Тәрбие сағаты 30.11.2015
1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Президенті күні
Мереке құтты болсын!!!!!!!
Тақырыбы: « Елбасы – елдің тірегі,
Елім деп соққан жүрегі»
Мақсаты: оқушыларды – желтоқсан ҚР-ның Тұңғыш Президенті күнімен құттықтау. Елбасы өмірімен , еңбек жолымен , шығармаларымен таныстыру. Оқушы бойында ұлттық рухты, патриоттық сезімді ұялату. Өз Отанын , елін сүюге , мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, мемлекеттік тілін құрметтеуге, өз ұлтын жанындай сүйетін саналы , білімді, іскер азамат қалыптастыру
Көрнекілігі: тақырып жазылған плакат
Жабдығы: интерактивті тақта, микрофон, музыкалық аспаптар , шар, гүлдер, жалаушалар
Түрі: меркелік кеш
Жұмыс барысы:
І Кіріспе бөлімі: «Тойбастар» әнімен ашылады , шашу шашылып , ортаға сынып оқушылары кіреді
ІІ Негізгі бөлімі:
Айя
Елдің , халықтың сенімін , үмітін , бабалар аманатын арқалаған- ең жауапты , ең қиын міндет . Бұл қызметті Отаны мен халқын шын сүйетін , ұлттық тілін , тарихын , мәдениетін құрметтейтін нағыз патриот қана тақара алады.
Алтынай
Иә, мемлекетіміз тәуелсіз ел болып , жарияланғалы бірі ел экономикасы , білім беру саласы бәрі дамыды. Еліміздің осындай дәрежеге жетіп, көк туымыздың бейбіт молшылықта , татулықта өмір сүріп жатқанымыз , аз уақыттың ішінде Қазақстан атын санау шет елдердің танып жатқаны Елбасының салихалы саясатының арқасы.
Үміт
Бүгінгі күн бізге оңайлықпен келген жоқ. Тәуелсіз ел атану үшін , қаншама аға-апаларымыз , ата-бабаларымыз тер төкті. Соның арқасында бүгіннде біз , Тәуелсіз , дербес, әлем таныған Қазақстан атанып отырмыз. Қазақ деген атымызды алғанға дейін қазақ халқының басынан не өтпеді, не көрмеді
4)Ғания
Қазақстан дейтін менің бар елім ,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған ,
Бұл даланы анам жаспен суарған
Бұл далада атам қолға ту алған.
Бұл далада жылап келіп, уанған.
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
Хор: « Атамекен» орындайтын Мұрат Жебеев ( ата-ана)
Ғажайып сәт
(үнтаспадан МузАрт тобының орындауында « Үшқоңыр» әнінің 1 шумағы орындалады. Үшқоңыр жайлауының жайқалған кезі. Жылқылар кісінеп, табиғат мәре-сәре болып жатқан мезгіл слайд –шоу арқылы көрсетіледі)
Осынау тамаша тамылжыған тыныштықты шырқыраған нәрестенің үні бұзды ( үнтаспадан жылаған нәрестенің дауысы естіледі)
- Көрініс: балалардың орындауында.
-Жаршы: Сүйінші, сүйінші.
Назарбай бидің шаңырағында ат ұстар ұл келді.
— Уа жараңдар. Сүйінші, сүйінші торсық шеке ұл келді.
Есік алдына Әбіш нәрестені алып шығады.
-Әбіш: Жарық дүниеге келген құлыным, Алатаудай асқарлы бол, күндей күркіреп, жаңбырдай сіркіреп, даладай дастанды бол!
— Жаршы: Уа, Әбіш, баланың атын кім деп қоймақсың?
— Әбіш: Анам Мырзабала сол кісіден сұрайық. Мына жатқан батырдың есімін анам қойсын.
-Мырзабала әже: Өмірі нұрлы болсын, өз еліне сұлтан болсын деп, немеремнің есімін Нұрсұлтан деп қойғанды жөн санадым, қабыл болсын!
-Әбіш: Қабыл болсын!
-Жаршы: Иә, қабыл, әрі есімі құтты болсын!
Атына заты сай болсын!
— Мырзабала әже: Уа, Әбіш, төменгі Шамалғандағы Әбубәкір молданы шақырып құлағына азан айтып, есімін берсін.
Әбіш молданы алып келеді.
-Мырзабала әже: молдеке немеремнің атын Нұрсұлтан деп қойып едім, құлағына азан шақырып атын қойып беріңіз.
-Молда: Сенің атын Әбішұлы Нұрсұлтан… Сенің атын Әбішұлы Нұрсұлтан… Сенің атын Әбішұлы Нұрсұлтан.
Ғазиза:
Сөйтіп
1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оның балалық шағы қиын-қыстау Ұлы Отан соғысы жылдарында өтті. Соғыстан кейін Нұрсұлтан мектепке бастауыш сыныпқа барады. Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқып, мектепті алтын медальмен бітіріп шығады. Мектептен соң Теміртаудағы металлургия комбинатының құрылысына комсомолдарды жинап жатқанын білген соң, Нұрсұлтан металлург болуға бел буды. Теміртауға келген соң, ол болашақ металлург ретінде Украинаның, Днепродзержинск қаласындағы Днепр металлургия комбинаты жанындағы кәсіптік-техникалық училищеге оқуға жіберілді.
Оқуды аяқтаған соң Нұрсұлтан Назарбаев металлург мамандығы бойынша жұмыс жасайды. Өз жұмысын жауапкершілікпен атқарып, қоғамдық жұмыстарға атсалысып көзге түседі. Нұрсұлтан Назарбаев еңбек етеумен қатар өз білімін шыңдау мақсатында Қарағанды политехникалық институтын 3 жыл оқып, одан соң Қарағанды жоғары технология университетін бітіріп, инженер-металлург мамандығы бойынша диплом алады. Нұрсұлтан Назарбаев жұмыста өзінің білімділігімен, тіл табысқыштық, көшбасшылық қасиеттерімен ерекшеленген. Осындай ерекшелік иесі Нұрсұлтан Назарбаев металлург мамандығынан басқа да лауазымды қызметтерді атқарып жүрді.
Гүлназ:
1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің пленумында Д. Қонаевтың зейнеткелікке шығуына байланысты Республика компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы міндетінен босатылды
. Оның орнына Ресейден келген Г. В. Колбин сайланды.
Төтенше өткен пленум 18 минутта аяқталды. Асығыс өткен пленум шешімі дүйім қазақ халқымен санаспаушылық болып табылды. Пленум шешіміне көңілі толмаған халықтың жүрегінде наразылық ұшқыны лаулай түсті. Міне осындай наразылықтың салдарынан қазақ студент жастары өз елімізді қазақ азаматы басқарсын деген ниетпен бейбіт шеруге алаңға шығады. Бірақ, оларды қолдарында қаруы бар әскерлер ұрып, соғып, түрмеге қамайды
Қасық қаны қалғанша елім-жерім деп тәуелсіздікті аңсап, он екіде бір гүлі ашылмай қыршын кеткен Асанқызы Ләззаттың, Сыпытайұлы Ерболдың, Мұқанбетжанқызы Сәбираның, Ноғайбайұлы Қайраттың аңсаған армандары мен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты.
Желтоқсан оқиғасы — бұл ерліктің тарихы, — республикадағы халқымыздың рухани жеңісі, — демократияға жол ашу — тәуелсіздіктің алғашқы беті. Көп ұзамай Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алды.
Бұл – еліміздің жаңа тарихындағы ерекше күн. Нақтырақ айтсақ, жиырма үш жыл бұрын, яғни 1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы болып сайланды.
Ән : «Нұр –аға» орындайтындар трио ( Еркебұлан , АружанӘ,
Несібелі)
7-оқушы ( Мағжан)
Ел тірегі – қайратым
Абыройым , айбатым !
Отан даңқын асырдың
Көк туымды жайнатып ,
Бағымызға жүр аман ,
Нұр сәулетті , Нұр ағам!
8-оқушы ( Дильназ)
Оянады көңілден қайдағы арман ,
Келбетіңнен ізгілік нұр көрінген.
Бақыт желі ескендей жайлап алған
Лебізіңнен ал арманы өрілген.
9-оқушы ( Әділет)
Президентім бар менің елі түгел,
Ақ киізге көтеріп сайлап алған .
Сенің арқаң –Қазақстан көркейіп ,
Достық әні шарықтайды төрімнен.
10-оқушы ( Ерұлан)
• 1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет ҚР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Н. Ә. Назарбаев басым дауыспен 98, 7 жеңіске жетті.
11-оқушы ( Әліби)
• 1995 жылдың 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә: Назарбаевтың өкілеттілігі 2000 жылға дейін ұзартылды.
12-оқушы ( Тілеуқабыл)
• 1999 жылдың 10 қаңтарында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесінде Н. Ә. Назарбаев 79, 78 дауыс алып, ҚР Президенті болып сайланды.
13-оқушы ( Бекмырза)
Гүлназым• 2005 жылдың 4 желтоқсанында сайлаушылардың 91, 5 дауысын алып, ҚР Президенті болып қайта сайланды.
14-оқушы ( Нұрай)
2011 жылы 3 сәуірде сайлаушылардың 95,5 пайыз дауысын алып, ҚР Президенті болып қайта сайланды.
Біздің Президент кім? ------------- хормен
Зкономика ғылымдарының докторы
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық – университетінің профессоры
Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі
Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры
Қазақстан халықтары ассамблеясының төрағасы
Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғары бас Қолбасшысы
Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы
Жұбайы: Сара Алпысқызы Назарбаева , халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады
Қыздары: Дариға – саясат ғылымдарының докторы
Динара- Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады
Әлия –« Элитстрой» компаниясын басқарады
Елбасының 7 немересі, 2 шөбересі бар
Осы оқушылыр :
Әлішер :
Қиялы ұшқыр ойлы адам
Әлемге болған аты аңыз.
Ұрпақтың қамын ойлаған ,
Аман-сау жүрші, атамыз! ------------ хормен
Гүлім :
Биіктей бер, Нұр аға ,
Қыран қанат талмаған.
Қадірлемей тұра ма,
Халық сіздей тұлғасын!------------- хормен
Жанасыл:
Бағдарлап елдің ертеңін ,
Тыныштық тауып жатпаған.
Болашақ үшін тер төгіп,
Үмітін елдің ақтаған--------------хормен
Аслан :
Гүлдене бер, Отаным ,
Көтерген туын Нұр ағам!
Көбейткен достық қатарын,
Нұр-аға --- біздің ұлы адам! -------хормен
Аружан С
Естімейік енді елдің жылағанын,
Қайта құлап, бостандық сұрағанын.
Абылайдың жолымен алға баста,
Құт болсын « Нұрлы жолы» Нұр ағаның !----хормен
Ән: « Менің Елбасым» орындайтындар квартет ( Сағди, Тілеуқабыл, Әлішер, Ерұлан)
Несібелі :
Қайырлы Күн ! Әлем елдерінің басшылары мен саясаткерлерінің Президент Н.Ә Назарбаев туралы айтқан
лебіздеріне құлақ түрейік .
Барак Обама --------------------------------- ағылшынша
Владимир Путин ------------------------------орысша
Елбасына арнау ( оқушылар шығармашылығы)
Елбасының ---------хормен
-«Нұрлы жолы»
- «Нұр Отан партиясы»
- «Нұр» университеті
- «Нұр Астана» мешіті
- «Нұр Астана» газеті
-« Нұр Астана» құрылысы
- «Нұрсұлтанның нұрлы мұрасы»
- «Назарбаев» зияткерлік мектебі
- «Нұо Орда» қазақ-түрік лицейі
-« Нұр Қазақстан» қажылық компаниясы
Жайнай бер, Нұр аға!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
Жайнай бер, Қазақстан!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
Ән : Нұр аға
Орындайтындар: дуэт –Айя мен Ғания
ІІІ Қорытынды бөлімі:
Кеш жарық!!!!!!!!!!!!
Құрметті Ұстаздар , Ата-аналар , оқушылыр !
Бүгінгі біздің « Елбасы-елдің тірегі
Елім деп соққан жүрегі» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті .
Келесі кезекті мерекеміздің қадірлі қонақтарына берсек .
Гимназияның директоры ---- Қуаныш Есқараұлы
Директордың орынбасарлары------------------- Қалдыгүл апай, Набат апай , Нұргүл апай, Дархан ағай ,,,,,,,,,,
Ата-аналар ---------------
Рахмет , лебіздеріңізге
Мерекеміз құтты болсын !
Еліміз тыныш, елбасымыз аман болсын!!!!!!!!!!!!!!!
Хор : Нұрсұлтан- Қазақстан» ( оқушы, ата-аналар, сынып жетекшісі)
Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті
Б. К. Мергенбаев атындағы №226 гимназия
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: « Елбасы- елдің тірегі,
Елім деп соққан жүрегі»
Ұйымдастырушы: 3-А сыныбы
Сынып жетекшісі: Имбетова Айжамал Құдайбергенқызы
2015 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |