Тәрбие – тарихи феномен. Заманауи тұжырымдамалар мен тәрбие бағдарламары
Глоссарий
Тәрбие – қоғамның, материалдық өндірістің үздіксіз дамуын қамтамасыз ететін фактор, күш-құрал. Тәрбие өзінің мазмұны, мақсаты мен сипатын әр қоғамдық құрылыс пен формацияларға сәйкес өзгертіп отырады. Сондықтан тәрбиені тарихи феномен ретінде қарастырады.
Тәрбие – қоғамның тарихи әлеуметтік-экономикалық жағдайларынан туындайтын обьективтік процесс.Тәрбие деп тар мағынада тәрбиешінің және тәрбиеленушінің ата-аналармен бірігіп,жоспарлы түрде жүргізілетін тәрбие жұмыстарын айтады.Кең мағынада табиғат және әлеуметтік ортаның, мектеп пен ата-аналардың, бүкіл бұқараның жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына ықпал етуі.
Тәрбие жұмысы – сынып жетекшісінің кәсіби қызметін жүзеге асыруда тұлғаға жасаған ықпалы және мақсатты түрде сабақтан тыс әртүрлі педагогикалық әрекеттерін ұйымдастыруы болып табылады.
Тәрбие процесі – өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі іс жүзінде көрсетуге бағдарлау мақсатындағы педагог пен баланың өзара әрекеттестігі.
Жүйе – өзара қатынастар мен байланыстарды, белгілі бір тұтастықты бірлікту құрайтын элементтер жиынтығы.
Тәрбиелік жүйе – жеке адамды идеялық, саяси, адамгершілік,экономикалық және т.б. жағынан қалыптастырудағы жүйелі процесс.
Тәрбие жүйесі - кешен, бұл мақсатты орындаушы субьектілер; қатысушылар арасындағы пайда болатын және оларды біріктіретін қатынастар; тәрбие жүйесінің компонентттерінің бірлігін және бұл жүйенің дамуын қамтамасыз ететін ортаны және басқаруды тәрбие субьектілерінің меңгерілуі.
Мектептің тәрбиелік жүйесі – мектептің тұтас әлеуметтік-педагогикалық құрылымы және баланың әлеуметтенуі мен дамуының мақсатқа бағытталған факторы.
Тәрбие әдістері – тәрбиеші мен тәрбиеленушілер іс-әрекетінің өзара байланыс тәсілдері(В.Ф.Сластенин)
Тәрбие технологиясы – нақты тәрбиелік нәтижеге жетуде белгілі бір қабілетті және бірізділікті жүзеге асыратын операциялар жиынтығы.
Тәрбие жүйесінің мазмұны – ғылыми білімдер,әртүрлі ақпараттар,құнды бағдарламалар және мәдениет жетістіктерінің жиынтығы.
Тәрбие заңдылықтары – тиімді нәтижеге жеткізетін тәрбиелік процестегі орнықты, қайталанып отыратын қажетті байланыстар.
Практикалық жұмыс 3
1.Жүйенің мағынасы мен маңызы-тәрбиеленушілердің қажеттілігін жүзеге асыру және әрқайсысының тұлғалық дамуына ықпал ету арқылы ұжым ретінде қалыптасуына қамтамасыз ету.Соның ішінде сынып жетекшінің көзқарасы,құндылық бағдары,ұызығушылығы,ұстаным,әуестігі тәрбие жүйесінің негізгі қараушы факторы болып табылады.
Сыныптың тәрбиелік жүйесін айқындалатын компоненттер:
1) Жеке дара топтық компонент-бұл ересектер мен жасөспірімдердің қауымдастық.Олар бір сынып көлемінде ортақ әрекет арқылы Біріккен қауымдастық;
-сынып жетекшінің,ата-аналар
-пән мұғалімдері басқа да тәрбие процесіне қатысты бар адамдар
Сыныптың тәрбиелік жүйесін құру дағы өте маңызды компонент:
2) Құндылық- бағдарлы компонент:
-тәрбие жұмысының маңыздылығы;
-мақсат,міндеттердің бірлігі;
-сыныптың ұжым ретінде әрекетінің болашаққа бағыты
-сыныптың тәрбиелік жүйесін құрудың және іске асырудың негізгі қағидасы
3)Іс-әрекеттік компонент:
-сыныптағы тәрбиеленушілердің біріккен іс-әрекетін,қарым-қатынасын ұйымдастыру әдістері мен түрлері
-тәрбие жүйесінің атқаратын негізгі міндеттері:
-сыныптың күнделікті тіршілігін, өз бетімен әрекет етуін педагогикалық жағынан қолдау,қамтамасыз ету. Бұл компоненттің негізін сыныптағы тәрбиеленушілермен біріккен іс-әрекет,іс-шара құрайды.
Сыныптың жетекшісі тәрбие жүмысын өз сыныбындағы оқушылардың басқа да сыныптағы оқушылармен өзара қарым-қатынасын қалыптастырып,оның нығаюына бағыттауы тиіс.
3)Қосымша білім беру-үздіксіз білім алудың маңызды қосалқы жүйесінің бірі болып табылады.Қосымша кәсіби білім беру-білім алушылар мен мамандардың жан-жақты қажеттілік терін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын оқыту үдерісі
Тұлғалық бағдарлы оқыту технологияларының туралы
Бұл жөнінде ғалым И.СЯкиманская жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың негізгі ережелерін төмендегідей тұжырымдайды:
-Басты мақсаты-оқушы тұлғасының жеке қабілеттері мен қасиеттерін дамыту;
-білім беру жүйесі басынан-ақ оқушылар бастап оқыту мен тәрбиелеу мақсаттарына мазмұны мен технологияларына қарай бағытталған құрылуы тиіс.
-оқушы дамуын диагностикалық мен ынталандыруды мұғалім олардың қызметін ұзақ уақыт бойына байқау әдістері негізінде іске асыруы тиіс.
4) Педагогикалық рефлексия-тұлғаны тәрбиелеу,оқыту,дамыту қызметіне қойылған рефлексия,ол мұғалімның рефлексиялық және рефлексия жасауы, сонымен қатар оқушылардың рефлексиялық ойларын тәрбиелеу қабілеті,рефлексиялық білімнің негізінде арнайы құрал,әдіс,тәсілдер көмегімен рефлексиялық тұлғаны қалыптастыру үдерісән басқару біліктілігі.
Сынып жетекшісінің негізгі міндеттері:
Тәрбиеші-педагог назарынан тыс ұалдырмайтын бірінші объект,бастапқы міндет тәрбиелік және дамытушылық маңызы бар әрекет ұйымдастыру. Екінші объектісі мен міндеті-ұжымды ұйымдастыру және дамыту.
Үшінші міндеті-оқушы тұлғасының қалыптасуына көмектесу,оның қабілеттерінің, қызығушылығының,бейімділігінің және ішкі табиғи күштердің ашылып,арта түсуіне жағдай жасау.
Практикалық жұмыс 4
1) Тәрбие жұмысының мақсаты,баланың жеке тұлғасының дамуы процесін басқару міндеттері арқылы анықталады.
●Міндет-адамның бұлжытпай орындауға тиісті қарым-қатынасына қойылатын талаптар жүйесі
●Міндет- мақсатқа жету жолдарындағф орындалуы қажет нәтижесінің бір бөлігі.
●Міндет-белгілі бір мақсатқа жету тәсілі
Демек,тәрбие жұмысының маңыздылығы міндеттері болып оқушыларда азаматтық жауапкершілікті және құқықтық саналылықты, руханилық және мәдениеттілікті, белсенділік пен дербестікті, қоғамға және еңбек нарығына нәтижелі,белсенді бейімдеу қабілетін қалыптастыру саналады.
2)
●Жоспар ұжымдық еңбектің белгісі. Сондықтан тәрбие жоспарын құру барысында оқушылардың белскнділігін арттыра отырып,олардың өздерін қатыстыруды қамтамасыз ету.
●Тәрбие жоспарының мақсаты,міндеттері айқын болсын
●Тәрбие жұмысының жоспарының мазмұны оның мақсаты бірлікті болуы қажет.
●Оқушылардың жеке басының,жас ерекшеліктерін және мүмкіншілік терін ескеру.
●Тәрбие жоспары ықшамды, әрі ондағы көрсетілген шаралар орындалатын болсын.
●Тәрбие жоспарындағы атқарылатын шаралар саны жағынан емес, сапасы мен анықталатын болсын.
●Тәрбиелік шараларды атқаруда қолданылатын әдістер бір сарынды емес,әртарапта және әр жақты болуын ескеру керек.
●Жоспар құру барысында сынып жетекшісі оқушылардың не нәрсеге қызығатынын,олардың олардың қандай істерді өткізгілері келетінін, ұсынылған шараларға қалай қарайтынын анықтауыш қажет.
●Жрспардағы тәрбиелік шаралар жүйелі,бірізділікпен құрылуы тиіс.
3) Латынның ‘коллектив ‘ деген сөзі ‘жиын' ‘ұжым’ дегенді білдіреді. Осыдан коллектив,яғни ұжым бұл адамдар тобы. Бірақ кез-келгег топ ұжым ба?
Қазіргі әдебиетте ‘ұжым' түсінігінің екі мәні қолданылады. Біріншісі:кез-келген адамдар тобы ұжым болып табылады,екінші: жоғары ұйымдасқан топ қана ұжым болып есептеледі.Адамдар белгілі бір мақсат жолында ұйымдарға бірігеді.Бұл үшін ұжымның әрбір мүшесі біріккен әс-әрекет белсенді қатысуы керек және жалпы іс-әрекет ұйымдастыруы шарт.
Ұжым мүшелерін ерекшелейтін белгі- олардың іс-әреует қорытындысы үшін болған жоғары өзіндік жауапкершілігінің болуы.
4) Ұжымдық шығармашылық іс-белгілі тізбекпен құрастырылған тәсілдер,іс-әрекеттер жмынтығынан құралатын оның бас әдісі. Ұжымдық шфғармашылық іс-әрекетті ұйымдастыруда бірнеше кезеңдерге белгіленеді; тәрбиешілердің бастапқы жұмысы;ұжымдық жоспарлау;ұжымдық дайындық;өткізу;ұжым болып қорытынды жасау; жақын уақыттары салдары.
5) Мұғалімнің құзыреттілігі
●Әдістемелік ( психологиялық педагогикалық)
●Жалпы мәлени көзқарасы
● Пәндік бағытталған
Қазіргі мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі:
●Оқыту мен тәрбиелеу нәтижелерін жүзеге асырудағы кәсіби биіктілігі;
●Ұстаздың шеберлікті шығармашылық пен меңгеруі
●Ғылыми әлеуеті мен бәсекеге қабілеттілік інің дамытуға деген ұмтылысының болуы.
●Объективтік,дербес әрекетсіздік және мақсаттылық, өзара сынды қабылдай алуы.
●Өзін интеллектуалды және жасампаз маман ретінде көрсете білуі.
Балалар ұжымымен жұмыс істеу үшін мұғалімның белгілі бір кәсіби қвсиеттері қажет. Кәсіби маңызды қасиеттер мәнін анықтауға бірқатар ғалымдар көңіл бөлді. Тұтас педагогикалық процес теориясының негізгі заңдарын басшылыққа ала отырып педагогикалық процестің іске асыруын қамтамасыз ететін тұлғаның салыстырмалы орнықты сапалары мен ереушелікьер жиынтығын педагогтың кәсіби маңызды қасиеті деп санауға болады.
Глоссарий
1.Педагогикалық рефлексия-тұлғаны тәрбиелеу,оқыту,дамыту қызметіне қойылған рефлексия,ол мұғалімның рефлексиялық және рефлексия жасауы, сонымен қатар оқушылардың рефлексиялық ойларын тәрбиелеу қабілеті,рефлексиялық білімнің негізінде арнайы құрал,әдіс,тәсілдер көмегімен рефлексиялық тұлғаны қалыптастыру үдерісән басқару біліктілігі.
2. Тәрбиеші-педагог назарынан тыс қалдырмайтын бірінші объект,бастапқы міндет тәрбиелік және дамытушылық маңызы бар әрекет ұйымдастырушы.
3.Ұжым-ортық қоғамдық мақсаттар мен міндеттер біріктірілген адамдар тобы.
4. Міндет-адамның бұлжытпай орындауға тиісті қарым-қатынасына қойылатын талаптар жүйесі
5. Оқыту - ғылыми білімдерді, біліктерді және дағдыларды игеруі бойынша, шығармашылық қабілеттерін, дүниетанымдықты, өнегелі-әдепті көзқарастарды дамыту бойынша оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыру мен ынталандырудың педагогикалық үрдісі
Достарыңызбен бөлісу: |