Тәрбие сағатының тақырыбы: Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды дұрыс тамақтану мәдениетімен таныстырып,денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейту . Адамның ағзасына қажетті тағамдық заттардың ерекшелігін,денсаулықтың адам өміріндегі маңызын түсіндіру.
Дамытушылық:Қазақтың ұлттық тағамдары мен салт — дәстүрлерін жаңғырту арқылы ұлтқа деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Тәрбиелілік:Денсаулықты күтуге, дұрыс тамақтана білуге,салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу
Әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, пікірталас.
Көрнекілігі: тамақтану туралы жазылған нақыл сөздер, тағам.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Бүгінгі күн терезеден,
Бізге күліп, тұр қарап.
Сондай жақсы көңіл-күймен,
Басталады бұл сабақ.
ІІ. Кіріспе әңгіме
-Балалар, адамның басты байлығы не деп ойлайсыңдар?
-Иә, халқымыз «Бірінші байлық –денсаулық» деп тегін айтпаған.
-Денсаулық мықты болу үшін не істеуіміз керек?
-Балалар, дұрыс тамақтану керек.
-Сонымен, балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі».
Тамақтану-адам ағзасы үшін аса маңызды қажеттілік. Адамның денсаулығы көбінесе қалай тамақтанғанына байланысты. Адам үнемі күш-қуат жұмсайды. Соны қалпына келтіру үшін ол дұрыс тамақтана білуі тиіс.
-Дұрыс тамақтану дегенініміз бұл аз-аздан әртүрлі тамақтарды қабылдау.Ағза үнемі жұмыс атқарады. Сондықтан үнемі тамақтануды талап етеді. Тамақ арқылы адам қуат алады. Осы қуаттың арқасында адам жұмыс істейді, қозғалады, спортпен айналысады.
-Тамақты жеткіліксіз мөлшерде ішу немесе мөлшерден артық ішу де ағза үшін өте зиянды.
ІІІ. Тамақтану мәдениеті
- Әрбір адам тағамнан 1 тәулікте жұмсайтын қуатына сай тамақтануы тиіс.
- Күніне 4 не 5 рет тамақтану тиімді.
- Тамақты күн сайын бір мезгілде қабылдау керек.
- Қатты ыстық тамақты, қатты суық тамақты ішуге болмайды, тістің эмалін бұзады
- Ақырғы тамақтану ұйқыға дейін 2 сағат бұрын болу керек.
- Тамақтын түрін өзгертіп тұру керек
-Қайнатылған, буға піскен тағам пайдалы.
- Тамақты асықпай шайнап жеу керек
- Сұйық тағамдарды көкөніс, жемісті көп қолдану керек
- Сүт, суттен жасалған қышқылтым тағамды жеу керек
ІV.Тамақтану ережелері
-Тамақ ішер алдында қолды жуу керек
- Дастархан басында түзу отыру керек
-Тамақ ішкен кезде сөйлеме
-Тамақты әдеп сақтап, жақсылап шайна
V. - Қандай құнарлы, пайдалы тағамдарды білесіңдер? (оқушылар жауаптарын тыңдау)
1- оқушы:
Қыдырып келдің бе,
Болдың ба сыныпта.
Тамақтану алдында
Қол жууды ұмытпа!
Кештетпей уақыттан,
Төрт рет тамақтан.
Жалқаулықты қуатын,
2- оқушы:
Сүт пен ірімшік,
Қаймақ бар, айран бар.
Бұлармен дос болмай,
Аласың қайдан нәр?
3- оқушы:
Табиғат сыйлаған,
Жеміс пен көкөніс.
Бойына жинаған,
Дәруін алып өс.
Ақыл мен көркімді,
“Толтырды”- дегейсің.
Қарсы алып әр күнде,
Сүйсініп жегейсің!
4-оқушы:
Ата - Ана, құрметті,
Жек көрер кім етті?!
Мен өсіп келемін,
Балық пен тауық бер,
Күніне бір мәрте,
Бұларды тауып бер!
1-оқушы:
Ботқаны дайындар,
Әр түрлі жармадан.
Диқандар дән егіп,
Еңбегін арнаған.
Нан – тағам әл берер,
Қуаттың қайнары.
Ер жетіп өсуге,
Бұл тағам пайдалы!
Педагог-психолог:
Көп сусын ішесің,
Күн ысып, жаз болса.
Пайдасы жоқ оның,
Ішінде газ болса.
Шырын мен таза су,
Асыңды қортады.
«Бояу, газ» қосылса,
Асқазан “қорқады”.
VІ. Жұмбақтар шешу
– Әрі сусын, әрі дәрі ,
Емге ішеді жас пен кәрі.
Малдың сүті ,елдің құты,
Деп бағалар жұрттың бәрі . /Қымыз/.
-Қымыз деген не?
-Қай малдың сүтінен ашытылады?
Жатам құстар тобына,
Азығымын адамның.
«Ы»-ны қоссаң соңыма,
Жылқы етімін – тағаммын.
(Қаз - Қазы)
- Қазыны қай малдың етінен дайындайды?
-Қазақтың ұлттық сусыны қымызбен, жылқы етінен жасалған қазы мен қартаның тағамдық құндылығын бабаларымыз дәлелдеп кеткен. (суреттерімен көрсету)
VІІ. Қорытындылау: - Қазақ халқының негізгі ежелден келе жатқан тағамы ет пен сүттен жасалған өнімдер. Олардан көшпелі жағдайда ұзақ сақталатын түрлі тағамдар дайындаған. Мысалы, қазы, шұжық, сүрленген, қақталған, ысталған ет өнімдері ұзақ сақталады, әрі өте дәмді. Ал сүт өнімдерінен айран, ірімшік, қымыз, шұбат сусындары дайындалады. Ұлттық тағамнан қол үзуге болмайды.
VІІІ. Сергіту сәті ( бақта және бақшада өсетін жемістер мен көкөністер аттарына сәйкес алма болса тұрып, сәбіз болса отырып жаттығулар жасау )
Алма, картоп, алмұрт, сәбіз, лимон, қарбыз, қауын, апельсин, орамжапырақ, шие, бүлдірген т.с.с
ІХ. –Балалар, қандай пайдалы және зиянды тағам түрлерін білесіңдер?
Пайдалы тағамдар және зиянды тағамдарды топтастыру ( оқушылар тақтадағы қағазға бөліп білетіндерін жазады)
Қарақұмық ботқасы, газ сусыны, балық, алма, бесбармақ, сарымсақ, қуырылған картоп (фри), жүгері ботқасы, кока-кола, кириешки, компот, чипсы, сәбіз, айран, чупа-чупс, қияр, пирожное, пицца, доширак лапшасы, балмұздақ, нан пияз, салат, қызанақ, кәмпит, торт, жаңғақ, киндер-сюрприз, сүт, банан, құймақ, йогурт, жұмыртқа, ірімшік, шоколад,майда (манная) ботқасы, шұжық, ет, шабдалы, апельсин,күріш, алмұрт, кофе, қызылша.
1-2 оқушыға оқытып, неге олай жазғандарын сұраймын, жауаптарын толықтырамын.-Бұл тағамдар неге зиянды деп шештіңдер? Фаст-фуд тағамдары «тез тамақтану» деген мағына береді. Хот-дог, чисбургер, гамбургер, чипсы, кириешки, сэндвичті дайындау барысында көп маргарин қолданылады.Маргариннің құрамында жасанды майлар көп.Олар асқазанда ұзақ уақытқа дейін қорытылмайды. Кейбіреулер фаст-фудтың денсаулыққа зиян екенін біле тұра, одан бас тартпайды. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл жағдай адамды психологиялық тәуелділікке әкеп соқтырады. Өйткені, аталған өнімдерді жасаушылар оның дәмін күшейтетін арнайы қоспаларды қосады да, сол арқылы тұтынушыларды өзіне тартады екен. Тез тамақтанудың кесірінен ас қорыту жолдары қиындайды. Фаст-фудқа үйір жандардың асқазан, жүрек аурулары, қан қысымы, қант диабеті аурулары күн өткен сайын үдей түседі. Әсіресе өз денсаулығына көңіл бөлмейтін балаларға обал. Олар диета сақтамай, тамақтанатын болса, саулығы күн өткен сайын әлсірей түседі. Түрлі елдердегі медициналық зерттеулердің нәтижесі фаст-фуд өнімдерін күнделікті қолдану семіздікке әкеледі дейді. Бір ғана орташа көлемдегі гамбургер немесе бір стакан кока кола 1500 колорияға тең күнделікті адамның бір күндік тамағы 1500 колорияны құрау керек. Ал сендер бір ғана гамбургермен шектеліп қоймайсыз ғой. Бұл өнімдер адамды толық тәбетін қанағаттандыра алмайды, ол тек аз ғана уақытқа асқазанды алдау десе болады. Сөйтіп артық тамақ ішіп, семіздікке шалдығуға болады.
Қорытынды: -Балалар, арамызда фаст-фуд тағамдарын қолданушылар бар ма?-Зиянын білесіңдер, ендеше фаст-фудқа үйір болмаңдар.Өз денсаулықтарың өз қолдарыңда екенін ұмытпаңдар.
Х. –Балалар, тағамның құнарлығы оның бойындағы дәрумендерге байланысты.Қандай дәрумендерді білесіңдер? Ендеше, ортаға дәрумендерді шақырайық
Бастарына дәрумен аты жазылған қалпақ киген оқушылар шығып, өздерін таныстырады. «Дәрумендер айтысы»
А дәрумені:
Мен сәбіздің, қауынның, қызанақтың, балық майының, жұмыртқаның, сары майдың құрамындаболамын.
В дәрумені.
Мен бірнешетопқабөлінемін. В1 В 2 В6 В12.
Мен бауырдың, жұмыртқаның, сүттің, ірімшіктің, қарананның, еттің, балықтың, көкөністердің құрамында кездесемін.
С дәрумені:
Мен пияздың, картоптың, орамжапырақтың,жеміс — жидектердің құрамында боламын.
Д дәрумені:
Мен өте пайдалымын.Балық майында, уылдырығында, жұмыртқаның сарысында кездесемін.
Е дәрумені:
Мен күнделікті пайдаланатын тағамдардың ішіндегі өсімдік майында, жаңғақтарда, жүгеріде, малдың бауырында, көкөністерде көп боламын.
-Дәрумендер, айтыспаңдар. Сендердің барлықтарыңда адамға пайдалысыңдар.
Дильназ:
Дәрумендер тірегің,
А, В, С, Д, Е – деп аласың.
Жетіспесе бірі оның,
Ауырып сен қаласың.
Айнур:
А – қажет көзіңе,
В — жүйкені тоғайтар,
С – дан микроб безінер.
Д – сүйекті нығайтар
Жанель:
Ас адамның арқауы,
Тамақты ішкін күнде сен.
Деген сөз бар ежелден,
Белгілі бір мезгілде,
Бойға сіңіп тарқауы.
Назира:
Тойып ішсең қаншама,
Ауырасың соншама.
Асқазанды бүлдірсең,
Жазылмай қанша жүресің.
ХІ. – Балалар, сендер нешінші ауысымда оқисыңдар? Бірінші оқу ауысымына байланысты тамақтану кестесін құрайық (дәптерлеріне жазғызу)
07.15 - 07.35. Үйдегі таңғы ас
10.00 - 11.00 Мектептегі таңғы ас
12.00 - 13.00 Мектептегі түскі ас
19.00 - 19.30 Үйдегі кешкі ас
2-қатарға түскі ас мәзірін жазғызу
ХІІ. Мақал – мәтелдермен кестемен жұмысты қорытындылау
Ет жесең тісіңе кіреді, жемесең түсіңе кіреді.
Ет етке - сорпа бетке.
Ас иесімен тәтті
Ас атасы-нан
Алты жыл аш жүрсең де,
Ата салтыңды ұмытпа.
Денсаулық - зор байлық.
ХІІІ. Қорытынды: -Балалар, неге «Ас-адамның арқауы» деп айтады?
Сендер дұрыс тамақтансаңдар денсаулықтарыңның мықты болатынына, көңіл-күйлеріңнің көтеріңкі болып, сабаққа деген ынталарыңның артатынына бүгінгі тәрбие сағатында жауап алдыңдар ма?
-Ендеше, дұрыс тамақтану денсаулықтарыңның кепілі екенін есте сақтаңдар.
Тәрбие сағатымыз аяқталды. Сау болыңыздар!
Қызылегіс негізгі мектебі
«Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі»
(тәрбие сағаты)
Өткізген: З.М.Вахитова
педагог-психолог
2015-2016 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |