Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары және үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


"Стандарттау, метрология және сертификаттау (салалар бойынша)" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламалары



бет109/141
Дата08.07.2018
өлшемі2,01 Mb.
#48691
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   141

      "Стандарттау, метрология және сертификаттау (салалар бойынша)" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламалары

      Ескерту. 75-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.01.2016 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       060101 3 – Стандарттау технигі біліктілігі бойынша пәндер циклдері және кәсіптік практика бойынша білім беретін оқу бағдарламаларының мазмұны

Циклдің (пәннің) индексі

Пәннің, практиканың атауы және негізгі бөлімдері

Қалыптасатын білімдер, іскерліктер және дағдылар

Қалып тасатын құзыреттер коды

ЖБП 00

Жалпы білім беретін пәндер

ЖГП 00

Жалпы гуманитарлық пәндер

ЖГП 01

Кәсіптік қазақ (орыс) тілі

Қазақ (орыс) тілінің синтаксисі. Мамандық бойынша терминдер. Кәсіптік бағытталған мәтінді аудару техникасы (сөздікпен).

Кәсіптік қатынасты дамыту.


Білімдер:

- қазақ (орыс) тілінің синтаксисі;

- кәсіптік қатынасты дамыту.

Іскерліктер:

-мамандық бойынша терминдерді қолдана білу;

- кәсіптік бағытталған мәтінді аудару техникасы (сөздікпен).


БҚ 1

БҚ 2


БҚ 3

БҚ 10


БҚ 12

ЖГП 02

Кәсіптік шетел тілі

Кәсіптік қатынас жасауға қажетті мамандығы бойынша лексика-грамматикалық материал. Сөйлеу мәнері және сөйлеу түрлерін ажырату (ауызша, жазбаша, монолог, диалог).

Кәсіби бағытталған сөз тіркестерінің аударма техникасы.


Білімдер:

-кәсіптік қатынас жасауға қажетті мамандығы бойынша лексика-грамматикалық материал.



Іскерліктер:

-сөйлеу мәнері және сөйлеу түрлерін ажырату (ауызша, жазбаша, монолог, диалог).

БҚ 1

БҚ 2


БҚ 3

БҚ 10


БҚ 12

ЖГП 03

Қазақстан тарихы





ЖГП 04

Дене тәрбиесі

Адамның әлеуметтік кәсіптік жалпы мәдени дамуындағы дене тәрбиесінің рөлі; дене тәрбиесінің әлеуметтік-биологиялық және психофизиологиялық негіздері; өзін-өзі жетілдірудің физикалық және спорттық негізі; кәсіптік – қолданбалы физикалық дайындық.



Білімдер:

- адамның әлеуметтік кәсіптік жалпы мәдени дамуындағы дене тәрбиесінің рөлі;

- өзін-өзі жетілдірудің физикалық және спорттық негізі.

Іскерліктер:

- физикалық дайындықтықтың нормативтерін орындау.



БҚ 1

БҚ 2


БҚ 3

БҚ 4


БҚ 10

БҚ 12


ӘЭП 00

Әлеуметтік-экономикалық пәндер

ӘЭП 01

Мәдениеттану

Қоғам және мәдениет. Мәдениет және өркениет. Мәдениеттің дамуы, дәстүрлер, жаңалықтар.

Мәдениеттің қалыптасуы;

Мәдениеттегі ұлттық және жалпыадами мәселелер. Өз елінің, ұлтының мәдени-тарихи құндылықтарын жалпыадами мәдениеттің жетістіктерімен үйлестіре отырып білу.

Қазақстан мәдениетінің даму кезеңдері, өнердегі алғашқы қадамнан бастап ерте қола дәуіріне дейін. Қазақстанның орта ғасырдағы халқының мәдениеті, олардың салттары, дәстүрлері, халықтыр өнері. Қазіргі замандағы Қазақстанның мәдениеті, саздан бастап қолданбалы өнер, театр, киноға дейін.


Білімдер:

- негізгі түсінік;

- конфуция ұғымы;

- даосизм; Қытай өнері;

- үнді мәдениетінің ерекшеліктері және оның негізгі жетістіктері;

- ислам, курайш, Мұхаммед, Құран, Алла, Мекке ұғымдары;

- христиан оқуының негізгі қағидаттары және құндылық бағыттары;

- Франция мәдениеттері: Ашель мәдениеті, кроманьондықтар, галлдар, франктер, әдебиеті, философиясы;

- көшпенділердің өмір салты мен олардың құндылық жүйелері;

- орта ғасыр кезеңіндегі қазақ этносының мәдени іргетасының қалыптасуы туралы білім қалыптастыру;

- орта ғасырдағы Қазақстан мәдениетіне түрік және араб мәдениеттерінің әсері туралы.

Іскерліктер:

- қытай мәдениетінің ерекшеліктерін ашу;

- мәдениеттану ұғымдарын еркін қолдану;

- көшпенділер мәдениетінің рухани және материалды ерекшеліктерін көрсету.



БҚ 2

ӘЭП 02

Философия негіздері

Философия пәні, әлемдік философиялық ойдың негізгі тарамдары;

адам табиғаты және оның өмірінің мәні; адам және Құдай: адам және ғарыш;

адам, қоғам, өркениет, мәдениет; тұлғаның бостандығы және жауапкершілігі; адамдық таным және қайраткерлік; ғылым және оның рөлі; адамзат жаһандану мәселесі алдында.



Білімдер:

- әлемнің философиялық, ғылыми, діни көріністері туралы, адам өмірінің мәні туралы;

- ғылым мен ғылыми танымның рөлі, оның құрылымы, түрі және әдістері, әлеуметтік және этикалық мәселелері туралы.



Іскерліктер:

- адам әрекетін биологиялық және әлеуметтік, дене және рухани бастамаларда, оның санасының мәнін, саналы және санасыз әрекеттерін анықтау;

- қоғамдағы адамдар арасындағы адамгершілік нормаларын реттеу.


БҚ 1

БҚ 2


БҚ 3

ӘЭП 03

Саясаттану және әлеуметтану негіздері

Әлеуметтану ғылым ретінде; қоғам әлеуметтік мәдениеттік жүйе ретінде;

әлеуметтік қауымдастық; әлеуметтік және этноәлеуметтік қарым-қатынас;

әлеуметтік үрдістер; әлеуметтік институттар мен ұйымдар; тұлға: оның әлеуметтік рөлі және оның әлеуметтік әрекеті; саясаттану пәні; саяси билік және билік қатынастары; саяси жүйе; Қазақстандағы саяси-экономикалық үрдістер.



Білімдер:

- заңдылықты әлеуметтану тұрғысынан түсіну туралы;

- әлеуметтік құрылым, әлеуметтік тап, әлеуметтік өзара қарым-қатынас туралы;

- тұлғаны әлеуметтендіру үрдісінің ерекшеліктерін, реттеу түрлерін;



Іскерліктер:

- әлеуметтік қозғалыстардың дамуын және әлеуметтік өзгерістер мен дамудың басқа факторларын жетілдіру;

- биліктің мәнін ашу;

саясат субъектілері, саяси қарым-қатынастар мен үрдістер (Қазақстанда және бүкіл әлемде бүтіндей);

- саяси жүйелер және саяси режимдер туралы ойын қалыптастыру.


БҚ 1

БҚ 2


БҚ 3

ӘЭП 04

Экономика негіздері

Мақсаттары, негізгі түсініктері, қызметтері, мәні, ұстанымдары; жекеменшілік түрлері мен нысандары, жекеменшікті басқару; жоспарлардың түрлері, олардың негізгі кезеңдері, мазмұны, стратегиялық жоспарлау; жоспарларды экономикалық негіздеудің және болжалды әзірлеудің әдістері; бизнес-жоспарлау, экономикалық талдама; халық тұтынатын тауарлардың және қызметтердің нарықтық жағдайына талдама; нарықтық инфрақұрылым.



Білімдер:

- экономикалық ілімнің жалпы ережелерін;

- елдегі және шет елдегі экономикалық жағдайларды;

- макро- және микроэкономика негіздерін, салық, ақша-кредиттік, әлеуметтік және инвестициялық саясат туралы.

Іскерліктер:

- өзінің кәсіптік қызметінде бағыт беруге қажетті экономикалық ақпараттарды табу және қолдану.



БҚ 1

БҚ 2


БҚ 3

ӘЭП 05

Құқық негіздері

Кәсіптік қызметі аясындағы құқықтық реттеу туралы түсінік; кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің құқықтық жағдайлары; заңды тұлғалардың ұйымдастыру-құқықтық түрлері; еңбек құқығы; еңбек шарты, оны жасау тәртібі; тоқтату негіздемесі; еңбек ақысы; тұрғындарды еңбекпен қамтудағы мемлекеттік реттеудің рөлі; қызметкерлердің тәртіптік және материалдық жауапкершілігі; азаматтарды әлеуметтік қорғау құқығы; бұзылған құқықтарды қорғау және дау-дамайларды шешудің сот тәртібі.



Білімдер:

- Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелерін;

- Қазақстан Республикасы құқығының негізгі салалары туралы түсінігі болу;

- азамат пен адамның құқығы мен бостандығы, оларды іске асыру механизмдері туралы.



Іскерліктер:

- кәсіби қызметі аясында қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері туралы білімін қолдану;

- еңбек заңнамасына сәйкес өз құқықтарын қорғау.


БҚ 1

БҚ 2


БҚ 3

ЖКП 00

Жалпы кәсіптік пәндер

ЖКП 01

Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу

Курстың пәні, мақсаттары мен міндеттері.

Ұйымдастыру техникасы құралдарының жалпы сипаттамасы, олардың мәні.

Іс қағаздарын жүргізу мен хат-хабарлар туралы түсінік.

Құжаттардың қызметі және құрастыру тәсілдері.

Құжаттарды ресімдеу ережелері, жіктелуі, тасымалдағыштар, мәні, құрамдас бөліктері.

Құжаттармен жұмыс істеуді ұйымдастыру, құжат

айналымы, құжат ағыны, олардың түрлері. Тіркеу, есепке алу, сақтау және құжаттардың орындалуын бақылау. Іс қағаздарын жүргізуді компьютерлендіру: мәні, мақсаты, келешегі, құрамдас бөлігі, негізгі қағидаттары, ұйымдастырылуы.



Білімдер:

- пәні, мақсаты және мазмұны;

- ұйымдық техниканың жалпы сипааттамасы, оның мәні;

- іс қағаздары мен хат-хабар туралы түсінік;

- құжаттарды ресімдеу ережелері, топтастырылуы;

- іс қағаздарын компьютерлендіру: мәні, мақсаты, келешегі, құрамдас бөлігі, негізгі ұстанымы.



Іскерліктер:

- құжаттармен жұмыс істеуді ұйымдастыру, құжат айналымы, құжат ағыны;

- тіркеу, есепке алу, сақтау және құжаттардың орындалуын бақылау;

- ДЭЕМ құжаттарды ресімдеу.



БҚ 1

БҚ 2


БҚ 7

БҚ 13


КҚ 2.1.1

КҚ 2.1.3


ЖКП 02

Зерттеудің физика-химиялық әдістері:

Кіріспе;


физикалық және физика-химиялық талдау әдістері;

талдаудың оптикалық әдістері;

талдаудың хроматографиялық әдістері.


Білімдер:

- шексіз көмірсулар туралы;

- құрылысы, изомериясы, номенклатурасы және қасиеттері туралы;

- аналитикалық химияны;

- физикалық химияны;

- заттарды зерттеу әдістерінің айырмашылығын.



Іскерліктер:

- көмірсулардың құрылымдық формулаларын құрастыруды;

- көмірсулардың құрылысын, изомериясын және қасиеттерін анықтай білу;

- заттарды зерттеу әдістерін ажырата білу.



БҚ 6

БҚ 8


БҚ 11

КҚ 2.1.3


КҚ 2.1.5

ЖКП 03

Ақпараттық технология және қолданбалы информатика

Кіріспе;


Windows операциялық жүйесі;

Word мәтіндік редакторы;

Excel электрондық кестесі;

Paint графикалық редакторы;

Adobe Photoshop графикалық редакторы;

Power Point презентациялар даярлау бағдарламасы.



Білімдер:

- Windows операциялық жүйесімен жұмысты;

- Microsoft offise пакетін кәсіпке байланысты қолдануды;

- қазіргі есептеу машиналарында жұмыс істеу әдістері мен тәсілдерін.



Іскерліктер:

- компьютерде сақталатын ақпараттарды еркін қолдануды;

- Windows операциялық жүйесімен жұмыс істеу;

- Microsoft offise пакетін кәсіпке байланысты қолдануды.



БҚ 2

БҚ 8


БҚ 10

БҚ 13


КҚ 2.1.6

ЖКП 04

Нарықтық экономика

Кіріспе;


нарықтық экономиканың негiздерi;

постсоциалистік елдерде нарықтық экономиканың қалыптасу ерекшеліктері;

экономика негіздері және сала кәсіпорындарын ұйымдастыру;

өндірісті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету;

кәсіпорын қызметін жоспарлау және болжау.


Білімдер:

- әртүрлі жекеменшік кәсіпорындарының қызметі туралы;

- нарыққа көшу мәселелерін;

- негізгі және қосалқы өндірістерді ұйымдастыруды;

- еңбекті ғылыми ұйымдастыруды;

- еңбекақыны ұйымдастыруды.



Іскерліктер:

- жекеменшік кәсіпорындар түрлерін анықтауды;

-еңбекақыны есептей білуді;

негізгі және қосалқы өндіріс ұйымдастыруды;

-нарықтық қарым-қатынасты талдауды;

-қазіргі нарықты бағдарлай білуді.



БҚ 2

БҚ 3


БҚ 9

БҚ 13


КҚ 2.1.12

ЖКП 05

Тауартану

Кіріспе;


тауартанудың теориялық негіздері;

гигиена;


азық-түлік тауарларының тауартануы;

азық-түліктен басқа тауарлардың тауартануы.



Білімдер:

- тауартанудың мәні және мақсаттарын;

- тауарларды стандарттауды;

- тауарларды жіктеуді;

- тауарлардың әртүрлі баға көрсеткішін.

Іскерліктер:

- тауарларды сипаттауды;

- тауартанудың мақсаттарын анықтауды;

- тауарларды дұрыс жіктеуді.



БҚ 2

БҚ 3


БҚ 9

БҚ 1


КҚ 2.1.3

ЖКП 06

Маркетинг негіздері

Кәсіпкерлік қызметтің негіздері;

маркетинг теориясы;

тұтыну тауарларының нарығын зерделеу;

нарықты болжау;

нарық конъюнктурасы;

маркетингпен басқару;

кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру.



Білімдер:

- басқарудың негіздері, қағидалары және әдістерін;

- жетекшінің жеке жұмысын жоспарлау және ұйымдастыруды;

- кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметін.



Іскерліктер:

- кәсіпорынды басқаруды ұйымдастыру;

-кәсіпорынның жұмысын жоспарлауды;

- кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметін білу.



БҚ 2

БҚ 3


БҚ 5

БҚ 8


БҚ 9

КҚ 2.1.10

КҚ 2.1.12


ЖКП 07

Ақпараттық-анықтамалық қызмет

Негізгі түсініктер мен анықтамалар;

ақпараттар мен құжаттамалардың түрлері; ақпараттық-анықтамалық қызметтер;

таңбалау, жіктеу және кодтау.



Білімдер:

-статистикалық ақпарат және оның рөлін;

- тауар туралы ақпараттарды;

-тұтыну тауарларының жіктелуін және кодын;

- штрих код туралы;

-НТҚ-ның түрлерін.



Іскерліктер:

- статистикалық ақпаратты қолдану;

- тауар туралы ақпаратты тани білу;

- жіктегішті қолдана білу;

- тауарлардың кодтарын ажырата білу;

-тауарларды таңбалауды ажырата білу.



БҚ 2

БҚ 3


БҚ 5

БҚ 8


БҚ 9

КҚ 2.1.10

КҚ 2.1.12


ЖКП 08

Менеджмент

Кіріспе;


менеджмент теориясы мен іс-тәжірибесінің дамуын;

басқарудың үрдісі мен ұйымдастыру элементтерін;

менеджменттің қағидалары мен функцияларын;

байланыстыру үрдістері мен коммуникацияны;

топтық динамика және басқару;

кикілжің мен күйзелісті басқару;

қарым-қатынас өнері.


Білімдер:

- ұйымдастырудың элементі және басқару процесін;

- байланыс үрдістерін және коммуникациясын;

- басқару функциясын;

- топтық динамика және басшылық туралы.

Іскерліктер:

- басқару ұйымының элементтерін байланыс-тыруды;

- басқару үрдістерін қолдануды;

- басқару функциясын және динамикасын реттеуді.



БҚ 3

БҚ 5


БҚ 8

БҚ 10


КҚ 2.1.10

ЖКП 09

Еңбек қорғау

Еңбекті қорғаудың жалпы сұрақтары;

нұсқама, кім жүргізеді;

қауіпсіздік техникасы;

қауіпсіздік техникасы бойынша журналдар;

еңбек қорғаудың заңнамалық базасы;

өндірістегі жеке қорғаныс құралдары;

өндірістік санитария;

өрт қауіпсіздігі.


Білімдер:

- еңбек туралы Заң бойынша жалпы мәліметтерді;

- кәсіпорындардағы еңбекті қорғауды әрдайым бақылауды және жұмысын ұйымдастыруды;

- еңбек жағдайын, жарақаттану себептерін және кәсіби ауруларды сараптау және олардың алдын алу шараларын;

- кәсіпорындағы электр қауіпсіздігін;

- технологиялық үдерістердің қауіпсіздігін;

-өндірістік санитарияны;

- өрт қауіпсіздігінің негіздерін.



Іскерліктер:

- еңбек жағдайына сараптама жүргізуді;

- жарақаттанулардың және кәсіби аурулардың себептерін саралауды;

-технологиялық үрдістердің қауіпсіздігін ұйымдастыруды;

-өнеркәсіптік санитарияны және өрт қауіпсіздігін сақтауды.


БҚ 2

БҚ 4


БҚ 6

БҚ 10


КҚ 2.1.9

КҚ 2.1.12



ЖКП 10

Өндiрiс технологиясы

Кіріспе; тамақ өнеркәсібі тауарларын өндіру технологиясы;

қайта өңдеу әдістері;

азық-түлік емес тауарларды өндіру технологиясы;

өнімді өндірудің негізгі технологиялық операциялары;

өнім сапасын бақылау;

бақылау және өнім сапасын ынталандыру түрлері.


Білімдер:

-негізгі технологиялық процестерді;

-технологиялық операцияларды;

-өнімдерді өндіру технологиясын.



Іскерліктер:

-негізгі технологиялық үрдістерді анықтауды;

-тауарлардың сұраптарын анықтауды;

өнім өндірудің технологиялық үрдістерін сипаттауды.



БҚ 1

БҚ 2


БҚ 3

БҚ 6


БҚ 9

БҚ 11


КҚ 2.1.3

КҚ 2.1.4


КҚ 2.1.10

АП 00

Арнайы пәндер

АП 01

Стандарттау

Стандарттау негіздері;

стандарттау әдістері;

стандарттаудың заңнамалық негіздері;

стандарттардың түрлері мен санаттары;

өнім сапасын басқару;

өнім сапасын бағалау;

өнімнің техникалық деңгейі;

халықаралық және аймақтық стандарттау;

стандарттау бойынша халықаралық ұйымдар;

стандарттау бойынша аймақтық ұйымдар;

Қазақстандағы техникалық реттеу жүйесі.



Білімдер:

-стандарттаудың мәнін;

-стандарттау тарихын;

-Қазақстан Республикасының техникалық реттеу жүйесін;

- Қазақстан Республикасының "Техникалық реттеу” туралы заңын;

- КО ТР техникалық регламенттерін;

-НҚ-ды даярлаудағы негізгі ережелер, мақсаттар, категориялар және тәртіптерді;

-халықаралық стандарттауды;

-өнім сапасын басқару жүйесін;

-стандарттаудың экономикалық тиімділігін.



Іскерліктер:

- нормативтік құжаттамаларды тани білу;

- Қазақстан Республикасының "Техникалық реттеу” туралы Заңын пайдалана алуды;

- ҚР техникалық регламенттерін және

нормативтік құжаттарды даярлау, келісімдеу және бекіту негіздерін игеру;

- ҚР МС ISО 14001, ҚР МС OHSAS 18001 талапртарына сәйкес кәсіби қауіпсіздік пен денсаулық және қоршаған ортаны қорғау саласындағы менеджмент негіздерін игеру;

- өнім сапасын басқаруды;

- стандарттау бойынша халықаралық ұйымдарға сипаттама беруді:

- терминдер мен анықтамаларды қолдануды.


БҚ 1

БҚ 2


БҚ 3

БҚ 6


БҚ 9

БҚ 11


КҚ 2.13

КҚ 2.14


КҚ 2.1.10

АП 02

Өндiрiстi метрологиялық қамтамасыз ету

Кіріспе; физикалық өлшем;

өнім өндіргенде қажет өлшем құралдарының түрлері;

өлшемнің түрлері; өлшем құралдарының сипаттамасы;

метрологияның заңнамалық базасы;

өлшем құралдарын аттестаттау; өлшем құралдарын тексеру;

өлшем құралдарының дәлдік класы;

өлшеу бірыңғайлығының мемлекеттік жүйесі.



Білімдер:

- өнімді дайындау, өндіру, пайдалану кезеңдерінде оның сапасын метрологиялық қамтамасыз етуді;

- өлшем құралдарын таңдау қағидаларын;

- метрологиялық қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық және нормативтік негіздерін;

- метрологиялық қамтамасыз етуді мемлекеттік бақылауды.

Іскерліктер:

- өлшемдердің түрлері мен әдістерін анықтауды;

- өлшем жүргізуді;

-өлшем құралдарының олқылықтарын анықтауды;

-метрологияның заңды негіздерін қолдануды;

-тексеруді, метрологиялық сараптама мен мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру.



БҚ 1

БҚ 2


БҚ 3

БҚ 6


БҚ 9

БҚ 11


КҚ 2.2.1

КҚ 2.2.13



АП 03

Өнiмдi сертификаттау

Кіріспе; негізгі түсініктер мен анықтамалар;

сәйкестікті бағалау субъектілері мен қатысушылары;

нормативтік құжаттар;

сәйкестікті бағалау түрлері;

сәйкестікті бағалау сұлбалары;

сәйкестікті бағалаудың заңнамалық базалары;

сынаулар зертханасы;

сәйкестікті бағалау тәртібі.


Білімдер:

- сәйкестікті бағалауға қатысушылар туралы;

- ерікті және міндетті сәйкестікті бағалау туралы;

- сәйкестікті бағалаудың нормативтік базасын;

- сәйкестікті бағалау жұмыстарын жүргізудің тәртібін;

-аккредиттеу жұмыстарын жүргізу тәртібін;

- сәйкестікті бағалау сұлбаларын;

- ҚР МС ISО 14001, ҚР МС OHSAS 18001 бойынша кәсіби қауіпсіздік пен денсаулық және экология менеджментінің жүйелерін, аккредитттеуді;

-өнімнің, қызметтің және сапа жүйесінің сәйкестігін бағалау туралы.

Іскерліктер:

- сәйкестігін растауды жүргізгенде сәйкестікті бағалау сұлбаларын қолдану;

- ерікті және міндетті сәйкестікті бағалауды ажырату;

- сәйкестікті бағалаудың нормативтік базасын қолдануды;

-сәйкестікті растауды жүргізу кезінде заңнамалық негіздерді қолдануды.


БҚ 5

БҚ 8


БҚ 9

КҚ 2.1.1


КҚ 2.1.3

КҚ 2.1.5


КҚ 2.1.8

КҚ 2.1.13

КҚ 2.1.18


АП 04

Тұтынушылық мәдениет және сапа

Кіріспе;


негізгі түсініктер мен анықтамалар;

тұтынушылық мәдениеттің маңызды қосылыстары;

тұтынушылық мәдениет құқықтық және экономикалық аспектілерде;

тұтынушылық жосық пен сұраныс теориясы;

тұтынушылық жосықтың мәселелері;

тұтынушылық білімнің мақсаттары;

бақылау әдістері;

сапаны бағалау;

өнiмдi бұрмалау;

өнiмдi бірдейлестіру;

бақылау түрлері;

тамақ өнеркәсібі мен ауылшаруашылық өнімдерінің сапасын бақылау;

тұтынушының құқығының қорғау заңы;

өнеркәсіп тауарларының сапасын бақылау.



Білімдер:

- сапаны бақылауды ұйымдастыруды;

- өнімдерді жіктеуді;

-тұтынушылық мәдениетті;

- тұтынушылық жосық пен сұраныс теориясын;

- тұтынушылық жосықтың мәселелерін;

-бақылау қызметтерін, олардың құрылымдары мен негізгі функцияларын ұйымдастыру ерекшеліктері;

-бұзбайтын бақылаудың әдістері мен құралдары;

- өндірістегі бақылау қызметтерінің маңызы мен жіктелуі;

-тауарлардың сапасын бақылауды;

-өнім сапасын бағалауды;

-өнім сапасының көрсеткіштерін.



Іскерліктер:

-сапаны бақылауды ұйымдастыруды;

-тұтынушылық мәдениетті қолдануды;

-тұтынушылық жосық мәселелерін шешуді;

-өнімге баға беру және оның сапасын бақылауды жүргізу;

-тауарлардың ақауларын анықтауды;

-тауардың сұрыпы мен категориясын анықтауды;

-сапа көрсеткіші бойынша өнім сапасына сипаттама беруді.



БҚ 5

БҚ 8


БҚ 9

КҚ 2.1.14-

КҚ 2.1.18

КҚ 2.2.14

КҚ 2.2.15


АП 05

Патенттану және лицензиялау

Негізгі түсініктер мен анықтамалар;

заңнамалық негіздер;

авторлар мен патент иелерінің құқықтарын қорғау;

тауар белгілері, тауарды шығарған жердің атауы және қызмет көрсету белгілері;

өнеркәсіптік жекеменшік объектілерін құқықтық қорғау;

өнеркәсіптік жекеменшік объектілеріне шетелдерде патент беру; патент құжаттамаларының ерекшеліктері;

лицензиялау.



Білімдер:

- өнеркәсіптік меншікті қорғау туралы;

-өнертабыстар, өнеркәсіптік үлгілер жәнепайдалы моделдер туралы;

-тапсырыс берудің реті мен қарастыруды;

-тауарлық белгілер, қызмет көрсету белгілерін;

- патенттік құжаттардың ерекшелігі туралы;

-лицензия беруді өткізу.

Іскерліктер:

-өнеркәсіптік жекеменшікті қорғауды ұйымдастыруды;

- тапсырысты дұрыс беруді;

-патент алу үшін қажетті құжаттарды дайындауды;

-лицензия алу үшін қажетті құжаттарды дайындауды.


БҚ 1

БҚ 2


БҚ 3

БҚ 7


БҚ 8

БҚ 9


КҚ 2.1.1

КҚ 2.1.2


КҚ 2.1.7

КҚ 2.1.9


ӨО және КП 00

Өндірістік оқыту және кәсiптiк практика

КП 01

Оқу практикасы:





КП 01.1

Тауартану бойынша

Іскерліктер:

-өндіріс немесе цех аумағында қауіпсіз жүріп-тұру және жұмыс атқару;

-тауарлар жіктегішін қолдану;

-тауарлардың техникалық ерекшеліктерімен жұмыс атқару;

-прейскуранттардағы тауарлардың әртүрлі бағаларын табу.

Дағдылар:

- өндірісте немесе цех аумағында қауіпсіз жүріп-тұру және жұмыс атқару;

- жұмыс орнында қауіпсіздік ережелерін сақтау және өрт қауіпсіздігін сақтау;

- тауарлардың сипаттамасын анықтау;

-тауарлардың дұрыс жіктелуі.



БҚ 2

БҚ 3


БҚ 9

БҚ 1


КҚ 2.1.3

КП 01.2

Метрология бойынша

Іскерліктер:

- өлшемдердің әдістері мен түрлерін анықтау;

- өлшемдерді өткізу;

- өлшеу құралдарының қателіктерін анықтау;

- метрологияның заңнамалық негіздерін қолдану;

- тексеруді, метрологиялық сараптаманы және мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және жүргізу.



Дағдылар:

- өндірісте немесе цехта қауіпсіз жүріп-тұру және жұмыс атқару;

- жұмыс орнында техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау және өрт қауіпсіздігін сақтау;

- өлшеу құралдарын таңдау қағидаттарын білу;

- метрологиялық қамтамасыз етудің нормативтік негізін ұйымдастыру мен қамтамасыз ету;

- өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге мемлекеттік бақылау жүргізу.



БҚ 1

БҚ 2


БҚ 3

БҚ 6


БҚ 9

БҚ 11


КҚ 2.2.1

КҚ 2.2.13



ПП 01.3

Технология бойынша

Іскерліктер:

- негізгі технологиялық үрдістерді анықтау;

- өнімнің сұрыпы мен сапасын анықтау;

- бұйымды өндірудің технологиялық үрдістерін сипаттау.



Дағдылар:

- кәсіпорынның немесе цехтың аймағында қауіпсіз қозғалу және жұмыс атқару,

- жұмыс орнында қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтау;

- негізгі технологиялық үрдістерді игеру;

- технологиялық операцияларды игеру;

- бұйымды өндірудің технологияларын.



БҚ 1

БҚ 2


БҚ 3

БҚ 6


БҚ 9

БҚ 11


КҚ 2.1.3

КҚ 2.1.4


КҚ 2.1.10

КП 01.4

Арнайы құжаттамаларды меңгеру және құрастыру бойынша

Іскерліктер:

- нормативтік құжаттамаларды тани білу;

- НТҚ құрастырғанда ҚР "Техникалық реттеу туралы" Заңын және басқа да заңнамалық базаларды қолдану;

- терминдер мен анықтамаларды қолдану.



Дағдылар:

- Қазақстан Республикасының стандартау, өлшеу бірлігі және сертификаттаудың мемлекеттік жүйесі саласындағы алған білімін қолдану;

- негізгі ережелерді, мәселелерді, санаттарды және НҚ даярлау тәртіптерін танып-білу;

- стандарттаудың экономикалық тиімділігін анықтау.



БҚ 1

БҚ 2


БҚ 3

БҚ 6


БҚ 9

БҚ 13


КҚ 2.1.1

КҚ 2.1.19



КП 01.5

Өнімдерге талдау және сараптама жүргізу бойынша

Іскерліктер:

- сәйкестігіне растау жүргізген кезде сәйкестігін бағалау сұлбаларын қолдану;

- өнімге сынау жүргізу;

- өнімнің нормативтік құжаттамаларының сәйкестігін жүргізу;

- сәйкестігін растаудың нормативтік базасын қолдану;

- сәйкестігін растауды жүргізу кезінде заңнамалық негізді қолдану.



Дағдылар:

- зертханада қауіпсіз қозғалу және жұмыс атқару,

- жұмыс орнында қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтау;

- сынау немесе сараптау жүргізген кезде жұмыста заңнамалық негізді қолдану.



БҚ 1

БҚ 2


БҚ 3

БҚ 6


БҚ 9

БҚ 13


КҚ 2.1.1

КҚ 2.1.19



КП 02

Өндірістік практика

Іскерліктер:

- жұмыста нормативтік-техникалық құжаттаманы қолдану;

- құжаттаманы айырып тану;

- белгіленген техникалық регламентке сәйкес технологиялық үрдістерді жүргізу бойынша жұмыстарды орындау;

- бөлімшенің технологиялық жабдықтарына қызмет көрсету;

- берілген технологиялық регламенттен ауытқуды ескерту және болдырмау.

Дағдылар:

- өнімнің нормативтік құжаттамаға сәйкестігін дұрыс анықтау;

- бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша және аналитикалық бақылаудың нәтижелері бойынша технологиялық үрдіске қызмет көрсетудің қауіпсіз амалдары.


БК1

БК2


БК3

БК6


БК9-

БК13


КҚ 2.1.1

КҚ 2.1.19



БҰАП 00

Бiлiм беру ұйымы анықтайтын пәндер





Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   141




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет