ТаТақырыбы: Мектепке дейінгі баланың психологиялық даму ерекшеліктері. Жоспар



Дата10.04.2020
өлшемі246,91 Kb.
#62146
Байланысты:
user file 585be1107ef4a (1)

ТаТақырыбы: Мектепке дейінгі баланың психологиялық даму ерекшеліктері.

Жоспар:

  • Мектепке дейінгі кезеңде бала психикасы дамуының негізгі бағыттары;
  • Мектепке дейінгі балалардың жүйке жүйесінің дамуы және оның қызметі;
  • Мектеп жасына дейінгі балалардың темперамент типінің ерекшелігінің мәні.

Бұл кезде бала алғашқы кезеңмен салыстырғанда тез өсіп, салмағы тез артады. Жоғарғы жүйке жүйесінің дамуы да жоғарлайды, бойының өсуінде де өзгерістер байқалады.

3-тен 6жасқа дейінгі аралықты мектепке дейінгі кезең деп есептейді.

Мысалы:

  • Бойының өсуі 5 жасында 6-7 см-ге артса, 6-жасында 7-8 см өссе, 7 жасында 10 см өседі.
  • Жүрегінің көлемі 4 жасында 1 жаспен салыстырғанда 4-5 есе артады.
  • сәбилік кезеңмен салыстырғанда қан тамырларының соғуы да жиілейді. 5-6 жаста қан тамырларының соғуы төмендейді.
  • 7 жасқа келгенде бас миының салмағы артады, яғни 3 жаста 1200 грамм болса, 7 жаста 1250 грамм болады.

3 жастан кейінгі кезең сәбилік кезеңнен мектепке дейінгі кезеңге өту деп есептеледі.

Осы кезде бала заттар мен өз бетінше әрекет етуге талпынады, бірақ әлі де болса үлкендер тарапынан қамқорлық күтеді. Сөйлеуі дұрыс дамып жетілмеуіне байланысты, сөзі анық емес, түсініксіз болады.


3 жастан жоғары қарай сөздік қоры дамып, өзінің ана тіліндегі барлық сөзді меңгеріп, түсінеді, тілдік қарым-қатынасы жоғары сатыға көтеріледі. Ойлауы да көрнекі амалдық, бейнелік болып, кейбір мәселені өздігінен шешіп ой қорытындысын шығара алады. Баланың санасының мазмұны күрделеніп, 3 жастың соңына таман мазмұнды рөлдік ойындар ойнайды.

4 жасқа келгенде денесінің бұлшық етінің күші артып, ептілігі, икемділігі, қимыл-қозғалысының икемділігі байқалады. Допты немесе басқа бір заттарды нысанаға лақтырып қағып алуды үйренеді, бірақ көргені мен естігенін ұзақ есінде сақтап, өз мағынасында тез жаңғыртып бере алмайды. Рөлдік ойындарында күнделікті көріп жүргенін ғана бейнелейді.



Бала 6 жасқа келгенде ерекше қарқынмен дамып, дене бітімі күрделінеді, барлық органдарының жұмыс істеу қабілеті артады, оқу-әрекетін орындаған да, қағаз-қарындашпен де еркін әрекет ете алатын болады. Бұл жаста ойынның мазмұны күрделеніп, өмірдегі барлық шындықты бейнелеуді көздейді.

Баланың жүйке жүйесінің күшті немесе әлсіздігін өмірдегі мынадай көрсеткіштері дәлелдейді:

  • Оның ұйқысының тыныш болуы;
  • Тез ұйықтауы немесе тыныш ұйықтай алмауы;
  • Қатты ұйықтауы, сол сияқты жүйке жүйесі күшінің жылдам немесе жай қалпында келмеуінен де байқалады.

Жүйке жүйесінің қозғыштығының көрсеткішіне:

  • өзін қоршаған ортаға жаңаны тез қабылдап, бағдарлай алуы;
  • өмірдегі өзгерістерге тез бейімделуі;
  • ептіліктер мен дағдыларды тез игеруі;
  • көпшілік ортада өзін еркін ұстап, жаңа ортаға тез бейімделуі;
  • жан-жақты қабілеттілікәрекеттің бір түрінен екінші түріне тез ауысуы;
  • еске тез сақтап, қайта жаңғырта алуы;
  • шапшаң қимылдап, тез сөйлеу, сезгіштіктің пайда болуы жатады.

Бала өскен сайын оның сыртқы ортамен қарым-қатынасы күрделене түседі де, оның айналасындағы үлкендерден алатын әсері де мол болады. Соған байланысты темпераменттің өзгеріске түсетін ерекшеліктері бүркемеленеді.

Темпераменттің табиғи, қарапайым көріністері балалық шақта жақсы байқалады.

Жүйке жүйесінің негізгі күші тепе-теңдік қозғалғыштығы бойынша 4 типте жиі ұшырасады: - сангвиник - холерик - флегматик - меланхолик

И.П.Павлов шартты рефлекстер әдісі арқылы жоғарғы жүйке қызметінің және жүйке жүйесінің, негізгі қозу мен тежелудің заңдылықтарын ашты.

Сангвиник

Күшті қозғалғыш тепе-теңдік тип. Реакция туғызу қабілеті жоғары. Кейде әлсіз нәрсеге де, қатты мардымсыз бір нәрсеге де ашуланып қалады. Оның мимикасы, қимыл-қозғалысы белсенді. Өмір жағдайының өзгеруіне тез бейімделгіш. Өзінің көңілі ауған іс-әрекетіне барлық ынтасымен кіріседі. Ұшқыр ойлы, өткір тілді, бірақ әлі де түйсінуі өте сезгіш. Ол тәрбиеге тез үйренеді.

Холерик

Бұл күшті тип. Кез келген іске барлық күш жігерімен кіріседі. Белсенді, бірақ реакция туғызу қабілеті белсенділігіне қарағанда басымырақ. Сондықтан да бетімен кеткен, ұстамсыз, шыдамсыз, күйгелек, сангвиник сияқты тез икемделгіш емес.

Флегматик

Күшті, тепе-теңдігі бірқалыпты, тыныш тип. Эмоциялық қозуы бір қалыпты, жайбарақат, оның жарқырап қуануы да, қайғыруы да қиын. Бүкіл топтағы балалар бір затқа қатты күліп жатса, ол өзінің сабырлы қалпын сақтап қала береді. Тапқырлығы, зеректігі жоғары, зейінін жылдам шоғырландыра алмайды. Тез тіл табысып кете алмайды, өз пікірін сыртқа шығарып айтуға да қиналады.

Меланхолик

Әлсіз тип, сезімталдығы өте жоғары, тез жараланғыш, оларды әлсіз тітіркендіргіштер мазалайды. Сондықтан да сәл ұсақ –түйектің барлығына қатты мұңаяды немесе ашуланады. Белсенділігі төмен, сабақта қолын сирек көтереді. Қорқақ, жалтақ, ерік күші әлсіз, табансыз жұмсақ, қабілетсіз, тез шаршайды. Зейіні ырықсыз, тез ауытқып кетеді, психологиялық шапшаңдығы баяу.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет