ТОПТЫҚ ДИНАМИКА
1.Шағын топ және ұжым.
2. Кіші топтың түрлері.
3. Топпен ұжым арасындағы қарым –қатынас.
1.Өмір сүру барысында адамдарды біріктіретін топтар мәселесі әлеуметтік психологияның ғана негізгі мәселесі емес,ол социологияның да мәселесі болып табылады. Қоғамдық ғылымдарда «топ»ұғымы екі жақты мағынада қолданылады. Бір жағынан қандайда бір ортақ белгісі бойынша адамдардың бірлестігін құрайтын шартты топтар ұғымында қолданылса, мысалы жүрегі ауыратын адамдар тобы, әйгілі футболшылар тобы, жеткіншектер т.б. екінші жағынан нақты өмір сүретін қауымдар, бірлестіктер нақты топтар ұғымында қолданыады.
Нақты топ- адамдардың бір-бірімен өзара қарым-қатынас және байланыс жасай отырып, алдарына қойған мақсат, міндеттерін орындауға жұмылған,өмір сүріп тұрған бірлестігі.Топ мәселесіне деген көзқарастарда әлеуметтік психологиямен социологияда әжептеуір айырмашылық бар. Социология тұрғысынан қарастырғанда негізгі мәселе топтарды ажыратудың обьективтік крийтерилерін іздеп табу.Ал әлеуметтік психология үшін адамдардың көпшілігі, көпшілікте жеке адамның іс-әрекетінің өтуі маңызды роль атқарады.
Адамның айналасындағы көпшілік немесе көпшіліктің өзара әрекеті нақты жағдайларда «топ» мағынасында ұғынылады, бірақ мұнда негізгі топтың әрекетін мазмұны емес, индивидтің басқа адамдардың қатысуында немесе олармен өзара әрекет барысындағы әрекетінің формалары.
Айтылғандардың бәрі әлеуметтік психология үшін адамдардың бірлестігі немесе ондағы қандайда бір қатынастардың аз екендігін көрсетеді. Бұлай деп қарау кейбір жалпы психологиялық талдау ғана. Әлеуметтік психологияның алдында тұрған міндет топқа деген социологиялық көзқараспен жалпы психологиялық көзқарастарды біріктіру. Әлеуметтік психология ең алдымен адамдардың нақты әлеуметтік топқа кіруімен шарттастырылған іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарын зерттейтінін еске алатын болсақ, онда оның міндеті мұндай топтардың мазмұнын, нақты әлеуметтік топтың жеке басқа әсерін анықтау болып табылады. Әлеуметтік әрекеттер, оның нақты түрлерімен формалары әлеуметтік топтардың негізгі белгілері және факторлары болып табылады. Топ мүшелерінің бірлескен топтық әрекеттерге жалпы қатысуы олардың арасында психологиялық қауымдастықтың қалыптасуына байланысты.Сөйтіп топтың шарттары шынннымен әлеуметтік психологияның зерттеу обьектісі болып табылады.
Әлеуметтік психологияда топтың кейбір қарапайым параметрлері қарастырылады.
Топтың композициясы (немесе оның құрамы)
Топтың құрылымы.
Топтық процесстер.
Топтық нормалар мен құндылықтар.
Санкциялар жүйесі.
Топтың құрамы. Әр түрлі көрсеткіштерге байланысты сипатталуы мүмкін. Ең алдымен топ мүшелерінің жас ерекшелігіне, мамандығына немесе әлеуметтік сипатына байланысты. Нақты топтың сан алуандығы топ құрамын анықтап бере алмайды. Нақты жағдайларда зерттеудің обьектісі ретінде қандай топ алынып тұрғанын анықтаудан бастау керек, яғни мектеп класы ма әлде спотр командасы ма, немесе өндірістік бригада ма. Топ құрамы оның әрекет типіне байланысты.
Топ құрылымына да осыларды айтуға болады.
Топ құрылымының бірнеше белгілері бар: коммуникациясының құрылымы, ұнату құрылымы, өктемдік құрылымы және т.б.
Егер топты әрекет субьектісі ретінде қарастыратын болсақ, онда оның құрылымына ерекше назар аудару керек. Бұл жағдайда маңыздысы-топтық әрекеттің құрылымын талдау. Екінші жағынан топтың эмоциянальдық құрылымы, жеке адамдардың өзара қарым-қатынасының құрылымы сонымен қатар, оның топтық әрекеттің функциональдық құрылымымен байланысы. Әлеуметтік психологияда осы екі құрылымның арақатынасы «формальды» және «формальды емес» қатынастың арақатынасы ретінде қарастырылады.
Топтық процесте топтың даму туралы сөз болады. Әрбір әлеуметтік қауымдастықтың өз тарихы болады: дүниеге келеді, дамудың белгілі бір сатыларынан өтеді, аса жоғары дәрежеге жетеді, сондай-ақ өмір сүруін тоқтатуы да мүмкін. Бұл формальды топқа да формальды емес топқа да бірдей дәрежеде қатысты.
Сөйтіп топтың құрамы және құрылымы, топтық өмірдің дамуы-әлеуметтік психологияда топты сипаттаудың негізгі белгілері.
Топты зерттеуде әлеуметтік психологияда индивидтің топтың мүшесі ретінде онда алатын орны мәселесі де қарастырылады. Индивидтің топтық өмір жүйесіндде алатын орны «статус» ұғымымен беріледі. ”Статус” ұғымы адамдардың өзара қатынасы құрылымын ашқанда кеңінен қолданылады. Әрбір индивидтің топтағы алатын орны статус әлеуметтік өлшем әдісімен, яғни, социометрия әдісімен өлшенеді. Бірақ бұл жолмен алынған топтағы индивидтің статусын қанағаттанарлық деп белгілеуге болмайды. Себебі: 1. индивидтің топтағы орны оның социометриялық статусымен ғана анықталмайды, мұнда топ мүшесі ретінде индивидтің басқа мүшелерінің оған бауыр басуы ғана маңызды емес, оның топтың әрекеттік қатынасы құрылымында қабылдануы да маңызды. Бұл мәселені социометрия әдісімен анықтауға болмайды. 2. статус индивидке тән объективтік мінездемелердің бірлігі. Ол оның топтағы орнын анықтайды, сонымен қатар ол оны топтың басқа мүшелерінің субъективтік қабылдауы да мұнда статустың объективтік және субъективтік сипаттарымен арақатынасы туралы айтылып тұр. 3. индивид статусын сипаттағанда анағұрлым кең әлеуметтіе жүйені ескеру қажет. Ол жйеге топтың өзінің статусы кіреді.
Индивидтің топтағы келесі сипаты – оның ролі. Кезкелген топ мүшесінің топта алатын ролі бар. Мысалы, жанұяны алатын болсақ, мұнда статус ролдердің өзара қарым-қатынасын көруге болады. Онда әр мүшенің өз статусы, ролі бар. әке, шеше, үлкен бала, кіші бала т.б
Индивидтің топтағы орнын сипаттайтын компоненттердің бірі – топтық күту жүйесі. Бұл көбіне мынадан көрінеді, біз әр ролден, статустан кейбір қызметтің орындалуын, оның тек орындалып қоюын ғана емес, оның сапалы орындалуын күтеміз. Топ мінез-құлықтың үлгісін күту жүйесі арқылы өз мүшелерінің мінез-құлқын қадағалап отырады. Осы топтық күту жүйесі қанағаттандырылуы үшін топтық нормалармен топтық санкциялар құрылады.
Топтық норма дегеніміз – топтың өзі жасап, оған топ мүшелері бағынуды қажет ететін белгілібір ережелер.
Топтық санкциялар нормаларды орындап және оның ескерілуін қадағалау механизімі. Санкциялар жүйесі нормалардың орындалмауын түзетіп қана қоймайды, нормалардың орындалуын қамтамасыз етіп отырады.
Топтардың жіктелуі.Топтарды шартты және нақты топтар деп екіге бөлеміз. Адамдардың тек қағаз жүзінде ғана бар қауымдастығы шартты топ деп аталады. Мысалы, 9 сынып оқушылары. Нақты топ – адамдардың бір-бірімен өзара қарым-қатынас және байланыс жасай отырып, алдарына қойылған мақсат, міндеттерін орындауға жұмылған, өмір сүріп тұрған бірлестігі.Мысалы, №1 орта мектептің 9 сынып оқушылары.
Нақты топтар табиғи және лабораториялық болып бөлінеді: табиғи топтар деп экспериментатордың тілегіне байланысты емес, өздігінен құрылған топты айтады. Олар қоғам қажеттілігінен немесе оған кірген адамдардың қажеттілігінен пайда болады.
Лабораториялық топтар экспериментатордың қандайда бір ғылыми зерттеу жүргізу мақсатында құрған тобы. Олар басқа топтар сияқты нақты, бірақ олар уақытша лабораторияда ғана өмір сүреді.
Табиғи топ формальды және формальды емес болып бөлінеді: формальды (ресми) топ штат кестесі, устав және басқа да ресми құжаттар негізінде құрылады.
Формальды емес (ресми емес) топ ұнату, көзқарас бірдейлігі, сенім жақындығы , жекелеген адамдардың беделін , білгірлігін тану сияқты психологиялық мотивтер бірлігі негізінде туады. Мұндайда ресми құжаттардың күші жүрмейді. Бірге ойнаушы жолдастар тобы, бірлесіп балық аулау, аңшылық құру т.б. осылай туады.
Табиғи топтар шағын және үлкен топтар деп бөлінеді. Біршама тұрақты, құрамы жағынан көп емес, мүшелері бір-бірімен тікелей қатынас жасай отырып, отақ мақсатқа ұмтылған адамдардың бірлестігі шағын топ деп аталады. Кіші топ мүшелерінің саны екі адамнан аз болмайды және 30-40 адамнан аспайды. Мысалы, жанұя, өндіріс бригадасы, мектеп сыныбы т.б.
Үлкен топтарға мемлекеттік, ұлттық, ұлыстық, партиялық, топтық, әлеуметтік, қауымдастық, кәсіптік, жыныстық, мәдени белгілеріне байланысты біріктірілген адамдар тобы. Бұл топтар жеке бастың психологиясына, мінез-құлқына саясат, насихат, мәдениет арқылы әсер етеді.
Үлкен топтар ұйымдасқан және ұйымдаспаған топтар болып бөлінеді. Кіші топтар бастапқы және ұжым болып бөлінеді.
Кіші топтағылардың өзара қарым-қатынасына шек қойылмайды. Әркім топтағы кезкелген адаммен өз қалауы бойынша және қажетінше қатынас жасайды. Ал іс жүзінде топ мүшелері топтың бір мүшесіне қарағанда екіншісін жақын тұтады. Біреулері өзара жиі қатынасып, олардың қарым-қатынасы жақындық сиапт алады (көңіл қалауымен немесе іс бабымен). Бұл былайша айтқанда бастауыш топ, немесе қатынас жасаудың бірінші кезеңі болып табылады. Әдетте мұндай топ мүшелерінің саны көп болмайды (2-7 адам). Оның мүшелері кіші топтың мүшесі болып қала береді, өйикені мұндайда іс бабындағы қатынастар мен өзара қарым-қатынастар үзілмейді. Бастапқы топ шағын топ болып қала отырып, дербес қауымда бола алады.
Топтың қалыптаса бастауы деп ассоциацияны – адамдардың уақыт пен кеңістік белгілері негізінде бірлесуін айтады. Мектепте 1-ші сынып, институтта 1-ші курс тобы. Бірігіп әрекет жасау кезінде ассоциацияға қатысушыларарасында сапалық жағынан мүлдем басқа және әлде қайда күрделі қауымдастық – корпорацияға айналады. корпорация – адамдардығ өзімен-өзі тұйық бірлестігі. ассоциация сияқты корпорацияның да ортақ мақсаты болмайды. корпорацияда әркім өз ойын жүзеге асырады, ол басқалардың ойына ұқсас болады.
Нақты осы кезедегі топтың жағдайын оның қалыптасуын динамикалық процесс сипаттайды. Лабораториялыққа қарағанда шынайы топтар ұзақ уақыт өмір сүреді, олар өздерінің өмірлерін ағымдап өткізеді. Топ құрамының өзгеруіне қарамастан , олар өз тұтастығын сақтайды, бұл дегенміз өзің өңдеу : онда орындалып жатқан өз құрылымын, динамикалық процесн құру. Бір жағынан , кіші топтағы өмірдің ұзақтығын үлкен топтағымен салыстыруға келмейді. Тарихи дамуын қоса салғанда да . кіші топтағы өзгерістер әр кезеңде қандай болады? бұл сұраққа жауап тек топтың даму проблемаларының шараларын қараған кезде ғана жауап беруге болады. әлеуметтік – психологиялық белгілері өңделген кезде көңіл лабороториялық жағына емес, нақты әлеуметтік топтарға аударылу керек. Мәнді проблема әлеуметтік психологияға қатысты. Оның өңделуіне орынды үлес қосқан отандық әлеуметтік психология , басқа елдерге қарағанда бұрынырақ анықталды. Бұндай ерекшеліетерн ашып көсрету алдында, топтың дамуын, әлеуметтік концепцияларла қалай өтеді яғни оны қадағалау керек. Берілген проьлеманы шешетін бірнеше бағытталған мысалдар келтіруге болады. Топтың даму идеясы психоаналитикалық концепцияда көрсетіледі, автор З.Фрейд еңбек «топтық психология және Эгоға анализ».Психотерпевтік тәжірбие арқылы жасалаған , нақты топтар мен жұмыс жүргізілген.
Әлеуметтік психологияда топтарды даму теориясы қалыптасты. В. Беннис және Г.Шепард. Т.- топтарында неме трениниг топтарында болатын процестерді түсіндіреді. Тренинг мазмұнына көңіл бөлмей , оны түсіну мүмкін емес, топтық дамуы туралы кейбір идеяларды көрсетуге болады: топтық тренинг 2 фазадан құрылады, әрқайсысына топ өз проблемасын шешудің негізгі жолын анықтайды. Жарамдылық коммуникациясын қрады. Осы мақсатты орындау топтық дамуы , онда 2 фаза жүреді:
жетекші жөніндегі сұрақ шешімді және әр топ мүшесінің жетекшілік қарым –қатынасы қарастырылады.
қатарлы мүшелер арасындағы қарым –қатынас қаралады.
Нақты топ дамуын жалпы әр түрлі модель арықылы көрсете алады.алға қойған мақсатына жетпей тарайды немесе жетіспеушіліктерін көрсетеді. әрине трнинг тобы – спецификалық модель, басқа типін айтуға , қолдануға келмейді. Маңыздысы нақты топпен араласқан кезде, фазаларға жіктеп , олар арқылы мүшелердің әлеуметтік – психологиялық компонентілігін арттыруға болатындығын дәлелдеген. Екінші мысал: топтық даму идеясы кең таралған , ол «топтардың әлеуметтену» теориясында Р.Морленд және Дж.Ливайн. Топтық даму процесі , индвидтің әлеуметтену процесімен қарастырылады. әр топтың даму кезеңдері ең алдымен басы жаңадана келіп қосылған мүшелермен түсіндіріледі.
Кезеңдерді 3 критерий арқылы салыстыруға болады:
бағалау / топ мақсаты , басқа топ ортасындағы жағдай , (топ мақсатының әр мүшесіне әсері)
міндеті ( топтың мүшеге деген. Мүшенің топқа деген қатысы, сол арқылы екенің үміті орындалады. Егер де бір мүше арқылы мақсат орындалса, топ сол мүшеге көп көмек беруге тиіс.
топ мүшесінің рөлдерінің ауысып отыруы. (топ жаңа , толық, маргиналды , эк-мүшесі). Берілген критерилер арқылы , топ өмірлік кезеңдерге жетпейді, топ мүшелерінің әр позициясына сәйкес келеді. Кезеңдер мен рөлдердің сай келуі «жүйелік процестік модельде» көрініс табады.( М. Чемерс).
Бұндай көріністер мынандай болып келеді:
Роль
|
Кезеңдері
|
Потенциалды мүше
|
зерттеу / топтың игеруі
|
Жаңа мүше
|
әлеуметтену / оның топпен
|
Толық мүше
|
рационализация / оның кетуі
|
Маргиналды мүше
|
еске алу / топтаң кеткен соң
|
Экс -мүше
|
|
Сол себептен, бұл моделде көп көңіл бөлетінміз , даму кезеңдері топтық және индивидтің сонда әлеуметтенді. Топ өмір сүруі тоқтайды,
егер мүшелердің онда болуы дәлелденбесе. Бұл концепция 2 қатар арқылы қызықтарады.Тағы да «кезең» түсінгі енгізілген, критерийлердң жиынының бір-бірінен ерекшелігі . әр кезең топ мүшелерінің ауысуымен байланысты онда жаңа мүшелер еңіп, ескілері шығып, «толық» мүшелер болып , кейін ауысады, аяғынад топ тарауы да мүмкін. Топтың әлеуметтенуі ваккумде өтпейді , топтағы өзгеріске әсер ететін мәдениет және қоғамдық қарым –қатынас сонша топ өмір сүреді.қоғамдағы норматив ол жетісітік және өндірістік , топтағы жағдайды бағалау ең алдымен осыған байланысты, қоғамдағытанымал идея, тұлғаралық гармония , осы нормаға сәйкес келеді. Топтың дамуы қоғамдағы өзгеріске де қатысты болады. Топтың даму концепциясына 3 мысал ретінде ұжымдық индивидуалды жатқызуға болады. Ұжымдық –индивидуализм бағалық құндылық ретінде қаралады. әр қоғамда әр түрлі таралады, көп зерттеулер АҚШ-да және Батыс Шығыс Азияда жүргізілген индивидуализм бағалық ретінде Америкалық мәдениет қасиет ретінде , индивидтің топтағы мінез- құлқын нормасын қарап, өз мақсатын жүзеге асыруда, іс-әрекетін көрсетіп тұйықтап оның топтағы дәрежесін түсіреді.
Адамдардың әлеуметтік қауымдастығынын ең жоғарғы фомасы – ұжым.
Ұжым – ол қоғамға пайдалы қызметте ортақ мақсатқа жұмыла еңбек ететін және ипсихологиялық тұрғыда топтасқан адамдар тобы.
Ұжымдық –индивидтің кіші топқа қатысын анықтайды. 2 концепция да топтың дамуын қарастырады. Бір фазадан екіншісіне өту индивид іс-әрекетінің нәтижесіне байланысты ұжымдық мәдениетті жалпы бәрінен жағдайын қараумен байланысты.
Ұжымдық психологиялық теория – топтың даму проблемасы ұжымдық психология теориясында көрініс тапты. Бұл шешу жолы 2 жағдайға байланысты қолданысты. 1) Отандық ғылымда ұжымдық зерттеу анықталған бұл дәстүрдің екі қайнар көзі бар: маркстік тұрғыда мазмұны анықталған , оның ойынша ұжымдық- әлеуметтік қоғам адамдарының ұйымдасқан адамдардың әлеуметтік қоғамдағы орны. 1920-30 ж қоғамтанудың әр кезегінде ұжымдық өзгешеліктерді белсенді зерттеу осының нәтижесінде күнделікті өмірге « ұжым » термині келді. Кең мағынасында қоғамда көп таралған адамға, ұйымға, мекеме, өндіріс, географиялық ауданға, және т.б қатысты. Кең қолданыстағы ұғымдар : « машина құру заводының ұжымы », « ғылыми зерттеу ұйымының ұжымы », « жұмысшылар ұжымы », осы ұғымдардың түйіскен кезі, олардың әлеуметтік психология топ проблемасын қарай отырып, контекст ұғымын қолданады. Аспектіні анықтау үшін Отандық әлеуметтік психологияда бұл проблеманың шешу жолын іс-әрекетпен байланысты топтың даму өнімі. Отандық тарихи ғылымда көп қажет дүниені А.С.Макаренконың еңбегінен көруге болады.
Ұжымның педагогикалық проблемасын шешумен қатар, зерттеудің әлеуметтік- психологиялық жағдайы да көрсетілген ұжымның негізгі белгісі Макаренконың ойынша әрбір ұйымдасқан іс-әрекет емес, ол әлеуметтік позитивтік іс-әрекет, қоғамның қажеттілігін жауап беретін ұжымның негізгі көрінісі – ол бағыттау . ұжымның дамуы бірнеше кезеңнен өтеді, осы кезеңдерге мінездеме бере отыра, Макаренко осы кезеңдеу арқылы ұжымның қозғалысын сатылап көрсетіп, сол арқылы көтерілуді қамтасыз еткен. Факторлардың жетістігі, ұжымдық атмосфераны жақсартып, тұлғаның дамуын сәйкестендіреді. Қоғамдық мәнді мақсаттар топтың дамуын негіздесе сол үшін ұжым құрылады. Ұжымдағы ағып жатқан ішкі процестердің кемістігі орындалады, егерде ұжымды іс-әрекет қарым-қатынас бір-біріне сәйкес келсе, жалпы қоғамдағы дамуға ұжым тұйық жүйе емес, сол себептен оның іс-әрекеті нәтиже береді.
Қазіргі таңда көп зертеушілер ұжымдық белгіге берілген анықтамаға келеді. Ұжымның негізгі белгілері : әлеуметтік игі, мақсат, бірігу мақсаттылық, тұлғаның даму шарты. Макаренконың бұл зерттеуі әрі қарай да көп қолданыста болды.
Топтың дамуының кезеңдері мен деңгейлері. Отандық әлеуметтік психологияда топтың дамуының бірнеше моделі бар, олар ерекше кезең, деңгей және қозғалысты көрсетеді. Ұжымдық психология теориясының авторы 1979 ж А.В.Петровский бірінші қабатында ең алдымен адамдар арасындағы байланыс, екіншісінде бұл байланыс іс- әрекетте көрсетіледі, үшіншісінде топ мүшелерінің 1 мақсатқа жүктелген іс-әрекеті. Берілген теоретикалық көріністер экспериментальді тәжірибе концепциясы мынаны береді, іс-әрекеттің құндылық ұжым белгісінің жүйесін құрайды. Топтың іс-әрекетінің пәні 3 критерий арқылы беріледі:
1) қоғамдық функцияның негізін топта орындалуын бағалау;
2) әлеуметтік нормаға топтың сәйкес келуін бағалау;
3) топ мүмкіншілігінің тұлғаның дамуына толық жағдай жасауын қамтамасыз ету.
Топтық құрылым топтық іс-әрекетке топ мүшесінің әрқайсысын іс-әрекетін байланыстырып, оның мақсатын және міндетін анықтайды. Алдында айтылғын « бағалы бағдарлы бірлік » бұл тек бағыттылыққа сәйкес келмейді, біріккен іс-әрекетке байланысты бірақ топ мүшелерінің аталған мотивті дамуы, оның эмоционалды сәйкес келуі. Сол себептен бұл деңгей екі қабаттан құрылады: екіншісіне іс-әрекетке деген қарым-қатынас, үшіншісіне тұлға аралық қарым-қатынас, төртінші қабат анықталған эмоционалды қарым-қатынас. Бұл құрылымдар 2 психологиялық ұжым теориясын ашып көрсетеді. Л.И.Уманский идеясы топтарды міндетті параметрлерге жіктейді, себебі қатысты даму деңгейі қаралады, міндетті параметрлер ұжымдық бағытталу, дайындық немесе психологиялық комуникативтілік.
А.И.Петровский көрсеткен үш қабатқа сай келеді. Дамудың негізгі 2 проблемасы: 1) құнды әдістердің адекваттылығы, 2) әлеуметтілік – психологиялық ұжым теориясындағы методологиялық мүмкіндіктердің шығуы.
Ұжым теориясының әдістемелік мәні. Ұжымдық түйінді мәселелрдің шығуы әлеуметтік психологияда топтауды қарауда бірнеше мағына береді,( Донков 1984 ) іс-әрекет қағидасының психологияда қолданылуы топ құруға, яғни ұжым болуға мүмкіндік береді. Топ іс-әрекет субьектісі деген гипотеза ол енді тәжірибелік көрініс тапты. Субьект іс-әрекеті топтық қажеттілік, топтық мотив, топтық мақсат. Осы аталған ұғымдар әртүрлі топты зерттеуге кілт болып табылады, топтық процестің мазмұны топтық іс-әрекетке байланысты болса, топтық процестерді жеке қарау мүмкін емес. Топтың екі варианттағы жаңа квалификациясы бар. Л.И.Уманский тұжырымы бойынша топтарда антиәлеуметтік қатынас болады, ол міндетті түрде қоғамға қарсы ұйымдар емес ( мысалы; қылмыскерлер ) өз жағынан әлеуметік топтарға зиян келтіретін әсерлер, оған әкелетін дизинтигративті процесс, топтық эгоизм және т.б. Екінші типология Уманский бойынша: тұлғаға топтың іс-әрекеті, жалпы кестесі мынадай: Ұжым
Топ – автономия
Топ –кооперация
|
Жағымды әсер ететін орта топтың тұлғаға әсері
|
Кері әсер ететін топтың әсері, тұлғаға әсері
|
Дезинтеграция
Интраэгоизм
Ұжымға қарсы
|
А.В.Петровский квалификациясында 2 вектор бөлініп көрсетілген: топтық іс-әрекет (х), топтық іс-әрекеттің қоғамдағы мәні (у). Векторлар кеңістік құрайды, қоғамға қатысты барлық топты қарауға болады. 5 фигура әртүрлі типтер арқылы түсіндіріледі: 1) ұжым, 2) әлеуметтік іс-әрекет мәні бар қоғам, 3) қоғамға қарсы топ, 4) оның құрамды бөлігі антиәлеуметтік іс-әрекет, 5) әлсіз іс-әрекет, әлсіз топтық процесс. Ұжымдағы басты проблема топ пен тұлға қарым-қатынасы. Тұлға әлеуметтік іс-әрекет субьектісі оның топқа қосылуы тұлғаның субьективті қасиетіне еш әсер етпейді, керісінше егерде топ дәрежеге кетіп ұйым болса субьект іс-әрекетінің жиынтығын құрайды. әр жағдайға жеке анализ керек, деңгейге жетуге көмек болады. Ұжымдағы түйінді мәселелердің өңделуі, топтың дамуына қажетті , әлеуметтік шараларды құрайды, маңызды орын алатын бөлімшелер, бөлімше құру өте бағытталған зерттеу жолы, оны төменде қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |