Тексерілді:/ / Р. Юсупова Бекітілді: / / С.Құрмашов



Дата14.04.2017
өлшемі66,79 Kb.
#13951
Тексерілді:/ / Р.Юсупова

Бекітілді: / / С.Құрмашов

6-10-сынып оқушылары арасында

ұйымдастырылған

«Тапқыр достар»

атты интеллектуалдық ойын жоспары

Жауапты : / /Оспанғалиева Э

Мақсаты:1 Оқушыларға қазақ тілі мен әдебиет пәнінен білімділік деңгейлерін байқау, саралау; 2) Оқушыларды ана тілін ардақтау арқылы рухани дүниесін, шығармашылық қабілеттерін арттыру;

3) Оқушыларды еңбексүйгіштікке, адалдық борыш, ар-ұят, бір-бірін сыйлау сияқты адами қасиеттерді құрметтеуге тәрбиелеу

Құрметті тіл жанашырлары, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Тіл апталығында ұйымдастырылып отырған «Тапқыр достар » атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Әрбір тілде сөйле адамды таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық ?!

Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!- деп сайысымыздың жүру барысымен таныстырып өтсем:


Бұл шараға 6- 10 -сынып оқушыларынан құралған

«Ақыл» және «Қайрат» тобы сайысқа түседі.

Сайысты бастамас бұрын әділқазылар алқасын сайлау



Жоспар:

1. Өткел. «Кім жылдам? -деп аталады» (Әр оқушыларға 1 әріптен беріледі , сол әріптер арқылы сұраққа жауап береді)

2 .Белес Үй тапсырмасы (Қазақ халқының салт-дәстүрінен сұрақтар)

3 .Бекет «Кейіпке ену» деп аталады. Мұнда берілген кейіпкерлердің іс-әрекетін қимылмен көрсетуі керек

4. Асу «Ел тарихынан»

5. Жерұйық « Ел өміріне байланысты қызықты деректерге» «сенемін», «сенбеймін» деп жауап беру керек


Сонымен сайысымызды бастаймыз.



1 Өткел. «Кім жылдам? деп аталады»

(Әр оқушыларға 1 әріптен беріледі , сол әріптер арқылы сұраққа жауап береді



1топқа: Жанұяңда қанша адам бар?

Қандай ас тәтті?

Сиырда неше мүйіз бар?

Шашыңның түсі қандай?

Тіл не үшін керек?

Әкең ұрса ма?

Үйіңде не бар?

Туған жердің қадірін қайда жүргенде білесің?

Көңіл- күйің қандай?

Салмағың қанша?



2 топқа: Адам көркі не?

Ертегі білесің бе?

Аспанда не бар?

Бала тілі бал ма?

Өмірде нені сүйесің?

Қолың нешеу?

Аңдамай сөйлеген ауырмай өле ме?

Қан жана ма?

Сенде құлақ бар ма?

Шашыңды тарайсың ба?


2. Белес. Үй тапсырмасы

(Қазақ халқының салт-дәстүрінен сұрақтар)

Иткөйлек деген не?

Сарқыт деген не?

Бастаңғы деген не?

Көрімдік деген не?

Сүйінші деген не?

Тоқым қағу деген не?

Байғазы деген не?

Ерулік деген



3. Бекет. «Кейіпке ену» Мұнда берілген кейіпкерлердің іс-әрекетін қимылмен көрсетуі керек . Ендеше «Өнерлінің өрісі кең» демекші 2 топтың өнерін тамашалайық

1 топқа: 1 Мұғалімнің сабақ оқымай келген балаға ұрсуы

2. Қабаған иті бар үйге кіре алмай тұрған қыздар бейнесі

3. Әнші Алмас Кішкенбаевті көрген кездегі сенің іс-әрекетің

2 топқа: 1. Бүгін сабаққа дайын емессің, не істер едің?

2. Сабақтан қашып бара жатқан оқушының бейнесін келтір

3. 2- сыныптың екі оқушысы төбелесіп жатыр, сол кездегі сенің іс-әрекетің

4. Асу. (Ел тарихынан)

1. Абайды әжесінің есімі? (Зере)

2 Жерлесіміз ,партизан – жазушы кім? (Қ.Қайсенов)

3 Орта жүз биі кім? (Қаз дауысты Қазбек би)

4 Қазақстанның екі дүркін чемпионы кім? (И Ильин)

5 «Балалық шағымның аспаны» фильмінде Сұлтан қандай жүлде алады және оны не істейді?

6. М.Әуезовті әлемге танытқан қай шығармасы?

(«Абай жолы» р-э)



5. Жерұйық (Ел өмірінен қызықты деректерге

«сенемін», «сенбеймін» деп жауап беру керек)

1. Қажымұхан батыр 56 медаль иеленген дегенге сенесіз бе?

(Сенемін 28 мемлекетте күресіп, 56 медаль алған)

2 Әлемнің 2 ұстазы Қазақстан жерінде туған дегенге сенесіз бе?

( Сенемін:Әбу Насыр әл-Фараби Отырар жерінде туған)



  1. Шорға ауылында халық саны-999 дегенге сенесіз бе?

  2. (Сенбеймін халық саны-500-ге жуық)

  3. Қазақстан жерінде 126- дан астам ұлт өкілі тұрады дегенге сенесіз бе? (Сенемін)

  4. Әлемдегі 4 эпопеяның бірі- Қазақстанда дегенге сенесіз бе? (Сенемін: М.Әуезовтың «Абай жолы» р-э)

  5. Қазақстан жер көлемі жағынан 1 орында дегенге сенесіз бе? (Сенбеймін: Қазастан жер көлемі жағынан 9 орында)

  6. Қазастанда пайдалы қазбаның 6 мыңнан астам түрі бар дегенге сенесіз бе? (Сенемін)

  7. 1979 жылы Европа чемпионатында қазақ боксшысы чемпион болғанына сенесіз бе? (Сенемін; С: Қонақбаев)

  8. Біздің бас қала –Астананың символына айналған «Бәйтерек» басқа мемлекетте де бар дегенге сенесің бе? (Сенбеймін)

Тіл халықтың қазынасы. Тілімізді таза ұстап, қастерлеп, құрметтеуіміз керек.

Қазақ тілі -өз тілім, ана тілім,

Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім.!- демекші , осымен «Тапқыр достар »атты сайысымыз аяқталды



Міндетті деңгей (Тест арқылы үй тапсырмасын сұрау)

1. Тиянақты ойды білдіретін синсаксистік бірлікті не дейді?

А) Сөз Ә) Сөз тіркесі С) Сөйлем Д) Мәтін

2. Жай сөйлемнің неше түрі бар?

А) 2 Ә) 3 Б)4 В)7

3. Жалаң сөйлемге жетпей тұрған сөзді тап ... оянды

А) Ерте Ә) Ол Б) Таңертең В) Тынығып

4. Тұрлаусыз мүше қатыспаған сөйлем түрін ата

А) Жайылма Ә) Толымды Б)Жалаң В) Атаулы

5. Жалаң сөйлемді тап

А) Талай сырды ақтардық

Ә) Мен елдің елшісімін

Б) Рахмет риза болды

В) Қазақстанның азаматы болғаныма мақтанамын

6. Жақты сөйлем деген не?

А) Бастауышы бар, жасырын тұрғанда да баяндауышы арқылы табуға болатын сөйлем

Ә) Баяндауыштың бір өзі сөйлемге негіз болатын жай сөйлем

Б) Тұрлаусыз сөйлем қатыспаған жай сөйлемнің түрі

В) Тұрлаусыз сөйлем қатысқан жай сөйлем

7. Жалаң сөйлем деген не ?

А) Бастауышы бар, жасырын тұрғанда да баяндауышы арқылы табуға болатын сөйлем

Ә) Баяндауыштың бір өзі сөйлемге негіз болатын жай сөйлем

Б) Тұрлаусыз сөйлем қатыспаған жай сөйлемнің түрі

В) Тұрлаусыз сөйлем қатысқан жай сөйлем

8. Жақсыз сөйлем деген не?

А) Бастауышы бар, жасырын тұрғанда да баяндауышы арқылы табуға болатын сөйлем

Ә) Баяндауыштың бір өзі сөйлемге негіз болатын жай сөйлем

Б) Тұрлаусыз сөйлем қатыспаған жай сөйлемнің түрі

В) Тұрлаусыз сөйлем қатысқан жай сөйлем

9. Жайылма сөйлем деген не?

А) Бастауышы бар, жасырын тұрғанда да баяндауышы арқылы табуға болатын сөйлем

Ә) Баяндауыштың бір өзі сөйлемге негіз болатын жай сөйлем

Б) Тұрлаусыз сөйлем қатыспаған жай сөйлемнің түрі

В) Тұрлаусыз сөйлем қатысқан жай сөйлем

10. «Абай болашақ ұрпаққа өз сөзін арнады» жай сөйлемнің қай қатарына жатады

А) Толымды, жалаң, жайылма

Ә) Жақты, жайылма

Б) Жалаң, жақсыз



В) Жақты, жақсыз
Каталог: uploads -> doc -> 06a7
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
06a7 -> СабақТЫҢ мақсаты: «Менің әуес ісім- киім тігу, зергерлік бұйымдар жасау»
06a7 -> Сабақтың тақырыбы : § 10, 11. Физикалық шама. Шамаларды өлшеу. Өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі. Сабақтың мақсаты
06a7 -> Ш. Уәлиханов атындағы №26 мектеп Қармақшы аудандық білім бөлімі Аудандық «Шеберлік сыныбы»семинары
06a7 -> 1 7-сынып Деңгейлік тапсырмалар І деңгей
06a7 -> Тақырыбы: Қыз қылығымен көрікті. Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет