№ 5 ДӘРІС ТАҚЫРЫП: “ТРАНСЛЯЦИЯ” ЖОСПАР: 1. АҚУЫЗ СИНТЕЗІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК. 2. ТРАНСЛЯЦИЯҒА ҚАТЫСАТЫН АҚУЫЗ ФАКТОРЛАРЫ. 3. РИБОСОМАЛАРДЫҢ АКТИВТІ БӨЛІКТЕРІ. 4. АҚУЫЗ СИНТЕЗІНІҢ НЕГІЗГІ ЭТАПТАРЫ: А. ИНИЦИАЦИЯ; Б. ЭЛОНГАЦИЯ; В. ТЕРМИНАЦИЯ; Г. ПОЛИПЕПТИДТІ ТІЗБЕКТІҢ МОДИФИКАЦИЯСЫ. АҚУЫЗ МОЛЕКУЛАЛАРЫНЫҢ ФОЛДИНГІ.
Трансляция - генетикалық информацияны іс жүзіне асырудың екінші этапы.
Трансляция – деп рибосомада ақуыздың синтезделуін айтамыз.
Бұл кезде информация нуклеин қышқылдары тілінен полипептидті тізбекте рет-ретімен орналасқан амин қышқылдар тіліне алмасады.
Информацияның амин қышқылдар тіліне алмасуы т-РНҚ арқылы жүзеге асырылады.
3. Трансляция немесе полимеризация, амин қышқылдарының қалдықтары арасында пептидті байланыс түзіліп, полипептидті тізбектің пайда болуы. Осы саты рибосомада а-РНҚ-ның бақылауымен генетикалық кодқа сәйкес жүреді.
Амин қышқылдары
Пептидтік байланыстың түзілуі
Белок тізбегінің ұзаруы
т-РНҚ
м-РНҚ
Бұл процесте рибосомада полипептидті тізбек синтезделеді, оған матрица ретінде а-РНҚ-ның молекуласы қолданылады.
Трансляция процесіне а-РНҚ, т-РНҚ және р-РНҚ қатысады.
Түзілетін полипептидті тізбек пен а-РНҚ-ның кодондары арасындағы байланысты т-РНҚ қамтамасыз етеді.
Трансляция барысында рибосома көптеген функция атқарады.