Тренинг. «Көңілді достар» Тренинг мақсаты



Дата09.01.2020
өлшемі24,12 Kb.
#55596
Байланысты:
өмірде басқалармен бірге өмір сүр

Тренинг. «Көңілді достар»
Тренинг мақсатыПедагогтар арасында жағымды қарым-қатынас орнату, көңіл-күйін көтеру жүйке-жүйесін демалдыру, шаршағандығын басу.

Барысы:


1. Танысу тренингі
2. «Айна» жаттығуы.
3. «Сергіту» тренингі. 
4. Музыка терапия.
5. «Құбыр» жаттығуы
6. «Тілек шамы»

Психолог: Сәлеметсіңдерме ме, құрметті әріптестер. Көңіл-күйлерің қалай? Біздің бөбекжайға қош келдіңіздер! Бүгінгі біздің тренингіміздің тақырыбы :«Көңілді достар» деп аталады.Қазір, барлығымыз бір-бірімізбен танысып алайық.



«Танысу» тренингі.

Шарты:  Қатысушылар дөңгеленіп шеңберге тұрады . Әр қатысушы өзін таныстырады. (аты- жөні, қай мекемеден келгенін, мамандығын) және есімінің алғашқы әрпінен бойындағы бір жақсы қасиетті айтады.



«Актерлар» жаттығуы

Мақсаты: Әртүрлі қимылдар жасау арқылы актерлік шеберліктерін дамыту.

Бүгін мен сіздерді актер болуға үйретемін. Қазір нені көрсетесіңдер десем, соны бет – әлпеттеріңізбен бейнелейсіздер. 

-Қабағы түйілген, ашулы адамның кейпін;
-Қасқырдан қорыққан қоянның;
-Ұядан түсіп қалған балапанның;
-Ренжіп тұрған адамды көрсету;

-Балмұздағын тартып алған бала кейпін;

-Жәй күліп тұрған және қатты күліп тұрған адамды көрсету;

-Ауыр жүк көтерген адам кейпін;

Жарайсыңдар, рахмет!

Ал ,енді, келесі жаттығуымызға кірісейік.


«Сергіту» тренингі

Көзімізді жұмамыз, айналамыз тып – тыныш, ыңғайланып отырып алыңыз.

Сізге өте жайлы, тып – тыныш, сіз тек менің даусымды естіп тұрсыз. Сіз келе жатырсыз, алдыңызда орман шықты, көз алдыңызға елестетіңізші: яғни қалың орман ба, әлде сирек орман ба – оны өзіңіз таңдайсыз...

Сіз келе жатырсыз, келе жатырсыз – алдыңызда жол бар, сіз сол жолмен келе жатырсыз – сол жол кең бе, әлде тар ма, - оны өзіңіз таңдайсыз.

Келе жатырсыз – алдыңызда әмиян (кошелек) көрдіңіз, ол әмиянды аласыз ба, әлде алмайсыз ба – оны да өзіңіз білесіз.

Сіз келе жатырсыз – алдыңызда үлкен қақпа тұр. Ол қақпадан секіріп өтесіз бе, әлде ашып кіресіз бе немесе айналып өтесіз бе – оны да өзіңіз шешіңіз.

Сіз әлі келе жатырсыз, алдыңызда үй көрдіңіз. Ол үйге кіресіз бе, әлде кірмей, айналып қасынан өтесіз бе - өзіңіз біліңіз.

Келе жатырсыз – алыстан бір үйір жылқы көресіз. Сол жылқыға жақындап барасыз ба, әлде айналып өтіп кетесіз бе? - өзіңіз шешіңіз.

Енді алдыңыздан өзен көресіз – ол өзен жәй толқынмен ағып жатыр ма, әлде шулап тасып жатыр ма? – оны да өзіңіз таңдаңыз.
Орман – ол Сіздің проблемаларыңыз, яғни алда кездесетін орман сирек болса, онда Сіздің проблемаларыңыз сирек болады, одан тез өтесіз. Егер қалың орман таңдасаңыз – алда қалың, үлкен проблема тұр.

Жол – Сіздің кеңдігіңіз немесе тарлығыңыз – таңдаған жолыңызға сәйкес келеді.

Әмиян – ол Сіздің ақшаңыз, Сіз әмиянды алсаңыз алдағы уақытта Сіздің ақшаңыз көп болады. Егер әмиянды алмасаңыз – қаржы жағынан қысыласыз.

Қақпа – қиындықтан өтуіңіз, қақпаны ашып кірсеңіз – қиындықтан жәй өтесіз, яғни төзесіз, ал секіріп өтсеңіз – қиыншылықтан қиналмайсыз. Ал айналып өтсеңіз, қиыншылықтан қашасыз.

Үй – ол өзіңіздің жанұяңыз, яғни Сіз үйдің адамысыз немесе үй шаруасына жоқсыз.

Жылқы – аттың қасына жақындасаңыз, Сіз бақытты адамсыз. Айналып өтсеңіз - өз бақытыңыздан айналып кеткеніңіз.

Өзен – ол жәй болса, сіздің мінезіңіз жайлы болғаны. Ал шулап, тасып жатырса – Сіздің қаттылығыңызды білдіреді.
Музыка терапия

Нұсқау: Балабақшада жаңа жыл қарсанында

«В лесу родилась ёлочка» өлеңі орындалатынын бәріміз білеміз.

Осы өлеңді сөзімен емес, жануарлардың дыбысымен орындау

керек. Ол үшін алдымен үш топқа бөлінеміз. Мен жануарлардың суретін көрсетем сол топ бастайды.

Үйректер: Кря-кря-кря

Сиырлар: Му-му-му

Мысық: Мяу-мяу-мяу


«Құбыр» жаттығуы

Нұсқау: Қатысушыларға ақ парақ таратылып шеңбер бойымен тұру ұсынылады. Ақ парақты құбыр тәрізді дөңгелетіп, бір-бірімен жалғасып құбыр жасауы керек. Жасалған құбыр бойымен дөңгелек шарлар жіберіледі. Қатысушылардың мақсаты шарларды түсірмей қоржынға салу.


Қорытынды. Жаттығу: «Тілек шамы» 
Қазір мен майшамды жағамын. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп, жұмыс жасағанымыз үшін бір-бір жылы сөз айтып, майшамды беріп отырамыз. Қоштасуға майшамды алғанымыз, жарық деген жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілекпен, бүгінгі тренингімізді аяқтаймыз. Рахмет!


Тақырыбы: «Өмірде өз-өзіңмен және басқалармен бірге өмір сүр»

Мақсаты: Педагогтар арасында жағымды достық қарым-қатынас орнату, ұжымшылдыққа шақыру, көңіл-күйін көтеру, жүйке-жүйесін демалдыру, шаршағандығын басу.

Қажетті құрал-жабдықтар: А4 ақ қағаздар, кішкене доп, түрлі-түсті қарындаштар ж/е т.б.

Тренинг барысы:

1. «Ізетті қуыршақтар» сәлемдесу жаттығуы

Нұсқау: Қатысушылар шеңбер жасап тұрып, қуыршақ кейіпіне енеді. Содан кейін жүргізуші белгісі бойынша бір қатысушының қолынан ұстап 1,2,3 деп айналдырып, «Сәлеметсіз бе?!» дейді, осылай барлық қатысушылармен амандасып шығады.

2. «Қар» жаттығуы

Нұсқау: Қатысушыларға ақ қағаздар беріледі және сол ақ қағазды екіге бүктеп, оң жақ бұрышын қию сұралады. Сосын тағы да бүктеп, оң жақ бұрышын қию, сосын тағы да бүктеп, оң жақ бұрышын қию, сосын тағы да бүктеп, оң жақ бұрышын қияды. Енді қағазымызды ашып қараймыз. Қағаздарымыз бір біріміздің қағаздарымызға ұқсайма, бірақ тапсырма бәрімізге бірдей берілді. Бұдан шығатын түйін, біз бәріміз бірдейміз, бірақ әртүрліміз.

Әрбір адам жеке тұлға. Егер біз барлығымыз бірдей болсақ, онда өмірде тіршілік ету қызық болмаушы еді. Біздің әрқайсымызда қызықты әрі бір нәрсе үйренетіндей қасиет бар. Бірақ, осы өмірде келісім мен бейбітшілікте өмір сүру үшін жауапкершілік, ұстамдылық, адамгершілік, қайырымды, шыдамды сияқты біздің бойымызда сапалық қасиеттер болуы қажет. Басқа сөзбен айтқанда, басқалармен қарым-қатынаста толерантты болуымыз керек.



3. «Толеранттылық эмблемасы» жаттығуы

Нұсқау: Қатысушыларға толеранттылық ұғымын қалай түсінеді және соған байланысты толеранттық эмблемасын жасау тапсырылады.Соңында қорғап шығу.

4. «Паравоз» жаттығуы

Нұсқау: Қатысушылар бір қатарға тұрып, реттік санымен 1,2-ге саналады. Екі топқа бөлініп, бірінші топ қолдарын бір рет шапалақтап, оң аяқтарын жерге қағады. Ал екінші топ қолдарын екі рет шапалақтап, сол аяқтарын бір рет жерге қағады. Осылайша ойын жалғасады., шатасқан ойыншы, өз өнерін көрсетеді немесе ойыннан шығады.

5. «Құбыр» жаттығуы

Нұсқау: Қатысушыларға әр қайсысына ақ қағаз беріледі. Сол қағаздарды пайдалана отырып, құбыр жасап шығады. Құбыр дайын болған кезде жүргізуші кішкене допты құбыр бойымен өткізеді. Қатысушылар құбырды ажыратпай, бірігіп, допты түсірмей өткізулері қажет. Егер түсіріп немесе ажыратып алған жағдайда, ойын қайталана береді, қашан дұрыс орындағанға дейін.

6. Рефлексия

1. Бүгінгі тренингтен алған әсеріңіз қандай?

2. Өзіңізге не ала алдыңыз?

3. Не ұнады, не ұнамады?


3 Мәртөк жалпы орта білім беретін мектебі

«Өмірде өз-өзіңмен және басқалармен бірге өмір сүр»

(педагог кадрлармен психологиялық тренинг)

Педагог-психолог: Итесова Г.Е

2020 –қаңтар

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет