«Ең алғыр,ең талантты оқушы» білім сайысы Сайыстың тақырыбы: «ең алғыр,ең талантты оқушы»



Дата15.09.2017
өлшемі373,79 Kb.
#33583
«Ең алғыр,ең талантты оқушы» білім сайысы

Сайыстың тақырыбы: «ең алғыр,ең талантты оқушы»


Мақсаты:
1. Оқушылардың жан - жақты білімін тексеру, пысықтау;
2. Ой - өрісін, танымдық белсенділігін дамыту, әр түрлі пәнге қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін арттыру;
3. Тапқырлыққа, тез ойлауға, ортада өз ойын талқылауға баулу.
Сайыстың түрі: Интеллектуалды ойын.
Көрнекілігі: әр түрлі сұрақтар,
Ойыншылар: 0 «Ә» сынып оқушылары

Сайыстың жүрісі:


1 - жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен қадірлі оқушылар!
Бүгінгі 0 «Ә» сыныптарда өткізгелі отырған «Ең алғыр,ең талантты оқушы» сайысына қош келдіңіздер!
Қош келдіңіз талантты да тапқырлар,
Танытатын білімдерін сан қырдан.
Бүгінгі күн күтіп отыр сіздерді,
Көрінер деп бәйгенің биік шыңынан!

Қош келдіңіз көрермені сайыстың,


Жанашыры болыңыздар бұл істің.
Бастан – аяқ қошеметпен қатысып,
Талантты мен талаптыны табайық!

Сонымен қарсы алыңыздар ең талантты оқушылар!


Оқушылар хормен:
Талантты да талапты оқушымыз,
Білімді ой - санаға тоқушымыз.
Білімге иек артып сайысуға
Сайыстың төріне біз келіп тұрмыз!

Тәрбиеші : Бірі артып сыныбының намысын,


Бірі арқалап қоғамдағы жұмысын,
Бірі салмақ өз өнерін ортаға,
Өздерінің сенім артып ойына,
Енді бірі көркем сөздің шебері.
Шалқып отыр бүгінгі күн кемелі,
Білімінің бүгінгі күн жемісін
Келіп тұр - ау бұлардың да көргісі. - деп, біз ойынымызды бастаймыз.
Тәрбиеші
Ойынға қатысушы топтар
1. «Тапқырлар»
2. «Алғырлар»
Ойын кезеңдері:
1. Таныстыру: «Мыңның жүзін білгенше - бірдің атын біл»
2. «Білегіңе сенбе, біліміңе сен» «Жұмбақ шешу!»
3. «Өнер алды - қызыл тіл» мақал сайысы
4. «Кім көп біледі?»
5. «Ойлан тап!»
Тәрбиеші
1 - кезең: Таныстыру: «Мыңның жүзін білгенше - бірдің атын біл»

Алғашқы кезең әрине таныстыру


Жақсы ғой мүшелермен таныс болу.
Екі жұлдыз, бір тілек, ізгі ниет.
Қошеметтеп баршаңыз ниет қылу.

«Алғырлар»


Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар,
Білімді санасына тоқушылар.
Білімімен, өнерлерін ортаға сап,
Шықты міне, Алғырлар атты сайысшылар.

Топ атын алғыр қойған алғырлармыз,


Шетімізден білімді балғындармыз.
Топ жарып, алға шығып озып жатсақ,
Бұл қалай болды екен деп таң қалмаңыз.

Біздің топ ұраны: Нақты жауап, саналы шешім береміз,


Ұшқыр ой мен білімімізге сенеміз!

«Тапқырлар»


Топ атауы ойы жүйрік тапқырлар,
Жарыс көрсе күш - қуаты жалындар.
Логикалық тапсырмалар шешуде,
Алдыңғы топ қатарынан табылған.

Біздің топ ұраны: Тапқыр болу - ізгі арман, мұратымыз,


Талмасын әрдайым да қанатымыз!
Тәрбиеші
Кім жеңді, кім жеңілді деп жүрмейік,
Әділ қазы бағасына жүгінейік.
Сайысқа баға беріп сөз айтатын,
Қазыларға төрден орын берейік!
Әділ қазылар алқасын төрге шақырамыз: Бибігүл апай, Айжарқын апай, Салтанат апай.
Тәрбиеші
2 - кезең: «Білегіңе сенбе, біліміңе сен» «Жұмбақ шешу!»
Сөз мәйегін жұмбақпен өрнектеген,
Астарын сөз бұйдалап суреттеген.
Ұшқыр ой қиялына жетелейтін,
Жұмбақ шешу кезеңіне кезек берем.
«Ең алғыр, ең талантты оқушы»
Мақсаты: Балаларды қай пәнге бейім екендігін айқындау. 18.12.2015ж
Дарынды оқушыларды анықтау.
Дамытушылық
мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін, еркін сөйлеуге, ойын толық жеткізуге, өз бетінше жұмыс жасау қабілеттерін арттыра түсуге дамыту.
Тәрбиелік мақсаты:
Ұқыптылыққа, жинақылыққа, өзін-өзі көпшілік арасында ұстай білуге және жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: Жалау, парта, шарлар, әріпті жәшіктер т. б.
Пән аралық байланыс: музыка, сауат ашу,математика дене шынықтыру.
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру
Жүргізуші: Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,
Ренжімей тараса, озбағандар жарады.,
Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол-еңбектену, жалықпау.
Қымбатты оқушылар, бүгінгі «Ең алғыр, ең талантты оқушы» атты танымдық ойын-думанымызға қош келдіңіздер. Бүгінгі сайыс барысында оқушыларымыздың ой-өрісін, білімдерін, ептілігін сарапқа салатын боламыз.
Мен бүгін өздерінің ақылды, шеберліктерін, алғырлықтарын, өз бетінше жұмыс жасай алатын, еркін сөйлей алатын көрсеткісі келіп отырған 0 «ә» сынып оқушыларын ортаға шақырғым келіп отыр.
Олар: І топ «Алғырлар»
Сәлемдесуі: Қиындықтан сірә да біз қашпаймыз
Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз
Қияларға самғап ұшқан құстаймыз
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз
ІІ топ «Тапқырлар»
Сәлемдесу: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым
Көрсетеміз бізде қандай күш барын
Алға қойған мақсатымыз бір екен
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым
Жүргізуші: Талапты да, талантты балалардың сайысын бақылап отыратын бақылаушы ханым бастауыш сынып мұғалімі Бөлегенова Ақмарал Тыныштыққызы. Бүгінгі білімділер сайысы 6 айналымнан тұрады. 6 айналымның өзі 1, 2, 3, 4 бөлімдерден тұрады. Айналымның барлығын сайыс барысында түсіндіріп отырамын. Әр айналым бойынша әр топқа жеке-жеке сұрақтар қойылады. Берілген сұрақтың жауабын таба алмаса, 2-ші топ жауап беріп ұпай санын өз қоржындарына сала алады. Сұрақтың жауабын тек алдарыңыздығы белгімен дыбыс шығару арқылы білдіресіздер.
Олай болса, 1-ші айналым 4 бөліктен тұрады.
1 айналымның 1 бөлімі яғни ширату мақсатында берілген. Олай болса экранға назар аударайық. Шашылған әріптерден сөз құрау.
а)
ШАҒ
МРА
ДАБ
Сөзді сипаттап суреттеу. (Бұл бізге керек, әсіресе мектепке келерде және қайтарда қажет, оған барлық адамдар қарайды)
(Бағдаршам)
- Бағдаршамның түстері қандай?
ә) ІІ топ.
ІКД
ЛҮЕ
НК
(Бұл әр оқушыда болады, оны ашсақ кейде күлесін, кейде ашуланып, ұяласың, ол сенің досың)
(Күнделік)
- Күнделікті қалай ұстау қажет?
- Ұпай санын анықтау.
- 1 айналымның 2 бөлімі. Мұнда математика пәні бойынша логикалық сұрақ берілген.
І топ.
* Аулада қаздар жайылып жүрді. Дана 6 аяқ санады. Аулада қанша қаз бар? Жауабы: 3 қаз
ІІ топ
*Ағашта бірнеше құс отырған. Оларда 8 қанат болды. Ағашта неше құс отыр? Жауабы: 4 құс отыр.
- Ұпай санын анықтау.
1 айналымның 3 бөлігіне де келіп жеттік. Бұл 3 бөлік өзіміздің әдебиеттік оқу пәнінен берілген. Берілген сөздің мағынасын ашып, түсіндіру. Әр топқа жеке – жеке сұрақ қойылады.
І топ. Назарларымызды экранға аударайық.
- қулығына басады – қулық жасайды, алдайды
- жұғын да жоқ - түк те, дым да жоқ
- Тапқан малымның бір бөлігімен борышымды өтеймін, бір бөлігін өсімге беремін деген сөйлемді қалай түсінесіңдер?
Дұрыс жауап: Қарт әке-шешеме берген ақшаларымды өтеп тұрған борышым деп білемін. Өзімнен туған балаларды оқытуға берген малымды өсімге берген мал деп білемін. Балалар адам болып, біз қартайғанда жақсы асыраса, олардың борышымды өтегені деп ойлаймын,- дейді Үйші.
ІІ топ.
- жан тапсыру – қайтыс болу, дүниеден өту, өлу
- қиралаңдап - ақсаңдап
- Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай деген өлең жолдарын қалай түсінесіңдер?
Дұрыс жауабы: Жаз бойы құлпырып тұрған ағаш, күз мезгілі жеткенде барлық жапырақтарынан айырылып жалаңаш күйде қалады, бұл жерде ағаштардың түрін қартайып кеткен қарт шал мен кемпірге теңеп тұр.
*Топтардың жинаған ұпай сандарын анықтау.
1 айналымның 4 бөлігі: - Мұнда «Достар» студиясының жасырған әнін тауып алған топ қосымша 2 ұпайды бірден иеленіп, өз қоржындарына сала алады. Жасырылған ән екі топқа да ортақ. Әнді тапқан топ бірден алдарындағы белгіні береді.
*Жасырылған ән: «Қошақан» әні
- Олай болса қосымша 2 ұпай саны беріледі. Ал біз барлығымыз экранға қарап «Қошақан» әнін бірге орындайық.
* Достар сендерді ұпай сандарыңмен құттықтаймын. Ендеше 2 айналымға да кезек берейік. 2 айналым 2 бөліктен тұрады.
2 айналымның 1 бөлімі. Мұнда кино саласы бойынша. Кинодан үзінді беріледі. Әр топқа тапсырма жеке-жеке беріледі. Ол үшін барлығымыз назарымызды экранға аударайық. Киноны көрсету. «Балалық шағымның аспаны»
І топ
* Сұрақ
- Көрсетілген киноның аты? Жалпы кино кім туралы?
- Дұрыс берілген кинодан үзінді елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың балалық шағы туралы. Елбасымыз ұшқыш болуды армандаған екен. Бірақ елбасымыз өз еліне қызмет ету жолын таңдаған екен. Себебі ұшқыштың оқуы Украина қаласында болғандықтан әкесінің өз еліңе қызмет ет деген сөзі ақылға салып, кенші оқуына түседі.
ІІ топ «Менің атым – Қожа» киносынан үзінді.
* Сұрақ
- Көрсетілген киноның аты? Жалпы кино кім туралы?
- Дұрыс жауап: Қожа деген бала туралы. Ол өзі бұзық болғанымен, шыншыл, жалпы өтірікті жаны сүймейді, әділдікті қалайтын бала туралы. Кейін киноның аяғында Қожа өзінің қателіктерін жояды, тәртіпті, ақылды бала болады.

2 айналымның 2 бөлімі «Достар» студиясының жасырылған әнін табу. Қосымша 2 ұпайды ұпайы төмен топ тауып өз қоржындарына салуға әбден мүмкіндігі бар. Жасырылған ән: «Ортеке»


Достар сендерді ұпай сандарыңмен құттықтаймын. Ендеше 3 айналымға да келіп жеттік. 3 айналым 1 бөлімнен тұрады. Айналым әдебиеттік оқу пәнімен байланысты. Мұнда топ басшылары менің дайындаған 5 сұрағымды өз топтарына қояды. Сұрақтар тарихта болған адамдар, авторларға, өткен тақырыптарына байланысты. 1 минут уақыт беріледі. Уақыттың басталуын, аяқталуын бақылаушы ханымның белгілерімен бастап, аяқтаймыз.
І топ.
1. Қазақ даласына алғаш білім жарығын алып келген адам кім?
Ыбырай Алтынсарин
2. Балаларды оқуға шақырған Ы. Алтынсариннің өлеңі қалай басталады?
Бір аллаға сиынып
3. «Ата-ана алдындағы борышың» деген тіркестегі «борышың» сөзін басқаша тағы қалай айтуға болады?
Қарызың
4. Өлең жазатын адамды қалай атайды?
Ақын
І топ. Сұрақтар міне өздері де келе жатыр. Алдарыңызға әкелінген сусындарды татып, иіспен, қарап көруге де болады. Ендеше сіздерге берілген сұрақ мынадай. Алдарыңыздағы сусындардың ішінен қымызды табыңыздар?
- Қымызды төрт-түліктің қайсысынан аламыз? Жауабы: Қымызды Жылқы малынан оның ішінде биеден яғни жылқының ұрғашы малынан аламыз. Үйірілген сары алтындай сары қымыз, Ауруға – ем, сауға қуат дәрі қымыз деп Жамбыл атамыз жырлағандай қазақ халқының дардығын, байлығын, дастарханның берекесін, мырзалығын дәлелдейтін осы сары қымыз болған. Қымызда С дәрумен ікөп болған. Сондықтан оның емдік қасиеттері әсіресе туберкулез ауруынан емдеу айрықша жоғары.
ІІ топ:
Сіздердің де сұрақтарыңыз міне өздері де келе жатыр. Алдарыңызға әкелінген сусымалы дәнді-дақылдарды ұстап, қарап көріп алыңыздар. Сіздерге берілген сұрақ мынадай. Осы сусымалы дәнді-дақылдардың ішінен бидайды табыңыздар.
- Бидайдан не жасаймыз? Жауабы: «Жерде жатқан бидай дәнін көрсең, түйенің үстінен еңкей де теріп ал!» деп халқымыз бидайды аса құрметтеген.
Ұпай санын анықтау.
Олай болса, 4 айналымның 2 бөлімі. Әр топқа сұрақ жеке-жеке мультфильм қойылады. Дайын болсақ экранға назар аударайық. Мультфильм көрсетіледі.
І топ.
- Бұл мультфильм қалай аталады? «Құйыршық»
- Баланың қолындағы затты ата? Оны не үшін қолданады?
Жауабы: Торсық. Жылқының терісінен 5-10литр шағын ыдысты торсық деп атайды. Торсық 1-2 адамға арналған шағын ыдыстың түрі. Көбінесе торсықты жол жүргенде бірге ала шығады. Ішіне қымыз, айран, шұбат сусындарын құяды.
ІІ топ
- Бұл мультфильмнің аты? «Ақсақ құлан»
- Ханға баласының қайғылы хабарын не арқылы жеткізді?
Жауабы: Домбыра. Домбыра қазақтың бас аспабы.

* Достар сендерді ұпай сандарыңмен құттықтаймын.


Кезек 5 – ші айналымда. 5 айналым шағын 4 бөлімнен тұрады.
- 5 айналымның 1 бөлімі дене шынықтырумен пәнімен байланысады. 5 айналымның 1 бөлімі «Сенемін, сенбеймін» деп аталады. Қойылған сұраққа тек қана сенемін, сенбеймін деп жауап бересіздер. Сонымен қатар қосымша сұраққа да жауап бересіздер.
Достар сендерді ұпай сандарыңмен құттықтаймын. Ендеше соңғы шешуші 6 айналымға да келіп жеттік. Мұнда 4 ойыншыға 2 әріптен тиесілі, қалған балалар жауаптардың дұрыс орналасуына көмектесесіңдер. 1 минут уақыт беріледі бақылаушы ханымның Уақытты белгісімен бастап, аяқтаймыз. Менің қойған 5 сұрағыма әріптердің көмегімен жауабын шығарады.
І топ. О-Ұ, Т-М, А-Ы, Р-Н
Сұрақтар:
1.... оттанда ыстық ( отан )
2. До, ре, ми, фа, соль, ля, си, до бұлар? ( нота )
3. «Садись» сөзінің қазақша баламасы?
4. Сыныптағы Нұрдәулеттің фамилиясы? (Омар )
5. Атадан қалаған асыл... ( мұра)
ІІ топ О-А, Р-М, П-С, Ы-А
Сұрақтар:
1. Ұшатын, шағатын, 4 әріпті жәндік? (маса )
2. А. Винокуровтың ұлты? ( орыс )
3. Күннің түсі? (сары)
4. Сникерс, натс, твикс,... шоколадтың түрі? ( марс )
5. Дәнді-дақылдың бір түрі. бидай, күріш, тары,... (арпа)

- Ұпай сандарын анықтау. Жеңіске жеткен топты анықтау. Мадақтау, марапаттау.


«Көк ту» әнімен аяқтау

Сынып сағатының тақырыбы: «Әдептілік әліппесі»
Сынып сағатының мақсаты: Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру. Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Мақал - мәтелдер, нақыл сөздер жазылған плакаттар, тірек сызбалар


Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Тәрбиеші: Бүгінгі сын сағатымыз әдептілік тақырыбында өтіледі.


Әдептілік - адамдардың өзара жақсы қарым - қатынасының, жүріс - тұрысының ережесі.
Осы әдептілік ережесін сақтау керек. Бүгінгі заман адамы сегіз қырлы, бір сырлы болып өсуі керек.
«Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар қалан»деп Абай атамыз айтқандай кішіге мейірімді, досына қайырымды, еңбексүйгіш, шыншыл да қамқор болсаң өсе келе ата - анаңның, Отаныңның мақтанышы боласың.


Адам болатын бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, жаман әдеттерден аулақ болуға тырысуы керек. Ендеше әдепті, ақылды балалардың қандай болуы керек екенін мына өлеңдерден тыңдайық.

Ойын «Жалғастыр»


«Не істеуге болмайды?»
- үлкендердің алдынан......(кесіп өтуге болмайды)
- кішкене баланы......... (жылатуға болмайды)
- құстарды........ (атуға болмайды)
- қыз баланы....... (ренжітуге болмайды)
- сабақтан....... (кешігуге болмайды)
- сыныпта....... (айғайлауға болмайды)

1 - оқушы


Ата - ананың тілегі - адам болып өскенің,
Адамдықтың тірегі – адал болып өскенің.
Әдептілік дегенің - әрқашанда керегің,
Әсемпаздық дегенің - әуре сарсаң әлегің.
2 - оқушы
Тәртіпті бала сүйеніш,
Төбең бір көкке жетеді.
Ұрыншақ бала жанында,
Ұрыс пен керіс айқай шу.
Ұстамды бала маңынан,
Ұнамды қылық байқайсың.
3 - оқушы
Кім үлкенді сыйласа,
Кім үлкенді тыңдаса
Үлкен болған кезінде
Сыйлы болмақ өзі де.
4 - оқушы
Сыйла үлкен кісіні
Қамқорлыққа ал кішіні.
Сақтап көше тәртібін,
Бағдаршамның ал тілін.
Әдет қыл бұл ісіңді,
Тазалап жүр тісіңді.
5 - оқушы
Қарсы ал ерте күн көзін,
Төсегіңді жина өзің.
Асықпай іш тамақты,
Жалама аяқ - табақты.
6 - оқушы
Пышақты ұста оң қолмен,
Шанышқыны сол қолмен.
Нанды үгітпе, қадірле,
Қабығымен бәрін же.
Саусағыңды сормағын
Салдыр-салақ болмағын.
7 - оқушы
Сыйлап сәлем беремін
Көршілерді көргенде.
Ізетпен бас иемін,
Үйге қонақ келгенде.
Әдепсіз деп сөкпесін,
Анама айтып өкпесін.
8 - оқушы
Атам маған қашан да,
Кішіпейіл бол деген.
Ата сөзі санамда,
Мақтанбауды жөн көрем.
Әдептілік ережелері:
- Әдепті бала қашанда сәлемдеседі. Кезіккен адамдармен амандасады, көмегі және қамқорлығы үшін алғыс айтып, кетіп бара жатқанда қоштасуды ұмытпайды.
- Әрқашан сыпайы болу керек. сыпайылық – айналаңдағы адамдарға өзіңді жағымды көрсету. – Байқамай біреуді ренжітіп алса, дереу кешірім сұрайды.
- Әдепті бала көлікте отырғанда үлкендерге орын береді.
- Үлкендерді, ауру адамдарды, соқыр адамдарды көшеден өткізуге көмектеседі.
9- оқушы
Қалдыратын ұятқа,
Жалған сөзге төзбеймін.
Жеткізетін мұратқа,
Тек шындықты көздеймін.
10 - оқушы
Ізетті бала
Ерлан қандай елгезек,
Берді ағайға жол кезек:
- Ағай ғафу етіңіз!
Алға қарай өтіңіз.
- Оқасы жоқ, ұланым,
Ізетіңмен ұнадың.
Деп ағай да Ерланды
Жақсы көріп нұрланды.
Ән: «Не деу керек?»
«Жалғастыр» ойыны:
«Не істеуге болмайды?» деген сөзді айтады тәрбиеші, оқушылар әрі қарай өздері жалғастырады.
1. Үлкендердің алдын -
2. Кішкене баланы -
3. Құстарды -
4. Қыз баланы -
5. Сабақтан -
6. Үйге жүгіріп -
7. Үлкен кісіні -
8. Оқу – құралдарын -
9. Сыныпта айғайлауға -
10. Ысқыруға -
11. Құстың ұясын -
Не істеу керек?
- Үлкендерді сыйлау керек
- Ата - аналардың тілін алу керек
- Тәртіпті болу керек
- Оқу құралдарын күтіп, таза ұстау керек
- Сабақты жақсы оқу керек
Әдептілік жайлы мақал - мәтелдер айту.
Әдепті бала - арлы бала,
Әдепсіз бала - сорлы бала.
Әдептілік белгісі,
Иіліп сәлем бергені.
Ашу - дұшпан, ақыл - дос,
Ақылыңа ақыл қос.
Сіз деген - әдеп,
Біз деген - көмек.
1. Ұлық болсаң - кішік бол.
2. Кішіден ізет - үлкеннен құрмет
3. Әдепті бала ата - анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата - анасын қақсатар.
1. Жақсы адам ай мен күндей
Әлемге бірдей.
1. Әдепті бала кездессе, сәлем берер бас иіп,
Әдепсіз бала жолықса, өте шығар кекиіп.
Сұрақ - жауап: «Сен маған, мен саған»
1. Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқаныңда алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің?
2. Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?
3. Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?
4. Үйге қонақ келгенде бала не істеу керек?
5. Әдептілікті бізге кім үйретеді?

Тәрбиеші: «Әдеп» деп «әдептілік» деп қандай мінез бен іс - әрекетті айтамыз?


1 - оқушы: Әдептілік деп үлкенді сыйлауды, достарды, айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей - ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі, көпшілікке өзінің әдептілігін көрсетеді.
2 - оқушы: Сонымен әдептілік дегеніміз әдеп, ізет, инабат, сыйласым, құрмет, қамқорлық деген сөздерді білдіреді екен. Тағы да бір айтатын жағдай бір - бірімізге кешірімді болу керек, ол да - әдептілік. Кейде кешірмейтін мінез құлықтар да болады. Ондай теріс мінезді тезге салып, тез түзеу керек.
Ситуациялық сұрақтар
1. Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқаныңда алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің?
2. Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек.?
3. Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?
4. Үйге қонақ келгенде бала не істеу керек?
5. Әдептілікті бізге кім үйретеді?
Жас - кәріге сіз деген
Жақсы үлгі іздеген.
Дос боламыз біз деген,
Ізетті ұл мен қызбенен.
Көрініс: Байлық пен ақыл
Ізеттілік, әдептілік, адамгершілік жөніндегі сұрақ - жауап
Сыйлап үлкен ағаны
Сәлем берген баланы
Кім дейміз?
Әдепті екен бұл дейміз.
Кітап, дәптер, қаламы
Кір шалмаған баланы
Кім дейміз?
Ұқыпты екен бұл дейміз.
Таудай биік талабы
Жақсы оқитын баланы
Кім дейміз?
Үлгілі екен бұл дейміз.
Әдептілік сөзін топтастыру.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін біз сіздермен әдептілік жайлы білдік. әр адам өзін кез - келген жағдайды кез - келген жерде тәртіпті ұстап, әдепті де әдемі сөйлей білуі керек екен. Әдепті адам жамандықты жақсылыққа баурап, өзінің ақылдылығын таныта білуі керек.

  Қарттарын қадірлеген ел,ардақты (кездесу)

Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, қайырымдылыққа, жақсы үлгі өнегеге, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу қасиеттеріне, мейірімділікке, қарияларды құрметтеуге тәрбиелеу.

Тәрбиеші: Армысыздар, құрметті ұстаздар және қадірлі қонақтар! Халқымыз қашанда дария көңіл, кең кеуде қарттарымен мақтана білген. Ақсақалы мен ақ шашты ананы қадірлегені соншалық, ақ киізге орап, көтерген екен. Бүгінде біздің аталарымыз бен аналарымыз да сондай құрметтен кенде емес. Орны – төр, қатары – алдыңғы сапта. Солай бола тұра, еліміздің қарттары үшін жыл сайын қазан айының алғашқы күнінің орны айрықша. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1990 жылы 14 желтоқсанда 1 қазанды Халықаралық қарттар күні деп жариялады. Тоқсаныншы жылдардың ба¬сында Еуропада, бері келе Америкада кең атап өтілетін мереке, жыл¬дар өте әлем бойынша тойлана бастады. Биыл міне, Халықаралық қарт¬тар күні мерекесіне 22 жыл толғалы отыр. Кез келген қария бұл күнді асыға күтетіндей. Оның себебі сол мерекеде оларды бұрын өздері жұмыс істеген ұжымы қонаққа шақырады. Онда әр зейнеткер байырға ұжымымен кездесіп, жастарға ақыл кеңестерін айтып бір серпіліп қалады. Олай болса осы айтулы мерекемен сіздерді құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, жүздеріңізге әрдайым күлкі тілейміз! Бүгінгі біздің мерекелік дастарханымызға қош келдіңіздер!

Өткізген шәкіртімен қыс жаздарың
Көп пе екен айтар бізге мұң наздарың
Еңбегімен бөленген нұр алғысқа
Армысыздар! Ардагер ұстаздарым!

Дүниеге келер бір рет


Дария кеуде тау – мүсін
Құрыштай күйген құдірет
Қарттарым, аман –саумысың?

Ардагерлер ардақты асыл жандар


Шәкіртімен мерейі тасығандар
Білімнің сәулесі мол нұр көшінде
Шуақ боп, шапағат боп шашылғандар, –дей отырып кешімізді әдемі әнмен ашқалы отырмыз.
«Алтын ана» әнін қабыл алыңыздар.

.
Тәрбиеші :


Өздерің болсаң жанында
Ел іші жомарт, еңселі
Дән исі сіңген қанында
Даламның бір-бір бөлшегі
Оқушыларымыз сіздерге өлең жолдарын арнайды.

Бейтөре:
Қарттарым жүректерің неткен дархан,


Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң.
Жолыңды жүріп өткен қарасам мен
Оқитын келешекте бір-бір дастан
Таң атып күн де шыққан өздеріңнен
Жалындап жұлдыз жанған көзлеріңнен
Тербедің көктем бағын самал болып
Өсиет жастарға айтқан сөздеріңмен

Айкүнім:
Сүйсінер ісің көп болса,


Батаға жарып өсесің
- Көп жаса, балам!- дегізсең
Қарттыққа сен көшесің
Жер бастырмай баласын,
Желкесіне мінгізген.
Өсіріп ар-намысын
Ата-аналығын білгізген
оқушы:
Қартаю деген әрқалай,
Қартаяр әркім әр түрлі.
Кәрілікті қалар байқамай,
Балам бар деп марқайып,
Бар өмірін өткізген.
Қарт мұңлыққа шалқайып,

Қадірлей біл қартыңды!


Болып жүрме тексізден.
оқушы.
Кеше ол да дәл сендей,
Жас болғанын ұмытпа.
Дүние кезек, достарым.
Қарттардың көңілін суытпа!

Бүгін сіздерді мерекелеріңізбен құттықтауға биылғы жылдың бірінші сыныбы, ғылым мен білімнің есігін алғаш ашқан, болашақта өздеріңіздей болуға талпынған бүлдіршіндері де келіп тұр. Қабыл алыңыздар!

Нұрдәулет: Жақсылықтар үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан

Перизат:
Бәрін де жақсы көремін,


Үнемі көмек беремін.
Үлкенді сыйлау – кішілік
Үлгілі мінез - кісілік

Би «Құс биі»


Тәрбиеші:
Ұстаздық пен шәкірттік адам баласы ара-қатынасының ең абзал, ең мағыналы, ең мәнді түрі. Шәкірт бойына қуат, жанына жаныған жігер біреуден еш аянбаған ардагер ұстаздарымыздың ұстаздың қасиетті жас буындағы ұстаздар үшін үлгі болатындығы айқын Аса құрметті ардагер ұстаздар, сіздер қандай да сый- құрметке болса да лайық жансыздар. Сіздердің өнегелі өмір жолдарыңыз бүгінгі ұрпаққа қайталанбас үлгі.Ендеше келер ұрпаққа айтар тілектеріңізді тыңдасақ дейміз!:
Тәрбиеші:

Нұр жүзінен жылы шуақ төгілген


Шәкірттерін сүйген таза көңілден
Тағылым беріп жас ұрпаққа қашан да
Өз соқпағын тапқан мынау өмірден

Қадірлі ардагер ұстаздар, қазіргі әсем билеріміз сіздерге арналады.

Тәрбиеші:
Ізгілікті он бойына жинаған
Шәкірттерге жан жылуын сыйлаған
Тәрбиелеп жаңа адамын Отанның
Ардақтысы болған елдің мұғалім
Шәкірттердің тыңдап жазып, сұрағын
Жас сынаға төгіп білім шуағын
Хат танытып, жол сілтеген өмірге
Барша жұртқа құрметті ол мұғалім.

Шәкірттерін еліне абыройлы, халқына сыйлы, адал, шыншыл азамат етіп шығарамын деп, әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшасын қатайтып еңбек еткен ардагер ұстаздарымызға алғысымыз шексіз.


Осымен сіздерге арналған мерекелік кешіміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Осындай халықтың ыстық ықыласына бөленіп, еңбек еткен ардақты ұстаздарымызға зор денсаулық отбасыларына амандық тілейміз.









Батырлар ерлігі ұрпаққа өнеге


Тақырыбы:Батырлар ерлігі ұрпаққа өнеге.

Мақсаты: Ұлы Отан соғысының тарихи маңызы, халықтың отансүйгіштік қасиеті, қаһарман ерлігі мен еңбегін бағалауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Патриоттық сезімге баулу. Балалардың елін, жерін, отанын сүюге, ержүректілікке  тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата- бабаларының  ерлік істерін қастерлеп, рухын   көтеру , үлгі-өнеге тұту.

Көрнекілік: Мәңгілік алау макеті, белгісіз жауынгерге  ескертіш макеті,  нақыл сөздермен мақал-мәтелдер, түрлі- түсті суреттер.

Сөздік жұмыс:  Мәңгілік  алау,  үш тал гүл, жауынгер бас киімі- каска, сөз жұмбақ.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру

Құттықтау сөз:

Тәрбиеші

Құрметті балалар, ата-аналар, апайлар. Сіздерге Ұлы жеңіс мерекесімен  құттықтаймыз . Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, жандарыңызға амандық тілейміз. Сонымен бірге «Қошақан тобының» «Аталар ерлігі ұрпақұа үлгі »атты тәрбие  сағатын көруге шақырамыз.



Кіріспе сөз:1941 жылдың 22маусынында шетелмен Германия Отанымызға опасыздыққпен  соғыс жариялады.  Елбасына күн туып ,ел шетіне жау  келгенде,  әкелерімізбен  ағаларымыз. апаларымзбен «Отан үшін» деп  небір  қанды шайқасқа кірді. Ұлы  Отан соғысының дүние жүзі үшін маңызы зор.1945 жылы 9 мамырда Германия  жеңілісін  мойындады. Халықтың көпшілігі, күткен  ұлы жеңіс келді. Бұрың соңды болмаған мереке Мәскеу қаласында болды. Мың зеңбіректен 30 дүркін салют (отшашу)   мен М.Маметова. Қайратты да қайсар атамыз Б.Момышұлы, Қ.Қайсенов,Р.Қошқарбаев ерліктері елге мәлім.Біздің ауылымызда да қаһарман аталарымыз бар. Олар:Т.Көмекбаев(Қаһарман батыр), Ә.Мұхтаров, А.Бектасов,Қ.Рахатов,Н,Әлиев және т.б.(Бүктемеден суреттер көрсету, тақтамен жұмыс)

МӘҢГІЛІК АЛАУ-Отан үшін жас жанын қиып, Отан үшін ерлік көрсеткен солдаттарға. жауынгерлерге арналған мәңгілік ескеріткіш алау(от),

ЖАУЫНГЕРЛІК БАС КИІМІ-КАСКА-Жауынгердің оқтан, оттан қорғаған, су ішіп, тамақтанатын ыдысы да болған.

ҮШ ТАЛ ГҮЛ-Белгісіз жауынгерге арналған мәңгілік құрмет, мадақ,ескеріткіш.

ТОП БАЛАЛРЫНЫҢ ӘН – ЖЫР ШАШУЫ

ХОР:Майданға

1-оқушы:

Оқ аспанында зулаған

Жатты жерді орт

Жау алдында тұрады

28 шың болып

2-оқушы

 Тығылып  гүл омырауға

Сұрағандай жанға сауға

Ант еткендей тұрды Мәншүк

Гүлді жауға таптатпауға

Хор:Ақкептерлер

Мақал – мәттелдер:

3-оқушыБатыр туса ел ырысы

Жаңбыр жауса жер ырысы



4-оқушы:

 Батыр - елдің сәулеті

Балқұрақ – жердің дәулеті

5-оқушы:

Ер жігіт ел үшін туады,

Ел үшін өледі

6-оқушы:

Өркендесін туған жер

Өркендесін туған ел

Шайқалмасын асқар бел

Шайқалмасын шалқар көл

Хор:Әрқашан күнсінбесін

Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлерді еске алу.(Бір минут үнсіздік)

Жеке ән:Сарбаздар.

Ребус:«Жеңіс».Қорытынды:

№4 М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп

«Имандылық жүрекке ұяласа»


Сабақтың тақырыбыИмандылық жүрекке ұяласа

Сабақтың мақсаты:  1.Оқушыларды адамдық асыл қасиеттерді

қастерлеп,өмір заңдылықтарын білуге үйрету.Адамгершілік қасиетттерге бағыттай отырып,оқушының рухани білімін байыту,логикалық ойындамыту.Адамгершілік қасиеттерді сезіне білуге және үлгі етебілуге тәрбиелеу,имандылық,инабаттылыққа баулу.



Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап,топтастыру,тренинг,жағдаяттық сұрақтар

Сабақтың көрнекілігі: ,нақыл сөздер

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру

 Шатттық шеңбері. Музыка ойнап тұрады.Оқушылар шеңбер құрып, қолдарын дағы гүлдерін бір – біріне ұсынып,жақсы тілектерін айтады.

 Білектей арқасында өрген бұрым

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын

Кәмшат бөрік,ақ тамақ,қара қасты

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін ?!

 

Атадан жақсы ұл туса



Елінің туы болады

Атадан жаман ұл туса

Елінің соры болады

Оқушылар,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Имандылық жүрек

ке ұяласа» деп аталады. Берілген екі түсті таңдап алып,екіге бөлініп отыра мыз.

  Тренинг. Алдарыңыздағы параққа адам бойындағы жаман,жақсы қасиеттер ді жазып,алдарыңызға бүктеп қойыңыз.



«Топтастыру» стратегиясы

Имандылық

Адалдық

Әділдік


Адамның асыл қасиеттері

Әдептілік

Ізеттілік

Қайырымдылық

Балалар,қазақта мынадай тілек тілейді екен.Қыздарға ибалы,инабат

ты болсын,ұлың иманды,жүректі болсын,адамгершілігі мол болсын,қайырым ды болсын. Адам бойында жақсылық пен жамандық,имандылық пен имансыз дық қатар жүреді.Осы қасиеттерден аулақ болу үшін манағы жаман қасиет терді жазған парақтарды жыртып тастайық.

 

Имандылық пен инабаттылық туралы не білеміз?



Балалар пікірі тыңдалады.

 

Ойланайық,пікірлесейік.

 

А) Ұлдарға сұрақ:



Қыздың көркі деп нені түсінесің?

Қыздарды неге өмірдіңгүлі дейді?

Қыздарға қандай қылықтар жараспайды?

Сұлу қыздарға арнап мақал айт

 

Ә) Қыздарға сұрақ:



Ұлдарға қандай қылық жараспайды?

Ұлдарға арнап мақал айт

«Атадан жақсы ұл туса,елінің туы болады» дегенді қалай түсінесіңдер?

Ұл бала үшін қасиетті борыш деп нені айтар едің?

 

Проблемалық жағдаяттар

Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда алдыңнан бір үлкен кі

сі шықты. Сен не істер едің?

Автобуста,қоғамдық орында егде адамдарды көргенде не істейсің?

Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?

 

Қорытынды. Адамгершілік,имандылық пен инабаттылық туралы мағлұмат алдық.Егер сен бала күніңнен әдепті,иманды,жүрегі мейірімге толы бала бо лып өссең, есейе келе ата –анаңның,өз Отаныңның мақтанышы боласың.





«Шын дос - асыл қазына»

Сабақтың мақсаты: Адамның бойында болатын достық сезім қасиеттері де қастерлі сезім екендігіне көз жеткізу. Достық сезімді бойларына сіңіріп, оған басшылық жасай білуге тәрбиелеу, досқа деген адалдық, шексіз ықылас сезімдерін бағалай білуге және адал достықты жалған достықтан айыра білуге тәрбиелеу.


Сабақтың барысы:
Тәрбиеші: Қайырлы күн! Ұстаздар мен оқушылар! Жалпы дос дегеніміз не, қалай дос болу керек екені бәрімізге белгілі. Бірақ кейбіреулер шындығында дос деген сөздің мәніне жетпейді. «Жостық - өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашанда барлық басқа игілікке түгел ие бола тұрса да, дос – жарансыз өмірді қаламақ емес» деп Аристотель атамыз айтқандай бүгінгі сабағымызды жалпы дос туралы талқылайтын боламыз.
Оқушылар алдымен достық деген не, оны қалай түсінеміз, соны айырып алайып алайық. Сендер қалай ойлайсыңдар? Дос деген не?
Оқушылар: Дос дегеніміз екі адамның бір – біріне деген қарым – қатынасы.
Дос деген қиналғанда жанынан табылатын, көмектесетін жанашыр жан.
Тәрбиеші: Иә, достық деген қасиетті сөз, қасиетті сезім, ол тек жөні түзу адамдар арасында ғана қалыптастырып, өзара құрмет негізінде ғана дамиды.
«Достықты жырлаймыз»
Досым, саған сенемін, сеніп өтем,
Жолды бөтен демеймін, жөні бөтен.
Достық деген – адамның көрігі екен,
Достық деген – ақылдың серігі екен.
Қыран – күлкі тамаша – бәрі осында,
Отырмын думан асып жатқанымен
Олқы тұр көңілім менің нанасың ба?
Ән: «Достар»
Тәрбиеші: Ендігі кезекті ұлы даналарымыздың достық туралы нақыл сөздеріне берейік.
1. «Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас» (А. Құнанбаев)
2. «Ең болмаса бір нағыз досы жоқ адам өмір сүрмей – ақ қойса болады» (Демокрит)
3. «Жұрттың бәріне бірдей дос боламын дегендер ешкімге де дос бола алмайды» (Омар Хайям)
4. «Жаман дос - көлеңке: басыңды күн шалса қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт шалса, іздеп таба алмайсың» (Сенека)
5. «Дұшпандарының көптігінен қорықпа, олардың бірігуінен қорық» (Намада)
6. Өрге жүзген өнегелі ісімен,
Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.
7. Жақсымен дос болсаң,
Алдыңнан шығар елпектеп.
Жаманмен дос болсаң,
Сыртыңнан жүрер өсектеп. (Махамбет Өтемісұлы)
Тәбиеші:Сәлем өрен достарым,
Өмірге кеп қосқаным.
Молайтыңдар шаттықты,
Ән айтыңдар бақытты – дей отырып, келесі кезекті әнге береміз.
Достық туралы мақал – мәтелдер:
1. Сенімді дос тірегің,
Қалдырма оны бір елі.
2. Досты кекетпе,
Сөзін екі етпе.
3. Достық мектебінде есеп пәні жүрмейді.
4. Алдымен достың қамы,
Содан соң бастың қамы.
5. Достардың пұлы ортақ,
Тілі ортақ.
Достардың дауы ортақ,
Жауы ортақ.
«Пікір алысу»
1. Жос пен жолдастың айырмашылығы.
2. Үш адам нағыз дос бола ала ма?
3. Нағыз дос қандай болуы тиіс?
4. Нағыз дос қандай жағдайда сыналады?
Д – дүниедегі
О - озық ойлы
С – сабырлы
Т – тұрақты
Ы – ыстық
Қ – қарым – қатынас.
Адам бойындағы жақсы қасиеттер, адамгершілік нормалары, әлемнің татулығы бәрі де осы достықтан бастау алады. Сол бастау сіздердің бойларыңызға қаланды деп сенемін.
Бас ауырып, балтырың сәл сыздаса,
Қиыны сол, ауыры сол бізге аса.
Қайран достар, күн шуақ қой қыздырар,
Әлде кімге көңілің бір мұздаса.
Жамандыққа бастырмайды қаққылап,
Жолдас үшін басыңды бер, жат құлап.
Жақын өлсең тағы солар жүргені,
Жұмыспенен әрлі – берлі шапқылап.
Дос үйінде сайрандайды еркін ұл,
Жолдасы ғой жігіттің бір төркіні.
Тағы солар жалғыз тастап кетпейді,
Тұғырыңнан түсіп қалсаң бір күні.
Жолдаспенен жеңіл өмір азабы,
Жеңілірек көтересің қазаны.
Содан шығар,
Адам бірге өмірге
Жолдасыменен туады екен ғажабы.
Қорытынды: Достығымыз әрқашан берік болсын! Келгендеріңізге көп – көп рахмет!


«Өз құқығыңды  білесің бе?»
Тақырыбы:  «Өз құқығыңды  білесің бе?»

Сабақтың мақсаты: -Халық ертегілері арқылы « Балалар құқығы туралы  тұжырымдамамен» таныстыру.

   - Адам құқықтарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындық қабілеттілігін қалыптастыру;

 - Оқушыларды жаңа тақырыптық талқылауға, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету  және  проблемалық  сұрақтар  арқылы  олардың ой- өрісін, ойлау қабілеттінің белсенділігін арттыру.

-Заңды сыйлайтын  тұлғаны қалыптастыру. Өз болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;

 Сабақтың түрі: ойын, тренинг – сабағы.

1. «Қызықты сұрақтар» ойыны (сұрақтарға жауап береді)
а) Алғаш рет сыныпқа кіммен келдің?
ә) Партада кіммен отырдың?
б) Білім туралы мақал айт.
в) 1- қыркүйекті неге Білім күні деп атаймыз?
г) Қыркүйек айы қай мезгілге жатады?
2. «Бәріміз бірге!» ойыны (қойылған сұрақтарға барлық оқушы хормен жауап береді)
а) Біздің мемлекет – ҚР.
ә) Мемлекеттік тіл – қазақ тілі.
б) Мемлекеттік рәміздеріміз – әнұран, ту, елтаңба.
в) Елорда – Астана.
г) ҚР кім басқарады? – Президент.
Мұғалім: –

 Әлемде 1979 жылы халықаралық балалар жылын өткізу кезінде «Балалар құқығы туралы халықаралық тұжырымдама» дайындау жөнінде топ құрылды. 1989 жылдың 20 қарашасында Тұжырымдама әлем балаларының құқығын қорғау туралы және оларға тәрбие беру жөніндегі бірнеше баптан тұратын маңызды құжат. Онда «Қатысушы мемлекеттер әрбір баланың өсіп – жетілуі үшін қажетті тұрмыс дәрежесін қамтамасыз етеді және оның құқығын мойындайды» /27 - бап/ - делінген.

         1995 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаев Нью – Йоркте  ЮНИСЕФ – тің атқарушы директоры Джеймс Грантпенг бірге «Балалар құқығы туралы Конвенцияға» қол қойды. Әлемнің 156 – шы елі болып қол қойған бұл елеулі қадам жыл сайын 20 қарашада Республика балаларының өз құқықтарын қорғау мерекесі ретінде аталып өтіледі.

 

«Құқық»ұғымын ашу.



Қ-қоғам

Ұ-ұқыптылық

Қ-қорғау

Ы-ынтымақ

Қ-қызмет ету

 

Ойынның жүргізілу шарты:



         Оқушылар! Бүгін біз ертегілер еліне саяхат жасай отырып, бүкіл әлем балаларының тең жағдайда өмір сүру құқығын қорғайтын Тұжырымдамамен өздеріңді таныстыру үшін саяхат ойынын өткізбекпіз. «Балалар құқығы туралы халықаралық Тұжырымдама 1989 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымында қабылданған.

Тұжырымдама деген не?»

Тұжырымдама  дегеніміз – келісім, шарт.

Халықаралық келісімдердің кең тараған түрі.

         Тұжырымдама  шарты бойынша, 18 жасқа толмаған әрбір адам бала болып есептеледі. Тұжырымдамадада балалар жарық дүниеге келе салысымен тіркеуге алынады, осы сәттен бастап өзіне есім және азаматтық алуға құқылы деп көрсетеді. Тұжырымдамада  бірде – бір баланың жеке отбасылық өмірі мен тұрғын үй меншігіне, хат хабар құпиясына басқа біреулер өз бетінше  және заңсыз қол сұға алмайды дей келе, бірде – бір баланың ар – намысын аяққа таптайтын айуандық қинаулар мен қатал ұрып соғу сияқты жаза түрлеріне жол берілмейді – делінген.Тұжырымдама Адам құқығын құрметтеуге, баланы ата – анасына, олардың мәдениетіне, тіліне, өзі тұратын елдің ұлттық байлығына, қоршаған ортаға, табиғатқа құрметпен қарауға тәрбиелеу - жөнінде айтылған.

         Оқушылар! Түжырымдамада  қаралған құқықтарың жөнінде біршама ұғынған болуларың керек. Енді мен сендерге  ертегілерден үзінді айтамын, сендер Тұжырымдамада балалар құқығының қайсысына жататынын қолдарыңдағы әр түрлі балалар құқықтары жазылған плакаттармен көрсетіп, қорғап және менің бұл жерде балалар құқығы бұзылды ма, жоқ па деген сұрағыма жауап қайтарасыңдар!

                            Бар екен де жоқ екен

                            Ерте, ерте, ерте екен

                            Ешкілері бөрте екен

                            Қырғауылы қызыл екен

                            Құйырық жүні ұзын екен

         «Алтын сақа» ертегісінде сақасын алуға келген баланы Жалмауыз кемпір ұстап алып, өлтірмекші болып, баланың өміріне қауіп төндіреді, оқушылар, бұл туралы тұжырымдамада қандай құқық көрсетілген?

 ( Балалардың аман – сау өсіп, жетілуі қамтамасыз етіледі.).

 

-Бала құқығы бұзылды ма?   



 

          «Керқұла атты Кендебай» ертегісінде Кендебай ата – анасынан айырылып қалған Мергенбай батырдың баласына болысып, Мергенбай батырды, қолға түскен басқа да адамдарын зынданнан шығарады, бұл жерде қандай балалар құқығын көрсетер едіңдер?

         (Баланың жеке отбасылық өміріне қол сұғылмайды).

 

-Бала құқығы бұзылды ма? 



 

          «Қобыланды батыр» жырында Тоқтарбай деген кісі өмір сүрген, ол бір ұл, бір қызды болады. Осы жырда қызының аты Қобыландыға қарындас – деп көрсетеді, бұл арада балалардың қандай құқығы туралы айтуға болады?

(Бала дүниеге келе салысымен өзіне есім алады).

 

-Құқық бұзылды ма?    



 

          «Тазша бала» ертегісін білесіңдер ғой, оқушылар! Хан жарлығы бойынша жетім өскен Тазша бала тапқырлығымен «Қырық өтірік» әңгімесінде «Қырық өтірік» өлең құрастырып халқын, ханын риза қылады. Бұл жерде қандай құқық туралы айтасыңдар?

(Баланың өз пікірін еркін білдіруге қақысы бар екенін).

 

-Бала құқығы бұзылды ма?   



 

          «Ұр тоқпақ» ертегісінде кедей шал Қазбайға жасаған жақсылығы үшін алған «Піс, қазанын», «Құс, есегін» алып қалған балаларды «Ұр тоқпақтың» көмегімен өздерінің теріс қылықтарын түсіндіріп, «Піс, қазанын», «Құс, есегін» қайтарып алады. Бұл ретте қандай құқық туралы айтуға болады?

(Егер бала тәртіп бұзса, оларды айуандық қинау түрлеріне жол бермейді.).

Құқық бұзылды ма?

Сонымен біздің  қандай  құқығымыз бар екен?

- Баланың  аман – сау өсіп, жетілуін қамтамасыз етілуі.

- Баланың жеке отбасылық өміріне қол сұғылмайды.

-Бала дүниеге келе салысымен өзіне есім алады.

-Баланың өз пікірін еркін білдіруге қақысы бар екенін.

-Егер бала тәртіп бұзса, оларды айуандық қинау түрлеріне жол берілмейді.

 

Мұғалім:Сендер  сияқты қаншама адам дүниеге келуде. Осы адамдардың барлығы бір заңға бағынады. Ол – конституция деп аталады. Әр елдің, мемлекеттің өз азаматтарына арналған Заңы – Конституциясы бар. Бұл Заңда біздің құқықтарымыз ғана емес, міндеттеріміз де қатар жазылған. Оның дәлелі міне, сен бүгін мектепте отырсың, сен барлық адамдар сияқты оқуға, білім алуға құқығың бар. Сонымен қатар, сенің де міндетің де бар. Ол – сен орта білім алуға міндеттісің. Мына үлкен мектеп, жарық та, кең әдемі бөлме жақсы білім алып, тәртіпті, саналы азамат болып, өсіп  Отаныңа қызмет  етуің  үшін  жасалған.



 

Қазақстан Республикасының азаматтарының

міндеттерін анықтаңыз

Қоғам қарапайым ағыммен даму үшін оның азаматтары құқықтарымен пайдаланып қана қоймай, өз міндеттерін орындау керек.

         Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттерінен мысалдарын келтіріңдер.

 

Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттері:



1. Заңдарға бағыну.

2. Басқа азаматтардың құқықтарын, бас бостандықтарын, арын құрметтеу.

3. Мемлекеттік рәміздерін құрметтеу.

4. Қаржы, салықтарды төлеу.

5. Тарихи және мәдени байлықтарды сақтау.

6. Табиғатты және табиғи байлықтарды сақтау.

7. Ата – аналардың балаларына қамқорлық етуі, балалардың ата – ана алдындағы міндеттерін орындау.

8. Орта мектеп білімін алу.

9. Қазақстан Республикасын қорғау.

 

 « Тәртіп орнат »



 

     1.Құқық                                           а – Еліміздің негізгі заңы.

2.Конституция                                ә – Мемлекет басшысы

     3.Президент                                    б -  Тәуелсіздік

     4.Егемендік                                     г   – Заңдар жүйесі

                                         

        

       Міне, Құрметті оқушылар! Тұжырымдама сендердің жан – жақты қамқорлықта болуларыңды қорғауды мақсат тұтқан екен, ал баланың білім алуы туралы – олардың жеке басының дамуы, ақыл – ойы, таланты өсуі қажет деп көрсетеді.

                   Тұра берші, мәңгі жасыл өмір бағым жайқалып,

                   Бөбектердің күлкісінен тәттілігің байқалып.

                   Түлеп күнде өссін ұрпақ, өссін жаңа адамдар,

                   Кетпесін тек тыныштығы шайқалып!

                                      (Күлән Абзолда. «Өссін ұрпақ, өссін жаңа адамдар»).

 

Мұғалім: Балалар, бүгінгі бір сабақта алған білімдерің керекке жарайды ғой деп ойлаймын






«Діни білім - тәрбие бастауы»


Тақырыбы: «Діни білім - тәрбие бастауы»
Мақсаты: Білімділік – ислам діні туралы, мұсылмандықтың бес парызы туралы ұғындыру, имандылық туралы түсінік беру, Ойлау қабілетін шыңдау, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі Нақыл сөздер, интерактивті тақта.
Сабақтың жүрісі I. Кіріспе сөз - Құрметті ата - аналар, ұстаздар! Бүгінгі «Құран - Шариғат» бағыты бойынша өтетін «Дін - тәрбие бастауы» атты ашық тәрбие сағатымызға хош келдіңіздер! II. Мұсылман діні туралы
Мұсылман әлемі мен мәдениеті өте ежелгі әрі қызықты тарихи оқиғалардан құралған, Ислам діні - әлемдік діндер ішіндегі ең кең тараған қасиетті дін. Ол Араб түбегінде VII ғасырда пайда болды. Ислам дінінің негізін салған – Мұхаммед ибн Абдулла ибн Әбді Мүтәліб ибн Хашим. Мұхаммед пайғамбар Меккеде 13 жыл, Мединеде 11 жыл араб халқын Ислам дініне үгіттеген. Діни ұғым бойынша Алла бар, ол біреу және бәрі соның қолында. Алладан басқа табиғат құбылыстарына, қолдан жасалған мүсіндерге, рухтарға табынуға, сыйынуға болмайды. Діннің басты негізі және мұсылмандықтың кілті – «Лә иләһа илла Аллаһ, Мұхаммад расул Аллаһ», яғни мағынасы «Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі» деген сөйлемде жинақталған. Мың жылдан астам уақыт бойына ата - бабаларымыз осы Ислам дінін ұстанып, жоғары бағалап, мұсылман атанып келеді. Рухани тазалықтың, ар - ұят пен адалдықтың мызғымас тірегі дін екенін сол қоғамда өмір сүріп отырған әрбір адам білуі шарт. Сондықтан да имандылық пен адамгершілікті бір ұғым деп білген жөн. Күллі мұсылман қауымының шариғат заңдылықтарында, діни ғұрыптарында, тіпті күнделікті тіршілігінде басшылыққа алатын, аса киелі, қасиетті кітабын Құран деп атаймыз. Ол мұсылмандар ұғымында тура жол көрсетуші қасиетті кітап Құранда 144 сүре бар. Оның ең қысқа сүресі 3 аяттан тұратын «Кәусар», ал ең ұзағы 286 аяттан тұратын «Бақара» сүресі.
Ислам діні адамның тән тазалығымен қатар ішкі жан дүниесін де таза ұстауға көмектеседі. Өзін мұсылман санайтын адам баласы 5 парызды ұстануы керек.
1. Аллаға сеніп, Мұхаммедтің үмбеті екенін мойындау.
2. Дәрет алу, күніне бес рет намаз оқу.
3. Рамазан айында отыз күн ораза ұстау
4. Қажылыққа Меккеге бару.
5. Жарлыға зекет беру (пітір - садақа беру)
Алла тарапынан білдірілген әмір, міндет және тыйымдардың жиынтығын дін деп атайды. Дін – үлкен ғылым. Ислам діні қоғамға және ізгі адам баласын адамгершілікке баулуға қызмет етеді.
Қасиетті Құран кітабын дәрет алып қолға ұстағанда «Биссмиллаһир - рахманир - рахим» деу керек. Құран кітапта жазылған аяттар адамды мұсылмандық жолға бастайды.
Мешіт – Алла үйі, қасиетті инабат, ғибадат орыны. Мешітке оң аяқпен сәлем беріп кіреді. Мұнда төрге, орынға таласпайды, әдепсіз сөйлеуге болмайды. Әр мұсылман Алла үйіне құрметпен қарауға міндетті.
III. Хадистер. Мұхаммед пайғамбардың даналық сөздерінің жиынтығы.
Өз жолына иланғандарға Мұхаммед пайғамбар үйреткен ережелер:
1) 1. Ашуды тежеп ұста. Туыстардың қияңқы қылықтарын кешір.
2. Бір - біріңе кек сақтама. Біріңді - бірің қызғанба. Біріңді - бірің мазақтама.
3. Өзара аңдыспа. Басқаның сенімін алдама.
4. Досыңды сыртынан жамандама
5. Ұрлық жасама.
6. Заңсыз іске араласпа.
7. Мұқтаждық үшін берген қарыздан өсім алма.
8. Біреудің осалдығын дабырлатпа.
9. Хайуанаттарға қатігездік жасама т. б.
2) Мұхаммед пайғамбар шындықтың адамдарды жақсылыққа жеткізетінін, ал өтірік күнәға батыратынын ескертеді. «Ей, адамдар, өтіріктен аулақ болыңдар!» деп үндеді. Адамның ең ұлы қасиеті – адалдық. Өмірді адалдық қана нұрландырады, жан тазалығына жеткізеді.
3) «Қайырымдылықты оң қолыңмен жаса, сол қолың білмей де қалсын» дейді екен пайғамбар. Бірақ қайырымдылық қайыр – садақамен ғана шектелмеген. Айталық: біреулердің басқаларға жылы шырайы, жолдан адасқанға жөн сілтеу, жол үстінде аяққа оралға шөп - шалаң, тас - кірпіштерді алыптастау, соқырды кедергіден өткізіп жіберу, тіл қатқан адамға сыпайы сөйлесу, әлде біреуді сабырға шақырып, сабасына түсіру.
4) Әке - шешені пайғамбар қатты құрметтеді. «Жұмақ ананың табанында» деді ол. «Әкенің ризалығы – Алланың ризалығы. Әкенің реніші – Алланың реніші». Бір күні пайғамбарға әлдекім келіп: Айтыңызшы, мен жақсылықты әуелі кімге жасауым керек? - деп сұрапты. «Өз анаңа» деді пайғамбар. «Тағы кімге?» деді әлгі адам. «Анаңа» деп жауап берді пайғамбар. «Сонан соң кімге?» деді сұраушы. «Өз әкеңе» деді пайғамбар.
Кім ата - анасына қандай жақсылық көрсеткен болса, соны өзінің бала - шағасынан көреді. Күнәлардың ең үлкені – ата - анаға лағнет айту. Ата - анаға ренжіп, кейіп, сөз қайтармауымыз керек, яғни ата - анамызды ренжітуден аулақ болуымыз керек.
5) «Білім игеріңдер» деді пайғамбар өзіне ілескендерге. Білім іздеу - әрбір мұсылманның қиналғанда қуаткер, оңашада ой - серік, жалғыздықта жолдас, бақытқа бастар ақылшы, торыққанда таяныш, адамдар арасында айбар, жауға қарсы жебе – сол білім болмақ.
6) Әрбір мұсылман баласы ерекше таза киініп жүруге міндетті. Ислам қағидалары бойынша киім - кешектің екі түрлі қызметі бар: адам денесін ыстық - суықтан қорғайды, сондай - ақ адамға көрік, сән береді. Мұсылман баласы ерекше қымбат киімге әуес болмағаны дұрыс.
7) Жәрдем немесе қайыр садақа беруді ең әуелі өзіңнен баста. Артылғаның болса, отбасыңды жарылқа, тағы бірдеңең артылып қалса ағайын - туыстарыңа бер. Олардан да артылып жатса, басқаларға бер.
8) Адамдармен үнемі ұрыс - керіс жағдайында болу күнәһар атану үшін жеткілікті. Ашу қыса бастаса сабыр сақтау керек. Адамға ашу түрегеп тұрған кезінде келсе, дереу отыра қалсын. Егер ашуы сонда да басылмаса, жатып алсын. Оттың ағашты жалмағаны сияқты, ашу - ыза мен қызғаныш ізгілікті жояды.
9) Тістерің мен саусақтарыңды күтіп ұстаңдар! Өйткені олар – тазалық, ал тазалық имандылыққа шақырады, ал имандылық өз серігімен бірге жұмақта болады.
10) Қанша қауіпті болып көрінсе де сіз әрқашан ақиқатты қалаңыз, соңы сәтті болады. Құтқарушы адал сияқты көрінсе де өтіріктен аулақ болыңыз, аяғы қасіретке соғады.
IV. Көрініс: «Ата мен бала»
V. Мұсылман мейрамдары мен салт - жоралғылары.
Рамазан айт. Бұл мейрам мұсылмандардың ораза тұтанын Рамазан айы аяқталып Шәууал айының 1 - күні басталады. Ол үш күнге созылады. Мұсылмандар алғашқы күні айт намазын оқып, артынша амандық сұрасып, бір - бірін қонаққа шақырады, өзара жақсы тілектер айтып, ерекше қуанышпен атап өтеді.
Құрбан айт. Үш күнге созылатын бұл мейрам мұсылман күнтізбесі бойынша Ораза айтынан 70 күннен кейін Зұлхиджа айының 10 - ы күні басталады. Құрбан айтта мұсылмандар Айт намазын оқып, құрбан шалады.
Мәуліт мерекесі. Мәуліт – Мұхаммед пайғамбардың туылған күні. Мәулітте құран оқылып, Мұхаммед пайғамбарға салауаттар айтылады.
Қадір түні. Құран кітабы түскен, адамдардың күәсі кешірілетін, бір жылғы ырзығы белгіленетін, жақсылығының сауабы еселенетін, дұға тілегі қабыл болатын, Алланың мейірімі жауатын ең қасиетті түн. Қадір түні Рамазан айының 27 - түні болады. Бұл түнді мұсылмандар құлшылықпен, мінәжатпен өткізеді.
Құрбандық шалу – Жаратушыға жақындау үшін жасалатын құлшылық міндеттердің бірі, құрбандыққа негізінен түйе, сиыр, қой немесе ешкі сойылады. Құрбан етінің үштен бірі отбасына қалдырылып, 2 - бөлігі ағайын - туысқа, көршілерге немесе жолдас - жораларға беріліп, 3 - бөлігі тұрмысы төмен кедейлерге, жетім - жесірге таратылады.
VI. Имандылық туралы өлеңдер.
Ш. Құдайбердиев «Адамдық борышың»
Адамдық борышың – халқыңа еңбек қыл,
Ақ жолдан айнымай, ар сақта, оны біл.
Талаптан да білім мен өнер үйрен.
Білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл.

Мақтанға салынба, мансабтың тағы үшін,


Нәпсіңе билетпе, басыңның бағы үшін.
Өміріңді сарп қыл өлгеніңше,
Жоба тап, жол көрсет келешек қамы үшін.

Қайтадан қайырылып қауымға келмейсің


Барыңды, нәріңді, тірлікте бергейсің.
Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң,
Шын бақыт – осыны ұқ, мәңгілік өлмейсің!

Кісіге адамшылық неге керек?


Кісіге адамшылық неге керек?
Адамдық өзге айуаннан артық демек.
Ит талаған төбеттен қалай дейсің
Аямай әл келгенді жұлып жемек?

Мейірімсіз қасқырда да күшті өмір бар,


Артылған жерің қайсы онан бөлек?
Үнемі сен жеріңді қайдан білдің
Бұл дүние кезек берер істі дөңгелеп.

М. Тазабеков «Руханият»


Көрініс: «Уәзір мен кедей»
Имандылық туралы мақал - мәтелдер
1. Ата жолы - адамдық, ана жолы – адалдық.
2. Кішілік пен кісілік – ұлылықтың белгісі.
3. Кешірім жасау – кеңдік, кешіре алмау – кемдік
4. Алғыс алған алтынға жолығады.
Қарғыс алғанның аты жоғалады.
5. Алла деп бастаған іс алдымен бітеді.
6. Мал – бір жерге, иман бір жерге.
7. Ұяты жоқтың иманы жоқ.
8. Қадірлесең, әр тін қадір.
9. Сеннен - әрекет, Алладан – берекет.
10. Молда болғаннан, адам болған қиын.
11. Сұрай - сұрай Қағбаға да жетерсің.
12. Хақтың жолы – бір, жалғанның жолы – мың.
13. Жалғыздың жары – құдай.
14. Жаманмен жүздесу жаһаннам.
15. Әкбар бермейді – Алла береді.
16. Семсер, құран серті – бір.

Ақиқат жолы (Ғ. Төлегенқызы)


Өміріме нұр құяр Құран шырақ.
Ойыма салмас ешбір тұман - сызат.
Айнымастан әрқашан сеніп өтем
Төрт шындықтың барына күмәнсіз - ақ

Ең бірінші сенемін – Жаратқанға


Екіншіден сенемін Хақ сөзіне
Үшіншіден сенемін Пайғамбарға
Бас иемін Алланың жарлығына.

Қанатын қырандардың қайырмағай


Сұмдық - қулық қоғамға жайылмағай
Жаратқаным жар болып бәрімізге
Ақиқаттың ақ жолынан айырмағай.

- Мың жылдан астам уақыт ата - бабаларымыз ұстанып келген Ислам дінін құрметтеуіміз керек. Отан иманнан басталады демекші. Өз Отанымызды сүйген адал, иманды азамат болайық.


Хор «Атамекен»

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет