ТӘб директорлар Кеңесінің Төрағасы жаңадан сайланды Алматы қаласы



Дата04.11.2016
өлшемі30,4 Kb.
#239

ТӘБ Директорлар Кеңесінің Төрағасы жаңадан сайланды

Алматы қаласы,

2005 жылғы 20 мамыр

2005 жылғы 20 мамырда “ТұранӘлем Банкі” АҚ-да Директорлар Кеңесінің отырысы болды, онда бір ауыздан келесі аталған шешімдер қабылданды:


  1. Серік Нұрбекұлы Уәлиев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Директорлар Кеңесінің Төрағасы қызметінен босатылсын.

  2. Директорлар Кеңесінің Төрағасы болып Әбләзов Мұхтар Қабылұлы тағайындалсын.

Отырыс Директорлар Кеңесінің барлық мүшелерінің қатысуымен барлық қажетті формалдықтарды сақтай отырып өтті.


Серік Уәлиев бұл шешімді былай деп түсіндірді: “Бұл шешімді акционерлер әлдеқашан дайындаған, менімен келісілді және мен оны толығымен қабылдаймын. Мұхтар Қабылұлы – күшті басқарушы, елдің және ТМД-ның бизнес орталарында сыйлы адам. Оның келуімен Банк жаңа импульс алады. Мен бұдан былай өзімнің бизнес жобаларыма көбірек көңіл қою туралы шешім қабылдадым”.
Мұхтар Әбләзов баспасөз үшін келесі жағдайларды баяндады: “Акционерлер Банк стратегиясы, соңғы жылдардағы жақсы нәтижелер, сондай-ақ табыс пен табыстылық деңгейі басқарушылық команданың және жұмысшы ұжымның жоғары сапалы қызметінің дәлелі болып табылады деп есептейді. ТӘБ – ТМД-ның қаржы рыноктарындағы лидер, бұған ешкімнің таласы жоқ. Бұл, бірінші кезекте, экономика үшін өте ауыр болған жылдары ТӘБ-ні осы күнгі жағдайына сенімді түрде алып келген менің ескі досым, бақытсыздыққа орай, өмірден ерте кеткен Ержан Тәтішевтің сіңірген еңбегі зор.
Мен ТӘБ тобының даму стратегиясын жоспарлау кезінде қатысатын боламын. Біздің алдымызда 2015 жылға дейін Банктің жасалып жатқан даму стратегиясы аясында өте салмақты міндеттер тұр”.

Анықтама. Мұхтар Әбләзовтың өмірбаяны


Әбләзов Мұхтар Қабылұлы. 1963 жылғы 16 мамырда дүниеге келген, Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ( бұрынғы Ленин) ауданындағы Галкино ауылында туып-өскен. Білімі – Мәскеу Инженерлік Физика Институты, Евразия рынок Институты.

1991-1996 – “Астана-Холдинг” АҚ президенті

1996-1997 – КЕГОК ұлттық компаниясының президенті

1998-1999 – Қазақстан Республикасының индустрия, экономика және сауда министрі

Бүгінгі күнге дейін – “Еуразия” ИӨТ президенті

***


“ТұранӘлем Банкі” АҚ – Қазақстанның жүйе құрушы банкі және ТМД елдеріндегі банк желісін құру бойынша лидері. ТӘБ активтері $5,0 миллиардтан, ал банктің барлық меншікті капиталы $600 миллионнан асады. Қазақстандағы алғашқы халықаралық банктердің бірінің акционерлері құрамына әлемнің ең ірі қаржы институттары кірді. "ТұранӘлем Банкі" АҚ сауданы қаржыландыру, ШОБ несиелендіру және ипотекалық несие беру саласында Қазақстандағы екінші деңгейлі банктер арасында жетекші орын алады. ТұранӘлем Банкісінің даму стратегиясы географилық әртараптандыруды және банк өнімдері спектрін кеңейтуді, сондай-ақ тұрақты да серпінді өсуді қарастырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет