Орынбай Зере Ия-23
Тілдердің типологиялық классификациясы
Типология - тілдердің құрылымдық және функциональдық \қызметтік\ қасиеттерін шығу тегіне қарамастан салыстыра зерттеу
Тілдер фонетикалық, грамматикалық құрылысына қарай бірнеше типке бөлінеді.
Синтакссистік типология
Морфологиялық типология
Фонетикалық типология
Тілдердің типологиялық классификациясы
Фонетикалық типология
Дыбыс құрылысты тілдерде сөздер дыбыстардан құралады.Дыбыс құрылысты тілдерде дыбыстар бо-лады да, әріптермен жазады.- Еуропалық тілдер дыбыс құрылысты
Буын құрылысты тілдер-де сөздер буындардан құралады.Буындар одан әрі бөлшектенбейді, ол тек инициаль (буынның ба-сы) және финальға (буынның соңы) бөлшек-тенеді. Буын құрылысты тілдерде дыбыстар бол-майды, олар иероглиф-термен жазады.- Қытай тілі буын құрылысты.
Тілдердің типологиялық классификациясы
Монотониялық тілдер Монотониялықт. дауыс тоны сөз мағынасын ажыратпайды. Монотониялы тілдерде сөздің мағынасын оның құрамындағы дыбыстар анықтайды.Ағылшын орыс, қазақ, араб тілдері
Фонетикалық типология
Политониялық тілдер Политониялы тілдерде сөздің мағынасын ажырататын дауыс тоны, сөздің мағынасын айтылу әуені анықтайды Қытай, Вьетнам тілдері
КАРЛ ВИЛЬГЕЛЬМ ФРИДРИХ ШЛЕГЕЛЬ (1772–1829) Дүние жүзіндегі тілдердің типологиялық белгілерін айқындап,тілдерді сол белгілеріне қарай жіктеуді алғаш ұсынған неміс сыншысы, философ, филолог, әрі ақын – ФРИДРИХ ШЛЕГЕЛЬ болатын. Ол 1809 жылы жарық көрген «Тіл және үнділердің даналығы» дейтін еңбегінде сөз тұлғасын түрлендіретін қосымшалардың бар жоқтығына, сөздердің тұлғалық құбылысқа түсудегі сипатына қарай тілдерді флективті, аглютинативті деп екі топқа бөледі. АВГУСТ ВИЛЬГЕЛЬМ ШЛЕГЕЛЬ (1767–1845) Фридрих Шлегельдің інісі Август Шлегель 1818 жылы шыққан «Әдебиеттегі провансаль тілі туралы мақала» атты зерттеуінде алдыңғы екеуі үстіне аморфты тіл дегенді қосады. - Ағайынды Шлегельдердің біраз кемшіліктерін ашып, типологиялық зерттеуді едәуір дамыта түскен ғалым — Вильгельм Гумбольдт. Ол тілдерді типологиялық белгілеріне қарай жіктеуге екі түрлі белгіні негіз етуді ұсынады: оның бірі — тілдік тұлғалар қарым-қатынасы, екіншісі — сөйлем құру тәсілдері. Осы белгілерге сүйене отырып, Гумбольдт дүние жүзіндегі тілдерді төрт топқа бөлді, жоғарыда аталған үшеудің үстіне инкорпоративтік тіл дегенді қосып, оған Америка үндістері мен палеоазиат тілдерін жатқызады.
Жалғамалы (агглютинативтік) тип;
Даралаушы (аморфты) тип;
Қопармалы (флективті) тип;
Полисинтетикалық (инкорпоративтік) тип.
ЖАЛҒАМАЛЫ (АГГЛЮТИНАТИВТІК) ТИП: - Түркі
- Монғол
- Фин-угор
- (Угро -фин) тілдері
- Грамматикалық мағына түбірге қосымшалар жалғану арқылы беріледі;
- Қосымшалардың әрқайсысы көбінесе бір ғана грамматикалық мағынаны білдіреді;
- Ол қосымшалар бірінен соң бірі жалғана береді;
- Қанша қосымша жалғанғанымен сөз түбірінің құрамы өзгермейді (Мыс.:ой-ла-с-тыр-ыл-ма-ған-дық-тар-ыңыз-дан)
ДАРАЛАУШЫ (АМОРФТЫ) ТИП - Тай;
- Тибет;
- Қытай;
- Бирма;
- Вьетнам;
- Малай-полинезей
- тілдері.
-Түбірге қосымшалар жалғанбайды;
-Тілдерде омоним сөздер көп болады;
-Олар бір бірінен музыкалық екпін арқылы ажыратылады;
-Синтаксистік жағынан негізгі тәсіл – қабысу;
-Синтаксистік қатынастар сөздердің орын тәртібі, интонация және көмекші сөздер арқылы беріледі;
-Сөз тудырудың ең басты тәсілі – біріктіру
ҚОПАРМАЛЫ (ФЛЕКТИВТІ) ТИП:
- Грамматикалық мағыналар негізінен ішкі және сыртқы флексия арқылы беріледі;
- Бір қосымша бірнеше грамматикалық мағына білдіріп, әртүрлі қызмет атқарады \книг-и\;
- Аффикстер сөз түбіріне сіңісіп кетеді;
- Афикстер префикс, суффикс, инфикс болып бөлінуіне қарай олар сөз құрамында әртүрлі орынға ие болады.
Грамматикалық мағынаны білдірудің алуан түрлілігіне байланысты тілдер...
Синтетикалық тілдер – гармматикалық мағыналар сөздердің түрленуі арқылы беріледі \аффиксация, ішкі, сыртқы флексия\
Полисинтетикалық \инкорпоративті\ тілдер Сөйлем арқылы белгілі болатын синтаксистік қатынастар бұл тілдерде бір сөзбен беріле алады. Мыс. Мен семіз бұғыларды ғана өлтіремін деген сөйлемді ты+ата+каа+нмы+ркын
Аналитикалық тілдер - аналитикалық тәсілдер жиі қолданылатын тілдер \көмекші сөздер, сөздердің орын тәртібі, интонация\
ПОЛИСИНТЕТИКАЛЫҚ (ИНКОРПОРАТИВТІК) ТИП: - Американдық үндістер тілі
Полиазиат тілдері
Чукот
Коряк
Нивх
Ительмен
Юкагир
Достарыңызбен бөлісу: |