Дәріс жоспары: Ақшаның макроэкономикалық мәні, қызметтері, агрегаттары.
Ақшаға деген сұраныс және оның теориялары.
Ақша ұсынысы және ақша мультипликаторы. Ақша нарығындағы тепе-теңдік.
Тақырыптың мазмұны. Ақшалар нарықтық экономикада аса маңызды элемент ретінде жұмыс істейді, ал ақша нарығы мен бағалы қағаздар қаржы нарығының құрамдас бөліктері ретінде игіліктер нарығы және еңбек нарықтарымен қатар, негізгі макроэкономикалық нарықтар болып табылады.
Ақшалар (ақша массасы) және бағалы қағаздар (ең алдымен, акциялар мен облигациялар) қоғамның қаржы активтерінің негізгі түрлері болып табылады.
Олай болса, макродеңгейде ақшаның түсінігі кеңейе түседі:
ақша – бұл келісімдер үшін қолданыла алатын қаржы активтерінің түрі;
ақша – бұл игіліктерді айырбастау кезінде жалпылама эквивалент рөлін атқаратын ерекше тауар;
ақша – бұл бағалардың тұрақты деңгейінде табыс әкелмейтін мүліктің ерекше түрі;
ақша – бұл инфляциялық үдерістерді, циклдік толқуларды, экономиканың тепе-теңдікке жету механизмін, тауар және ақша нарықтарының тиімді жұмыс істеуін талдайтын аса маңызды макроэкономикалық категория.