Алыпсатарлық уәжі (спекулятивтік мотив), адамдардың өз байлықтарын қаржылық активтер түрінде сақтауға тілек білдіруіне байланысты ақшаға сұраныс ретінде қарастырылады. Мұндай сұраныс кезінде ақша қаржы активтерін сату және қайта сату арқылы табыс әкеледі. Ақшаға сұраныстың бұл түрі пайыздық қойылым мен құнды қағаздардың құны төмендей береді, соған сәйкес, құнды қағаздарға сұраныс өседі. Бұл қолма-қол ақшаны азайтып, ақшаға деген сұранысты төмендетеді. Осыған байланысты, пайыздық қойылым мен ақшаға сұраныс арасындағы кері тәуелділіктің бар екенін байқауға болады.