«Тригонометриялық теңдеулер»



бет1/5
Дата11.12.2021
өлшемі70,5 Kb.
#79134
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5
Байланысты:
тригонометрия бағдарлама 10-11 сынып

«Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 25 қазақ қыздар гимназиясы»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Тригонометриялық теңдеулер»

12 жылдық бейінді мектепке арналған

арнайы курс бағдарламасы

(жаратылыстану-математикалық бағыт)

10-11(12) сынып

Құрастырғандар:

Какеша Маржан

Түсініктеме
Ұсынылып отырған курс жоғары сынып оқушыларының кәсіби дайындық міндеттерін жүзеге асыруға көмектеседі. Курс 68 сағатқа есептеліп, 10-11(12) сынып оқушыларына арналған.

Бұл 12 жылдық бейімді мектепке арналған курс математикаға бейімі бар оқушының қызығушылығын, сұранысын стандартты емес есептер шешу әдістерін қолдану барысында танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Курс мазмұны математикалық анализ және алгебра курсының бағдарламасын қайталамай, мектеп математикасы курсындағы «Тригонометриялық теңдеулер» туралы білімдерін тереңдетуге бағытталған. Сондықтан да бұл курсты оқу кезінде жоғары сынып оқушыларының математикалық білімге қызығушылығын және сұранысын неғұрлым толық қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Дәстүрлі емес жағдайларда алған білімдерін қолдана білуге, өмірлік жоспарларын іске асыруда жоғарғы сынып оқушыларының білім алуына «Тригонометриялық теңдеулерді шешу» маңызды орын алады. Басқа жағынан алғанда, бұл курс орта мектептері түлектеріне теңдеу шешуге қажетті және жеткілікті білім жинақтауға мүмкіндік бере отыра, математика негізгі пән болып келетін жоғарғы оқу орнына дайындық болып табылады.

Арнайы курсты енгізу мақсаты, курс мазмұны, оқуды ұйымдастыру, практикалық сабақтар арқылы оқушыға өз қабілетін, білім алу жолындағы көзқарасын бағалай білуге және оған жоғары деңгейде жұмыс жасауға жол ашады. Бағдарламада ұсынылып отырған тапсырмалар, зерттеуге бағытталған және ұтымды ойлау дағдыларын дамытуға әсер етіп, нәтижесін болжай білу қабілетін қалыптастырады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет