Толерантты мінез–құлықты қалыптастырудың маңызды шарты, бір



Дата28.11.2023
өлшемі15,05 Kb.
#193814
Байланысты:
Тілмаш Аружан психология СӨЖ13
Галактикадағы шайкас, Тілмаш Аружан мәдениеттану СӨЖ 15

СӨЖ 13
Орындаған: Тілмаш Аружан
Тексерген: Джакупова Чинара
Тақырыбы: Толерантты мінез- құлықты дамыту бойынша психологиялық ұсыныстар әзірлеу.
Толерантты мінез–құлықты қалыптастырудың маңызды шарты, бір жағынан, бала үшін ортаның маңызын, әр түрлі жақтарына баланың көзқарасын зерттеу болып табылса, екінші жағынан орта көзқарасы оқушының «болу» мүмкіндігін жасауға мүмкіндік беруі, яғни толеранттық мінез-құлық белгілеріне ие тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасауы керек. Толерантты мінез-құлықты қалыптастыруға әдіснамалық көзқарасты теориялық талдау бізге толерантты мінез-құлықты қалыптастыру мәдениеті тұлғаны қалыптастыруда осы үдерістің білімдік және тәрбиелік бағыттармен арақатынасы нақты анықталғанда өзінің лайықты орнын алады деп қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Толерантты мінез-құлықты қалыптастыру екі жақты келісімді макро және микро деңгейлері бар.Макро деңгей бүкіл мемлекет шеңберінде іске асады және оның басты мақсаты қоғамдағы жеке тұлғалар мен әлеуметтік топтардың демократиялық
мемлекеттегі азаматтық келісімнің кепілі ретінде
мінез-құлық тұрақтылығын сақтайтын, сондай-ақ басқа мемлекеттер мен әлем халықтарымен қарымқатынаста позитивті геосаясатты жүзеге асыратын толерантты сананы қалыптастыру болып табылады.
Функциональдық мағынада бұл қасиетті
қалыптастыруда үлкен жауапкершілік мемлекетке және сол арқылы мемлекеттік орындарға, мемлекеттік бағдарламалар мен заңдылықтарға
жүктеледі.
Микро деңгей-жанұя, педагог пен оқушы тұлғасы. Микро деңгей шегінде табиғи-климаттық, ұлттық ерекшеліктерімен сипатталатын кіші Отанды қалыптастыруға назар аударылады. Мұндай жағдайларда оқушылардың сол жерде өмір сүретін әртүрлі халыққа толерантты мінез-құлқы қалыптасады. Микро деңгей белгілі бір білім беру мекемесінің немесе білім беру үдерісіндегі ерекше қасиеттерді анықтайды. Аты аталған деңгейдің шегінде әрбір мекеме білім компоненттерін жүзеге асыруға құқылы, бірақ міндетті түрде оқушылардың толеранттық мінез-құлқын қалыптастырудың ерекше қағидалары мен жүйесін қалыптастыру керек. Толерантты мінез-құлықты қалыптастыруға қатысты қазақ педагогикасында көптеген ғалымдардың еңбектері бар. Б.Ж.Жиентаева «Национальное воспитание школьников на уроках технологии средствами народного прикладного искусства (5-7 классы)» атты кандидаттық диссертациясында оқушыларды тәрбиелеуде ұлттық тәрбиенің ролі және оның жолдары туралы айтады. С.А.Ұзақбаева «Қазақ халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие» атты докторлық диссертациясында халық педагогикасы педагогика ғылымдарының бір бөлігі ретінде қарастырылып, оқушыларға эстетикалық тәрбие беруде халық педагогикасының алар орнының маңыздылығын айта келіп, эстетикалық тәрбиенің тұжырымдамаларын ұсынады. Р.К.Төлеубекова «Исполльзование прогрессивных традиции народной педагогики в нравственном воспитании учащихся начальных классов казахской школы» атты кандидаттық диссертациясында бастауыш класс оқушыларының сыпайылық тәрбиесінің өзекті мәселелерін ашып, осыған байланысты мектеп мұғалімдеріне арнап, «адамгершілік тағылымы» атты бағдарламасын жасайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет