Тінтудің криминалистикалық сипаттамасы



Дата15.12.2023
өлшемі6,17 Mb.
#197255
Байланысты:
Тінту

Тінту мен алу тактикасы

Орындаған: Рустем Акнур

Тінту

  • Тінту – үй-жайды, қора-қопсыны не біреудің меншігіндегі жерді еріксіз түрде қарап, тексеру арқылы айғақты заттарды, тығылып қалған қылмыскерді тауып алу үшін жүргізілетін тергеу әрекеті. 

Тінтудің түрлері

  • Заңда мынадай тінту түрлері қарастырылған: • Белгілі бір мекемені тінту (ғимарат, ұйым, үй-жай) • Өзге де жерледі тінту (аула, саябақ, бақша, т.б.) • Жеке тінту. • Жер учаскелерін тінту; • Көлікті тінту.

Тiнту мен алуды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам қаулы бойынша жүргізеді. Тiнтуді жүргiзу туралы, сондай-ақ мемлекеттiк құпияны немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын құжаттарды алу туралы қаулыға тергеу судьясының санкциясы алынуға тиiс

  • Тiнту мен алуды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам қаулы бойынша жүргізеді. Тiнтуді жүргiзу туралы, сондай-ақ мемлекеттiк құпияны немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын құжаттарды алу туралы қаулыға тергеу судьясының санкциясы алынуға тиiс

Тінтудің криминалистикалық сипаттамасы


Тінту не алу жүргізілетін адамдарға, сондай-ақ куәгерге, маманға, аудармашыға олардың құқықтары түсіндіріледі: тергеушінің барлық әрекеттеріне қатысу және осы әрекеттерге қатысты ескерту жасауға құқылы, бүл туралы хаттамаға енгізіледі.
Тергеушінің қаулысынсыз тінту және алу жүргізу заңды бұзу деп саналады жөне осындай әрекеттермен алынған нәтижелер мен дәлелдемелер жоққа шығарылады. Қаулы шығарып, құқықтарымен түсіндіргеннен кейін тергеуші қылмыс қаруын, заттарын, қылмыс жолымен алынған құндылықтар мен басқа қүжаттарды тапсыруды ұсынады. 

Тінтуді жүргізу

  • Егер жабық үй-жайлар мен қоймалардың иесі оларды ерікті түрде ашудан бас тартса, тінту жүргізген кезде олар ашылуы мүмкін. Бұл ретте есік құлыптарын және басқа заттарды қажетсіз бүлдіруге жол берілмеуі тиіс. Алу кезінде тергеуші алынуға жататын заттар мен құжаттарды беруді ұсынады, ал бүдан бас тартылған жағдайда алу мәжбүрлі түрде жүргізіледі. Тергеуші сол үй-жайда түрып жатқан адамның немесе басқа адамдардың жеке емірінің тінту мен алу кезінде анықталған мән-жайларының жария етілмеуіне шаралар қолдануға міндетті. 

Тінту мен алу жүргузу тактикасы

  • Тінту мен алу жүргізілген кезде тергеуші іске қатысы болуы мүмкін заттар мен құжаттарды алумен шектелуге тиіс. Айна-ымға салуға тыйым салынған затгар мен қүжаттар олардың іске қатыстылығына қарамастан алынуға тиіс. Алынатын заттар мен құжаттар куәгерлерге және қатысып отырған баска да адамдарға көрсетіледі, буып-түйіледі және тінту жүргізілген жерде мөрмен бекітіледі және куәгер мен бұған қатысқан адамдардың қол қоюымен куәландырылады. Тінту жүргізген кезде қажет болған жағдайда фотосуретке, киноға түсіру жөне бейнежазба жүргізіледі.

Хаттама

  • Тінту немесе алу Хаттамасында заттар мен құжаттар қай жерде және қандай жағдай-да табылғаны, олардың ерікті түрде берілгені немесе мәжбүрлеп алынғаны керсетілуге тиіс.
  • Бірақ алынған затгар хаттамада саны, мөлшері,салмағы,өзіндік белгілері және мүмкіндігінше бағасы дәл көрсетіле отырып жазылуы тиіс.
  • Тінту немесе алу хаттамасының көшірмесі олар жүргізілген адамға не оның кәмелетке толған отбасы мүшесіне, ал олар болмаған жағдайда тұрғын үй пайдалану ұйымның немесе жергілікті атқарушы органның өкіліне олардан қолхат алынып тапсырылады.
  • Егер тінту немесе алу ұйымда жүргізілсе, онда хаттаманың көшірмесі оның өкілдеріне қолхат алынып тапсырылады

2. Ұстауға әзірлік

Ұстауға дайындық

Ұстауға дайындық

Қолданылған әдебиеттер:

  • Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi, 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V ҚРЗ, 2015-344б
  • Қолданылған әдебиеттер: Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi, 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V ҚРЗ, 2015344б


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет