Тақырыбы: Болаттарды және шойынды қол доғасымен пісіру
Орындаған: Хайруллаев Ж. , Жамбылұлы А.
Тексерген: Сағымбаев Р.
Тараз 2022 Жоспар: Кіріспе 1. Еңбек қауіпсіздігі
Негізгі бөлім 2. Орташа және жоғары шыңдалған болаттарды пісіру
3. Шойынды доғамен ыстықтай пісіру
Қорытынды Қолданылған әдебиет
Кіріспе 1. Еңбек қауіпсіздігі Пісіру жұмыстары қауіптілігі жоғары еңбек санаттарына жатады. Сондықтан, ол жұмыс орнының талапқа сай ұйымдастырылуына, пісіру жабдықтары мен аппараттарына дұрыс күтім жасалуына қатаң талап қояды. Себебі бұл талаптарды орындамаған жағдайда, пісірушінің механикалық жарақат алуына, газдармен улануына, электр тоғының соққысына ұшырауына және т.б жайттарға әкеліп соқтыруы мүмкін.
Пісіруші өз міндетін атқару үстінде тоқ күші мың А-дан жоғары және 24...380 В кернеулі электр жабдықтарымен жұмыс істейді. Сонымен қатар, металдарды газбен пісіру, балқыма қабатын құю және кесу кезінде, оттегі мен жанғыш газдар сығылған күйінде баллондарда үлкен қысыммен тұрады. Жанғыш газдар, оттегі мен араласып кез келген ұшқыннан, ашық оттан, қызған денелерден тұтанып жарылуы мүмкін. Газбен пісіруде көп қолданылатын ацетелен газы өте жарылғыш газ болып есептелінеді. Осы ацетелен газын арнаулы генераторлармен жұмыс басында пайдаланғанда өте қауіпті. Ал оттегіде арнаулы баллондармен үлкен қысыммен жұмыс басына жеткізіледі. Олар әр түрлі майлармен (малдың, минералдық, өсімдік майларымен) жанасқанда тез тұтанып өрт және жарылыс қаупін тудырады. Металлдарды кесу кезінде, кесілу сызығынан балқыған металмен шлак үнемі сыртқа шашырап, атқылап тұрады.
Негізгі бөлім 2. Орташа және жоғары шыңдалған болаттарды пісіру Жылулық және физикалық ерекшеліктеріне байланысты орташа және жоғары шыңдалған болаттарды пісіру процесі қиындайды. Сондықтан сапалы және берік пісіру бірікпелерін алу үшін арнаулы технологиялық жағдайлар жасалады. Пісіру процесін қиындататын жайттарды атап айтсақ төмендегідей болып келеді:
-пісіру үстінде көміртек пен шыңдаушы элементтер күйеді;
-жылуды нашар өткізетіндіктен пісірілетін металл қатты қызады;
-қызған шыңдалған болаттар шытынамалы құрылым түзеуге дайын тұрады;
-доға жылуының әсерінен ұлғаю коэфиценттері үлкен болады да ішкі кернеу мен деформация мөлшері жоғары болады;
-шыңдаушы элементтер мен көміртек мөлшері жоғарылаған сайын пісірімділік дәрежесі нашарлай береді.
Сондықтан сапалы да берік пісіру бірікпесін алу үшін төмендегідей шарттарды орындау керек:
-бұйымды пісіруге мұқият дайындау;
-жылуды көп сіңірмей, үлкен жылдамдықпен пісіргенде бұл әдіс металдың қатты қызып кетпеуін қамтамасыз етеді;
-ішкі кернеу шамасын және шытынамалы құрылым процесін төмендету үшін тігісті және тігіс аймағын жылумен өңдеу керек;
-тігістің күйіп кеткен шыңдаушы элементтерінің орнын толтыру үшін құрамында сәйкес шыңдаушы элементтері бар пісіру сымдары мен қаптамалы электродтар қолданылуы керек.
Жоғары шыңдалған болаттарды пісіру үшін негізгі Б-типті қаптамалы электродтар қолданылады. Пісіру жұмысы кері полярлы, тұрақты токпен жүргізіледі. Пісіру тогының шамасын электрод диаметрінің әрбір 1 мм-не 25-40 А ток келетіндей етіп қабылдау керек. Доғаның ұзындығы неғұрлым қысқа болғаны дұрыс және жылу аз сіңдірілетіндей жіңішке тігісті көп қабатты пісіру әдісін қолданған жөн.
Қазіргі кезде өндіріс пен құрылыста хромды, хром-никельді, марганецті, молибденді және т.б құрамдағы орташа және жоғары шыңдалған болаттар кеңінен қолданылады.