Тұмаудан сақтанайық



Дата26.08.2017
өлшемі110,7 Kb.
#29074
Тұмаудан сақтанайық
1. Оқушыларға тұмау және тұмаудан сақтану туралы мағлұматтар беру;
2. Салауатты Өмір Салтын Қалыптастыру орталығының қызметкерлерімен кездесу;
3. Оқушыларға денсаулықтың ең басты байлық екенін ұғындыру, тазалық, жеке бас гигиенасы және дұрыс тамақтану туралы пайдалы кеңестер беру;
Сабақтың түрі: кездесу сабағы
Сабақтың көрнекі құралдары: интерактивті тақтадағы сызбалар («Пайдалы және пайдасыз тағамдар», «Адам денсаулығына пайдалы және зиян»), тұмауды емдеуге арналған сусын, кеспе әріптер (ТАЗАЛЫҚ), күн көзі макеті, тұмау туралы кітапшалар, буклеттер, плакаттар, «Орамал тастамақ» ойынына орамал мен сыйлық.

Сабақтың жоспары:


1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Негізгі бөлім
а) Кіріспе. «Тұмау» деген не?
ә) Тұмау туралы не білесің? ( оқушылардың сурет салып, баяндау)
б) Пайдалы кеңестер. Тұмауға қарсы сусын дайындау.
в) Сызбамен жұмыс. «Адам денсаулығына пайдалы және зиян» (флипчартта)
3. Денсаулық туралы бірер сөз.
а) «Күн шапағы» шеңбері
ә) «Орамал тастамақ» ойыны. Денсаулық туралы мақал-мәтел сайысы
б) «Пайдалы және пайдасыз тағамдар» сызбасымен жұмыс. (флипчартта)
в) «Тазалық» сақшыларының сабы
4. Салауатты Өмір Салтын Қалыптастыру орталығының қызметкерлеріне сөз кезегін беру.

Сабақтың барысы:


1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Негізгі бөлім
Мұғалім: - Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар және келген қонақтар бүгінгі біздің «Тұмаудан сақтанайық!» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!Бүгін бізде ерекше тәрбие сағаты өтпекші. Бұл сабақтың ерекшелігі - 2, 4 класс оқушылары және Салауатты Өмір Салтын Қалыптастыру орталығының қызметкерлері бірлесе отырып тұмаудан сақтану жолдарын іздестіретін боламыз.
Бүгін бізде қонақта Салауатты Өмір Салтын Қалыптастыру орталығының қызметкері – Саткулова Жанна Жанболатовна. Біздің ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіз.
а) Кіріспе. «Тұмау» деген не? (Флипчарт арқылы түсіндіру)

Эпидемиолог мамандар бүгiнгi таңда әлем бойынша вирустық аурудың 200 түрi бар екенін зерттеп, дәлелдеді. Ол – адамның инфекциялық патологиясында маңызды рөл атқарып, ерекше орынға ие болған ауру түрі. Тұмау вирусы домалақ немесе сопақша пішінді, диаметрі 80-100 cм. Құрамында РНҚ бар. Бөлме температурасында тұмау вирусы бірнеше сағаттан кейін өзінің белсенділігінен айырылады, ал 65 С градусқа дейін қыздырғанда 5-10 минут аралығында өледі. Ол қышқыл тез бұзылады, кептіргенге шыдамайды, эфир, спирт және басқа залалсыздандыру ерітінділерінде жойылады. Ультракүлгін сәуле мен ультрадыбыстар тұмау вирусын тез жояды.

Тұмау вирусы көптеген үй жануарларын да зақымдауы мүмкін, бірақ бұлардың адамның эпидемиялық зақымдануында маңызы шамалы.
Жұқтыру көзі болып ауру адам саналады. Вирус жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде ауадағы тамшы бөліктерімен беріледі. Аурудың жасырын кезеңі жұқтырған күннен бастап 1-2 күнге созылады.
Тұмау кенеттен басталады. Әдетте ауру дене қызуының тез жоғарылауымен, бастың қатты ауруы, жалпы әлсіздік, ұйқының бұзылуы, тамаққа тәбеттің болмауы сияқты белгілермен көрінеді. Кішкентай балаларда құсу және тырысу байқалуы мүмкін. Бірнеше уақыттан кейін мұрыннан су ағу, жөтел, кейде дауысының қарлығуы қосылады. Жиі бүкіл денеде сырқырау, буындарда ауырсыну байқалады. Осы кезеңде ауру адам басқаларға жұқпалы болады. Ауру ағымы сәтті жағдайда 3-5 күнге созылады, одан кейін жазылады.
ә) Тұмау туралы не білесің? ( оқушылардың сурет салып, баяндауы)
1-оқушы: Тұмаудың жедел түрімен ауырған адамдар өте қауіпті, себебі олар ауырса да жұмыстарына, дүкенге, мектепке және басқа да жерлерге барып жүреді. Осыған байланысты олар көптеген коллективтерге инфекция таратып және аурудың шығу көзі болуы мүмкін.
Тұмаудан кейін иммунитет тұрақсыз, 1-3 жылдай сақталады. Әдетте тұмау вирусы өзгеріп отырады. Сол себепті жыл сайын тұмау вирусы әртүрлі болып отырады, түзілген иммунитеттің шамасы келмейді.

2-оқушы: Тұмаумен ауырған адамды тез арада басқа отбасы мүшелерінен оңашалау керек. Оның бөлмесінде залалсыздандыру жүргізу керек. Науқас үйден шықпағаны дұрыс, әсіресе халық жиналған жерлерге, қоғамдық ұйымдар, транспортта, балалар бөліміне бармауы керек.


Науқасты төсекке жатқызып, көп мөлшерде ыстық сусындар: шәй, кофе, қайнаған сүт береді. С витаминінің жоғары мөлшерін қабылдаған жақсы. Дәрігерді үйге міндетті түрде шақыру керек. Дәрігердің нұсқауына дейін науқасқа ешқандай дәрілер, соның ішінде егер температурасы 39 С градустан аспаса, дене қызуын төмендететін дәрілерді беруге болмайды.
б) Пайдалы кеңестер. Тұмауға қарсы сусын дайындау.
«Бал қосылған таңқурай»
(ыдыс-аяқтарын, тағам түрлерін пайдаланып, сабақ үстінде дайындайды)

3-оқушы: 1 ас қасық бал, 1 ас қасық итмұрын, 1 ас қасық таңқурай, 1 ас қасық қарақатқа, 100мл. қайнап тұрған су қосады. 15 минут ұстап, тамақтың алдында ½ стаканнан күніне 3 рет ішеді.


в) Сызбамен жұмыс. «Адам денсаулығына пайдалы және зиян» (флипчартта)

3. Денсаулық туралы бірер сөз.


- «Денсаулық» туралы бірер сөз айтуға 2 «А» класс оқушыларын ортаға шақырамыз.
М: - Құрметті оқушылар, қонақтар! Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік. Дені сау адамның көңілі орнықты, ойындағысын орындайды. Денсаулықтан артық байлық жоқ.
4-оқушы: Денсаулық.
Шыныққан шымыр денеміз,
Күн сайын өсіп келеміз.
Денсаулық – «5» сабақ «5»
Деп рапорт береміз!
Ұйқыңнан ерте тұр,
Жадырап, жарқын күл.
Әдетің болсын әрқашан
Жаттығу жасау, жуыну!
Суық қардан онша қорқа қоймасаң,
Шынығасың таза ауада ойнасаң.
Осы кезде спортпен шұғылданып,
Сұлулық пен денсаулықты ойлайсың.
Қабақ түйсең, саған ешкім қарамас,
Жылы сөйлеп, барлығымен амандас.

а) «Күн шапағы» шеңбері


М: - Әрине, дұрыс айтасың! Денің сау болу үшін шынығу керек. Ендеше шынықтыру үшін, дене мүшелерімізге назар аударайық!
Оқушылар «Күн шуағы» шеңберіне тұрады. Күннің макетіндегі күн сәулелерін ұстап тұрып, қимылмен көрсетеді.
Адамның дене мүшелері.
5-оқушы: Болмаса да мол,
Жақсылықтар жаса, қол!
6-оқушы: Түрлі жүкті, қос иық,
Кезек-кезек тасиық.
7-оқушы: Нық атта, аяқ,
Таянба таяқ.
8-оқушы: Шынтақ, жөнін біл енді:
Түйгіштеме біреуді.
9-оқушы: Жұлқынып, оқыс жұлынып,
Жуасқа төнбе, жұдырық!

10-оқушы: (Оқушылар күн сәулелерінен ұстап шеңбер жасап айналады)


Күлімде күн күлімде,
Жер жасарып, көгерсін!
Күн сәулесі қыздырып
Шынықсын жас бүлдіршін.
Күлімде күн, күлімде,
Бүлдіршіндер қуансын,
Атақты спортшылардай
Қолдарыңа ту алсың.
ә) «Орамал тастамақ» ойыны. (флипчарт)
Денсаулық туралы мақал – мәтелдер сайысы. 4 «А» класс оқушылары
б) «Пайдалы және пайдасыз тағамдар» сызбасымен жұмыс. (флипчартта)
в) «Тазалық» сақшыларының сабы
(Бастарына қима әріптер таққан оқушылар шығады «ТАЗАЛЫҚ» сөзі шығады)

Т - тазалық – денсаулық кепілі


А - ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде.
З - зарлымын деме, жанында жара болмаса
А - ауырып жазылған жан олжа
Л - ластың досы – шыбын.
Ы - ыдысы тазаның ырысы таза.
Қ - отыр қолдан жұғады.

11- оқушы: (қолына тарақ алады)


Жақсы бала, ол анық,
Істемейді шалалық.
Тап-таза боп жуынып,
Алады өзі таранып.
12- оқушы: (қолына сабын алады)
Салақ болсаң жасыңнан,
Шыбын кетпес қасыңнан
Таза болсаң жасыңнан,
Сабын қалмас қасыңнан.

13- оқушы: (қолына щетка алады)


Щетка, щетка, щеткалар,
Неше түрлі щетка бар
Бірі тісті жуады,
Бірі шаңды сүртеді.

14- оқушы: (қолына сүлгі алады)


Тазалықты сақтауға
Көп үлесін қосады.
Үнемі қолды жуған соң
Ұмытпа сен қолыңды
Сүлгіменен сүртуді.
4. Салауатты Өмір Салтын Қалыптастыру орталығының қызметкерлеріне сөз кезегін беру.
5. Сабақты аяқтау.
Жалпы білім беретін Мүткенов атындағы орта мектеп

Сынып сағаты



Сынып жетекшісі: Муканова А.М.



2015-2016ж

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет