Тоталитарлы саяси режим – ол мемлекеттің қоғам өмірінің барлық салаларына толықтай бақылау жасауы. «Тоталитаризм» терминін ең бірінші саяси лексиконға еңгізген итальяндық фашистер лидері Б. Муссолини. Ол 1925 жылы өз режиміне сипаттама бергенде осы терминді пайдаланған болатын. Осындай режим сондай-ақ Германияда, Испанияда, СССР-да және Руминияда т.б. елдерде болған. Әр елде өзіндік ерекшеліктерімен көрінсе де оның жалпы белгілері, мәні және мазмұны бар.
Авторитаризм
Авторитарлы саяси жүйе -[лат. autoritas - билік, ықпал ету] - демократиялық және авторитарлық саяси жүйелер бір-біріне қарама-қайшы. Авторитарлы саяси жүйелерде басқарушы топтың билігін қалың бұқара заңды түрде мойындамайды; басқарушы топтың құрамына халық қатыспайды; саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыруда бұқараның үлесі жоқ; басқарушы топ өз билігін әлеуметтік топтар мен жіктердің тарапынан еш бақылаусыз жүзеге асырады. Мұның барлығы авторитарлы сипаттағы саяси жүйелердің саяси өміріне бұқараның қатысуы өте шектеулі екендігін дәлелдейді. Авторитарлы билік заңдылығының негізі - дәстүр немесе билеушінің харизмалық тұлғасы. Дегенмен, авторитарлы саяси жүйелерге біржақты теріс баға беруге болмайды. Адамзат тарихи даму жолының басым бөлігінде осындай саяси жүйелер аясында өмір сүрді. Авторитаризм индустриалды қоғамға дейінгі билікті ұйымдастыру түрі болды. Бірқатар Азия, Африка, Латын Америкасы елдерінде бүгінгі күнге дейін авторитарлық саяси жүйелер орныққан. Олар бүл тәртіптің орнығуын ұлт азаттығы мен қайта дәуірлеуі үшін қажет деп бүркемелейді. Мұнда авторитарлы басқарушылар халықтың мойындауына тек күшпен ғана емес, заңдастырудың харизмалық әдісін қолдану арқылы қол жеткізеді. Авторитарлы билік шын мәнінде қоғамдық тәртіп орнатуда, қоғамдық құрылымдарды қайта құруда, аса маңызды мәселелерді шешуге қажет ресурстар мен күшті жұмылдыруда тиімді. Алайда, қазіргі таңда авторитарлы саяси жүйелер өтпелі кезеңге тән құбылыс ретінде сипатталады. Одан әрі не демократизмге, не тоталитаризмге ұласады.
Демократия
Демократиялық саяси режим — ұндай режимде ел халқының кең әлеуметтік жіктері, халық, демос (гр.сөзі demos — халық) қоғамды, қоғамдық істерді басқарып, билікті жүзеге асырады. Демократия — әлеуметтік өмір агенттері өздері құрған билік құрылымында шешімдердің қабылдануына тең дәрежеде қатыса алатын басқару формасы болып саналады. Демократияны ерекше әлеуметтік құндылық дей отырып, ежелгі грек ойшылы Демокрит былай деген: "Демократиядағы кедейлік патша кезіндегі молшылықтан (азаматтардың) қаншалық артық болса, еріктілік құлдыққа қарағанда соншалық жақсы".
Тоталитаризм
Жағымды
Жағымсыз
1)Қоғамның барлық салаларына бақылауды орнату, үкімет мемлекеттің жұмыс істеуіне үйлесімді функцианалды қамтамасыз етеді.
2)Тоталитарлы мемлекет, мемлекеттің жақсы үйлестірілген жұмысының арқасында, басқа елдер арасында экономикалық салада көшбасшылық позицияны қамтамасыз ете алады.
3)Азаматтар мен олардың өмірін жалпы бақылаудың көмегімен, мемлекет тұрғындарының қауіпсіз өмірін қамтамасыз етеді.
1)Жалпы бақылау азаматтардың құқықтарының бұзылуына ықпал етеді, халық сөз және жеке бас бостандығынан айырылды.
2)Басқа мемлекеттердің осы түрге теріс қатынасына байланысты, тоталитаризм әлемдегі мемлекеттің беделін төмендетуге ықпал етеді.
3)Жаппай террор мен репрессияны тудырады.
Авторитаризм
Жағымды
Жағымсыз
1) Әскери қауіптілікке және төтенше жағдайларға жедел және тиімді әрекет етуге қабілетті.
2) Саяси тұрақтылықты, құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, әлеуметтік күйзелістерді барынша азайту.
3) Дамушы елдердің өсуіне ықпал ететін нақты мәселелерді шешуге мемлекет пен қоғам ресурстарын жұмылдыру мүмкіндігі.
1) Саясаттың мемлекет басшысына немесе жоғарғы басшылар тобына толық тәуелділігі.
2) Мемлекеттегі билікке бір партияның немесе адамдар тобының монополиясына, азаматтардың үкіметке қатысуына жол берілмейді.
3) Билік құрылымы қатаң түрде орталықтандырылған, мемлекеттік басқару органдары антидемократиялық жолдармен құрылады.
Демократия
Жағымды
Жағымсыз
1) Мемлекеттік шешімдер қабылдайтындардың жоғары құзыреттілігі.
2) Сөз бостандығы, халықтың ортақ ойы.
1) Мемлекеттік органдар мен олардың нақты өкілдерін сайлаушылардан бөлу.
2) Нағыз демократиялық бақылаудың әлсіреуі, қуатты қысым топтарының әсерін күшейту