Тікелей эфирге алдын-ала жасалатын даярлық



Дата08.10.2022
өлшемі30,12 Kb.
#152215
түріСценарий
Байланысты:
Тікелей






Тікелей эфирге алдын-ала жасалатын даярлық
1. Қажетті материалдарды жинау:
а) тақырып таңдау;
ә) объекті белгілеу;
б) формасын анықтау.
2. Сценарийлік жоба әзірлеу:
а) хабарды тыңдарманның қалай қабылдайтындығына барлау жасау;
ә) жоба барысында хабардың психологиялық желісін дұрыс жолға қою.
3. Музыкалық форматты есепке ала отырып, тікелей эфир хабарын әрлейтін әуенді дұрыс және сәтті таңдау:
а) журналистің шешімі;
ә) музыкалық жүргізушінің тапқырлығы.
Корреспондент қандай жанрда хабар жүргізбесін – бұл аудиториямен арадағы негізгі контакт түрі болмақ. Тікелей эфирде радионың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырған жөн, бірақ жүргізуші аудитория арасындағы байланысты бақылап отыруы керек. Хабардың жетістігі тек қана ақпараттың жеделдігі емес, жүргізуші өзінің аппонентін сөйлетуде көбінесе соның ойын тыңдауға тырысу, дәл осы жерде радиоқарым-қатынас туындайды. Радиожурналист әр қашан тікелей эфир кезінде сезінуі керек. Не ТВ-ге қарағанда көбінесе радиода талдамалылық басым болатынын. Ал сұхбат алған кезінде әрине алдын-ала дайындалған сұрақтарды да қою керек, себебі тақырыптың жаңа бір жағынан туындаған ойлар айтылуы мүмкін. Бұл жерде міндетті түрде дауыс ырғағы атқарушы рольде болады. Жақсы репортер өзін тікелей эфирге шыққан кезінен бастап-ақ бір кездегі Сауық Жақан, Әнуар Байжанбаев, Н. Өнербаев, т.б. майталмандар сияқты таныта білуі дауысынан, оқу мәнерінен көруі тиіс. Сондай-ақ радиорепортер эфирде сөйлеген кезінде тілдік единицаларға яғни, лексикасына аса назар аудару керек, себебі, тікелей эфир атылған оқ секілді бір жерден шығып қаншама жерге тарайды.
Радиожурналистің жұмыс процесін эфирге дейінгі, эфир кезіндегі деп екіге бөліп қарастырған жөн. Өйткені, эфирден берілетін хабарды алдын-ала әзірлеу мне тікелей эфирдегі радиохабарды жүргізу екеуі екі бөлек нәрсе.
Радиохабар жасау – радиожурналистің бұрыннан қалыптасқан жұмыс істеу әдісі.
Ал тікелей эфирдегі хабарды жүргізу – қазіргі заманғы радиожурналистиканың жаңаша жұмыс тәсілі, күрделі шығармашылық процесс, техникаға тәуелді таңғажайып құбылыс. Шындығында, радиожурналист жұмысының негізгі әдістері келіп туындайды.
Сондай-ақ радиорепортажды жүргізгенде ең алдымен қозғағалы отырған мәселенің бірнеше төңірегін қамтиды. Репортажда міндетті түрде қарамастан нәрсе ол.
1.Қандай да бір мәселенің мысалы: жаңадан түсірілген кино туралы берсе ең алдымен сол туралы қысқаша ақпарат береді.
2. Бас режиссер немесе басты рольді сомдаған актерлермен сұхбат жүргізеді.
3. Дөңгелек стол түрінде әр түрлі пікірлердің қайда? Қашан? Сұрақтар төңірегінде әңгіме өрбуі.
4. Осы киноның салтанатты ашылуы кезіндегі репортаж. Сол кездегі атмосфера сахнадағы көрермендердің қатысуы туралы шум, музыка т.б. эффектілермен тыңдаушыға жеткізуі. Тіпті кейде журналист сол оқиғаға байланысты өзі алдын-ала дайындалып, запись жазып қысқа очерк беруі мүмкін.
Тікелей эфир кезінде репортер өзі қатысып тұрған оқиғаның көрінісін тыңдаушы көз алдына қатысып отырғандай әсер қалдырса ғана репортаж өз дәрежесіне жетпек. Яғни сол оқиғаға қатысқан халықтың көңіл-күйі, музыка, қошаметтеген дауыстар, ойнаушылардың желпінген дауыстарын беруі және сол тікелей эфир арқылы комментарий жасауы очерк, интервью сияқты жанрларды кеңінен қолдана отырып хабардың барынша эмоциялылығын бағалап оның тірі әрі қызықты өтуіне жол ашады.
Репортаж - өз бойына публицистиканың информацияның элементтерін жинастырған ерекше оперативті жанр. Оның түрлері көп болғаны мен, оған ортақ бір жай бар. Ол: тікелей оқиғаны бір репортермен өзіндік әсерімен, ой қорытындыларымен жеткізу.
Тікелей эфир-телевидение хабарларының ішіндегі жүгі ауыр хабардың бірі. Бұл жерде жүргізушінің кескін-келбеті ғана емес, ой-өрісі, дүниетанымы, сауаттылығы сынға түседі. Әрине, тікелей эфир хабарларын тек біржақты қарауға болмайды. Барлық бұқаралық ақпарат құралдарының ішіндегі ең кенжесі телевидение саласы әлі көп зерттеуді қажет етеді. Осы диплом жұмысын жазу барысында қазақ тілінде тікелей эфир хабары қай кезде пайда болды деген сауалға жауап іздедік. Қазақ телевиденисеі 1958 жылдың көктемінен бастап алғаш хабарларын таратады. Техникалық мүмкіндікке қарай сол заманның хабарларының барлығы тікелей эфир арқылы жұртшылыққа жетті. Ал монтаж телевидение саласына сәл кешірек келді. Екі адамның сұхбатына құрылған бағдарламалар, көңілді ойын-сауық хабарларының барлығы тікелей эфирде жүрді. Бірақ интерактивті байланыс болмаған. Оған себеп, цензура екені даусыз. Сол кездің өзінде футболдан тікелей трансляция болған. Бірақ футбол тікелей эфирде болғанымен, репортажбен хабардың арасы жер мен көктей. Репортер көз алдында болып жатқан оқиғаларды баяндап беріп отырады, егер футбол болса, оның алдында команда құрамындағы ойыншылардың аты-жөні, өзге де мәліметтері жазылған қағаз жатады. Ол жерден біз репортердің түрін көрмейміз немесе сауал қоя алмаймыз. Тікелей эфирдегі спорт хабарының өзі өте көп зерттеуді талап ететін сала. Сондықтан, біз осы диплом жұмысында қазіргі күні тікелей эфирде өтетін отандық телеарналардағы «Оян, қазақ», «Дода», «Бетпе-бет», «Таң жарық», «Кеш жарық» сынды пішіні бір болғанымен, бағыттары бөлек бағдарламаларға тоқталуды жөн көрдік.
Негізінде аудиторияның психологиялық жағынан эфирге бейімделуі тәулік аясындағы уақыт мезгілдеріне де байланысты болып келеді. Әлбете, ең әуелі таңертеңгілік эфирге тән ерекшеліктерге тоқталамыз. Теледидардағы таң - ең маңызды мезгіл. Өйткені таң қалай басталса, күн солай өтеді. Ауа толқынындағы таңертеңгілік топтама негізінен 7.ОО ден немесе 7.3О дан басталып, 9.ОО ге дейін немесе 1О.ОО ге дейін созылады. Таңертеңгілік эфир адамның өмір ағысын, жүрек қағысын, тіршілік тынысын бейнелумен ерекшеленеді. Әдетте, адам теледидардағы үн ырғағымен оянады, ертеңгілік жаттығу жұмыстарын да сол арнада өтіп жатқан жаттығулармен бірге жасайды. Тіпті теледидар арқылы түрлі ас мәзірін жасауды үйренеді. Егер түсінбей жатқан жері болса, қоңырау шалып, кеңес сұрайды. Түрлі пайдалы кеңестер алады. Қазіргі таңда отандық телеарналар ішінде таңертеңгілік шығатын Оян, қазақ Міне, тікелей эфир құдіреті осы. Қазақ елін «Оян, қазақ» деп ұлттық аспабымыз домбыраның үнімен оятатын бұл хабар қазір көпшілік көрерменнің үйінде таңертеңгі 7.3О дан 9.ОО ге дейін қосылып тұрады. Хабар зерліліктен - зерделікке, кемелдіктен-парасаттылыққа, ұғынықтылықтан-ойлылыққа, ойлампаздықтан-алымдылыққа ұласқан талантты теледидардың бағын ашты.
Репортаждың түрлеріне тоқталатын болсақ.
  1. Тікелей репортаж – бұл мерекелі, салтанатты жиындарда


Диктор, актер, журналист жүргізушіге байланысты тіл қолданыстары


Диктор – бұл радионың немесе теледидардың өзіне ғана тән, дщүниеге оның өзімен бірге келіп, бірге жасасып келе жатқан басты тұлға, өнім дайындаушы редактор мен сол өнімді пайдаланушы тыңдаушының арасындағы дәнекер.
Дикторлар қызметте көбінесе екі бағытта – диктор-информатор және диктор-бастаушы болып пайдаланылады. Диктор-информаторға оқып беру тән болса, диктор-бастаушыға көрерменге, тыңдаушыға әңгімелеп беру немесе ауызекі сөйлегендей айтып беру лайық болады. Осыған орай, диктор-информатор жұмысының біршама жеңіл екендігін айтуға тиіспіз. Оған диктордың дауыс ырғағы, күштілеу дауыс әуені болса, информацияларды жақсы, анық әрі нақышына келтіріп оқып шығуға әдбен болады. Сөз жоқ, информацияларды, ресми документтерді оларға тән көтеріңкі үн ырғақты әрі сенімді дауыспен оқу керек.
Ал диктор-бастаушы ретінде олар материалды зор әзірлікпен әрі бар ынта-жігермен, актерлік шеберлікпен оқуы керек, «есте болсы»: мағынасыз сөз болмайды, әрбір диктор сол мағынаны дөп басып таба білу керек. Бұл жағдайда оқиғаны әңгімелеп беру, кәдімгідей екі кісінің немесе көп кісінің әңгімесі секілді айтып беру әдісі тән» 1 дейді қазақтың Левитаны атанған Әнуарбек Байжанбаев. Диктор қай материалды болсын артистен кем оқымауға тиіс. Материал оқуға не эфирде сұхбат жүргізуге диктор не хабарды жүргізуші болсын күн ілгері әзірленген болуы керек. Эфирге баратын хабарларды бір емес, бірнеше рет ежіктеп оқып шығып, оның қажетті жерлеріне қарындашпен белгі соғып, өте ынта қойып, зор ықылас аударып оқыған диктор-жүргізуші ғана өзінің көздеген мақсатына жетеді. Теледидар жүргізуші сөз мәдениетінің, сөйлеу шеберлігінің, шешендік өнерінің үлгісі болуға тиіс. Мол білімді, кәсіби шеберлігі жоғары, қызмет тәжірибесі бай, табиғи дарыны бар жүргізуші ғана осындай биік талап деңгейінен шыға алады.
Диктор – сөз мәдениетінің, сөйлеу шеберлігінің, шешендік өнердің насихатшысы. Демек, диктордың қате сөйлеуге, қателесуге қақысы жоқ. Ол күнделікті жұмысында осы жайды мұқият ескеріп тыңдаушы алдындағы жоғары беделден айрылып қалмау қамын ойластырып отыруға тиіс. Мол білімге, тартымды тәжірибеге, тиісті дарынға ие диктор ғана әрдайым талап дәрежесінде бола алады.
Эфир этикасын сақтауда журналист ең алдымен, кәсіби мораль принциптеріне сүйенеді. Кәсіби моральды өзінің жұмыс процесінде қолдануы үшін журналистің кәсіби санасы қалыптасуы керек. Ал журналистің кәсіби санасының құрылымы теориялық тұрғыда мынадай сипат алады.
Журналистің кәсіби санасының құрылымы:
а) әдістемелік сипаттағы білім;
ә) технологиялық ережелер мен қағидалар;
б) кәсіби-адамгершілік бағдарлар;
в) күнделікті тәжірибе тәлімі.
Осы орайда, радиожурналистикаға тән этика радио табиғатына тән заңдылықтардан бастау алады. Демек:

  1. Микрофонның сезімтал құрал екенін ескеру:


а) артық дыбыс шығармау, жөтелмеу, күлмеу, т.с.с;


ә) дұрыс дауы ырғағын, сөз екпінін, сөйлеу мәнерін жолға қою.
2. Мәдениетті болу, сыпайы тіл қату, білімділік көрсету, өтірік сөйлемеу, басқасын былай қойғанда, уақытты дәл айту.
3. Техникалық ақауды болдырмаудың барлық амалдарын қарастыру, қандай да бір қиындыққа тап болған жағдайда кәсіби мораль тұрғысынан кез келген мәселені тікелей эфир процесінде тыңдарман назарына нұқсан келтірмей қолма-қол шешу.
4. Эфирдегі үнсіздікке жол бермеу.
Дыбыстық жазбаларды таспаға түсіру:
а) репортердің көмегімен;
ә) студия арқылы.
2. Таспаға түсірілген жазбаларды ықшамдап, ретке келтіру, яғни, монтаждау.
3. Қажетті деректерді жинау.
4. Радиохабардың өн бойында қолданылатын музыкаларды іріктеу.
5. Радиохабардың толық мәтінін әзірлеу.
6. Автор тарапынан айтылатын сөзді жазып алу.
7. Радиохабарды бастан-аяқ жинау, толығымен құрастыру.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет