Сабақтың тақырыбы: Техника қауіпсіздік ережелері және жұмыс орнын ұйымдастыру.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың ЕТ кабинетіндегі тәртіп сақтау және техника қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық : Оқушылардың компьютерді техника қауіпсіздігіне сай дұрыс пайдалану дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын жан-жақты тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:Оқушы жалпы ережелерді, ДК мен жұмыс жасау алдындағы, апаттық жағдайдағы, жұмыс соңындағы талаптар мен ережелерді біледі.
Ресурстар: Интерактивті тақта, слайд, түсті маркерлер, қарындаштар, сызғыштар, стикерлер.
Әдіс тәсілдер: Тілекті тізбек, Сахналау, постер қорғау, сұрақ-жауап.
Сабақ кезеңдері
Тәсілдер/ Оқушы әрекеттері
Мұғалімнің әрекеттері/ Уақыт
І. Проблема айқындау (Қызығушылықты ояту, Мотивациялау, Қажеттілік тудыру)
Оқушылар мұғаліммен сәлемдесіп, тілекті тізбек құрып, бір біріне жылы лебіздерін айтып топқа бөлінеді.
Өткен материал бойынша топтасып терминологияны еске түсіру арқылы қорытынды жасау
Ұйымдастыру, топқа бөлу, оқушыларды сабақтың басталуына дайындау.
Оқушылар өткен материалды қайталау арқылы жаңа сабаққа шолу жасау