«Ұстазым, әкем, шешем және мен!» атты сайыс
Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ата-анамен бала арасында спорт мәдениетін кең тарату. Спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Түрі: Эстафеталық ойын
Өтілетін орын: Спорт алаңы.
Қажетті құралдар: ысқырық,баскетбол,волейбол допттары, шығыршық, ыдыстар, плакатқа жазылған сөздер, арқан,гір,кедергілер.
Барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар,ата-аналар және оқушылар ! Бүгінгі «Ұстазым,әкем,шешем және мен!» АТТЫ САЙЫСҚА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!
Ұстаздар,ата-аналар мен оқушылар отыр сынға түскелі
Сыналмақшы ептілікпен күштері .
Әрбірінің жігер күші жалындап,
Жеңіс сәтін тағат таппай күткелі
«Спорт» десе таза біздің арымыз,
Бүгінгі сайысатын сайыскерлерді
Қарсы алайық қошеметпен бәріміз!
Ортаға сайысқа түскелі тұрған топтарымызды шақырайық!
№1 топ « Сұңқар »
№2 топ « Қырандар»
№3 топ « Тұлпар»
№4 топ «Толағай»
( 4 топ өтіп, ойын алаңыны барып орналасады.)
Бишілер тобы
Құрметті жарысқа түскелі тұрған бәсекелестер келесі кезекті әділқазылар алқасымен танысуға берейік .
Мектебіміздің директоры
Ғылыми-әдістемесі жөніндегі орынбасары
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Әр топ командаларымен таныстырсын.
Ойнайық, ойнайықта ойлайық!
Қатардан артта қалып қоймайық,
Белсенді болайық ортада
Уақытты тектен-тек жоймайық!
Сайысымыздың әр бөлімімен таныстырып өтейін . Жарысымыз 6 сайыстан тұрады.
Эстафеталық жарыс ( доппен кедергілер арасынан жүріп өту)
Аспаз ойыны ( шарикті екі қасықпен қазанға тасу)
Әкелер сайысы ( 16кг.гір көтеру)
Білімді кеңгуру ( секіртпе доппен кедергілер арасынан секіріп келу және тапсырманы орындау қазақша жазылған спорт сөздерін ағылшынға аудару )
Шеңбер жарысы ( шеңберді әкелері мен аналары кезекпен дөңгелетеді ортасынан ұстазы мен бала допты әрі-бері тез-тез өткізеді )
Арқан тартысу
(Осымен сайыстарымыз аяқталды ендігі кезекті әділқазылар алқасына береміз)
Денсаулықтың әліппесін әрқашанда жадында ұстанатын белсенді де білгір, денсаулығы мықты, спорт десе, ішкен асын жерге қойып, алтын уақытын спортқа арнайтын спортты сүйетін отбасылардың жетістіктерін марапаттау рәсіміне көшелік.
Марапаттау рәсімін біздің сайыскерлеріміздің өнеріне тәнті болып отырған әділқазылар алқасына береміз.
( әділқазылар алқасы марапаттау рәсімін өткізеді)
Денсаулық-басты байлық өмірдегі,
Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.
Салауатты өмір салтын насихаттап,
Атанайық жақсы азамат өңірдегі.
Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында.
Денсаулық кепілі – салауаттылық.
Салауатты өмір салтын сақтап , болашағымызды сәулендірейік!
Отбасылар сайысы осымен тәмамдалды.
Белсенділік танытып, тамашалағандарыңыз үшін көп-көп рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |