Ашық тәрбие сағаты Тақырыбы: «Ақша уақыт тынысы»



Дата19.05.2023
өлшемі25,82 Kb.
#177177
түріСабақ

«Опорный орта мектебі» КММ

Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Ақша - уақыт тынысы»
Сыныбы: 9 «Ә»
Сынып жетекшісі: М.Юханова

22.12.2017


Сабақтың тақырыбы: Ақша уақыт тынысы.
Сабақтың мақсаты: Ақшаның өмірдегі алатын орны, оны тиімді жұмсауды меңгеру.
1. Білімділік:
Оқушыларды еңбек және экономикалық тәрбие бағытында экономикалық білім алуға, ізденуге, ақшаны қалай жарату , қалай көбейту, қалай үнемдеу керектігі жөнінде толық жүйелі түрде білім дағдыларын үйлестіру, біліктіліктерін арттыру.
2. Дамытушылық:
Оқушылардың сөз байлығын, экономикалық ой-өрісін, өзіндік көзқарасын қалыптастыру.
3. Тәрбиелік:
Оқушыларды Отанын сүюге , еңбектене білуге, өзгенің еңбегін қадірлей білуге, ақшаны тиімді жаратуға, үнемшілдікке, қайырымдылық жасауға тәрбиелеу.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі


а) Психологиялық дайындық:
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір таза көңілмен
Бүгінгі тәрбие сағатымызды бастайық.
ә) Мұғалім: рахмет, бүгінгі тәрбие сағатымызды ашық деп жариялап, жұмысымызды жалғастыру үшін өздерің айтқан «Күн, Ай, Жұлдыз, Су» атты 4 топқа топтасуларыңды сұраймын. «Көңіл қойып тыңда, тез ойлан, қалып қойма» - деп, жұмбақпен бастамақшымын:
Әлемнің тынысы
Байлықтың белгісі
Ол не? -... (ақша, теңге)
Бүгін біз «Ақша – уақыт тынысы» атты оқыта - үйрету түріндегі ашық тәрбие сағатын өткіземіз. Барлығыңа сәттілік тілеймін.


ІІ. Миға шабуыл.
Бейнеролик
Ақша не үшін керек?


ІІІ. Ой қозғау.
І топ: Ақша табу жолдары.
ІІ топ: Ақшаны жарату жолдары.


IV. Сергіту сәті
Мәнерлеп оқу.
Қасым Аманжолов «Ақша»


V. Ой қозғау.
ІІІ топ: Ақшаны үнемдеу жолдары.
IV топ: Қазіргі ақшаның рөлі қандай?


VI. Мақал – мәтелдер.

  1. Теңге тиыннан өсер,
    Жылқы құлыннан өсер.

    2. Ақша кетуге тырысады,


    Есеп ұстауға тырысады.

    3. Ақша болса – алақанда сорпа қайнайды.


    4. Ақша ашпайтын құлып жоқ.

    5. Ақшада көз жоқ.


    6. Ар - намысы таза адамның ақшасы аз болады.



VII. Топтарды қошеметпен марапаттау.


VIII. Кері байланыс.
Ақшадан да маңызды, 11 дүниені ұсынамыз...
Қарым-қатынас тәжірибесі
Әлдекімді ойлайсыз, оның сіз туралы ойы сіз үшін қымбат. Жасырмай-ақ қойыңыз. Сүйіңіз, іштегі сырды тарқатыңыз, өмірдің қызықты сәттерін бірге өткеріңіз. Ақырында мұның расымен де, қымбат екенін ұғасыз.
Даналық
Мәселенің шешімін білу – даналық емес. Даналық тынбай оқумен ғана келеді. Оқуды жалғастырыңыз.
Неке
Адамды шын жақының ретінде қабылдау өміріңізді өзгерте алады. Өзгені таныған сайын жақсы адам болуға деген ынта пайда болады.
Достық
Ақшамен сатып алған достың дос еместігін ұғу керек. Ол жалданбалы адам. Қуанышты да, қайғыны да бірге қарсы алу ең қиыны. Ең жақын дос – жар.
Денсаулық
Денсаулықты ақшаға сатып ала алмайсыз. Бірақ ақша арқылы денсаулықты құртпаудың жолдарын қарастыра аласыз.
Рухани байлық
Күрделі мәселеден қашудан гөрі оны қалай шешудің жолын қарастыратын адам рухани бай. Адамның миы тыныш болса, жаны да жайсаң болады.
Құштарлық
Адам белгілі бір әрекет-құбылыстан әсер алуы, құштарлығының оянуы өмірді түрлі-түсті түске бояйды.
Тілдесу
Көңілдегі көрікті ойды жеткізе білу және қабылдай алу ішкі әлемніңнің жай-күйі. Тілдесу мен жақын адамдардың болуының өзі бір бақыт.
Өзіңе-өзің тірек болу
Ақша келеді де кетеді. Ақшасыз-ақ гүлденіп, жан баға алу, төзімділік көрсету ерлікпен пара-пар.
Алғыс
Рақметті қалтаға сала алмайсыз. Десе де, оның адам көңіл-күйіне қаншалықты әсер ететінін ескерейік, тіпті өмірдің сәнін келтіретін құнды қасиеттердің бірі осы рақмет айта білу.
Қайырымдылық- көмекті қажет етушілерге (адам және барлық жандыларға) білдірілетін сүйішпеншілік пен нақты көмек. Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі болып табылады.


ІХ. Қорытындылау.
Ақшаға бәрін сатып алуға болмайды. Өмірде ақша қаншама құдіретті күшке ие болғанымен оның билігі жүрмейтін жерлер, ешкім де ақшаға сатып ала алмайтын нәрселер көп. Рас, қазір біздің қоғамда ақшасын қомақты еткісі келетін жастар легі баршылық. Сендер де болашақта іскер, кәсіпкер болсаңдар ақшаның күші мен құдіретін білдіретін жеті ережені есте ұстаңдар.
 Мал баққанға, ақша адалдан тапқанға бітеді.
 Ақша туралы арам ой да зиян.
 Алаған қолым – береген.
Үстемелеп берсеңіз, үстемелеп аласыз.
 Қайырымдылықпен айналысыңыз, шығынның қайтарымы мол болады.
 Фәнидегі басты парызың – қайырым, садақа. Оны ұмытсаң өзің де ұмытыласың.
«Тиыннан теңге құралады»,- демекші, ақшаны үнемді пайдаланып, ақшаның қызығына түсіп кетпей жан - жағымыздағы адамдарды ойлайық. «Ақша – уақыт тынысы», бірақ ақшаға арыңды сатпа, ақшаны көріп жолдан тайып кетіп жүрме, 100 сомың болғанша, 100 досың болсын...
Ақша табу- батырлық
Оны сақтау ақылдылық
Ал, оны үнемдеп жұмсау - өнер,- деп неміс жазушысы Б. Авербах айтқандай ақшаны тиімді жұмсауды үйренсек, ақшамыз көп болса қайырымдылық жасауға асығайық. Қайырымдылық қайырлы іс!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет