сөздерді оқып, дәптерге сөз тіркестерін құрастырып жазыңдар.
Сөз тіркестерін қатыстырып, сөйлем құрыңдар.
Сөйлемдерге сұрақтар қойыңдар.
Үлгі: Сабақ басталды. Мектепте сабақ басталды.
С-17
Ғалым, ғылым, аға, Ғабит, ғарыш, ғарышкер, Талғат, тоғай, ағаш, торғай, қарға, қарағай.
Тапсырмалар:
Сөздерді буынға бөліп жазыңдар, ғ дыбысына сипаттама беріңдер.
Сөздерді орысшаға аударыңдар.
Берілген сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрыңдар немесе « Тоғайда » ,
« Ғарышкер аға » тақырыптарының біріне шағын әңгіме жазыңдар.
Т-18
-Сен мектепке қашан барасың?
-Мектепте қанша боласың?
-Мектептен үйге қашан келесің?
-Сабағыңа қашан дайындаласың?
-Бүгін театрға барасың ба?
Тапсырмалар:
Сұрақтарға жауап жазыңдар.
Өзара сөйлесуге дайындалыңдар.
Мектептен, үйге, театрға сөздеріндегі септік жалғауларына сұрақ қойыңдар.
Т-19
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қазір қай ай?
-Бүгін айдың нешесі?
-Бүгін аптаның нешінші күні?
-Бүгін аптаның қай күні?
-Кеше қай күн болды?
-Ертең қай күн болады?
-Қазір нешінші сабақ?
-Қазір қай сабақ?
-Сыныпта кім кезекші?
Тапсырмалар:
Ай, күн атауларын естеріңе түсіріңдер.
Сұрақтарға жауап жазыңдар.
Бүгінгі ауа райы туралы әңгіме құрастырыңдар.
Т-20
-Бүгін қай күн?
-Бүгін ауа-райы қандай / жақсы, нашар /?
-Бүгін күн қандай / жылы, суық, ыстық, тұман / ?
-Бүгін ауаның температурасы қандай / граду суық, градус жылы /?
-Осы аптада /өткен аптада / ауа райы қандай болды?
-Келесі аптада ауа райы қандай болмақ?
Тапсырмалар:
Сұрақтарға жауап жазыңдар.
Өзара әңгімелесіңдер.
Т-21
Жадыра –оқушы. Ол жақсы оқиды. Жадыра оқулықтарын таза ұстайды. Оны мұғалімдері мақтайды. Жадыра – мектептегі үлгілі оқушы.
Тапсырмалар:
Мәтіннен түбірлес сөздерді тауып жазыңдар, сөз құрамына қарай талдаңдар.
Сөйлемдерді бірнеше рет оқып, жатқа жазыңдар.
Өз достарың туралы әңгімелеңдер.
Т-22
Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз. Ол-үлкен мемлекет. Республикасының бас қаласы-Астана. Ол- әдемі қала. Қаланың ортасымен Есіл өзені ағады. Астанада қазақтың әйгілі үш биі- Төле би, Қазыбек би, Әйтеке биге ескерткіш орнатылды.
Тапсырмалар:
Сөйлемдегі жалқы есімдерді тауып, сұрақ қойыңдар.
Әңгімелесу үшін сұрақтар дайындаңдар.
Өздерің білетін Қазақстан қалаларының аттарын жазыңдар.
Т-26
Өшіргіш, кітап, қағаз, сөре, оқулық, дәптер, қалам, қарындаш, сөмке, сурет дәптер.
Тапсырмалар:
1. Берілген сөздерге көптік жалғауын жалғаңдар.
2.« Менің оқу құралдарым » деген тақырыпта шағын әңгіме жазыңдар.
Т-27
Қазақ халқының ұлы ақыны Абайдың 150 жылдық мерейтойын …
/ праздновали /.
Бұл мерейтойға арналған мерекелік шаралар … . Мерейтойда Абайдың ұрпақтары … . Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов 100 жасқа … . Бүкіл әлем бұл мерейтойды … . Ақтау қаласындағы №20 мектепке М.Әуезов есімі … .
Керекті сөздер: толды, тойлады, берілді, тойланды, өтті, болды.
Тапсырмалар:
Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, берілген сөйлемді аяқтаңдар.
Жалқы есімдердің астын сызыңдар.
Қала, той сөздерін септеңдер.
Т-28
Әділ адам, әдепті қыз, ақылды әже, іскер әкім, әсем ән.
Тапсырмалар:
Сөз тіркестерін орысшаға аударыңдар.
Сөз тіркестерінен сөйлем құрыңдар.
Зат есімдерге сұрақ қойыңдар.
Т-29
Жауын, жалқау, еріншек, жаңбыр, тосу, арман, күту, қиял.
Тапсырмалар:
Сөздерді орысшаға аударыңдар.
Синоним сөздерді топтастырып жазыңдар.
Синонимдерден сөйлем құрыңдар.
Үлгі: Менің арманым-ұшқыш болу. Мен көп қиялдаймын. Биыл жауын көп болды. Далада жаңбыр жауып тұр.
Т-30
Мұғалім
Нұр шуағын түсірген,
Бала жанын түсінген.
Мектепте де , сыртта да,
Үлгі болған ісімен.
Білім нәрін сыйлаған,
Көпке әр кез сыйлы адам.
Оң жол тілеп шәкіртке,
Жамандыққа қимаған
Ол кім? Мұғалім.
Тапсырмалар:
Өленді мәнерлеп оқып, жаттап алыңдар.
Шуақ, нәр, жан сөздерін сөздіктен қарап, мағынасын түсіндіріңдер.
Шәкірт сөзін септеңдер.
Т-31
Алыс, жаман, тар, жақын, үлкен, кең, суық, кіші, жылы, қысқа, ілгері, ұзын, лас, кейін, таза, жақсы.
Тапсырмалар:
Сөздерді орысшаға аударыңдар.
Антоним сөздерді сәйкестендіріп жазыңдар.
Үлкен, таза, жылы сөздерінен сөйлем құрып жазыңдар.
Т-32
Жедім жаңа нан,
Бұл сөзіме нан.
Достарыңызбен бөлісу: |