9-тақырып ақШАҒа сұраныс. АҚша нарығы мақсаты



бет6/20
Дата07.02.2022
өлшемі228,25 Kb.
#85008
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
107398412606 9 дәріс Ақша нарығы

Ақшаға деген сұраныс d) – бұл тұрғындар мен фирмалардың берілген уақыт мезетінде белгілі бір төлем операцияларын жүргізу үшін нақты қаражаттар көлемін өз қолдарында ұстағысы келетінін білдіретін қалаулары; нарықтың ақша қаражеттарына деген жалпы қажеттіліктері. Бұл сұранысты сол ақшаның көмегімен әрдайым сатып алуға болатын тауарға сұраныс деп түсінуіміз қажет.
Ақшаға сұраныстың әртүрлі теориялық модельдері бар:
Ақшаға сұраныстың классикалық сандық теориясы.
Классиктер ақшаға сұранысты ақшаның сандық теориясымен түсіндіреді және ол айырбас теңдігі арқылы көрсетіледі:


MV = PY,

Мұнда, М – айналыстағы ақшаның саны; V – ақша айналысының жылдамдығы; Р – бағалар деңгейі (бағалар индексі); Y – шығарылым көлемі.


Ақша айналымының жылдамдығы тұрақты деп есептелінеді. Бұл жағдайда атаулы ЖІӨ ақша массасына тура байланыста өзгеріп отырады. Классикалық теорияға сәйкес, нақты ЖІӨ баяу өзгереді. Сондықтан атаулы ЖІӨ-нің өзгерісі баға деңгейінің өзгерісін көрсетеді. Сөйтіп, ақша массасының өзгерісі нақты көрсеткіштерге әсер етпейді, тек атаулы көрсеткіштерге ғана әсер етеді. Бұл құбылысты «ақшаның бейтараптылығы» деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет