§1.Түрік қағанаты 1.Анықтамасы: Қазақстан жеріндегі орта ғасырлардағы мемлекет.
2.Хронологиясы: 552-603ж
3.Территориясы: Шығыс Қытайдан бастап, батыста Каспий теңізіне дейінгі аралық.Оңт.Шығ.Қытаймен, оңт.бат.Парсы елімен шектеседі.
4.Билеушісі: қаған
5.Сипаты:ерте феодалдық, жерге меншік
6.Тарихи тұлғалары: негізін салған Бумын қаған, баласы Қара-Еске, інісі Мұқан қаған кезінде жужандарды мүлде бас көтерместей етіп жеңеді, сөйтіп түріктер ұлы дала билеушісі атанады, Тобо қаған кезінде қытай мен қарым-қатынасын жақсартты.
10.Саясаты: 1 0.1. Ішкі- халық бір орталыққа бағынған мемлекет болды.
10.2.Сыртқы- қытай мен құдандалық байланыс орнатты.
1 1.Соғыстары: 11.1.552ж.Жужан қағаны Анағұй қағанды жеңеді.
11.2.Қара-Еске қаған Орханның жоғарғы жағындағы Буркат тауында аварларды 2-рет жеңеді.
11.3.555ж.Бумын қағанның інісі Иштеми соғдылықтарды жаулауға аттанды.Бірақ Орта Азия жерінде Эфталиттерден қарсылық көріп соғысты тоқтатады, кейін 563-567ж. басып алады.
12.Шарауашылығы: көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы мен айналысты.Қыстаулары-Шу, Талас, Ертіс, Сырдария тау бөктері себебі:от суы мол, қысы жайлы еді.
15.Археологиялық ескерткіштер: жетісу және Оңт.Қазақсатанда үй жайлардың тұрақтары, Тараз қаласының маңынан түріктердің қыстақ кенттері табылды.
16.Деректер: Күлтегін жазба ескерткіштерінде қала туралы сөздер кездеседі.
17.Ыдырауы: бір орталыққа бағынған мемлекет бола алған жоқ, билік үшін талас-тартыс басталды.581ж.халықтар арасында ішінара соғыс басталды.жеке-жеке ұлыстарға бөлінді.603ж.Батыс және Шығыс қағанаты болып 2-ге бөлінді.