Теректі орта мектебі мектеп жасына дейінігі шағын орталығы бар коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2014 – 2015 оқу жылында



Дата11.01.2017
өлшемі289,83 Kb.
#7261
Теректі орта мектебі мектеп жасына дейінігі шағын орталығы бар коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2014 – 2015 оқу жылында

тәрбие жұмысының бағыттары бойынша атқарылған жұмыстардың жылдық есебі.
Білім беру ұйымында тәрбие үдерісін құқықтық, әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету:

Тәрбие жұмысы Білім және ғылым Министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 521 бұйрығымен бекітілген ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасын, ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 873 Қаулысымен бекітілген білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарды, Теректі орта мектебі Қазақстан Республикасының 2011 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасын негізге ала отырып жұмыс жасайды.


Тәрбие жұмысының мазмұны, түрлері мен әдістері;

Тәрбиенің мазмұны:

Білім берудің жаңа моделіне өту жағдайында және тәрбиенің білім беру үдерісіндегі рөлінің өсуіне байланысты тәрбие мазмұнын қайта бағдарлау даму заңдылығы болып табылады. Қазір білім беру үдерісінде жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуына үлкен мән беріліп отыруына орай, адамгершілікке тәрбиелеу мен рухани жағынан қалыптасуы барлық тәрбие үдерісінің өзегі болып отыр.

Тәрбиенің мазмұны оның мақсаттары мен міндеттері арқылы анықталады және ол қоғамдық дамудың бағыты мен мазмұнына заңды тұрғыда тәуелді болады. Сонымен бірге, тәрбиеге әлеуметтік-рөлдік көзқарас тұрғысында адам көптеген әлеуметтік жүйенің компоненті болып саналады: отбасы, ұжым, кәсіби топ, этнос, қоғам және т.б. Сондықтан, тәрбие мазмұны құндылық қарым-қатынас жүйесімен: өзіне, өзінің отбасына, мектепке, қоршаған ортаға, Отанына, Жер әлеміне, сондай-ақ, әлеуметтік рөл жүйесімен де сәйкестенеді: адам, дос, ұл (қыз), құқық қорғаушы, аға (қарындас) патриот, немере (немере қыз), азамат, туыс, қорғаушы, оқушы, ұлттық мәдениетті қорғаушы және жасаушы, ұжым, топ мүшесі, көш басшы, еңбекші, иегер, әлем азаматы, қалалық (ауылдық), бейбітшілік орнықтырушы, көрші, эколог, бірлестіктің, топтың, этнос мүшесі.

Теректі орта мектебінің тәрбие беру жұмысының тақырыбы:

Жеке тұлғаның ақпараттық- коммуникациялық құзырлылығы негізінде рухани- адамгершілік дамуын қалыптастыру.



Теректі орта мектебінің тәрбие жұмысының мақсаты:

Бәсекеге қабілетті, өзін-өзі басқара білетін, қарым-қатынас мәдениеті, ақпараттық мәдениеті, зерттей білетін дағдылары, іс-әрекет жасай білу, интеллектуалдық жұмыс істей білу мәдениеті дамыған тұлға тәрбиелеу.


Тәрбие жұмысының міндеттері:

  • денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеін тәрбие жүйесін құру және дамыту;

  • балаларды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу;

  • өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік, табиғи және мәдени ортадағы өз іс-әркетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде мәдени ортадағы өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гуманистік дүниетанымды қалыптастыру;

  • мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау;

  • жеке тұлғаның өзін -өзі іс жүзінде көрсетуі мен ары қарай дамуына ықпал етуде білім беру ұйымдары жағдайында жастар мен балалардың танымдық қызығушылығын, олардың шығармашылық қабілеттерін, жалпы білімге икемділігін, өзін- өзі тану мен өздігінен білім алу дағдыларын, әлеуметтенуін барынша дамыту бейімділігін қалыптастыру;

  • қазіргі заманғы қоғамдық өмірге және тиімді кәсіби іс-әрекет пен жеке басының және әлеуметтік кәсіби тұрғыда үздіксіз пісіп жетілуіне қажетті маңызды тұлғалық және кәсіби сапаларын қалыптастыру;

  • қоғамда орнықты қалыптасқан дәстүрлер негізінде этникалық және діни толеранттылықты тәрбиелеу;

  • балалардың бойында Қазақстанға сырттан енуші этнодіни экстремизм мен түрлі радикалды ағымдарға қарсы әрекет ете алатын дағдылар қалыптастыру;

  • отбасылық тәрбие жүйесін қайта жандандыру және отбасын білім беру мекемелерінің тәрбие жүйесіне араластыру.

Тәрбие тұжырымдамасының негізгі 12 бағыттарына сәйкес жылдық жұмыс жоспары құрылып, мектеп директорымен бекітілген:

  • Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие

  • Рухани-адамгершілік тәрбиесі

  • Отбасы тәрбиесі

  • Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру.

  • Әлеуметтік-мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру

  • Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру

  • Экологиялық тәрбие

  • Эстетикалық тәрбие

  • Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын және денсаулық қорғаушы орта қалыптастыру

  • Еңбек және экономикалық тәрбие

  • Кәсіби-шығармашылық тәрбие

  • Интеллектуальді мәдениетті дамыту

Биылғы оқу жылында алға қойылған мақсат:

Тәрбие тұжырымдамасының бағыттары бойынша ашық тәрбие сағаттарын өткізу,әдістемелік құралдар дайындау, өзара іс-тәжірибе алмасу.


Ата-аналар комитеті отырысында тәрбие жұмысының мәселелерін қарау:

27 қыркүйек күні «Отбасы мен мектептің әріптестігі-тұлғаның табысты әлеуметтенуінің кепілі» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналысқа барлығы -170 ата-ана қатысты. Күн тәртібі бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бекова Г.А. «Отбасы мен мектептің әріптестігі-тұлғаның табысты әлеуметтенуінің кепілі» тақырыбында баяндама жасады. Мектеп директоры Н.Ластоверов мектеп білім алушыларын ыстық тамақпен қамту мәселесі туралы айтып, мектеп ережесімен , жаңа нормативтік құжаттармен таныстырды. Соңғы мәселе бойынша ата-аналар кеңесінің төрағасы болып Г.Кертаева қамқоршылық кеңестің төрағасы болып Т.Сухотерина көпшіліктің дауыс беруімен сайланды.

31 қазан күні «Ата-аналар және мұғалім: ынтымақтасып жұмыс жүргізуді үйренеміз» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстел басында мектептің отбасымен өзара қарым-қатынасы ата-ана беделіне құрмет көрсету, отбасының рухани кемелдене түсуіне көмектесу, үй-ішінің балаларға оңды ықпал жасауына жәрдем беру негізінде құрылуы тиіс тігі айтылды. Сынып жетекшілер «Нағыз ата-ана кодексі», «Ата-аналарға арналған тоғыз өсиетпен» таныс болып, өзара пікіралысты.

Қаңтар айында «Қамқор» қайырымдылық акциясы болып өтті. Осы айда дінтану пәні мұғалімі Игликова Ж.Б. ата-аналарға «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларын ұйымдастыру» тақырыбында ұсыныстар берді.

Ақпан айында ата-аналармен «Ата-аналардың құқықтық сауаттылығы» тақырыбында кеңестер берілді.

Наурыз айында балалардың адамгершілік тәрбиесі жөнінде ата-аналарға арналған жаднамалар таратылды.

Сәуір айында мектеп психологы «Өзара түсіністік негізі неде?» тақырыбында тренинг, әлеуметтік педагог «Балалар тәрбиесіндегі ата- ананың жауапкершілігі» тақырыбында аз қамтылған отбасылармен отырыс өткізді.

18 мамыр күні жалпы ата-аналар жиналысы болып, жылдық қорытынды жұмыстар, «Балаларды жазғы демалысқа жіберудің жағдайларын қарастыру»,«Балалар қауіпсіздігін қадағалау»,«Алдымызда жаз» сияқты мәселелер талқыланды.




  1. Өзін-өзі тану және жеке қасиеттерін қалыптастыру

Білім алушылар үшін өзін-өзі басқару – ол бос уақытын тиімді және үнемді пайдалану, құқығын және мүддесін қорғау, жаңа бастамаларына қолдау мен дамытудағы көмек. Білім алушылардың өзін-өзі басқаруын дамыту үнемі әлеуметтік жауаптылықты кеңейтуді, өмірінде кездесетін мәселелерді шешуге көмектеседі.  

13 қыркүйек күні Теректі орта мектебінде «Ұланбасы» сайлауы болып өтті. Осы сайлауға сынып жетекшілер, 5-11сынып оқушылары қатысты. Сайлау ашық дауыс беру арқылы өткізілді. Алдымен «Ұланбасы» болуға білім алушылар өз кандидатураларын ұсынып, мәлімдемелер берді.



Нәтижесінде:

Қалтаева Аружан /8а сынып/-«Ұланбасы»

Амралиева Әсемгүл /10а сынып/-омбудсмен

Батенова Сания /10б сынып/- мәдениет министрі

Майорова Радмила /8б сынып/-тәртіп министрі

Әлиханова Сәуле/10а сынып/-білім министрі

Асығатова Аружан/9а сынып/-денсаулық министрі

Станбеков Ерасыл/8а сынып/-ақпарат министрі

Сүлеймен Олжас /9а сынып/спорт министрлері

Мектепте «Жас Ұлан», «Жас қыран» балалар ұйымы жұмыс жасайды. «Жас Ұлан» балалар ұйымында барлығы-, «Жас қыран» ұйымында- бала бар. «Жас Ұлан» балалар ұйымының мүшелері мектепшілік КВН ойындарында үздік өнер көрсетті.

25 қыркүйек күні «Жас Ұлан» балалар ұйымының көшбасшыларының отырысы болып өтті. Отырыста қыркүйек айында жүргізілген жұмыстар талқыланып, қазан айында жүргізілетін жұмыстар талқыланып, министрлерге жұмыстарымен таныстырылды.

25 қыркүйек күні «Жас Ұлан» балалар ұйымының ұйымдастыруымен «Үздік сынып бұрышы» байқауы болып өтті.



Байқаудың нәтижесі бойынша бастауыш сыныптар арасында :

І орынға- 2 «а»сынып,

ІІ орынға – 4 «а», 2 «б» сынып,

ІІІ орынға –3 «а»сынып ие болды.



5-11сыныптар арасында

І орынға –7 « а»сынып,

ІІ орынға –5 «а»сынып,

ІІІ орынға – 10, 9 «а» сыныптары ие болды. Жеңімпаз сыныптар грамоталармен марапатталды.

29 қазан күні «Жас Ұлан» балалар ұйымының өзін-өзі басқару тобының отырысы болып өтті. Онда қазан айында жүргізілген жұмыстарға сараптама жасалынды. 15 желтоқсан күні «Жас Ұлан» балалар ұйымының салтанатты жиыны болып, онда 20 білім алушы «Жас Ұлан» қатарына салтанатты түрде қабылданды. Жиында топ басшылары рапорт тапсырып, тәуелсіздік күніне құттықтаулар айтылды.


  1. Дене- тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру

Теректі орта мектебінде 2014-2015 оқу жылында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде іс-шаралар жоспары, 2014-2015 оқу жылында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің алдын алуға байланысты жүргізілетін іс-шаралар жоспары, 2014-2015 оқу жылында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде АҚТҚ/ЖҚТБ алдын алу іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілген. Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігі Жол полициясы комитетінің ақпараты бойынша жаңа 2014-2015 оқу жылында балалар мен жасөспірімдердің жолдар мен көшелерде жол қауіпсізігін болдырмау мақсатында Теректі орта мектебінде 27-30 қыркүйек аралығында өтетін «Абайлаңыз- балалар!» атты жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. 2014 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасы Президентінің 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»   мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Теректі орта мектебінде денсаулық апталығы болып өтті. 19 қыркүйек күні « Мен, сен және ол — біз саламатты ел!» атты ұранымен « Денсаулық фестивалі — 2014» өтті. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткен шараға ұстаздар,білім алушылар түгел қатысып, белсенділік танытты. Денсаулық фестивалінің ашылу салтанатында Мемлекеттік Гимн орындалып, ұлттық рух шарықтады. Теректі орта мектебінің директоры Н.Ластоверов және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Бекова денсаулық фестиваліне қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі. Денсаулық фестивалінде гимнастикалық жаттығулар жасалынып, түрлі спорттық шаралар өткізіліп,жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды. 5-7 сынып қыз балалар арасында өткізілген пионербол ойынында: Іорын- 6 “а” сынып, ІІ орын- 7 “а” сынып, ІІІ орын-7 “б” сынып иеленді. 5-7сынып ер балалар арасында өткен футбол ойынында І орын- 7 “а” сынып, ІІ орын- 5“а” сынып,ІІІ орын-5 “б” сынып иеленді. Аталған шараға ұжым 100% қатысты.

Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің алдын алуға байланысты жылдық жұмыс жоспары құрылып , жоспарға сәйкес осы апталық барысында мектеп медбикесі И.Кириченко 9-11 сынып білім алушыларына «Нашақорлық және оның зардабы.», «Нашақорлық туралы сөйлесейік » тақырыбында әңгіме өткізді. Алдымен нашақорлық туралы бейне фильм көрсетті. Содан соң білім алушылардың пікірлерін тыңдап, көптеген кеңестер бере отырып, жаман әдеттен аулақ болуға шақырды.

1 қараша күні «Жаңа АИТВ-инфекциясы –нөл» тақырыбында ЖИТС-ке қарсы айлықтың ашылуына байланысты жұмыс жоспары ілініп, хабарлама жасалынды.

2 қараша күні денсаулық клубының мүшелері 5-11сынып білім алушыларымен «ЖИТС –ХХІ ғасыр індеті» тақырыбында ашық әңгіме өткізді. АҚТҚ/ЖҚТБ алдын алу байланысты мектеп медбикесі И.Кириченко және мектеп психологы С.Адельчанов 5-8 сынып білім алушыларынан сынақхат, 9-11 сынып білім алушыларынан сауалнамалар алды.16-17 қараша айларында 5-7 сынып білім алушылары арасында пионерболдан, 19-20 қараша аралығында 8-9 сынып білім алушылар арасында дойбыдан спорттық ойындар өткізілді. 21 қарашада өзін-өзі басқару ұйымы «Жоқ! Деп айта біл!»тақырыбында зиянды заттарға қарсы үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.23 қарашада 9-11 сынып білім алушыларымен «Салауатты өмір салты» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Аталған шарада алдымен ЖҚТБ туралы бейне фильм көрсетілді. Содан соң тақырып бойынша дөңгелек үстелге қатысушылар өзара пікіралысты. 28 қараша күні ата-аналарға «Жат қылықтардың алдын алу» тақырыбында жаднамалар таратылды. 29 қараша айында «Есірткі және қоғам» тақырбында жоғары сынып білім алушыларымен дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел басында «Социальный ролик о подросковый наркомании» тақырыбында бейне фильм көрсетіліп, осы бейне ролик бойынша ой қозғалды.Осы күні денсаулық клубының мүшелері үндеулер таратты. Айлық барысында тәрбие сағаттары өткізіліп, білім алушыларға АҚТҚ/ЖҚТБ туралы мәліметтер берілді. Айлық соңында «АҚТҚ/ЖҚТБ-ғасыр індеті» атты акция болып өтті. 2.12.2014 «Біз СПИД-ке қарсымыз!» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды.

19 қаңтар күні ұжым аудандық қысқы ойындар мерекесі қатысты. Мерекеде ән байқауы бойынша ІІ орын, көңілді эстафета сайысында жүлделі ІІІ орынға, сонымен қатар арқан тартысқа бастауыш сынып білім алушылары қатысып І орынға ие болды.

22 қаңтар күні мектеп медбикесі И.Кириченко білім алушыларға «Тұмау белгілері, емделу шаралары, алдын алу» тақырыбында кеңестер беріп, алдын алу шараларын жасау мақсатында 23 қаңтар күні санбюллетень шығарды.24 қаңтар күні 5-6сыныптар арасында «Көңілді эстафета» ойындары ұйымдастырылып, жеңімпаз сыныптар гимназия директорының мақтау қағаздарымен марапатталды.

сәуір күні «Құбылнама» ақпараттық клубы «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі» ақпараттық бұрыш шығарды.4сәуір күні 1-5сынып білім алушылары арасында «Денім сау болсын десең-спортпен шұғылдан!» тақырыбында сурет байқауы болып, үздік жұмыстар гимназия директорының мақтау қағазымен марапатталды. 6сәуір күні бастауыш сынып білім алушылары арасында «Көңілді мәре» ойыны өткізілді.


  1. Азаматтық –патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбиесі

Теректі орта мектебінде Білім күніне байланысты «Білім әлеміне қош келдіңіздер!» атты салтанатты жиын болып өтті. Жиынға ата-ана, 272 білім алушы, қонақтар, ұстаздар қауымы қатысты. Салтанатты жиында «Қазақстан 2050» стратегиясы: бір ел-бір мүдде- бір болашақ туралы айтылды. Теректі орта мектебінің директоры Н.Ластоверов мектеп ұжымын жаңа оқу жылымен құттықтады. Салтанатты жиыннан кейін 1- 11 сыныптарда «Қазақстан 2050» стратегиясы: бір ел-бір мүдде- бір болашақ тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өткізілді.

«Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты тілдер мерекесіне орай фестиваль болып, фестивальға 26 білім алушы, сынып жетекшілер қатысты. Аталған шарада өзге ұлт өкілдерінің билері орындалып, Абайдың қара сөздері , сонымен қатар бірқатар ақындардың өлеңдері оқылды.

29 қазан күні «Тәрбиелі тәртіптің құлы» тақырыбында «Ұлағат» ер балалар клубының отырысы болып, онда «Тәртіп деген не?, Б.Момышұлының «Тәрбиелі –тәртіптің құлы» деген сөзін қалай түсінесіңдер? Қоғамда тәртіп талаптарына қарамай өмір сүруге бола ма? Неге?» тақырыптар төңірегінде мәселелер талқыланды.

Қазан айында «Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу» -азаматтық борыш такырыбында айлық өткізілді. Аталған шараға ұстаздар, білім алушылар қатысты.

15-26 қараша айында «Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы» бірыңғай сынып сағаттары 1-11 сыныптар аралығында өтті.

Сурет пәндерінің мұғалімдерінің жетекшілігімен «Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы» 1-4 сыныптар аралығында суреттер байқауын өткізіп, жеңімпаздарды мақтау қағаздарымен марапаттады. Сынып жетекшілердің жетекшілігімен шығарма байқауы 5-8 сыныптар арасында өтсе, өлеңдер байқауы 9-11 сыныптар арасында өткізілді. Осы мүшайраға қатысқан оқушыларды мақтау қағаздарымен марапаттады. «Нұрлы жол-Болашаққа бастар жол» сынып сағаттары 5-11 сыныптар арасында өткізілді.

8-15 желтоқсан күні Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағаттары өткізілді және «Желтоқсан - тәуелсіздіктің ұлы рухы» сынып сағаты

Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік тұғырым» атты мерекелік сазды бағдарлама ұйымдастырылып, онда патриотизм тақырыбында әндер орындалды. Мектеп директоры Н.Ластоверов білім алушылар мен ұстаздарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттауға байланысты жүргізілетін іс-шаралар жоспары бойынша кітапханашы О.Шорина жоғары сынып білім алушыларына 20 желтоқсан күні «Қазақстан -2050» – еліміздің индустриялық дамуының жаңа кезеңі» тақырыбында ақпараттық сағат өткізді.

10 қаңтар күні «Бұл біздің Гимн» атты патриоттық акция болып өтті. Бұл мереке мемлекеттік Гимн күніне орай өткізілді.Акцияға 5-11сынып білім алушыларымен қатар, ұстаздар қатысып, мемлекеттік Гимн орындалды. Аталған акцияның мақсаты жастарды қазақстандық патриотизмге, Қазақстан Республикасының рәміздеріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

8-13 сәуір аралығында тәрбие жұмысының азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие бағыты бойынша «Ғарыш күніне» арналған тәрбие сағаттары, мерекелік іс-шаралар өткізілді.

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Теректі орта мектебінде «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының салтанатты жиыны болып өтті. Алдымен салтанатты жиында мемлекеттік Гимн орындалып, әр топтың топ басшылары жиынға дайындығы туралы мәлімет тапсырды. 30 сәуір 1мамыр –Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай ақпараттық бұрыш шығарылды.Барлық сыныптарда мерекеге байланысты тәрбие сағаттары өтті. 6 мамыр күні 7 мамыр «Отаны үшін от кешкендер» саптық жиын 1-11 сыныптар арасында ұйымдастырылды. 8 мамыр күні 9 мамыр - Жеңіс күніне арналған митинг ұйымдастырылды, концерттік бағдарлама өтті. Соңғы қоңырау салтанатты жиынында ауыл әкімі ұстаздарды және түлектерді оқу жылының аяқталуымен құттықтады. Осы оқу жылының қорытындысы бойынша ұстаздар, білім алушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

9 мамыр – Ұлы Отан соғысының 70 жылдық мерекесіне орай өткізілген аудандық, облыстық байқауларда мұғалімдеріміз бен оқушыларымыз белсене қатысты. Мәселен, Маңғыстаулық Ұлы Отан соғысы батырларының ерлігін көрсететін «Ер есімі – ел есінде» атты үздік сценарийлер байқауынан мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Бекова мақтау қағазымен марапатталды. Сондай – ақ «Жеңіс жолдарымен» атты аудандық фестивалде 8-сынып оқушысы «Бабалар ерлігі –ұрпаққа аманат» шығармашылық ізденіс жобалар байқауынан ІІІ орынды, 9-сынып оқушысы мәнерлеп оқу номинациясы бойынша ІV орынды, «Не? Қашан? Қайда?» танымдық сайысында «Сұңқар» тобы ІІ орынды иеленді.  Мектеп жанындағы «Балдырған» шағын орталығынан 70 жылдық мерейтойға арналған мәнерлеп оқу байқауында Станбеков Е. ынталандыруға ие болды. «Бабалар мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» атты тақырыпта шығармашылық қолданбалы және қолөнер туындылары көрмесіне,  «Салюті Ұлы Жеңістің, нұрландырды жер үстін» мектепаралық фестиваліне белсене қатысып, жүлделі орындармен марапатталды, мектептер арасынан ІІ орында көрінді. 4-сыныпта «Әлия-ару» таным сағаты, 9-сыныпта «Ұлт қаһарманы - Бауыржан» атты ашық тәрбие сағаты, мектепішілік «Ұрпақтар ұмытпайтын Жеңіс» және  «Желбіре, Жеңіс жалауы!» атты мектепішілік кеш бастауыш сыныптарының арасында өткізілді. Жеңістің 70жылдығына арналған парадта «Тылдағы еңбек» көрінісін сахналады.


  1. Әлеуметтік және жеке қасиеттерін қалыптастыру

Жалпы мектеп бойынша әлеуметтік көмекке мұқтаж оқушылардың құжаттары, ата-аналарының өтініштері бар. Көмекке мұқтаж оқушылар тізімін арнайы құрылған комиссия отырысында қаралып, бекітілген.

2014 – 2015 оқу жылдың басында Теректі орта мектебінде әлеуметтік аз қамтылған оқушылардың тізіміне 26 оқушы тіркелді, 18 оқушы көп балалы отбасынан шыққан. Қыркүйектегі «Жалпыға бірдей білім беру» айлығында «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты: мектеп жасындағы балаларды мектепке тарту, қараусыз, ата-ананың қадағалауынсыз қалған балаларды анықтау ішімдікке салынып,жалданып жұмыс жасау жағдайларының алдын алу болды. Мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері, ата-аналар құрамы және жасөспірім инспекторларымен бірлескен күн көріci төмен отбасылары үйлеріне, шаруашылықтарға, базарларға, автобекетке, түнгі ойын-сауық мекемелеріне кесте бойынша рейдтер жасалынып тұрды. 2014-2015 оқу жылында рейдтің нәтижесі бойынша 1-ші қыркүйектен бастап сабақтан қалыс қалған, қаңғып, бос жүрген жасөспірімдер анықталған жоқ. Шағын аудан бойынша барлық мектеп жасындағы бала мектепке тартылды. «Мектепке жол» акциясына арнайы стенд жабдықталып, жұмыс жоспары жасалынды. Сонымен қатар акцияға ұстаздар , ата-аналар демеушілік жасауда. Теректі орта мектебінде 1-4 сынып оқушыларына және аз қамтылған оқушыларға тегін ыстық тамақ ұйымдастырылды. «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 19-тармағына сәйкес жергілікті өкілетті органдар Қазақстан Республикасы заңдылықтарымен қарастырылғандай жекелеген санаттағы оқитындар үшін жеңілдетілген және тегін тамақты ұйымдастырды. Қазіргі таңда өмір қарама-қайшылықтар мен өкініштерге толы, әр күн сайын біз адамдардың бір біріне деген салқын жүзділік танытуымен кездесеміз. Бірақ сіздерде отбасы бар, ол отбасыда сізбен не болса да әрдайым естерінде ұстайды, кешіреді, күтеді. Дәл отбасыда біздер махаббатқа, жауапкершілікке, қамқоршылыққа және құрметтеуге үйренеміз. Қараша айында аз қамтылған оқушылардың оқу үлгерімі, сабаққа қатысымы, бос уақыты тексерілді. Барлық оқушының үлгерімі қанағаттанарлық, сабаққа қатысымы жақсы, спорттық, қолөнер, пәндік үйірмелерге қатысады. Желтоқсан айында Үшарал қаласында өткен Президенттік шыршаға Қалтаева Аружан 7а сынып және Жанатова Айдана 8а сынып оқушылары қатысып, сыйлықтар алды. Аз қамтылған, мүгедек, жетім балалар әкім шыршасына қатысты.



  1. Рухани- адамгершілікке тәрбиелеу

Рухани-адамгершілік тәрбие беру - жан-жақты жетілген тұлғаның даму жүйесіндегі жетекші компонент, адамгершілік сана, ізгілік мұраттарды, адамгершілік және этникалық құндылықтарды, нормаларды, зор адамгершілік сезімдерді меңгеру көзделеді; гуманизм, ар-ұят, ождан сақтау, намыс, борыш, жолдастық, қайырымдылық, кішпейілділік, инабаттылық, сыпайыгершілік, принципшілдік, діни құндылықтарды игеру, қоғамның адамгершілігі мол жауапты мүшесін қалыптастыру, оқушыларды ана тіліне, мемлекеттік қазақ тіліне деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу, ынтымақтастық, ұлттық келісім, басқа да халықтардың дәстүрі мен тілін, мәдениетін құрметтеу және сыйлау. Тәрбие беру мазмұнында рухани-адамгершiлiк тәрбиесі педагогикалық процестiң iзгiлендiру идеясын ұсынады. Мемлекеттiк идеологияның негiзiнде рухани-адамгершілікке тәрбиелеу мазмұны қарастырылады.

Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу бағыты бойынша 6-қыркүйек күні 4-10 сынып оқушылары «Сәт-сапар саған, Сарайым!» тақырыбымен оқушылар сарайының ашық есік күніне қатысып, өздерінің бос уақыттарын қалай дұрыс ұйымдастыруға болатындығы туралы мағлұматтар алып, қызығушылықтарына байланысты қатысуға болатын үйірмелердің түрлерімен танысып өтті. Қазан айының 3-і күні «Ұстаздар күніне» арналған «Ұстазыма мың алғыс» мерекелік бағдарламасы әзірленіп, мұғалімдерге арналған қарсы алу салтанаты мен негізгі мерекелік концерт ұйымдастырылды. Қарсы алу салтанатында мұғалімдер логикалық сұрақтарға жауап беріп, жеңімпаздардың ойын түрінде арман-тілектері орындалып, сондай-ақ, 11 сынып оқушыларымен дайындаған Flesh mob биін биледі. Негізгі мерекелік бағдарлама барысында мектеп директоры мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтап, ұстаздар арнайы грамоталармен марапатталынды. 11 сынып оқушыларымен дайындалған концерттік бағдарламада ұстаздарға арналған өлеңдер оқылып, ән-арнаулар айтылып, халық билері тамашаланып, КТК ойыны көрсетіліп, мектеп оқушыларының құттықтауларының бейнеролигі көрсетілді. Мектебіміздің ардагер мұғалімдерінің құттықтау сөздері тыңдалып, жаңадан мұғалімдер қатарын қосылып жатқан жас мамандарды қатарға қосуы ойын түрінде болып өтті. Мерекелік іс-шара соңында әр мұғалімге гүлдер шоғы сыйға тартылды. 23-қыркүйек күні 5-10 сынып оқушыларының арасында «Алтын күз» мерекесі аталынып өтті. Мерекеде «Күз Ханзадасы мен Ханшайымы» атағына иеленуге 5-7 сынып оқушылары және 8-11 сынып оқушылары сайысқа түсті. Сайыс барысында қатысушылар өздерін таныстырып, әр түрлі табиғи материалдардан дайындалған сәнді киімдер үлгісін көрсетіп, түрлі жемістер мен көкөністерден көркем безендіріліп дайындалған күзгі мерекелік дастарханды дайындап, өнерлерін паш етті. Байқау нәтижесінде 5 пен 7 сынып оқушыларының арасында 5 «Б» сынып оқушылары арасында Қалтаева А. пен Станбеков Е, ал 8 бен 11 сынып оқушыларының арасында 9 «А» сынып оқушылары Әлиханова С. пен Тлеубеков А. І-орынға ие болып, «Күз Ханзадасы мен Ханшайымы» атағын жеңіп алды. Қатысушылар арасынан сән үлгісімен ерекше көзге түскені үшін, «Күзгі дастарханды» ерекше дайындағаны үшін және өз өнерімен көзге түскені үшін оқушылар аранайы мақтау қағаздарымен марапатталынды. Оқушылардың кітапханалық-библиографиялық білімдерін насихаттау мақсатында қазан айының 27-і күні 4-сынып оқушыларымен «Бәрін білетін кітаптар» атты сабақ өткізілді. Оқушыларға сөздіктерді, энциклопедияларды дұрыс пайдалануға үйретілді, олардың алуан түрлері көрсетілді, сөздіктерді пайдалану кезіндегі дағдылар мен шеберліктері қалыптастырылды.



  1. Этносаралық толеранттылық пен саяси қоғамдық келісімге тәрбиелеу

Этносаралық толеранттылық пен саяси қоғамдық келісімге тәрбиелеу бағыты бойынша 3-қазан күні «Біріккен Ұлттар ұйымының халықаралық күні» туралы саптық жиында аталынып өтті. Оқушылар ұйым тарихы мен әлемдегі алатын орны туралы, адам баласы үшін маңыздылығы туралы ақпарат алды.

  1. Құқықтық тәрбие

Құқықтық тәрбие бағыты бойынша қыркүйек айында 5-11 сынып оқушыларымен «Құқықтық білім беру негізі» бойынша жұмыс жоспары құрылды. Құқық бұзушылыққа бейім оқушылармен психологиялық жеке жұмыс жоспары құрылды. 5-8 сынып оқушыларынан құрылған «Жас жол инспекторлары» мен «Жас полиция достары» ұйымының жылдық жұмыс жоспары құрылып, бекітілді. 22-қыркүйек күні «Әділдікті мойындау – адал кісінің ісі» тақырыбымен 5-11 сынып оқушыларымен саптық жиын өткізілді. Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықты алдын алу мақсатында саптық жиында оқушылар мектеп ережесімен танысып, құқықтық жауапкершілік түрлері туралы мәліметтер ала алды. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқумен толық қамтуды қамтамасыз ету және аз қамтылған, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған отбасынан шыққан оқушыларға материалдық көмек көрсету мақсатында «Абайлаңыз, балалар!» атымен мектебімізде «Мектепке жол» акциясы өткізілді. Акция барысында 272 оқитын балалар арасынан 26 бала – аз қамтылған, 41 бала көп балалы, 6 бала – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, 11 бала-жартылай жетім, 29 бала – толық емес отбасынан шыққандығы анықталынды. Рейд барысында көмекке мұқтаж оқушылар анықталынып, жеке кәсіпкерлерден, сондай-ақ мұғалімдер тарапынан әлеуметтік көмек көрсетіліп, киім-кешектер мен кеңсе тауарлары таратылды. Қазан айында «Кәмелетті жасқа толмаған жасөспірімдердің қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі» тақырыбымен 8-11 сынып оқушылары арасында профилактикалық әңгіме жүргізілді. Әңгіме кезінде оқушылар өздерінің құқықтары мен міндеттері туралы, әкімшілік жауапкершілікке тартылу жағдайлары мен жас шамасы бойынша шектеулері жөнінде мағлұмат алды. Қазан айында 9-11 сынып оқушыларымен «Подросток и закон» тақырыбымен дөңгелек стол өткізілді.

  1. Экологиялық тәрбие

Экологиялық тәрбие - адамның бойында табиғатқа әдепті көзқарастың және оған қарым-қатынастың қалыптасуы мен дамуын, табиғи ресурстардың жағдайына жеке жауапкершілік сезімін және адамдардың олармен парасатты іс- әрекеттерін жобалайды. Экологиялық тәрбиенің негізі алдымен, қоршаған ортаны және халықтың денсаулығын қорғауды, елімізде экологиялық жағдай туралы халықты ақпаратпен қамтамасыз етуді көздейді.

8-қыркүйек пен 8-қазан аралығында көркейту-көгалдандыру экологиялық сенбілік айлығы өткізілді. Айлық барысында бейнелеу пәнінің мұғалімі Шаповалов Н.В. жетекшілігімен «Экология және Біз» сурет көрмесі ұйымдастырылды. Бастауыш сыныптардың жетекшілері «Табиғатты аяла» тақырыбында сынып сағаттарын өткізіп, 5-11 сынып оқушыларының жетекшілері «Елбасы мұраты – ел бақыты, гүлденген Қазақстан» тақырыбымен сынып сағаттарын жүргізді. Экологиялық айлық аясында 6-7 сынып оқушылары құстарға арналған үйшіктер жасап, қол еңбегінің құндылығын бағалай білді. Мектеп ауласындағы ағаштарға жасаған құстар үйшігін ілді. Көркейту - көгалдандыру экологиялық сенбілік айлығында бекітілген кесте бойынша 12-қыркүйек, 19-қыркүйек және 3-қазан күндері сенбіліктер өткізілді. Сенбілік мектеп директорының тілек сөздерімен басталды. 11 сынып оқушыларының дайындаған Flesh Mob биі ауа райының салқын болуына қарамастан сенбілік қатысушыларының көңіл күйлерін көтеріп, жұмыс белсенділіктерін арттырды. Мектеп әкімшілігі мен мектеп ұстаздары белсенді түрде сенбілікке қатысып, оқушыларға үлгі бола білді.



  1. Отбасылық тәрбие

Отбасылық тәрбие - оқушылардың отбасының адамгершілік негіздерін игеруге бағытталған, отбасындағы қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, ұлттық отбасылық дәстүрлер, толыққанды отбасын құру үшін денсаулықтың айрықша құндылығын сезіну, балаларға тәрбиенің ықпалын қамтамасыз ету үшін ата-аналармен ынтымақтастық қарым-қатынасты қалыптастыру, ата- аналардың функциональдық сауаттылығын қалыптастыруға ықпал ету.

Отбасылық мәдениетін қалыптастыру, ата-анамен жұмыс бағыты бойынша 9- қыркүйек күні «Балалардың өмір қауіпсіздігін сақтау мен қорғау отбасы мен мектеп, қоғам қызметінің факторы» тақырыбымен мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында күн тәртібінде белгіленген тақырыптарымен таныстырылып, мектеп директоры 2014-2015 оқу жылындағы мектептің оқу-тәрбие жұмысының жетістіктері сараптамасы мен мектеп материалдық-техникалық базасының жабдықталуы жөніндегі ақпаратпен ата-аналарды таныстырып өтті. Мектеп инспекторы Менжулина «Ата-ананың әкімшілік міндеттері және кәмелетке толмағандардың құқықтық жауапкершілігі» туралы айтып, өз тәжірибелерінде кездескен жағдайларды мысалға келтіре отырып, ата-аналарға мәселенің маңыздылығын жіті түсіндіре алды. «Жасөспірімдер арасындағы суицид қоғамымыздың қатерлі мәселесі. Алдын алудың жолдары» туралы мектеп психологі баяндап берді. «Жалпы мектеп ата-аналар комитетінің құрамын бекіту» бойынша ата-аналар белсенділік танытып, жаңа құрамдағы ата-аналар комитеті құрылды. Отбасы беріктігі мен татулығын насихаттау мақсатында 8 мен13 қыркүйек аралығында отбасы апталығы аталынып өтті. Отбасы апталығын ұйымдастыру және өткізу бойынша бірқатар іс-шаралар жоспарланып, ұйымдастырылды. 9-қыркүйек күні мектеп психологы С.Адильчанов «Отбасы тәрбиесі – адам бақытының бастауы» тақырыбында 1-11 сынып оқушыларының ата-аналарына психолого- педагогикалық кеңес беру сағаттары ұйымдастырылды. 10 –қыркүйек күні 5-7 сынып оқушыларының арасында «Шаңырағым-шаттығым!» тақырыбымен эссе байқауы өтті. Эсседе оқушылар өздерінің шаңырақ, отбасы жайлы түсініктерін ашып жазған. 4-сынып оқушыларының арасында өткен «Мен және менің отбасым» атты сурет байқауы өтті. Жұмыстар арасынан тақырып мазмұнын ашатын, сауатты салынған суреттер таңдалынып алынды 11-қыркүйек күні «Отбасы – тәрбие бастауы» тақырыбымен 1-11 сынып оқушыларымен сынып сағаттары өткізіліп, отбасының адам өміріндегі рөлі мен тәрбиелілік пен мәдениеттіліктің маңыздылығы туралы сөз қозғалды. 3-сынып оқушыларының аталары мен әжелері арасында 12-қыркүйек күні «Сүйікті немерем» атты байқауы өткізілді. Байқау барысында аталар мен әжелердің бала өміріндегі, тәрбиесіндегі алатын орны, ерекшеліктері туралы айтылып, іс-шара соңында байқауға белсенді қатысқан аталар мен әжелер марапатталынды. 12-қыркүйегі күні «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына қатысып келген мектебіміздің қадірлі ұстаздары Әбілтаевтар отбасысымен 8-9 сынып оқушыларының кездесуі өтті. 9-қазан күні «Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алудағы мектеп, отбасы, қоғамдық ұйымдардың рөлі» тақырыбымен өткізілген мектеп ішілік ата-аналар жиналысында күн тәртібінде белгіленген мәселелер тыңдалды. Жиналыста «Кәмелеттік жасқа толмаған жасөпірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жүргізілген жұмыстары туралы ақпарат» бойынша мектептің психологі сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында Қазақстан Республикасының кәмелетке толмаған балалардың құқықтары туралы, сондай-ақ мектебіміздегі жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу бойынша жасалған жұмыстарға тоқтала келіп, алдағы уақыттағы жоспарланып отырған іс-шараларды атап өтті. Ата-аналардың әкімшілік-құқықтық жауапкершіліктері туралы айтып кетті. Кешкі 23.00-ден кейін кәмелеттік жасқа толмаған балалардың заңды өкілінсіз көшеде жүргендігі үшін ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығын ескертті. Жиналыс барысында шақыртылған қонақтар ата-аналардың қойған сұрақтарына жауап берді. 25-қазан күні балалардың адамгершілік қасиеттерін дамыту, жағымды қарым- қатынас жасай білуге үйрету, ізгілікті, мейірімді болуға тәрбиелеу мақсатында «Әлемдегі ең басты тұлға - адам» тақырыбымен 1-11 сынып оқушыларымен сынып сағаттары өткізілді. Тәрбие сағатында оқушылар жаңа ақпарат алды. 3-4 сынып оқушылар арасында 17-қазан күні «Астана – менің анашым» тақырыбында шығармалар сайысы өткізілді. Оқушылар өз жұмыстарында қаламыздың көркем жерлерін, әсем сәулетін суреттеп, тарихи ескерткіштері туралы жазып өтті. Шығармалар сайысы нәтижесінде ерекше көзге түскен жұмыстар марапатталынды. 2014-2015 оқу жылынан бастап оқушыларға тәлім-тәрбие беру ісіне бөлек бағыт ретінде қыздар тәрбиесі еңгізілді. Бұл бағыт бойынша 5-11 сынып қыздары арасында аға тәлімгердің жетекшілігімен «Айкүміс» қыздар сырласу клубы құрылып, жұмыс жоспары бекітілді. Бекітілген жоспар бойынша отырыстар өткізіліп, сауалнамалар алынды.

  1. Эстетикалық тәрбие

Эстетикалық тәрбие оқушылардың көркемдік талғамдарын, алуан түрлі шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге себепкер болады, эстетикалық мұраттарды қалыптастырды, оларға әсемдікті түсінуді, бағалауды және жасауды бойға сіңіруге, қоршаған ортадағы жағымсыз қылықтарға төзбестікпен қарауды дамытуға көмектеседі. Сұлулық заңдылығын –оқушылардың өзі қоршаған ортаға, еңбекке, оқуға, мінез құлық нормаларына енгізе білу негізгі міндеттердің бірі. Оқушыларды оқыған кітаптар мен көрген кинофильмдерін, спектакльдерін эстетикалық тұрғыдан дұрыс бағалай білуге үйретуіміз керек. Эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдарына мектепте табиғаттың қоршаған ортаның, еңбектің, көркем өнердің, әдебиеттің ролі ерекше.

«Алтын күз» мерекесін эстетикалық тәрбие бағыты бойынша өткіздік. Бұл мерекенің шамылдығын бастауыш сынып оқушылары ашып, өз өнерлерін көрсетті 5-8 сынып оқушылары өздерінің дәрежесінде өнер көрсетіп, неге бейім екендіктерін дәлелдей білді. 5 «а» сыныбы байқаудан тыс қалды. Сынып оқушылары мерекеге дайындықсыз келген.

Сайыстың қорытындысы бойынша 1 орынды 7 «а», 7«б» сыныптары - сынып жетекшілері Айтбекова А.,Сафонова Н.Н , 2 орынды 8 «б» - сынып жетекші Ползюкова В, 3 орынды 9«а» сынып жетекші Игликова Ж.Б.. иеленді.

Жыл бойы әдептілік - әдемілік тәрбиесіне байланысты сынып сағаттары, әңгіме-дүкендер өтті, жоспар бойынша жаңа жылдық ертеңгіліктер, бал-маскарад ұйымдастырылды.

26.12.14 -28.12.14 аралығында мектепте жаңа жылдық шырша мерекесі өтті. Жаңа жыл мерекесі алдын ала безендірілген мектептің спорт залында өтті. Залдың безендірілуіне 10-сыныптар және сынып жетекшілері болды.

26.12.14. күні сағат 9.00-ден 11.00-ге дейін қазақ бөлімінің бастауыш сыныптары арасында жаңа жыл мерекесі ұйымдастырылып, педагог-ұйымдастырушы Асхар Х. жетекшілігімен мерекелік сценарий бойынша жүргізілді. Жаңа жыл мереркесі ата-аналарды, оқушыларды мектеп директоры Н.Д.Ластоверовтің құттықтау сөзімен ашылды. Шырша мерекесі оқушылардың ән салып, би билеуімен өте көңілді өтті.

Сағат 12.00-14.00 аралығында жаңа жылдық мереке 5-8 сыныптарда өтті. Мерекелік іс-шара көңілді және өз дәрежесінде өтті.

28.12. күні жаңа жылдық шырша мерекесі сағат 9.00-11.00 аралығында орыс бөлімінің бастауыш сыныптарымен өтті.

Шырша мерекесі педагог-ұйымдастырушы жетекшілігімен өтті. Оқушылар мерекеге жақсы дайындықпен, көтерінкі көңілмен келген. Аяз ата мен Қарша қызға арнап өлеңдер оқып,ән айтты. Әр түрлі ойындарда белсенділік көрсетті.

Сағат 12.00-14.00 –де орта буын оқушылары жаңа жылдық мерекені жалғастырды. 8-інші сынып оқушылары ұйымдастырған мереке көңілді және тартымды өтті. Оқушылар ертегі кейіпкерлерін сомдап, ертегілер ішінде жүргендей күй кешті. Осы күні сағат 15.00-18.00-де жоғары сынып оқушылары жаңа жылдық балға қатысты.Жаңа жылдық балға қатысушылар костюммен келді. Оқушылардың киімі жаңа жылдық мерекелік кештің сәнін аша түсті. Би, әнмен жарыстар ұйымдастырылып, 11-ші сынып оқушылары би патшасы – вальсін биледі. Қорыта айтқанда, жаңа жылдық мерекелер өз денгейінде өтіп, жоспарлаған іс-шаралар толық іске асты.

1 – 8 сыныптар мерекесін дәстүр бойынша 10-сынып оқушылары дайындауға үлес қосты. Бал – маскарадтың өтуіне 11 сынып оқушылары жауапты болды. Арнайы 3 жұмыс тобы құрылып, өз сценарийлерімен мерекелерін өткізді. Айта кететін жағдай, мерекелік іс – шаралардың барлығы ойдағыдай болмады.

Бастауыш сынып ертеңгіліктері көңілді, тартымды, думанды өтті. Бал – маскарадтың өтуі қанағаттанарлық. Себебі балалар жаңа жылдық жарыстарға селқос қарап, онша атсалыспады.

11 «а» сынып оқушылары сынып жетекшісі Кабдолданова Л.Ө. 11 «б» сынып оқушылары сынып жетекшісі Ковшенина Г.Н.. сайыстарға, ойындарға нашар қатысты. Мерекенің алдында Жаңа жылдық газет сайысы өтті. Барлық сынып белсенділік көрсетті. Залды әсемдеу жұмысын 10 сыныптар атқарды, өте көркем безендірі.

Қорытынды: Мерекенің өтілуіне үлкен кедергі дыбыстың шығуы, әуеннің таралуының нашарлығы болды.

Ұсыныс: Балаларға бекітілген жұмыстың нәтижесі болуы үшін, сынып жетекшілері белсенділік көрсетулері керек.


  1. Еңбек тәрбиесі

Балаларды еңбекке баулу және еңбексүйгіштікке тәрбиелеу мәселесіне әрбір тарихи кезеңде әртүрлі баға берілсе де еліміздің эконмикасының дамуына орай, бұл мәселенің өзектілігі күн сайын артуда.

Қыркүйек айында 1-11 сынып оқушылар арасында еңбек «Еңбек күнінің» ашылуы қарсаңында Теректі орта мектебінде сенбілік өткізілді. Сенбілік мектеп директорының тілек сөздерімен басталды. 11 сынып оқушыларының дайындаған Flesh Mob биі ауа райының салқын болуына қарамастан сенбілік қатысушыларының көңіл күйлерін көтеріп, жұмыс белсенділіктерін арттырды. Мектеп әкімшілігі мен мектеп ұстаздары белсенді түрде сенбілікке қатысып, оқушыларға үлгі бола білді.




  1. Кәсіби-шығармашылық тәрбие


Мақсаты: Тұлғаның бәсекелстік қабілетін дамыта отырып, белгілі еңбек дайындығын қалыптастыру.

Теректі орта мектебінде 9, 11 сынып оқушыларына мектеп психологі С.Адельчанов «Ең керек мамандық», «Мамандықтың бәрі жақсы» тренинг, «Мен және менің сүйікті мамандығым» тернинг сабақ,  ауданда ағылшын тілі пәні мұғалімі «Ұстаздың ұлы келбеті» ашық тәрбие сағаты өткізді. «Жастар жетістігі» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Жамал-ай» АҚ және ЖШС «МАЭК-Казатомпром» мекемелеріне экскурсияға 7, 8, 9сынып оқушыларын апарып, жақсы әсерде қайтты.



Интеллектуальді мәдениет дамыту


Мақсаты: Өмірдегі, өнердегі сұлулық пен сұрықсыздықты сезіне, көре, әділетті бағалай білетін, ұлттық салт-дәстүрді жалғастырушы өз ұлтын құрметтей білетін тұлғаны қалыптастыру. 10-сыныпта «судың да сұрауы бар» сынып сағаты, 5-сыныпта «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сынып сағаты, «Шебер қолдар» қолөнер байқауы өткізілді. Байқау негізінде 6-сынып оқушыларының қыздар тобы белсенділік танытты.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет