9-тақырып ақШАҒа сұраныс. АҚша нарығы мақсаты


Ақшаның негізгі қызметтері бар



бет2/20
Дата07.02.2022
өлшемі228,25 Kb.
#85008
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
107398412606 9 дәріс Ақша нарығы

Ақшаның негізгі қызметтері бар:

  • құн өлшеу құралы ретінде –тауарлардың бағалар түріндегі құндарын өлшеу және салыстыру үшін қызмет атқарады;

  • айналым құралы немесе жалпылама айырбастау құралы ретінде – айырбас кезінде делдалдық қызмет атқарады;

  • жинақтау (құнды сақтау) құралы ретінде – болашақта сатып алушылық қабілетті қамтамасыз ету қызметін атқарады;

  • төлем құралы ретінде – несиелік төлемдерді қайтару үшін қызмет атқарады;

  • әлемдік ақшалар ретінде - әлемдік нарыққа қызмет көрсету үшін қолданылады.

Өтімділік (ликвидность) деген аса маңызды макроэкономикалық категория ақшалармен тығыз байланысты, ол ақшаның ерекше қасиетін және белгісін білдіреді. Активтің немесе мүліктің барлық түрлері үшін өтімділік олардың өз құнын еш жоғалтпай ақшалай формаға тез айнала алу қабілетінің болуын сипаттайды. Өз кезегінде, ақшалар абсолютті өтімділікке ие: әртүрлі тең жағдайларда олар тауардың кез келген түріне айырбастала алатындай қабілетке ие болады.
Өзінің тарихи даму қадамында ақшалар натуралдық ақшалардан (мал, аң терілері, ұлу қабыршақтары және т.б.) бастап қазіргі заманғы электрондық «виртуалдық» ақшаларға дейін әртүрлі формалардан өтті. Ұзақ уақыт бойы ақша материалы ретінде бағалы металдар – алтын мен күміс қолданылып келді.
Ал қазіргі уақытта, ақшалар мынадай формаларда көрініс табады:

  • қолма-қол нысандағы қағаз ақшалар;

  • айырбастау (айыру) монеталары;

  • қолма-қолсыз нысандағы қаржы-несие институттарындағы есепшоттардың жазулары.

Ақша айналымы – бұл өз қызметтерін орындайтын және тауарлардың сату-сатып алынуына қызмет көрсететін, сонымен қатар, тауарлық емес төлемдер мен есеп-айырысуларды атқаратын ақшалар қозғалысы.
Ақша айналымы қолма-қол және қолма-қолсыз нысандарда жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта, дамыған елдерде ақша айналысының басым бөлігі қолма-қолсыз нысанда ұйымдастырылады.
Ақша жүйесі – бұл қоғамда тарихи түрде қалыптасқан және мемлекеттің заңдық тәртіппен бекіткен ақша айналысын ұйымдастырудың ерекше формасы.
Ақша айналысының аса маңызды түрдегі көрсеткіші болып ақша массасы (жиыны) табылады.
Ақша массасы – бұл экономиканың шаруашылық айналымына қызмет көрсететін және жекелеген тұлғаларға, фирмаларға және мемлекетке тиесілі қолма-қолды және қолма-қолсыз түрдегі төлем құралдарының жиынтығы.
Ақша массасы экономикада біртекті (стандартты) болып табылмайды. Оның құрамына сатып алушылық және төлемдік құралдармен қатар, жепозиттік сертификаттар, чектер, жинақтаушылық шоттар және басқа да құралдар ретіндегі компоненттер кіреді. Бұларды «квази-ақшалар» (ақша сыңайлы) немесе өтімділігі бар активтер деп атайды.
Бір-бірінен өтімділік дәрежелері бойынша ерекшеленетін ақша массасының құрылымдық элементтерін ақша агрегаттарыдеп атайды.
Ақша агрегаттарының мынадай түрлері бар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет