Ақшаға сұраныстың кейнстік теориясы - өтімділікке артықшылық беру теориясы деп аталады. Осы теория бойынша адамдарды қолма-қол ақша сақтауға итермелейтін негізгі үш себеп қарастырылады:
Келісімдер уәжі(трансакциондық мотив), мұнда ақшаға сұраныс әрдайым тауарлар мен қызметтерді сатып алуға немесе ағымдағы мәмілелерге қажетті қолма-қол ақшаның қажеттілігі ретінде қарастыралады.
Сақтық уәжі(мотив), мұнда ақшаға сұраныс болашақтағы күтпеген кездейсоқ жағдайларға байланысты адамдардың қолма-қол ақшаға қажеттілігін білдіореді. Мұндай себеп, әдетте, адамдарда көзделмеген төлемдерге тап болғанда пайда болады.