Тыныс-алу жүйесі ауруларындағы пациенттердің клиникалық синдромдары және тексеру әдістері Диагностикалық есеп
Науқас 38 жаста, дене қызуының жоғарлауы, ентікпе, құрғақ жөтел, жалпы әлсіздік, басының ауруы, оң жақ кеуде клеткасының ауырсынуы, науқас өзін 2 апта бойы ауру сезінеді, ақырғы 2 күн бойы ентігуі күшейіп, дене қызуы 39 °С көтеріліп қатты тоңумен, қатты терлеумен, кезектесіп отырды. Өз жағдайына қатты үрейленетінін айтты, ұйықтамайды.
Обьективті: есі анық, жағдайы ауыр, оң жағымен жатыр, терісі таза, ылғалды, мұрын, ерін,үшбұрышының цианозы бар. Дене қызуы 38,8,ТАЖ минутына 40 рет, PS 120 рет минутына. үстірт, кеуде клеткасының оң жағы тыныс алу актісінен қалыңқыраған, пальпацияда оң жағында ауырсыну байқалады,дауыс дірілі анықталмайды, аускультацияда тыныс алуы естілмейді.
1.Науқастың нақты,болуы мүмкін,басты
мәселелерін анықтаңыз:
2.Мейірбикелік диагноз қойыңыз.
3.Қандай тексерулер тағайындайсыз.
Достарыңызбен бөлісу: |