Тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы білімді, білікті, өресі биік жастар



Дата21.04.2017
өлшемі81,55 Kb.
#14389
Қазақстанның тұрақты даму барысында қазақ диаспора өкілдерін жаңа ортаға бейімдеудегі ЖОО-ға дейінгі білім беру үдерісінің рөлі

Тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы – білімді, білікті, өресі биік жастар. Тәуелсіз Қазақстан Республикасы – өзінің қарышты қадамымен, қарқынды дамуымен және де татулық пен толеранттылықтың тұрақты аренасы ретінде әлемге танылған мемлекет. Қазақстан Республикасы сан ғасырлар бойы аңсаған өз тәуелсіздігіне 1991 жылы желтоқсан айында қол жеткізді. Тарих үшін 21-22 жыл өте аз уақыт болғанымен, біздің еліміз үшін бұл жылдар – әуелі алмағайып кезеңнің, содан соң бір ел – бір халық – бір тағдыр болып ұйысудың кезеңі еді. Елбасымыздың парасатты саясатымен, халқымыздың ынтымақтастығымен азаттық алған жиырма жыл ішінде еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде үлкен-үлкен өзгерістер, жаһандық экономикалық-мәдени кеңістікке кірігуге бейімделу бағытында қоғамдық өмірімізде, экономика мен мәдениет, білім саласына айтарлықтай табыстарға қол жеткізілді.



Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Дүниежүзі қазақтарының IV құрылтайында сөйлеген сөзінде «...Мен әлемнің әр қиырындағы қазақ жастарын атамекенге оқуға және қазақ еліне қызмет етуге шақырамын! Қазір жаңа дәуірге қадам басқан Қазақстанға отаншыл, білімді жас мамандар аса қажет. Жас қыздар мен жігіттер келіп оқитын болса, осында оқу бітіріп, мамандық алып, кейін ата-аналарын шақырып алатын шығар. Ол да қажет....» деген еді.

Шетелдегі қазақтарды атажұртқа тартудың, олардың елімізге көбірек келуіне мүмкіндіктер туғызудың ең ұтымды жолдарының бірі – оқуға шақыру. Осы орайда біздің университетте шетелдік қазақ жастарын атамекенге келіп білім алып, әрі қарай орнығуы үшін іс әрекеттер кешенін жүзеге асыруда. Ондай шаралардың қатарында шетелдердегі қазақ диаспорасына барып, жастарды атажұртта білім алуға, еңбек етуге шақыру; жастарға бағыт-бағдар беру, бейімдеу; ЖОО-на оқуға түсуіне, еңбекке араласуына көмектесу, т.б. атқарылып жатқан жұмыстарды жатқызуға болады. Әсіресе, шетелдік жастар білім алатын ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінде тәрбиелік-танымдық, дамытушылық мәні зор әртүрлі игі шараларды жүзеге асырылып жатыр. Тағдырдың тәлкегімен тарихтың әр кезеңінде шетелдерге кетіп, жат жерде тіршілік етіп жүрген қазақтарды атамекенімізге қайтарып, оларды туған елінің игілігі үшін еңбек етуге, жастарды ана тілінде білім алуға шақыру арқылы әлемнің әр бұрышында шашырап жүрген қазақ халқын тұтас ұлт ретінде ұйыстырудың жері ұлан-ғайыр, алайда халқы сирек қоныстанған мемлекеттердің қатарына жататын біздің жас еліміз үшін маңызы зор. Қазақ халқының шетелдерге қоныс аударуы елімізге орыс патшалығының отарлық саясатына байланысты ХҮІІІ ғасырда басталған еді. Қаһарлы коммунистік Кеңестер Одағы кезінде ұлттық қысымға, қуғын-сүргінге, ашаршылыққа ұшыраған қазақ халқының тағы да біраз бөлігі озбырлыққа шыдау алмай қоныс аударса, ал енді бірқатары сол кездегі коммунистік саясаттың құрбаны болып, өз туған жерінде қоныстанып отырса да, амалсыздан Ұлы Отаны – Қазақстаннан ажырап, шетелдік азамат атанды. Шетел мемлекетінің құрамында еріксіз қалған атажұртында отырып-ақ, шетелдік атанған қазақтарды ғылым тілінде ирреденттер – қазақша ереденттер деп атасақ, ал әртүрлі күрделі кезеңдерде көшіп кеткен қазақтарды оралмандар деп атап жүрміз. Ередент қазақтар қатарына қазіргі көршілес Қытай, Ресей, Өзбекстан елдеріндегі қазақтар енсе, ал әртүрлі себептермен жат жерге көшіп, Азия, Еуропада қоныс теуіп, тіпті мұхит асып, Америка, Африка, Австралия құрлықтарын мекендеп жатқан қазақтар оралмандарға жатады. Сонымен қатар біздің тыңдаушыларымыз оралман сөзін келмен, барман секілді болымсыз етістіктің қатарына жатқаызып, жағымсыз мәнде қабылдайды, сол себепті бұл сөздердің мағыналық ерекшелігіне тоқталғанды жөн көремін. Оралман сөзінің түбірі орал/оралу яғни қайтып келу деген мағынаны білдірсе, -ман/мен қосымшасы адам деген ұғымды білдіреді, деп, тыңдарман, көрермен, шабарман сөздерін мысалға келтіремін. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін, ғасырлар бойы бостандығы мен теңдiгi үшiн күрескен Қазақ халқы тұтас этнос, ұлт ретiнде қалыптасуға ұмтылуы бұл заңды құбылыс. Қазақтың мәдениетi мен мемлекеттiгi қуаттанған сайын, оның өзiн-өзi танымақ мүмкiндiгi, өзiн тұтас әлеуметтiк күш ретiнде ұстамақ ықыласы артты. Қазақтың этностық болмысы үшiн күрес пен ұлттық болашағына деген құштарлық бiртiндеп қазақтанудың күретамырын қалыптастырды. Қазақтың ұлт болып тұтасуының тарихы мен даму логикасында ұқсастық пен үйлесiмдiлiк бар. Ол – бiртұтас этнос болмысының бағыт-бағдарында, өркениет шеңберiнде өрбiмек мүддесiнде, мұралық игiлiктi игермек мүддесiнде. Қазақтың тұтас ұлт болып ұйысуының төл арқауы – шетелдегі қазақ диаспорасының өкілдері үшін тарихнамаға негiз болатын отанға – атамекенге оралу. Қазақ халқы үшiн Отан – оттан да ыстық, киелi тұтас орда, қандастарды қимайтын жан дүниенiң тұрақты шебi, “Бар қазағым – бiр қазақ” идеясына қызмет ету мұраты. Сондықтан сабақтың алғашқы кезінде-ақ қазақ әріпнамасының қалыптасу тарихына шолу жасай отыра, тыңдаушыларға Туған жер, Отан, Атамекен сөздерінің мағынасына талдау жасатамын. Бұл сөздер қазақстандық қазақтар бір ұғымды білдіретін синоним сөздер ретінде қабылдайды. Ал шетелден қазақ жастарымыз бұл қасиетті сөздедің ұғымын әртүрлі түсінеді. Мысалы, кейбір Қытайдан келген қазақ жастары атамекеніміз – Қазақстан, ал туған жер мен отан деген ір сөз ғой, ол – Қытай елі десе, кейбір еулері бұл түсінікпен келіспей туған жеріміз – қытай, ал отанымыз бен атамекеніміз – Қазақстан деп айтады. Сондықтан да туған жер сөзі – адамның дүниеге келген, кіндік қаны тамған жер болса, ал Отан деген ұлы ұғым, өзінің болашағыңды байланыстырып, экономикалық-әлеуметтік, мәдени тұрғыдан дамуына үлес қосқың келетін, қызмет еткің келетін, мәңгі қоныс еткің келетін ел екенін, атамекен деген – ата-бабаларымыз қоныс еткен атажұрт екенін айтып түсіндіремін. Отан, атамекен, туған жер ұғымдарының мағынасын кеңінен ашып көрсететін жаттығу жұмыстары ұйымдастырылады.

Бабалар даналығы да осында. Атамекендi жан-тәнге де, рухқа да мекен, рухы салауаттыларға ұран деп ұққан. Үлгi мен шеберлiктен үйлесiмдiлiк тапқанды, түп тамыр мен тазалықтан нәр татып сусындағанды қимас жандардың қылығы мен қуанышындай қабылдаған, туысқандардың тұрағы мен тiрегiндей көрген. Тегiмiздi iздеп тарихты тамырлай түссек, сол мыңдаған жылдық шежiреде ұрпақтар көптеген өзгерiске ұшырады. Бiздiң халқымыз түрлi тарихи кезеңдердi басынан кешiрген. Оларды, шамамен, алмағайып уақытта ес жию кезеңi, ортаға бейiмделу кезеңi, атамекенмен қауышу кезеңi деп бөлуге тұрарлық. Бұл ұзаққа созылған, кейде қатарласып өтiп жатқан әлеуметтiк-психологиялық өзгерiстер едi. аймақта саяси өзгерiстер болып жатты. Бiрақ қазақ мәдениетi өзiнiң түптамырын сақтап қалды. Оның жолдары да, себептерi де әрқалай, бiрақ өзара бағыттас. Қазақ - Қазақстан Республикасының мемлекеттік іргетасын қалаған негiзгi халқы. Қазақтардың халықтық діни ұстаным – ислам, суннит бағытын ұстайды. Еліміздегі қазіргі Қазақ халқының этникалық құрамы екi топтан – атамекендегі жергілікті қазақтар мен шетелден атамекеніне оралған қазақтардың тұтасуынан қалыптасуда.

Шетелден келген қазақ жастарына Қазақстандағы жетекші жоғары оқу орнында – ҚазҰУ-да білім берумен қатар, тарихи Отаны туралы олардың көкейінде жағымды оң азаматтық-әлеуметтік көзқарасты қалыптастыра отыра, шетелдегі қазақ жастарын атамекенін – тәуелсіз Қазақстан Республикасын тарихи Отаным деп тануға және тарихи Отанын интеллектуальдық әлеуетінің артуына, экономикасының дамуына өз үлестерін қосуға баулуды мақсат етеді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті де Елбасымыздың парасатты бастамасын іске асыру барысында шетелден келген қазақ жастарына сапалы білім беру жолында атсалысып жатыр. Елімізге келген шетелдік қазақ жастары ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінде тілдік дайындықтан өтеді, сонымен қатар кешенді тестілеуден табысты өту мақсатында мемлекеттік тілде негізгі пәндерден сабақ берумен қатар, оқу үдерісімен ұштастыра шетелдік қазақ жастарын атамекенге келіп білім алып, әрі қарай орнығуы үшін бейімдеу іс-шаралар кешенін жүзеге асыруда. Ондай шаралардың қатарында шетелдердегі қазақ диаспорасына барып, жастарды атажұртта білім алуға, еңбек етуге шақыру. Елімізге келген жастарға кәсіби бағыт-бағдар беру, Қазақстанның қазіргі жағдайына бейімдеу, ЖОО-на оқуға түсуіне, еңбекке араласуына көмектесу болып табылады. Шетелдік жастар білім алатын ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетімен тағылымдық-тәрбиелік мәні зор әртүрлі игі істерді – «Атамекен – айбыным менің» атты фестивальдерді, «Қазақстан шетелдіктердің көзімен: кеше, бүгін, ертең» атты шығармашылық байқауларды, «Қазақстан – татулықтың, достықтықтың және ынтымақтастықтың тұрақты мекені» мерекелік шараларды, «Жер – біздің ортақ үйіміз» атты халықаралық студенттердің ғылыми конференциясын өткізуді жүзеге асырып жүр.

Тағдырдың тәлкегімен атамекенінен қол үзген қазақтар өз ұрпағының болашағы үшін алаңдайды, атамекеніне қайтса екен, олар ана тілін ұмsтпаса екен, өздерінің ұлттық келбетін жоғалтпаса екен, болашақ өмірлерін Еуропа қазақ жастарына Қазақстандағы жетекші жоғары оқу орнында – ҚазҰУ-да білім берумен қатар, тарихи Отаны туралы олардың көкейінде жағымды оң азаматтық-әлеуметтік көзқарасты қалыптастыра отыра, шетелдегі қазақ жастарын атамекенін – тәуелсіз Қазақстан Республикасын тарихи Отаным деп тануға және тарихи Отанын интеллектуальдық әлеуетінің артуына, экономикасының дамуына өз үлестерін қосуға баулуды көздеп, бүгінгі шара ұйымдастырылып отыр.. Университетте, ЖОО-ға дейінгі білім беру факульетінде атқарылып жатқан мәдени-танымдық, тәрбиелік іс-шаралардың практикалық маңызы шетелдегі қазақ жастарына ана тілінде - мемлекеттік тілде білім беруге деген сұраныстың жылдан-жылға артып келе жатқанына және оларды атамекеніне тарту мәселесіне байланысты оларды туған халқына, тарихи отанына тартудың тиімді жолын - әлемдік және отандық қоғамдық-әлеуметтік жүйедегі озық модельдердің тиімді бағыттарын саралай отыра, оларды ана тілінде білім беру арқылы тарту әдісін қалыптастыруында болып табылады. Оқу-жұмыс бағдарламасы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы бастамасымен көтерілген мемлекеттік жастар саясатының негізінде жасалып жатқан бастаманың аясында болғандықтан, шетелден келген қазақтардың елімізге қосқан іргелі істерін саралап, болашақта оралман жастардың мемлекетіміздің қоғамдық, мәдени, экономикалық, әлеуметтік салада қосатын өзіндік үлестерінің маңызын көрсетуді негізге алады.



Жоғары оқу орнының ұстаздары студенттерге тек кәсіби бағдарда білім беріп қана қоймай, олардың еліміздің интеллектуальдық әлеуетін арттыратын кәсіби деңгей жоғары білімді де білікті маманмен қатар елін сүйген отанының нағыз азаматы ретінде тәрбиеленуін қамтамасыз етуге ұмтылады. Жастарға сапалы біліммен қатар саналы тәрбие беру ұстаздардың басты мақсаты болып табылады. Қазақстан Республикасының жастар саясатында да, білім беру ісін дамытуға негізделген мемлекеттік бағдарламада «Қазақстандық паритизмді, толерантылықты, жоғары мәдениеттілікті, адам құқықтары мен бостандығын құрметтеуге тәрбиелеу» керектігі айқын көрсетілген. Отанын сүю, өз елінің дамуына өз үлесін қосу – Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті парызы. Дана халқымыз «Ұяда не көрсең, соны ілесің» деген, әрине, тәрбие отбасынан басталады, алайда қоғамдық ортаның, білім беру ордаларының да адам тәрбиесіне ықпалы зор. Заманға лайық жастардың әлеуметтік санасын қалыптастыру – ұлттық құндылықтарымызды құрметтей, табиғатымызды аялай білетін, елін-жерін сүйген, Отанының тәуелсіздігін қасық қаны қалғанша қорғауға дайын ұрпақ тәрбиелеу ұстаздардың ұлы ісі. Тәрбие ісін білім беру жұмысымен тығыз сабақтастыра жүргізу арқылы ұстаз өскелең ұрпақтың парасатты да мәдениетті, тәуелсіздігіміз бен еліміздің тұтастығын мемлекеттік мүддеден қарастырып, бағалай білетін нағыз Отанының патриоты ретінде жеке тұлға болып қалыптасуына өз үлесін қоса алады. Қазақстан білімінің қара шаңырағы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қоғамымыздың негізгі күші ретінде алғыр да парасатты, өз елін сүйген жастар тәрбиесіне басты назар аударылады.

Шетелдік қазақ жастарының атамекеніне деген жағымды азаматтық-әлеуметтік, саяси көзқарасын қалыптастыру мақсатында университет басшылығы мен ЖОО-ға дейінгі білім беру факульnетінің еңбек ұжымы - өз Отанын сүйетін, мемлекетіміздің тәуелсіздігін қорғауға әрқашан дайын, еліміздің тарихын, салт-дәстүрін ардақтайтын, ұлттық құныдылықтарымызды бағалайтын, мемлекеттік рәміздерімізді құрмет тұтатын, тіл тұтастығы – ел тұтастығының кепілі екенін терең сезінетін, өз ұлтымен қатар өзге ұлттардың да салт-санасына мәдениетіне, діни ұстанымына төзімділікпен қарайтын, қоғамымызға пайдалы, білімді де саналы Халықаралық ынтымақтастық пен ұлатаралық татулық тұрақты аренасына айналған Қазақстан Республикасының адал азаматын тәрбиелеуге қатысты ұйымдастырылатын тәрбиелік, мәдени-танымдық маңызы зор іс-шаралардың жоспарлап жүзеге асыру – ұстаздардың асыл парызы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет