Тіл-халықтың жаны да, әні де. Ана тілінің топырағында көктеп, ауасынан тыныс алмаған өнер де, білім де өміршең емес



Дата07.02.2022
өлшемі16,24 Kb.
#92020
Байланысты:
Тіл халықтың жаны


Тіл-халықтың жаны.
Тіл мен ел... Осы бір қасиетті ұғымдарды егіз қозыдай қатар атау, олардың адам өміріндегі алатын орнын айшықтайды. Яғни, тілсіз елдің, елсіз тілдің ғұмырының баянды болуы мүмкін емес.
Тіл-халықтың жаны да, әні де. Ана тілінің топырағында көктеп, ауасынан тыныс алмаған өнер де, білім де өміршең емес.
Егеменді еліміздің ертеңі жарқын болуының шарты – тілге көмек көрсету. Тәуелсіздік алғалы қазақ тілінің өсіп-өркендеуіне біраз жағдайлар жасалуда. Соның бірі-қазақ тілінің мемелекеттік мәртебе алуы. Тіл-ұлттың ұлт болып қалыптасуының ең бірінші шарты. Ұлттың ұлы игілігі. Жетпіс жыл бойы басқа тілдің көлеңкесінде қалып келген тіліміз алғаш рет 1989 жылы мемлекеттік мәртебеге ие болды. Содан бергі уақыт ішінде тіліміздің қанатын кеңге жайғаны байқалады. Бірақ ата бабамыздың мұрасы – қаймағы бұзылмаған қазақтың қара сөзін тек заң шығару арқылы ғана сақтап қалуға бола ма?
- Жоқ! Жүрегі «ұлтым» деп лүпіл қаққан ұлт жанды әрбір адамның үлкен әріппен басталатын «азаматтық парызы» - өз тілінің терезесін өзге тілмен тең ету, оны шын жан-тәнімен сүю, оны көзінің қарашығындай сақтау. Осы қасиеттердің барлығын болашақ ұрпағының бойына сіңіру. Міне, сонда ғана ұлағатты да құдіретті ұлы тілін сақтап қалуға болады.
Екіншісі, өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін үйренуге деген құлшынысының арта түсуі. Иә, еліміз-егемендік, тіліміз-мемлекеттік мәртебе алғалы қазақ тілін үйренушілер қатары өсе түсуде. Мемлекеттік тілді меңгеруге өз республикамыздың азаматтары ғана емес, шет елдерден келген адамдардың да ден қоюы көңілге қуаныш ұялатады.
Тіліміздің осылай шарықтап қанат қағуымен қатар, көңілді су сепкендей басатын көлеңкелі жайттар да кездеседі. Туған тілін шұбарлап сөйлейтіндер, тіпті, туған тілден безетін сорақыларды да көріп жүрміз. Ана тілі – ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау – арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау. Тіліміздің мәртебесі көтерілсе, елдің де мәртебесі биік болатыны хақ. Тілге көрсеткен – құрметін, елге жасаған – қызметің. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек.
Өз тілімізді өзіміз құрметтемесек, сыйламасақ, біздің тілімізді кім бағалайды, кім сыйлайды?! Ал өз тілін сыйлата алмаған ел өзін қалай сыйлатады? Әрине, сыйлата алмайды.
Қазақ тілі осал тіл емес. Ол-әлем мойындаған Абай, Ілияс, Мағжан, Мұхтар секілді алыптарды туғызған тіл.
Қорыта келгенде, тыңдаушысын егілткен шешендер мен билердің, көркем сөзді төгілткен жыраулар мен жыршылардың, кейінгі алып ақындармен жазушыларымыздың, бір сөзбен айтқанда, ата-бабаларымыздың бізге қалдырған асыл мұрасына абай болайық!


Березовка орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі: Дюсембаева О.Б

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет