Тарих және құқық



бет1/5
Дата25.08.2017
өлшемі1,04 Mb.
#26852
  1   2   3   4   5


М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

«Бекітемін»

тарих және құқық

факультетінің деканы

_________ Д.Б.Абулкасова

«__»__________ 200_ж.

Тарих және құқық факультеті

«Философия және құқық негіздері» кафедрасы

050115 – Құқық және экономика негіздері (бакалавриат)

Мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын

студенттерге арналған


Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы пәні бойынша

Пәннің оқу-әдістемелік кешені

Курс – 2

Семестр - 4

Кредит саны – 2

Дәріс – 15 сағат

Практикалық сабақ (лаб., сем., және т.б.) – 15 сағат

ОЖСӨЖ – 30 сағат

СӨЖ – 30 сағат

Емтихан – 4-ші семестрде

Барлығы – 90 сағат

Орал 2010 ж.

Курс бағдарламасы ҚР Констиуциялық құқығы. Типтік оқу бағдарламасы Астана, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, 2005 типтік бағдарлама негізінде құрастырылды. Авторлары – Ғ.С. Сапарғалиев, О.К. Қопабаев, Е.К. Көбеев, В.А. Малиновский, К.К. Айтхожин, Ә. Кәлімбекова.
Құрастырушы: оқытушы Ауелбаева Нургуль Жаксыбековна
Келісілді: ОҮҰжәне ОӘЖБ жетекшісі А.А.Какимова
Философия және құқық негіздері кафедрасының отырысында қаралды.

“____” ________________2010.ж. № ___хаттама.


Кафедра меңгерушісі___________ Мулдашева Г.Б.

(қолы)

Факультеттің оқу-әдістемелік

кеңесінің төрағасы _______________ ____________________

(қолы) (аты-жөні)

1. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы пәнінің типтік оқу бағдарламасы.

Мәліметтер:

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ

050301 «Заңтану» бакалавриат мамандығы бойынша

Астана, 2005

«Заңтану» және «Құқық қорғау қызметі» мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік секциясымен ДАЙЫНДАЛҒАН ЖӘНЕ ЕНГІЗІЛГЕН.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «11» мамырдағы 2005 ж. №289-бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ КҮШІНЕ ЕНГІЗІЛГЕН.

Бұл типтік оқу бағдарламасы «Заң пәндері» кафедрасында (3 ғимарат, 310 аудит.) 1 дана бар.

2. КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ (SILLABUS)
2.1 Оқытушы туралы мәлімет
Оқытушының аты –жөні: Ауелбаева Нургуль Жаксыбековна

Офис: Философия және құқық негіздері кафедрасы

Жұмыс мекен-жайы: Орал қ., Сарайшық көшесі 34, кабинет 407

Жұмыс телефоны: 51-04-69


2.2 Пән туралы мәлімет
Пән атауы: Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы

Семестр 15 оқу аптадан және 2 апта сессиядан тұрады.

Бір аптада 2 кредит сағат саны болады, әр кредит – сағат саны (дәріс, практика) бір байланыс сағаттан және бір сағат ОЖСӨЖ тұрады.


Сабақ

Өткізу уақыты

Сабақ

Өткізу уақыты

Байланыс сағаты

1 ( дәріс)



50 мин.

ОЖСӨЖ, СӨЖ

50+50 мин.

Байланыс сағаты

2 (тәжірибе)



50 мин.

СӨЖ

50 мин.


Кредит саны – 2.
Өту орны: №3 оқу ғимараты, сабақ кестесі бойынша
Оқу жоспарынан көшірме:

Курс

Семестр

Кредит

саны

Дәріс

Сем.

ОЖСӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бағалау

2

4

2

15

15

30

30

90

емтихан


2.3. Кіріспе
Пән бойынша мағлұмат: ҚР Конституциялық құқығы курсы - заң бiлiмiн беру саласындағы арнайы циклдегі жетекші пәндердің бірі болып табылады. Бұл пән отандық құқық жүйесіндегі конституциялық-құқықтық институттар туралы негізгі фундаменталды бiлiмді бередi.

Оқу пәнінің негізгі мақсаты – конституциялық құқықтың аса маңызды ғылыми-теориялық ережелері туралы, Қазақстан Республикасының конституциялық даму тарихы, демократиялық, құқықтық, әлеуметтік және зайырлы мемлекеттілігі қалыптасу процесіндегі мемлекет және қоғамның Негізгі заңы ретіндегі Конституцияның рөлі және қызметтері туралы, адам және азаматтың конституциялық-құқықтық мәртебесі туралы және мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқарудың конституциялық жүйесі туралы студенттердің фундаментальды түсінігін қалыптастыру.

ҚР конституциялық құқығын оқып, меңгеру арқылы студент мемлекеттің негізгі саяси-құқықтық институттары мен қатар, оның экономикалық базисін құқықтық жүйеде құру, дамыту әдістерін меңгереді.



Курстың міндеті:

Курстың негізгі міндеті студенттерде нақты құқықтық сананы дамыту және құқықтық білімді меңгеру. Сонымен қатар курстың міндеттеріне жатады:



  • Студенттерді отандық конституциялық құрылыстың басты қағидаттарымен таныстыру;

  • Негізгі саяси-құқықтық институттардың құрылымдары мен олардың даму үрдісі туралы білімді меңгерту;

  • Студенттер бойында кәсіби дүниетанымдық қасиеттерді қалыптастыру және дамыту;

  • Болашақ заңгер мамандығы мен қатар өзге де мамандық иесіне қажетті негізгі құқықтық түсініктер мен ұстанымдарды студент бойына сіңіру;

Пререквизиттер: «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы» пәнің меңгеру үшін студенттерге келесі пәндерден алаған базалық білім қажет:

  • Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы) – орта білім базасында

  • Адам және қоғам – орта және арнаулы білім базасында

  • Құқық негіздері – орта және арнаулы білім базасында

  • Мемлекет және құқық теориясы – жоғары білім базасында

  • Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы

  • Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы

Постреквизиттер: «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы» пәнінен алған білім барлық құқықтық пәндерді меңгеру үшін қажет.
Оқыту әдістемесі:

Оқыту негізінен негізгі оқу материалдары баяндалып, түсіндірілетін және тәжірибелік дағдыларды қалыптастыратын дәріс және тәжірибелік (семинар) сабақтары түрінде өтеді. Студенттердің білімін тексеру ауызша коллоквиум және жазбаша бақылау жұмыстары (нормативтік құжаттарға талдау жасау, шығарма мен реферат жазу) және жеке семестрлік тапсырмалар ретінде болады. Студенттердің білім кемшіліктерін жою үшін алдын-ала белгіленген кесте бойынша әр апта сайын кеңестер жүргізіледі.


2.4. Сабақ мазмұны мен кестесі
1 апта

2 кредит сағат

1 дәріс (1 сағат)



Тақырып: ҚР Конституциялық құқығы: түсінігі, пәні және әдістері.

Дәрістің мазмұны: ҚР Конституциялық құқығының түсінігі. Конституиялық құқықтың Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқық жүйесіндегі орны және рөлі. ҚР Конституциялық құқығының пәні және оның ерекшеліктері. ҚР Конституциялық құқығының әдістері (өкілеттендіру, міндеттеу, тыйым салу, тану және т.б.). ҚР Конституциялық құқығының қазіргі кезеңдегі даму тенденциялары. ҚР Конституциялық құқығының жүйесі: түсінігі, құрылым элементтері. Конституциялық-құқықтық институттар.

1 практикалық сабақ (1 сағат)



Практикалық сабақ мазмұны: Конституциялық-құқықтық нормалар: түсінігі, ерекшеліктері, түрлері. Конституциялық-құқықтық қатынастар: түсінігі, оларға тән белгілер, түрлері. Конституциялық-құқықтық қатынастар субъектілері, олардың жіктелуі. Конституциялық құқықтың қайнар көздері: Конституция, қонституциялық заңдар, заңдар, халықаралық шарттар, декларациялар және т.б. Қазақстан Республикасындағы конституциялық-құқықтық жауапкершілік: түсінігі, мазмұны, негізгі субъектілері.

ОЖСӨЖ мазмұны: Конституциялық-құқықтық нормалар, Конституциялық құқықтық қатынастар терминдерін түсіндіру. Конституциялық құқықтың қайнар көздері және әдістері (схема-таблица құру).
2 апта

2кредит сағат

2 дәріс (1 сағат)



Тақырып: ҚР Конституциясы – мемлекеттің Негізгі Заңы.

Дәрістің мазмұны: ҚР-ның Конституциясы: түсінігі және мәні. ҚР Конституциясының нысаны және құрылымы. ҚР Конституциясының әлеуметтік функциялары және қағидалары. Конституцияны қабылдау және оған өзгерістер мен толықтыруларды енгізу тәртібі. ҚР-ның Конституциясын қорғау.

Қазақстанның конституциялық дамуының негізгі кезеңдері: 1926 ж., 1937 ж., 1978 ж. Қазақстан Конституцияларына тән белгілер және ерекшеліктері. 25 қазан 1990 ж. Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. 16 желтоқсан 1991 ж. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң. 1993 ж. ҚР-ның Конституциясы және оның тарихи маңызы. 1995 жылғы Конституцияны даярлау және қабылдау ерекшеліктері. Конституциялық реформа (қазан, 1998 ж., мамыр 2007 ж.) – оның Қазақстан Республикасындағы демократизациялау процестерін тереңдетудегі рөлі.

2 практикалық сабақ (1 сағат)

Практикалық сабақ мазмұны: Қазақстанның конституциялық дамуының негізгі кезеңдері. Конституцияның сақталуы мен оның нормаларын жүзеге асыру кепілдігі. Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізудің құқықтық негіздері. 1995 жылғы ҚР Конституциясы – халық пен өкімет арасындағы басты келісім-шарт. Конституциялық реформа (қазан, 1998 ж., мамыр 2007 ж.) – оның Қазақстан Республикасындағы демократизациялау процестерін тереңдетудегі рөлі.

ОЖСӨЖ мазмұны: «Конституция», «Негізгі Заң» ұғымдарының мәнін ашу.
3 апта

3 дәріс (1 сағат)



Тақырып: ҚР конституциялық құрылысының негіздері және әкімшілік аумақтық құрылысы.

Дәрістің мазмұны: ҚР-ның конституциялық құрылымының түсінігі. ҚР-ның Конституциясында мемлекет нысанының негізгі белгілерінің бекітілуі (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым нысаны, саяси режим). ҚР әкімшілік-аумақтық құрылысы түсінігі мен оның негізгі қағидаттары.

ҚР-ның мемлекеттік егемендігі: түсінігі, мазмұны және мәні. Қазақстан халқы – мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі. Демократияның тікелей және өкілді нысандары. ҚР-да қолданыстағы құқықтың конституциялық негіздері. ҚР-ның мемлекеттік рәміздері.

ҚР қызметінің негізгі қағидалары. ҚР-да мемлекеттік биліктің ұйымдастырылу және қызметінің конституциялық негіздері. Біртұтас биліктің бөліну қағидасы. ҚР-ның мемлекеттік органдар әрекеттесу кезінде тежеу және тежемелік жүйесін қолдану.

3 практикалық сабақ (1 сағат)



Практикалық сабақ мазмұны: Қазақстан Республикасы демократиялық, әлеуметтік, құқықтық және зайырлы мемлекет ретінде қалыптасу жолында. Адам – мемлекеттің ең қымбат қазынасы. Тұлға, қоғам және мемлекет ара қатынасының конституциялық негіздері.

ҚР-да азаматтық қоғам қалыптасудың конституциялық негіздері. Идеологиялық және саяси плюрализм қазақстандық азаматтық қоғамды ұйымдастырудың конституциялық қағидасы ретінде.



ОЖСӨЖ мазмұны: ҚР Конституциясының 1-9 баптарын түсіндіру және талдау. «Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі қағидалары» (схема-таблица).
4 апта

4 дәріс (1 сағат)



Тақырып: Қазақстан Республикасында адам және азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздері.

Дәрістің мазмұны: Адам және азамат құқықтық мәртебесі негіздерінің түсінігі, жеке адамның құқықтық мәртебесінің негізгі элементтері. Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің дуализмі (адам және азамат құқықтары). ҚР-дағы жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің қағидалары. Адам құқықтары аясында ҚР-ның заңнамасының және халықаралық ұқықтың ара қатынасы.

ҚР-ның азаматтығы аса маңызды конституциялық-құқықтық институт ретінде. Қазақстан Республикасы азаматтығын алу және тоқтату негіздері.

ҚР-да адам және азаматтың конституциялық құқықтары, бостандықтары және міндеттері. Жеке құқықтар мен бостандықтар. Жеке тұлғаның әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқықтары мен бостандықтары. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары. Жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын шектеудің конституциялық негіздері. Жеке тұлғаның конституциялық міндеттері: түсінігі, мазмұны және түрлері.

ҚР азаматтығы жоқтар мен шетел азаматтарының құқықтық жағдайы. Шетел азаматтарының сараптамасы. Шетел азаматтарының ҚР-да құқықтық жағдайының қағидалары. ҚР-дағы шетел азаматтарының жауапкершілігі.

4 практикалық сабақ (1 сағат)

Практикалық сабақ мазмұны: Адам мен азаматтың құқықтық мәртебесі түсінігі. Азаматтық түсінігі мен мәні. ҚР азаматтығын алудың, бас тарту мен тоқтатудың негіздері. Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтық мәртебесі.

ҚР азаматтарының конституциялық құқықтары мен бостандықтарының түсінігі. Негізгі конституциялық құқықтар мен бостандықтар. Азаматтардың конституциялық міндеттері.



ОЖСӨЖ мазмұны: «ҚР азаматтығы туралы» Заңының 10-21 баптарын түсіндіру мен талдау. (Кесте құру).
5 апта

5 дәріс (1 сағат)



Тақырып: Қазақстан Республикасындағы қоғамдық бірлестіктердің ұйымдастырылуы және қызмет етуінің конституциялық негіздері.

Дәрістің мазмұны: Көппартиялы жүйенің Қазақстан Республикасында қалыптасуы. Мемлекеттің қоғамдық бірлестіктер және саяси партиялармен ара қатынасының конституциялық қағидалары. ҚР-дағы қоғамдық бірлестіктердің конституциялық-құқықтық мәртебесі. ҚР-дағы саяси партиялардың конституциялық-құқықтық мәртебесі.

5 практикалық сабақ (1 сағат)



Практикалық сабақ мазмұны: ҚР-дағы қоғамдық бірлестіктердің конституциялық-құқықтық мәртебесі. ҚР-дағы саяси партиялардың конституциялық-құқықтық мәртебесі.

ОЖСӨЖ мазмұны: «ҚР саяси партиялар туралы» Заңының 5,8,9,14,15 баптарын түсіндіру мен талдау. (Кесте құру). «Қоғамдық бірлестіктер туралы» заңды талдау.
6 апта

6 дәріс (1 сағат)



Тақырып: Сайлау құқығы және Қазақстан Республикасының сайлау жүйелері.

Дәрістің мазмұны: Қазақстан Республикасының сайлау құқығы: түсінігі, қағидалары. Сайлау құқығындағы ценздер: түсінігі және түрлері. Сайлау жүйелері, олардың ерекшеліктері.

Сайлау органдары: түсінігі, жүйесі, өкілеттік мерзімдері. Сайлау процесі: түсінігі және негізгі кезеңдері (сайлауды белгілеу, сайлау аймақтарын және учаскелерін құру, сайлаушылардың тізімдерін құрастыру, кандидаттарды ұсыну, оларды тіркеу, сайлау алдындағы үгіт, сайлауды қаржыландыру, дауыс беру және дауыстарды санау, сайлау қорытындысын шығару).

6 практикалық сабақ (1 сағат)

Практикалық сабақ мазмұны: Азаматтардың сайлау құқығы. Белсенді, бәсең сайлау құқығы. Төте және жанама сайлау құқығы. Орталық сайлау комиссиясының және сайлау органдарының мәртебелері.

ҚР Президентін, Парламенттің Сенаты мен Мәжілісі депутаттарын, мәслихат депутаттарын және жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлау ерекшеліктері.



ОЖСӨЖ мазмұны: «ҚР сайлау туралы» Заңының 9-12, 27,33,34,38,44 баптарын түсіндіру мен талдау. (Кесте құру).
7 апта

7 дәріс (1 сағат)



Тақырып: Халық билігі және оны жүзеге асыру қағидалары. Республикалық референдум.

Дәрістің мазмұны: Халық билігі түсінігі. ҚР халқының билікті жүзеге асыру нысандары. Референдум түсінігі, қағидалары және онда қаралатын мәселелер. Республикалық референдумның пәні бола алмайтын мәселелер. Республикалық референдумды белгілеу және оны дайындау. Референдум өткізу және оны қорытындылау тәртібі.

7 практикалық сабақ (1 сағат)



Практикалық сабақ мазмұны: ҚР халықтық билікті жүзеге асыру нысандары. Референдум түсінігі, қағидалары және онда қаралатын мәселелер. Республикалық референдумды тағайындау мен өткізу тәртібі.

ОЖСӨЖ мазмұны: «Республикалық референдум туралы» ҚР конституциялық заңының баптары түсіндіру және конспектілеу.
8 апта

8 дәріс (1 сағат)



Тақырып: Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының конституциялық жүйесі.

Дәрістің мазмұны: Мемлекеттік орган: түсінігі, негізгі белгілері. Мемлекеттік органдардың ұйымдастырылу және қызмет етуінің конституциялық қағидалары. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының конституциялық жүйесі (Президент, Парламент, Соттар, Конституциялық Кеңес, Прокуратура және т.б.).

8 практикалық сабақ (1 сағат)



Практикалық сабақ мазмұны: Мемлекеттік органдардың ұйымдастырылу және қызмет етуінің конституциялық қағидалары. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының конституциялық жүйесі. ҚР Прокуратурасы органдарының құқықтық мәртебесі. Бас Прокурордың құзыреті. Прокуратураның конституциялық қадағалау қызметі. ҚР прокуратура органдарының жүйесі.

ОЖСӨЖ мазмұны: Мемлекеттік органдардың ұйымдастырылу және қызмет етуінің конституциялық қағидалары (Кесте құру). «ҚР Прокуратурасы туралы» Заңының 1,3-6 баптарын түсіндіру мен талдау. (Кесте құру).
9 апта

9 дәріс (1 сағат)



Тақырып: ҚР Президентінің конституциялық-құқықтық мәртебесі.

Дәрістің мазмұны: ҚР Президент институтының пайда болуы мен дамуының негізгі кезеңдері. Қазақстан Республикасында президенттік басқару нысаны: түсінігі, ерекшеліктері. ҚР Президенті – мемлекет басшысы. ҚР Президентінің жоғары мемлекеттік билік органдар жүйесіндегі орны. ҚР Президентінің құзыреті. Президенттік лауазымнан мерзімінен бұрын босату және қызметінен кетіру тәртібі. Президенттің құқықтық актілері. ҚР-ның тұңғыш Президентінің құқықтық мәртебесі.

9 практикалық сабақ (1 сағат)



Практикалық сабақ мазмұны: ҚР Президентінің құқықтық мәртебесі. ҚР Президенті мен Парламенттің, Үкіметтің арақатынасы. ҚР Президентін сайлау мен оның өкілеттігін тоқтату. Президенттің құқықтық актілері. ҚР-ның тұңғыш Президентінің құқықтық мәртебесі.

ОЖСӨЖ мазмұны: «ҚР Президенті туралы» Заңының 9-12, 26,27; ҚР Конституциясының 44, 47 баптарын түсіндіру мен талдау. (Кесте құру).

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы» конституциялық заңның баптарын талдау және конспектілеу.


10 апта

10 дәріс (1 сағат)



Тақырып: ҚР Парламентінің мемлекеттік органдар жүйесіндегі орны.

Дәрістің мазмұны: ҚР Парламентаризм институтының қалыптасуы мен дамуы. ҚР Парламентінің жоғары мемлекеттік билік органдар жүйесіндегі орны және рөлі. ҚР Парламентінің құрылымы. Парламент Сенаты мен Мәжілісін құру тәртібі. ҚР Парламентінің конституциялық-құқықтық мәртебесі, оның үйлестірушілік және жұмыс органдары. Парламент Палаталарының Төрағалары. Парламент Палаталарының біріккен өкілеттіктері. Сенат пен Мәжілістің ерекше өкілеттіктері. ҚР Парламентінің заң шығарушылық қызметі. Заң шығару бастамасы, Парламент Палаталарында заң жобасын қарау, заң жобасын қабылдау, заңдарды Президенттің қол қоюына ұсыну. Парламенттің қызметін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі.

ҚР Парламентін конституциялық-құқықтық мәртебесін қазақстандық қоғамды одан әрі демократизациялау жағдайларында жетілдіру мәселелері.

10 практикалық сабақ (1 сағат)

Практикалық сабақ мазмұны: ҚР Парламенті қызметінің конституциялық-құқықтық негіздері. ҚР Парламентінің конституциялық-құқықтық мәртебесі, оның үйлестірушілік және жұмыс органдары. Парламент және оның Палаталарының Регламенті. Парламентінің заң шығарушылық қызметі. Президент қарсылық тудырған заңдарды (баптарды) Парламентпен қарастыру.

ОЖСӨЖ мазмұны: ҚР Конституциясының 50-57, 61-63 баптарын түсіндіру мен талдау. (Кесте құру).
11 апта

11 дәріс (1 сағат)



Тақырып: Қазақстан Республикасының Парламент депутатының конституциялық-құқықтық мәртебесі.

Дәрістің мазмұны: Халық өкілдігі түсінігі. ҚР-ның Парламент депутатының конституциялық-құқықтық мәртебесі. Парламент депутаты қызметінің негізгі қағидалары. Парламент депутатының өкілеттіктері. Депутаттың Парламент сессияларына, оның палаталар отырыстарына қатысуы. Депутат сұраулары мен сұрақтары. Депутатқа қолсұқпаушылық. Парламенттегі депутаттардың бірлестіктері. Парламент депутатына қолданыла алатын жазалау шаралары.

11 практикалық сабақ (1 сағат)



Практикалық сабақ мазмұны: ҚР-ның Парламент депутатының конституциялық-құқықтық мәртебесі. Парламент депутаты қызметінің негізгі қағидалары. Парламент депутатының өкілеттіктері. Депутаттың Парламент сессияларына, оның палаталар отырыстарына қатысуы. Депутат сұраулары мен сұрақтары. Депутатқа қолсұқпаушылық. Парламенттегі депутаттардың бірлестіктері. Парламент депутатына қолданыла алатын жазалау шаралары.

ОЖСӨЖ мазмұны: «ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» конституциялық заңның 24-35 баптарын түсіндіру мен талдау. (Кесте құру).
12 апта

12 дәріс (1 сағат)



Тақырып: Қазақстан Республикасының Үкіметінің конституциялық мәртебесі.

Дәрістің мазмұны ҚР Үкіметінің конституциялық-құқықтық мәртебесі, оның құрылу тәртібі. Үкіметтің жоғары мемлекеттік билік органдар жүйесіндегі орны мен рөлі. Үкіметтің отставкаға кету мәселелері. ҚР Үкіметінің актілері.

ҚР Үкіметінің құзыреті, есеп беруі және жауапкершілігі. ҚР Үкіметінің Парламент және ҚР Президентімен қарым-қатынасы.

12 практикалық сабақ (1 сағат)

Практикалық сабақ мазмұны: ҚР Үкіметі қызметінің конституциялық-құқықтық негіздері. Өзге де орталық мемлекеттік атқару органдар. ҚР Үкіметінің актілері.

ОЖСӨЖ мазмұны «ҚР Үкіметі туралы» Заңының 9-13, 19 баптарын түсіндіру мен талдау. (Кесте құру).
13 апта

13 дәріс (1 сағат)



Тақырып: Қазақстан Республикасындағы конституциялық бақылау.

Дәрістің мазмұны: Конституциялық бақылау түсінігі. ҚР-дағы конституциялық бақылау институтының қалыптасуы. ҚР Конституциялық Кеңесінің құқықтық мәртебесі: құрамы, құру тәртібі, оның мүшелерінің өкілеттілік мерзімі. Конституциялық Кеңес Төрағасы және мүшелерінің мәртебесі. Конституциялық Кеңестің құзыреті. Конституциялық өндіріс және оның негізгі сатылары (өтініштерді енгізу, қарау, шешім қабылдау). Конституциялық өндіріске қатысушылар. Кончституциялық Кеңестің шешімдері, олардың түрлері, заңды күші, орындалуы.

13 практикалық сабақ (1 сағат)



Практикалық сабақ мазмұны: Конституциялық бақылау институтының түсінігі. ҚР Конституциялық Кеңесі қызметінің құқықтық негіздері. Конституциялық Кеңеске шағымдану құқығы бар субъектілер. Конституциялық іс жүргізу түсінігі.

ОЖСӨЖ мазмұны: : «ҚР Конституциялық Кеңесі туралы» Заңының 17,20-22 ,24,25 баптарын түсіндіру мен талдау. (Кесте құру).
14 апта

14 дәріс (1 сағат)



Тақырып: Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық негіздері.

Дәрістің мазмұны: Сот билігі: түсінігі, мазмұны, мәні. Сот жүйесі. ҚР-да сот төрелігін жүзеге асырудың конституциялық қағидалары.

Судьялардың құқықтық мәртебесі. Судьялардың ауыспастығы және қолсұқпаушылық қағидалары. Судьяның тәуелсіздігі және оның кепілдіктері. Судьяға кандидаттарға қойылатын талаптар. Судьяның өкілеттігін тоқтата тұру. Судьяны қызметтен босату және өкілеттіктерін тоқтату. Судьялардың тәртіптік жауапкершілігі.

ҚР-ның Жоғары Сот Кеңесін құру тәртібі, оның құрамы және өкілеттіктері.

14 практикалық сабақ (1 сағат)



Практикалық сабақ мазмұны: ҚР сот билігін жүзеге асыру принциптері. ҚР Жоғарғы сотының құқықтық мәртебесі. ҚР жергілікті және басқа да соттары. ҚР судьяның құқықтық мәртебесі.

ҚР-ның Жоғары Сот Кеңесін құру тәртібі, оның құрамы және өкілеттіктері.



ОЖСӨЖ мазмұны «ҚР сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Заңының 1,3,4,17-19,23-26 баптарын түсіндіру мен талдау. (Кесте құру). ҚР Конституциясының 82-бабын түсіндіру.
15 апта

15 дәріс (1 сағат)



Тақырып: ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару.

Дәрістің мазмұны: Жергілікті мемлекеттік басқару түсінігі. Мәслихаттар – жергілікті өкілді органдар. Мәслихаттардың құрылу тәртібі мен құзыреті. Мәслихаттардың құқықтық актілері. Мәслихаттар өкілеттігін тоқтату негіздері. Мәслихат депутатының құқықтық мәртебесі.

Әкімияттар – ҚР-ның жергілікті атқарушы органдары. Әкімияттардың өкілеттігі. Әкім - әкімшілік-аумақтық бірліктің басшысы. Әкімнің құзыреті. Облыс, аудан, поселке, ауыл, ауылдық аймақтың әкімін тағайындау (сайлау) тәртібі.



Жергілікті өзін-өзі басқару түсінігі. ҚР жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастырудың қағидаттары.
15 практикалық сабақ (1 сағат)

Практикалық сабақ мазмұны: ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру. Маслихаттардың құрылу тәртібі, олардың өкілеттігі. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті. ҚР жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастырудың конституциялық негіздері.
3. ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ




Жұмыс түрі

Тапсырманың мақсаты мен мазмұны


Ұсынылатын әдебиеттер

Орындау мерзімі және тапсыру уақыты (аптасы)

Балл

Бақылау түрі

Студентің өзіндік жұмысының түрлері (СӨЖ):

1

Реферат

Тақырыпты терең зерттеу

Сабақ тақырыбына байланысты

5 – 7 күн

0,5 – 1

қорғау, сұрақтарға жауап

2

Баяндама

Талдау және танымдық қабілеттерін арттыру

Сабақ тақырыбына байланысты

5 – 7 күн

0,5 – 1

Тапсырмалардың орындалуын, сұрақтарға жауап беру қабілетін тексеру

3

Сөзжұмбақ құрастыру

Заң терминдарының мазмұнын есте сақтау

Сабақ тақырыбына байланысты

5 – 7 күн

0,5 – 1

Сөзжұмбақты тексеру

4

Кесте құру

Материалды есте сақтау

Сабақ тақырыбына байланысты

5 – 7 күн

0,5 – 1

Кестені тексеру

5

Практикум бойынша жұмыс

Материалды терең меңгеру, тест түрінде емтиханға дайындық

Сабақ тақырыбына байланысты

5 – 7 күн

0,5 – 1

Тест тапсырмаларын тексеру

6

Салыстырмалы талдау

Материалды терең меңгеру

Сабақ тақырыбына байланысты

5 – 7 күн

0,5 – 1

Жұмысты тексеру, ОЖСӨЖ талқылау

7

Аралық бақылау

Өткен тақырыптарды қайталау, меңгеруді бақылау

1 – 7 апта тақырыптарына байланысты, 8 – 15 апта тақырыптарына байланысты

7 апта

8 апта


9

7


Ауызша сұрау немесе тест түрінде

8

Емтихан

Білімді кешенді тексеру

Ұсынылған әдебиеттер тізімі және НҚА

Сынақ-емтихан кестесіне сәйкес 40 мин.

40

Тест



4. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ
Дәрісханалық (дәріс, практикалық, семинарлық, лабораториялық, және студиялық сабақтар) және дәрісханадан тыс (ОЖСӨЖ: курстық және дипломдық жұмыстары, СӨЖ тапсырмалары) сабақтардың оқу әдебиеттерімен қамтылуын көрсетеді
Пәннің әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы
Кафедра: Философия және құқық негіздері кафедрасы
Тьютор: Ауелбаева Нургуль Жаксыбековна
Пән: «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы»
Кредит саны 2





Әдебиет атауы


Барлығы


Ескерту


кітапханада


кафедрада


Студенттердің қамтылу пайызы (%)

Электронды түрі


1

2

3

4

5

6

7

1

Ғ.С.Сапарғалиев.Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы. Алматы; Жеті Жарғы. 2000

5

1

30%

-

-

2

С.А. Табанов. Салыстырмалы құқықтану негіздері. Алматы; Жеті Жарғы, 2003 ж. 458 бет.

10

1

40%

-

-

3

Ө.К. Қопабаев. Шетелдердің конституциялық құқығы. Алматы, Жеті Жарғы, 1998 ж. 159 бет.

3

-

10%

-

-

4

Ғ.С. Сапарғалиев., А.С. Ибраева. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, Жеті Жарғы. 1999 ж. 354 бет.


10

1

40%

-

-

5

СагиндыковаА.Н. Конституционное право Республики Казахстан. Курс лекций. Алматы, Білім, 1999 г.

3

-

10%

-

-

6

Конституционное право Республики Казахстан. Терминологический словарь. Алматы, Жеті Жарғы, 1995 ж.

2

-

5%

-

-

7

Зиманов С.З. Конституция и Парламент Республики Казахстан. Алматы, Жеті Жарғы, 1997 ж.

5

1

20%

-

-

8

Сартаев и др. Конституционное право Республики Казахстан. Учебное пособие. Алматы, 1997 г.

2

-

5%

-

-

9

Баишев Ж.Н. Конституционное право Республики Казахстан. Алматы, Жеті Жарғы. 2001 г. С 392.

10

1

40%

-

-

10

Ғ.С. Сапарғалиев Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері. Алматы, 1994 ж.

10

2

40%

-

-

11

Конституция Республики Казахстан. /научно-правовой коментарий/. Под.ред. Г. Сапаргалиева.

3

-

5%

-

-

15

С. Өзбекұлы, Ө. Қопабаев. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, «Жеті Жарғы» 2006 ж.

50





138%








Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет