КОНТАКТІГЕ ТҮСЕТІН БЕТКЕЙЛІКТЕ БІРНЕШЕ ОРТАЛЫҚТАР БАР, ОЛАР ПЕПТИДТІК БАЙЛАНЫСТЫҢ ТҮЗІЛУІН КАТАЛИЗДЕЙДІ ЖӘНЕ АРНҚ-НЫҢ БОЙЫМЕН РИБОСОМАНЫҢ БІРТІНДЕП ЖЫЛЖУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ. ҚАЛЫПТАСҚАН РИБОСОМА - СУПЕРФЕРМЕНТ ЖӘНЕ КЕЛЕСІ ФУНКЦИЯЛАРДЫ АТҚАРАДЫ: 1. ТРАНСЛЯЦИЯ ПРОЦЕСІНЕ ҚАТЫСАТЫНДАРҒА ДҰРЫС БАҒЫТ КӨРСЕТЕДІ; 2. ОЛАРДЫҢ АРАСЫНДАҒЫ РЕАКЦИЯЛАРДЫ КАТАЛИЗДЕЙДІ.
Рибосоманың қызмет атқаруы оның функционалдік орталықтарына байланысты. Оның бірнеше түрі бар:
1. М – орталық, рибосоманың 18 S р-РНҚ бөлігінен қалыптасқан, а РНҚ-мен байланысады (оның 5‘-ұшындағы трансляция жүрмейтін бөлігіндегі 5-9 нуклеотидтерге комплементарлы болып келеді).
2. П - пептидилді орталық Трансляция процесінің бастапқы кезінде П – орталықпен инициациялық аа-т-РНҚ байланысады.
Рибосомалар
Рибосоманың кіші суббірлігінде екі функционалдық орталық орналасқан (РФО):
ЭУКАРИОТТАРДА ИНИЦИАЦИЯЛЫҚ КОДОН БАРЛЫҚ А-РНҚ ӘРДАЙЫМ МЕТИОНИНДІ (АУГ) АНЫҚТАЙДЫ. ТРАНСЛЯЦИЯНЫҢ КЕЛЕСІ САТЫСЫНДА П-ОРТАЛЫҚТА ПЕПТИДТІ ТІЗБЕКТІҢ СИНТЕЗДЕЛГЕН БӨЛІГІ БАР ПЕПТИДИЛ-Т-РНҚ ОРНАЛАСАДЫ. 3. АМИН ҚЫШҚЫЛЫ ОРТАЛЫҒЫ (А-ОРТАЛЫҚ): КЕЛЕСІ АА-Т-РНҚ-НЫ БАЙЛАНЫСТЫРАТЫН ОРТАЛЫҚ 4. ПЕПТИДИЛТРАНСФЕРАЗАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТА (ПТФ-ОРТАЛЫҚ): ПЕПТИДТІ БАЙЛАНЫС ТҮЗІЛЕДІ, СОНЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕ ПЕПТИДИЛ БІР АМИН ҚЫШҚЫЛЫНА ҰЗАРАДЫ.
4 НЕГІЗГІ ОРТАЛЫҚТЫҢ РИБОСОМАНЫҢ СУББӨЛШЕКТЕРІНДЕ ОРНАЛАСУЫ :
Кіші суббөлшекте:
М-орталық, А-орталықтың басым бөлігі, П-орталықтың кіші бөлігі орналасқан.
Үлкен суббөлшекте:
ПТФ-орталық, П-орталықтың басым бөлігі, А-орталықтың кіші бөлігі – амин қышқылы радикалдарымен акцепторлық ілгіш аа-т-РНҚ байланыстыратын бөлік.