Тарих беттеріндегі эволюциялық жүйенің арқауына зер салар болсақ, жаңа экономикалық саясат жылдарындағы Қазақстан марксистік экономикалық теориядан қалыпты нарықтық қатынастарға қайта оралуды білдірді



Дата07.02.2022
өлшемі13,98 Kb.
#95981
Байланысты:
Эссе жоспармен
1515563916

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
«Физика» кафедрасы


ЭССЕ
Тақырыбы:Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат

Қабылдаған:Карибаев Сарсебай


Капбарова Гаухар
Орындаған:Укайша Гүлнұр
Тобы:ЕП-20-3К2


Жоспары:
1.Тарих беттеріндегі жаңа экономикалық саясат
2.Жаңа экономикалық саясаттың әсері
3.Қорытынды

Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат
Тарих беттеріндегі эволюциялық жүйенің арқауына зер салар болсақ , жаңа экономикалық саясат жылдарындағы Қазақстан марксистік экономикалық теориядан қалыпты нарықтық қатынастарға қайта оралуды білдірді.Жаңа экономикалық саясат саласын сарапқа салар болсақ , бұл экономикалық саясаттың орнығуында екі мәселе алғышарттық негізде алға қойылды: біріншіден- партияның ішіндегі фракцияларға тыйым салуды қарастырса , екіншіден- шаруаларға үш жыл бойы ауырлық салдырған азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастыруды жөн көрді.Елдегі экономикалық саясаттың ахуалы әлсіреп , аш құрсақ болған шаруалар үшін бір жүгінің кішкене болсын жеңілдегенін байқатты. Алайда , жаңа экономикалық саясат-халық шаруашылығына әміршіл-әкімшіл жүйенің тізгінін қолға ала отырып , белгілі дәрежеде капитализмге уақытша есеп беруге есептелген пролетариат мемлекетінің ерекше саясаты еді.
Жаңа экономикалық саясат аз уақыт қана жұмыс атқарды , барлық саланы біртұтас саясат болып қалыптаспады.Революциядан кейінгі оқылықтарды толығымен жоймады. Бірақ , осы кездің өзінде үкімет нарықтық қатынастарды кең қолдану арқылы елдің барлық өндіргіш күштерін жандандырып , жалпы шаруашылықтың өркендеуін қамтамасыз ететін қабілеті айқын көрінді.Тарихтың сарғайған парақтарына көз жүгіртсек , жаңа экономикалық саясаттың кеңес үкіметінің орнауы мен азамат соғысынан кейінгі мәдени , идеологиялық , экономикалық , әлеуеттік жанданудың көрінісі ретінді байқаймыз.
Қорытындылай келсем , жаңа экономикалық саясат қазақ жеріне жақсы жақтарымен әсерін мықтап орнатқан жоқ.Орыс емес халықтардың мұқтаждықтары мен оларға қамқорлық жасау іс жүзінде емес , көбінесе сөз жүзінде жүргізілді.Сәтсіздіктердің себептері , шаруаларды жермен , тұқыммен , керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ете алмаған , ауыл шаруашылығының дамуын қандай-да бір жоспарлы арнаға бағыттай алмады.Қазақтарға сол кездің өзінде қажетті жағдай-мал шаруашылығымен айналысуға , дәстүрлі әлеуметтік құрылымдар мен мәдениетті қалпына келтіру еді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет