Қазақ мәдениетіне кіріспес бұрын «мәдениет» пен «өркениет» сөздеріне қысқаша түсініктеме бере кетейік. Мәдениет – әрбір халықтың тұрмыс-салтымен, дәстүрімен тікелей байланысты ұғым. Бір әрекеттің дәстүрге сосын мәдениетке айналуы үшін оның міндетті түрде қайталанып тұруы керек. Бір халықтың дәстүрі бір адамның әдет-дағдысы секілді. Адамның әдет-дағдысы оның мінезін қалыптастырса, дәстүр де сол секілді бір халықтың дүниетанымын, болмысы мен мәдениетін қалыптастырады. Басқаша айтқанда мәдениет пен өркениет халықтың тұрмыс салтымен тікелей байланысты
Жалпы мәдениет сөзі Еуропаның «цивилизация» ұғымының баламасы ретінде пайда болған. Еуропалықтар әлемді отарлау саясаттарын заңдастыру мақсатында осы ұғымды шығарып, өздерінің басқа халықтарды отарлап, қанау және тонау саясатын оларға цивилизацияны жайып жатырмыз, оларды ағартып, көгертіп жатырмыз деп түсіндірген. Бұл ұғыммен он тоғызыншы ғасырдың ортасында алғаш жолыққан Османлы зиялылары сөздің түбірі Латынның «цивитас» яғни «қала» деген мағынаны білдіргендіктен, «мадина» қала түбірінен мәдениет сөзін шығарды. Тіліміздегі мәдениет сөзі Қазақ тілі орыс тілімен шекараласқанда, олардың культура сөзінің баламасы болып шыға келді. Байқағанымыздай, цивилизация да, мәдениет те отырықшы халықтардың танымын көрсетеді. Олардың пікірінше, дамудың, өркендеудің, сыпайы-әдепті болудың жолы қала болу мен отырықшы болудан өтеді. Тіпті культура деген сөздің түбірінде жер өңдеу мағынасы жатыр. Ал Ибн Халдунның өркениет сөзінің баламасы ретінде қолданған «’умран» сөзінде құрылыс, ғимарат мағыналары бар. Бұл әрине отырықшы халықтардың көзқарасы.
Түркі өркениетін өз кезегінде оңтүстік және солтүстік деп екі қанатқа бөлуге болады. Түркі өркениетінің Оңтүстік қанатына Ұйғыр, Өзбек, Әзірбайжан және Анадолы-Балқан мәдениеттері кіреді. Ал солтүстік қанатқа Қазақ, Қырғыз, Қарақалпақ, Ноғай, Сібір, Солтүстік Кавказ, Татар, Башқұрт, Қырым мәдениеттері енеді. Солтүстік қанат Түркі мәдениетінің саф, таза, негізгі қалпын сақтап қалса, Оңтүстік осы саф мәдениетті жетілдіріп, өңдеп, нәзік және биязы қалыпқа келтірген. Солтүстіктің тілі қаншалықты көне және жуан болса, оңтүстіктің тілі соншалықты жаңа және нәзік. Солтүстіктің музыка аспаптары қаншалықты қоңыр дауысты және табиғи болса, оңтүстіктің аспаптары соншалықты жіңішке дауысты. Мысалға домбыра екі ішектен тұрса, Анадолыдағы бағлама жеті ішектен тұрады. Оңтүстікте Араб-Парсы және жалпы қала мәдениетінің ықпалы анық байқалады. Ал солтүстікте дала мәдениеті, көшпенді дүниетанымы үстем.
Бүгінгі тәуелсіз Түркі мемлекеттерінің туларына қарайтын болсақ та, бұл оңтүстік-солтүстік айырымын көруге болады. Қазақстан мен Қырғыз Республикасы Ислам дінінен бұрынғы Тәңірліктің белгісі «Күнді» өз туларында бейнелеген. Әсіресе Қазақстанның көк туы Көктүріктердің Көктәңрісін еріксіз еске түсіреді. Ал Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркия мен Түркіменстан Исламның белгісі «жаңа туған айды» өз туларында бейнелеген. Соңғы төртеуінің ішінде Түркіменстан туындағы «жаңа туған ай» басқалардікіне қарағанда оңынан туған. Бұл түрікмендердің көне түркі танымына сай санасын көрсетеді. Өйткені «айдың оңынан, жұлдыздың солынан тууы» көне түріктерде жақсылықтың нышаны еді.
Солтүстік Түркі мәдениетінің жарқын өкілдерінің бірі Қазақ мәдениеті екендігінде дау жоқ. Қазақ отбасынан қоғамдық қатынастарға тіпті мемлекеттік рәсімдер деңгейіне дейін көне түркі өркениетінің ықпалы көрініп тұрады. Қазақтар өз мемлекеттерінің белгісі ретінде Түркі мемлекеттілігінің белгісі шаңырақты қолданады. Қырғыздар шаңырақты өз туларында бейнелесе, Қазақтар елтаңбасында бейнелеген. Осы тұрғыдан қырғыздар мен қазақтардың арасында, олардың дүниетанымында, салт-дәстүрінде, мәдениетінде көп айырмашылық жоқ. Бәлкім қазақтарды даладағы қырғыздар, ал қырғыздарды таудағы қазақтар деп сипаттасақ тура болар. Тек айырмашылық, қырғыз халқы өздерін көктүріктер заманындағы қырғыз руының жалғасымыз деп танытса, қазақ халқы – өз шежіресін ғұн-сақ-көктүрік заманынан бастайтын дәл сондай жүздеген ру мен елдің ұйысуынан құралған халық ретінде, басқаша айтқанда Түркі қағанаты мен Шыңғысхан империясының құрамына енген барлық Түркі рулары басын қосқан ел ретінде танытады.
Қазақ мәдениетінің Түркі өркениетінің тұнық халін сақтауының екінші бір себебі география жағынан қазақ елінің Түркі әлемінің нақ ортасында орналасуы болып табылады. Қазақтарды Араб-Парсы мәдениеті ықпалынан Түркі әлемі мен Араб-Парсы әлемінің ортасында тұрған өзбектер қорғап қалса, Қытай мәдениеті ықпалынан Түркі әлемінің шығысында орналасқан ұйғырлар қорғап қалды. Ал солтүстік-батыстан Түркі халықтарын бірінен соң бірін ассимиляциялап келе жатқан орыс мәдениетінің қаупінен қазақтарды татарлардың сақтап қалғандығын айту керекпіз. Егер Кеңес Одағы тағы бір он бес не жиырма жыл өмір сүргенде қазақтардың ел болып есін жиюына әлдеқайда көп уақыт қажет болар еді.
Қорыта айтқанда, қазақ мәдениеті – Түркі өркениетінің жалғасы, ең тұнық халі. Қазақстан Республикасының тәуелсіз ел ретінде халықаралық аренада өз орнын алуы – бұл мәдениеттің мәңгіге сақталатындығының кепілдігі. Бір мемлекеттің әлемдегі өзіндік орнын белгілейтін тек саяси құрылым ғана емес, мәдени болмыс екендігін қабылдасақ, онда кезінде Ататүріктің Еуропа мен Араб-Парсы әлемінің ортасында өзіндік болмыс дамыту мақсатында Түркия Республикасының негізіне Түрік мәдениетін салғанындай, бүгін Ресей мен Қытай арасында өз елдігін сақтап қалу үшін Қазақстан да Түркі мәдениетін жандандыруы керек. Елбасы Назарбаевтың Түркі өркениетіне көрсетіп отырған қолдауы қазақ елінің мәдениет саясаты дұрыс бағытта ілгерлеп бара жатқандығының айқын көрсеткіші.
Көшпелілер рухани мәдениетінің ерекшелігі
Мазмұны
1 Рухани мәдениеттің даму ерекшелігі, тілі, жазуы
2 Көне жазулар
3 Орта ғасырлардағы жазу-сызу
4 Руна жазуларының сипаты
5 Пайдаланылған әдебиет
Рухани мәдениеттің даму ерекшелігі, тілі, жазуы
«Мәдениет» деген ұғымның аясы өте кең. Сондықтан да болар, «мөдениет» үғымының көптеген анықтамасы бар. Адам ой-санасы мен өрекетінің нәтижесінде туындаған құндылықтарды біз мәдениет дейміз. Мәдениетті кейде шартты түрде материалдық және рухани деп екіге бөледі. Қолмен ұстап, көзбен көруге болатын дүниелерді материалдық мәдениет үлгілері дейміз. Ал қолмен ұстап, көзбен көруге болмайтын, тек санамен, түйсікпен қабылданатын мәдениет жетістіктерін біз рухани мәдениет дейміз. Рухани және материалдық мәдениет үлгілерінің арасында түйык шек жоқ. Кейде материалдық мәдениет үлгілері руханияттың үлгісі болып табылады. Мысалы, сәулет өнері ескерткіші, былай карағанда, материалдың мәдениет, ал сол сәулет өнерінен халықтың немесе сәулетшінің дүниетанымы, мәдени дәстүрі көрінеді. Оның үстіне, сәулет өнері ескерткішінен көрермен рухани ләззат алады. Бұл жағынан қарағанда сәулет өнері ескерткіші рухани мәдениет үлгісіне де жатады. Кітапты да солай түсінуге болады: әрі материалдық дүние әрі рухани құндылық.
Көшпелілердің рухани мәдениетінің өз даму ерекшеліктері бар. Ол көшпелілердің тіршілік қарекетінің, тұрмысының ерекшеліктерінен туындайды. Кейбір батыстық зерттеушілер: «Көшпелілер өз бетінше мәдени кұндылықтар жасауға кабілетсіз, олар тек басып алған отырықшы халықтардың мәдениетін қабылдайды. Ал отырықшы халықтардың мәдениеті оларға өтей мәдениет болып қала береді», — дейді. Бұл — мүлде қате пікір. Көшпелілер өз тұрмыс-әрекетіне лайықты мәдениет қалыптастырған. Көшпелілердің материалдық мәдениеті көші-қонға ыңғайланып жасалған. Мұндай таза көшпелі мәдениет үлгілеріне біз жиналмалы, жығып-тігуі өте жеңіл киіз үйді, ер-тұрман, ат әбзелдерін, теріден, ағаштан жасалған [[Ыдыс-аяқ|ыдыс-аяқтарын], бесігін, басқа да тұрмыстық заттарын жатқызамыз. Көшпелілердің рухани мәдениеті тіптен бай. Мал шаруашылығы — егіншілікке карағанда бұқара халықтың барлығы қамтылмайтын, қамтығанның өзінде көшпелі кауымның бос уақыты көбірек болатын шаруашылық түрі.
Сонымен қатар көшпелілер отырықшыларға қарағанда табиғатқа жақынырақ, онымен өмір сүрген. Көшпелілерде табигатка негізделген дүниетаным, ақынжандылық, қиялшылдық, түптеп келгенде, шығармашылықпен ойлау жүйесі қатты дамыды. Бұдан «Отырыкшы хальқтарда бұл қасиет болмады, не аз көрініс тапты» деген ой тумауы керек. Тек бұл қасиеттердің қалыптасуына, көрініс тауып, іске асуына көшпелі өмір объективті түрде көбірек жағдай туғызды. Көшпелілерде де, отырықшы елдер сияқты, жазу ерте пайда болды. Біз сақ жазуларының (б.з.д. 1-мыңжылдықтың ортасы), түрік жазуларының (б. з. VII—VIII ғасырлар) болғандығын, одан бергі ортағасырлық түркі тайпаларында жазудың болғандығын білеміз. Бірақ тағы да объективтік себептермен көшпелілерде отырықшыларға қарағанда жазусызу кеңінен дами алмады. Олардың рухани мәдениеті — шежіре тарихы, фольклоры, діни ұстаным-қағидалары жадында сақталды.
Көшпелілер мәдениетінің тағы бір ерекшелігі — олардың мәдениетінің көбінесе синкретті (біртекті ғана емес, көпқырлы) болып келуінде. Көне заманда қазақ жерінде өмір сүрген тайпалар (сақ, ғүн, үйсін, сармат, т.б.), одан кейін орта ғасырлардағы түркілер бүкіл Еуразиялық көне және ортағасырлық өркениеттер мен әр түрлі себептер арқылы (миграция, жаулап алу, бейбіт көршілік жағдайында) араласты. Сол аркылы көшпелілер өздеріне түрлі халықтардың жақсы мәдени жетістіктерін қабылдады, өздерінің мәдени үлгілерін басқа халықтарға жұғыстырды. Көшпелілер түрлі мәдениеттердің бірбірімен араласуына, жақындасуына қозғаушы күш болған, дәнекер қызметін атқарған.
Қазақ мәдениеті жөнінде мәселе қозғағанда, біз мынаны естен шығармауымыз керек. Рас, қазақ мөдениеті өзінің негізгі тіні, өзегі, түрпаты жағынан көшпелі мәдениеттің үлгісінде жасалған өркениет. Қазак мәдениетінде отырықшы өркениеттің үлгілері аз болған жоқ. Отырықшы өркениет үлгілері әсіресе орта ғасырларда, Оңтүстік өңірлер мен Жетісуда отырықшы қала мәдениеті дәуірлеген кезде көбейе түсті.
Арабтар жаулап алар тұста көне түркілер мекендеген Тұран жерінде диқаншылыкпен, мал өсірумен қатар алтын, күміс, жез, темір, қорғасын өндірген елдің өзіндік мәдениеті болған. Түркі қалаларында тоқымашылық, сауда-саттык пен қолөнер катар дамыған. Түркілердің Мары (Мерв), Шаш (Ташкент), Шауғар (Түркістан), Сауран, Отырар, Сайрам, Тараз, Баласағүн сияқты қалалары Ұлы Жібек жолының бойына орналасқандықтан, Үндістан, Қытай, Византия мемлекеттерімен сауда-саттық жасап, тікелей дипломатиялық қатынастар орнатуға жол ашқан. Феодалдық мемлекеттерден бізге жеткен материалдық ескерткіштер өте мардымсыз. Негізінен, қыстақтар мен қала жұрттары, обалар (зираттар). Археолог ғалымдар осы аталған ескерткіштерге зерттеу жұмыстарын жүргізіп, алынған бұйымдардың калдықтарына талдау жасай отырып, олардың материалдық жағдайының қандай дәрежеде болғандығын анықтайды. Бірақ ол ескерткіштер де жеткілікті зерттеле қойған жок. Түркі дөуірінің алты ғасырға жуық (VI—XII ғғ.) мерзім ішінде өмір кешкен Түрік, Батыс түрік, Түркеш, Қарлүқ, Оғыз, Қимак-қыпшақ және Қарахан қағанаттықтарының әрқайсысының өздеріне төн материалдық мәдениеттерін жеке-жеке талдап көрсету мүмкін болмай отыр.Көне жазулар Күміс тостағандағы жазу (Есік) Көне түркі әліпбиі
Қазақ жерінде жазу-сызу сақ дәуірінен бастап пайда болған сияқты. 1960 жылы Ертіс өзенінің оң қанатынан табылған б.з.д. V—IV ғасырларға жататын сақ дәуірінің марал сүйегінен жасалған түмарда жазу болған. Оны ғалым Алтай Аманжолов оңнан солға қарай «Ақ сықын» — «Ақ марал» деп оқыған. 1970 жылы Есік қаласының түбінен табылған «Алтын адамның» қабірінен жазуы бар күміс тостаған шықты. Тостағанның сыртында екі жолға жазылған 26 таңба бар. Олар бір жағынан, көне түркілердің руникалық жазбаларына үқсас, екіншіден, Жерорта теңізі төңірегіндегі көне алфавиттік таңбаларға, өсіресе грек, арамей өріптеріне ұқсас. Оны да А.Аманжолов көне түркі тілі сияқты оңнан солға қарай оқыған. Жазудың мазмүны мынадай екен: «Аға, саған (бүл) ошақ! Бөтен (жат ел адамы) тізеңді бүк! Халықта азық-түлік (мол болғай!)!» Зерттеушінің пікірінше, бүл сақ дөуірінде түркі тілінде жазылған, яғни бүдан 2500 жыл бұрын түркі тілдес сак тайпалары әліпбиін жазуды білген. Өткен ғасырдың 60-жылдары Іле өзенінің оң жағасындағы Тайғақ шатқалынан көне тибет жазуы, көне грек әліпбиіндегі жазу табылды. Ғалымдардың пікірінше, грек алфавитімен жазылған жазудың сыртынан айналдыра тибет жазуын жазған. Жазуды грек әліпбиін білетін буддалық монах жазған болуы керек. Қарлүқтар заманында (VIII ғ.) Жетісу жеріне келген тибеттіктер тау-тасқа өздерінің буддалык дүғаларын ойып жазған. Әліпби жазу дүниежүзілік мәдениетке косылған үлкен үлес болып есептеледі. Көне түркілер алғашқы әріп жазуының бір түрі — руналық жазуды ойлап тапқан және пайдаланған.
Көне түркі руналық жазуы Қазақ- станда Талас, Ертіс, Сыр, Іле өзен- дерінің қойнауларында табылған. Бүл жазуларды алғаш зерттеп, оларды оқудың «кілтін» тапқан — Да- ния зерттеушісі Вильгельм Томсен. Осы көне түркі жазуларын сыртқы нобайы жағынан Скандинавияның рунала- рына үқсатып, бүл жазуларды да руналық, яғни «қүпия» жазу деп атап кеткен. Ең алғаш табылып зерттелген түркі жазуы ескерткіштері Білге қағанға, Күлтегінге қойылған қүлпытастардағы жазу. Көне түркі руна жазулары қашау өдісімен тасқа, түрлі бүйымдарға (ағаш қасық, күміс тостаған, ыдыс) ойып, сызып жазылған. Руналык жазбада 35 өріп бар, бүдан басқа төрт таңба лт, нт, нг,рт деген дауыссыз дыбыстар тіркесін береді. Жазу оңнан солға қарай оқылады. Түркі жазбаларына Тоныкөк (Улан-Батордың жанында) ескерткішіндегі жазулар да жатады. Қазақстан жерінен табылғандары — Талас өзені бойынан табылған тас мөрдегі жазу Алматы облысындағы Кетпен тауындағы тастағы жазулар (үш жерде), Есік қаласының түбінен табылған күміс тостаған- дағы жазу. 1960 жылы Сыр бойындағы Шардара суқоймасын саларда ескі қамал орнынан саз балшықтан күйдіріліп жасалған түркі жазулы мөр табылды. Бүрынғы Семей облысының Үржар ауданынан, Шығыс Қазақстан облысының Шемонайха ауданынан көне түркі жазуы бар екі қола айна табылған. 1985 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданынан табылған көне түркі жазуы және Жайық өзені бойынан табылған қола айнадағы руна жазуының тарих үшін маңызы зор. Көне түркі жазуларында, әсіресе қүлпытастардағы жазуда Күлтегін, Тоныкөк, Білге каған, т.б. сияқты түркі елбасыларының істеген ісі, түркі жүртының сол кездегі жағдайы, басқа елдермен қарым-қатынасы, олардың дүниетанымы сипатталады. Күлтегін ескерткішін оның ағасы Білге каған қойғызған. Жазу мынадай сөздермен басталады: «Тәңірідей төңірден жаралған Білге (дана) қаған бүл таққа отырдым. Сөзімді түгел естіңдер, жалғасқан іні-жиенім, үлым, руым, халқым… Көңілдегі қандай сөзім болса, мәңгі таска жаздым. Оны көріп, сонша біліңдер!» Білге каған түсында түркі елі дәуірледі. Ол өте жігерлі, кайратты, өділ, ақылды елбасы болды. Ол жазуда өзі туралы былай дейді: «Түркі халқы үшін түнде үйықтамадым, күндіз отырмадым. Қызыл қанымды, қара терімді ағыздым. Жалаңаш халықты киіндірдім, жарлы халықты бай қылдым, аз халықты көп қылдым».
Орта ғасырлардағы жазу-сызу
Ерте орта ғасырларда түркі халықтары өздерінің төл жазуымен бірге соғды жазуын да пайдаланған. Соғдыжазуы дегеніміз — орта ғасырлардағы парсы жазуы. Соғды жазуының өз тілдеріне икемделген нұсқасын түркілер алғашында «ұйғыр жазуы», кейінірек «найман жазуы» деп атаған. Түркі халықтары ислам діні енген кезден бастап (VIII—XII ғғ.) араб әліпбиін де қолдана бастайды. Қарахан мемлекетінен бастап іс қағаздары араб әліпбиімен жүреді. Араб әліпбиімен хатқа түскен сол заманғы еңбектер мыналар: Махмүд Қашқари «Диуани лұғат ат-түрік», Жүсіп Баласағүни «Қүтты білік», Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмат», Сүлеймен Бақырғани «Хикмет», Рабғузи «Қиссауыл әнбия» («Әулиелер дастаны», «Оғызнама» (IX—X ғғ.), Әбілғазы Баһадүр «Түрік шежіресі», т.б. Көне түркі тілі, жазуы — бүгінгі өзбек, қазақ, үйғыр, түрікмен, қырғыз, карақалпақ халықтарына ортақ мұра. Түркі тілі, жазуы негізінде осы аталған қазіргі түркі тілдес халықтардың әдеби тілдері қалыптасты.
Руна жазуларының сипаты
Түркі тіліндегі осы деректерде айтылған жазулар тіл ғылымында руна жазуы деп аталған. Ол Скандинавия халықтарының тілі бойынша, сыры ашылмаған құпия жазу деген сөз. Бұл жазудың оқылу сырын ашкан — В.Томсен. Одан кейін Орхон жазуларын орыс тіліне аударған түрколог В.Радлов болды. Сөйтіп, XIX ғасырдың соңында руна жазуының құпия сырының ашылуы ертедегі түркі тілдес халықтардың да өздеріне тән жазуларының болғандығын көрсетті.
Түркі жазуы бір-бірімен қосылмай жазылатын 38 әріптен тұратындығы белгілі. Кейбір ғылыми пікірлерге карағанда, көне түркі жазуының пайда болуына соғда әріптері пайдаланылған немесе әсері тиген. Бүл екі жазудың әріптерін бір-бірімен салыстырып қараса, екеуінің бір-біріне ұқсас еместігін байкау онша қиын емес. Керісінше, түркі әліпбиінің көріністері олардың ру-тайпаларының таңбаларына үксас. Олай болса, «Түркі жазуының пайда болу негізі олардың таңбаларында жатқан жоқ па?» деген орынды сұрақ туады.
Түркі дәуірінен қалған атақты «Күлтегін», «Білге қаған» сияқты тасқа жазылған дастандар қазақ тіліне аударылып, біздің қолымызға тиіп отыр. Қазак, халқы ол дастандарды өздерінің төл дүниесіндей қарсы алды. Оған басты себеп, ондағы жазылған әдет-ғұрып, салт- сана, діни-наным, сенім, мақал-мәтел, батырлық жырлардың үлгілері бөрі-бөрі халқымыздың тірлік-тіршілігінен алынғандай ұқсас. Бұл мұралар казақ халкының ертеден келе жатқан бастауы.
Түркі дәуіріндегі ескерткіштердегі жазулардан және бір байқалатыны — өздері мекен еткен географиялық аймақтың бағыттарын барлай білген. Шамасы, көшпелі өмірге байланысты мал шаруашылығының және табиғаттың ерекшеліктері ескеріліп отырған.
Түркілер өздері өмір сүрген кеңістіктің төрт бұрышын тек жаз жайлауы, қыс қыстауы, мал жағдайы үшін ғана біліп қоймай, өздерімен көрші жаткан мемлекеттермен байланыс, қарым-қатынас жасауда да, соғыс іс-әрекетінде де географиялық бағдарлау жасай білген.
Пайдаланылған әдебиет
↑ Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев, т. б. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006. — 232 бет, суретті. ISBN 9965—33—633—4
Көшпелілер рухани мәдениетінің ерекшелігі
Адамзат баласы жасаған мәдениет екі түрге бөлінеді. Біріншісі – рухани мәдениет, екіншісі – материалдық мәдениет. Рухани мәдениетке музыка, әдебиет, сәулет өнері, сурет өнері, кескін өнері жатса, адам баласының шаруашылыққа байланысты күн көрісінен туған дүниелері материалдық мәдениетті құрайды. Көшпелілердің рухани мәдениетінің өз даму ерекшеліктері бар. Ол көшпелілердің тіршілік қарекетінің, тұрмысының ерекшеліктерінен туындайды. Кейбір батыстық зерттеушілер: "Көшпелілер өз бетінше мәдени құндылықтар жасауға қабілетсіз, олар тек басып алған отырықшы халықтардың мәдениетін қабылдайды. Ал отырықшы халықтардың мәдениеті оларға өгей мәдениет болып қала береді", – дейді. Бұл – мүлде қате пікір. Көшпелілер өз тұрмыс-қарекетіне лайықты мәдениет қалыптастырған. Көшпелілердің материалдық мәдениеті көші-қонға ыңғайланып жасалған. Мұндай таза көшпелі мәдениет үлгілеріне біз жиналмалы, жығып-тігуі өте жеңіл киіз үйді, ер-тұрман, ат әбзелдерін, теріден, ағаштан жасалған ыдыс-аяқтарын, бесігін, басқа да тұрмыстық заттарын жатқызамыз.
Киіз үй тек баспана емес. Ол халықтың өмірлік салт -дәстүрінің таңбасы қызметін атқарады. Шексіз даланы көк теңізге теңейтін пікірдің жаны бар: көкжиекте, көк аспанның астындағы шексіздікте ақшағала дөңгелек киіз үйлер аралдар тәрізді, олардың арасын дала кемелері — түйелер мен ұшқыр қайық — аттар қосып тұр. Қатал үскірік аяздан, шілденің аптап ыстығынан қорғайтын, тез жинап, тұрғыза қоятын баспанаға киіз үй өте сай келеді. Дөңгеленген сыртқы пішіні қатты желге орнықты болса, туырлықтар жауыннан кейін тез кебеді. Шаңырақ —шеңбер тәрізді шабағынан және күлдіреуіштен тұрады. Оның төбесін түндіктің жартылай ашық тұруы, бір жағынан, тұрмыс қажеттерінен туса (жарық түсетін терезе, түтін шығатын мұржа, таза ауа), екінші жағынан, шаңырақ шексіз аспанның белгісі, мәңгілікке апаратын жол іспеттес. Егер киіз үйге жоғарыдан төмен қарасақ, онда шаңырақ күнге, ал уық, керегелері оның сәулелеріне ұқсас. Халық санасындағы фәни өмірден нұр жауып тұрған аспанға ұмтылу идеясы киіз үй құрылысынан өз көрінісін табады. Тұрғын үй адамның өмір салтымен, оның дүниетанымымен, әлемдегі алатын орнымен тікелей қатысты. Мысалы, орманды мекен ететіндер ағаштардың арасынан аспанды төртбұрышты бітімінде көреді, олардың үйлері де төрт қабырғалы, Кавказдың биік тауларындағы үй көшпелі шаруашылық типінде де әрекет етеді. Жазық дала тек көкжиекпен шеңбер тәрізді шектелген. Сондықтан көшпелілердің тұрағы да дөңгелек. Орталық Азиядағы күмбездік архитектураның бір бастауы — көшпелілердің киіз үйі. Бұл тағы да оазистік және көшпелі шаруашылық-мәдени типтердің түрік өркениетіндегі синхроңдығын көрсетеді. Натуралдық шаруашылық жағдайында қазақ халқы қолөнер шеберлерін жоғары бағалаған. «Ағаштан түйін түйген», «Он саусағынан өнер тамған» сияқты шебер ұсталар, тоқымашылар т.б. іскер адамдар халықтың материалдық мәдениетінің тамаша үлгілерін жасаған. Халық өнері әсіресе киіз үй жиһаздары мен ұлттық киімнен айқын көрініс тапты. Қазақ жерінде XIX ғасырда айдауда болған поляк Бронислав Залесский былай суреттейді: «Бұл бір ғажайып көрініс: олар көш кезінде, мерекедегідей жасана киінеді, ең әдемі киімдерді, әсіресе байлардың алтын зер төгіп тіккен шапандарын осы кезде көруге болады. Ауыл ақсақалы көш бастаса, ер-тоқымына қызыл шұғамен тысталған көпшік немесе кілемше жапқан атқа мінген зайыбы оның соңынан ереді... Атты, атқа салт мініп жүруді жақсы көретін бұл халық ең алдымен көлігінің әбзеліне көбірек көңіл бөледі. Ертұрман олар үшін барлықтың, байлықтың белгісіндей болып безендірілуге тиіс. Ердің алдыңғы қасын көбіне күміс қаптатып өрнектейді, тіпті қолы жеткендерінің асыл тас орнататындары да болады. Жүген, өмілдірік, құйысқан — бәрі де шебер өріліп, Шығыс үлгісіндегі өрнектермен безендіріледі». Көшпелілердің рухани мәдениеті тіптен бай. Мал шаруашылығы — егіншілікке карағанда бұқара халықтың барлығы қамтылмайтын, қамтығанның өзінде көшпелі қауымның бос уақыты көбірек болатын шаруашылық түрі. Сонымен қатар көшпелілер отырықшыларға қарағанда табиғатқа жақынырақ, онымен етене өмір сүрген. Көшпелілерде табиғатқа негізделген дүниетаным, ақынжандылық, қиялшылдық, түптеп келгенде, шығармашылықпен ойлау жүйесі қатты дамыды. Бұдан "Отырықшы халықтарда бұл қасиет болмады, не аз көрініс тапты" деген ой тумауы керек. Тек бұл қасиеттердің қалыптасуына, көрініс тауып, іске асуына көшпелі өмір объективті түрде көбірек жағдай туғызды. Көшпелілерде де, отырықшы елдер сияқты, жазу ерте пайда болды. Біз сақ жазуларының (б.з.д. 1-мыңжылдықтың ортасы), түрік жазуларының (б. з. VII—VIII ғасырлар) болғандығын, одан бергі ортағасырлық түркі тайпаларында жазудың болғандығын білеміз. Бірақ тағы да объективтік себептермен көшпелілерде отырықшыларға қарағанда жазу-сызу кеңінен дами алмады. Олардың рухани мәдениеті — шежіре тарихы, фольклоры, діни ұстаным-қағидалары жадында сақталды. Көшпелілер мәдениетінің тағы бір ерекшелігі — олардың мәдениетінің көбінесе синкретті (біртекті ғана емес, көпқырлы) болып келуінде. Көне заманда қазақ жерінде өмір сүрген тайпалар (сақ, ғұн, үйсін, сармат, т.б.), одан кейін орта ғасырлардағы түркілер бүкіл Еуразиялық көне және ортағасырлық өркениеттер мен әр түрлі себептер арқылы (миграция, жаулап алу, бейбіт көршілік жағдайында) араласты. Сол арқылы көшпелілер өздеріне түрлі халықтардың жақсы мәдени жетістіктерін қабылдады, өздерінің мәдени үлгілерін басқа халықтарға жұғыстырды. Көшпелілер түрлі мәдениеттердің бір-бірімен араласуына, жақындасуына қозғаушы күш болған, дәнекер қызметін атқарған. Қазақ мәдениеті жөнінде мәселе қозғағанда, біз мынаны естен шығармауымыз керек. Рас, қазақ мәдениеті өзінің негізгі тіні, өзегі, тұрпаты жағынан көшпелі мәдениеттің үлгісінде жасалған өркениет. Қазақ мәдениетінде отырықшы өркениеттің үлгілері аз болған жоқ. Отырықшы өркениет үлгілері әсіресе орта ғасырларда, Оңтүстік өңірлер мен Жетісуда отырықшы қала мәдениеті дәуірлеген кезде көбейе түсті. Арабтар жаулап алар тұста көне түркілер мекендеген Тұран жерінде диқаншылықпен, мал өсірумен қатар алтын, күміс, жез, темір, қорғасын өндірген елдің өзіндік мәдениеті болған. Түркі қалаларында тоқымашылық, сауда-саттық пен қолөнер қатар дамыған. Түркілердің Мары (Мерв), Шаш (Ташкент), Шауғар (Түркістан), Сауран, Отырар, Сайрам, Тараз, Баласағұн сияқты қалалары Ұлы Жібек жолының бойына орналасқандықтан, Үндістан, Қытай, Византия мемлекеттерімен сауда-саттық жасап, тікелей дипломатиялық қатынастар орнатуға жол ашқан. Феодалдық мемлекеттерден бізге жеткен материалдық ескерткіштер өте мардымсыз. Негізінен, қыстақтар мен қала жұрттары, обалар (зираттар). Археолог ғалымдар осы аталған ескерткіштерге зерттеу жұмыстарын жүргізіп, алынған бұйымдардың қалдықтарына талдау жасай отырып, олардың материалдық жағдайының қандай дәрежеде болғандығын анықтайды. Бірақ ол ескерткіштер де жеткілікті зерттеле қойған жоқ. Түркі дәуірінің алты ғасырға жуық (VI—XII ғасырлар) мерзім ішінде өмір кешкен Түрік, Батыс түрік, Түркеш, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ-қыпшақ және Қарахан қағанаттықтарының әрқайсысының өздеріне тән материалдық мәдениеттерін жеке-же
ке талдап көрсету мүмкін болмай отыр.
Культура Японии сложилась в результате исторического процесса, начавшегося с переселения предков японского народа на японский архипелаг с материка и зарождения культуры периода Дзёмон. Современная японская культура испытала сильное влияние стран Азии (в особенности Китая и Кореи), Европы и Северной Америки, которая стремительно начала оказывать влияние на культуру Японии с начала 1960-х годов[1]. Одной из особенностей японской культуры является её долгое развитие в период полной изоляции страны (политика сакоку) от всего остального мира в период правления сёгуната Токугавы, длившейся до середины XIX века — начала периода Мэйдзи.
На культуру и менталитет японцев большое влияние оказало изолированное территориальное положение страны, географические и климатические особенности, а также особые природные явления (частые землетрясения и тайфуны), что выразилось в своеобразном отношении японцев к природе как к живому созданию. Умение восхищаться сиюминутной красотой природы, как особенность национального характера японца, нашло выражение во многих видах искусств Японии.
Дзёмон (10 тыс. лет до н. э. — 300 до н. э.) — первые образцы керамики, украшения и женские фигурки догу
Яёй (300 до н. э. — 300 н. э.) — переход к земледелию, поливное рисоводство, изделия из бронзы и железа, колокола дотаку
Ямато:
Кофун (IV век н. э. — VI век н. э.) — распространение культуры курганов, скульптуры ханива, зарождение древнего синтоизма и связанных с ним культов
Асука (593—710) — заимствование образцов китайской культуры, реформы Тайка, создание кодексов законов
Нара (710—794) — проникновение в страну конфуцианства, даосизма и буддизма, создание литературных произведений «Кодзики», «Нихон Сёки», «Манъёсю», «Кайфусо»
Хэйан (794—1185) — начало использования слоговых азбук хираганы и катаканы, строительство святилища Ицукусима, создание «Повести о Гэндзи», возникновение стиля в живописи ямато-э
Камакура (1185—1333) — формирование самурайского сословия
Муромати (1333—1568) — возникновение театра но
Сэнгоку Дзидай (1467—1568) — проникновение в страну христианства
Адзути-Момояма (1568—1600)
Эдо (1600—1868) — установление диктатуры Токугава, политика сакоку, подавление христианства и падение сёгуната, зарождение театра кабуки и стиля укиё-э
Мэйдзи (1868—1912) — конец периода самоизоляции, начало капиталистического пути развития, зарождение японского кинематографа
Тайсё (1912—1926)
Сёва (1926—1989)
Хэйсэй (1989—2019)
Рэйва (с 2019)
Японский язык всегда был важной составляющей японской культуры. Преобладающая часть населения страны разговаривает на японском языке. Японский является агглютинативным языком и характеризуется сложной системой написания, состоящей из трёх различных типов знаков — китайские символы кандзи, слоговые азбуки хирагана и катакана.
Самая древняя известная форма японского языка носит название старояпонский язык, она сложилась путём заимствования китайской письменности и системы иероглифов и использовалась вплоть до начала периода Хэйан. В процессе дальнейшего развития японского языка, называемого затем классическим японским языком или поздним старояпонским, были добавлены новые способы письма — две слоговые азбуки хирагана и катакана, что привело к существенному развитию японского литературного языка и бурному расцвету японской литературы.
В современном японском языке довольно высокий процент занимают слова, заимствованные из других языков (так называемые гайрайго). Японские имена записываются с помощью кандзи, состоят из фамилии и имени, фамилия указывается в начале.
Японский язык считается одним из самых сложных для изучения. Для транслитерации японских иероглифов используются различные системы, наиболее распространёнными являются ромадзи (латинская транслитерация) и система Поливанова (запись японских слов кириллицей). Некоторые слова в русском языке были заимствованы из японского языка, например, цунами, суши, караоке, самурай и т. д.
Аниме (или японская анимация) имеет высокую популярность во всём мире. Среди остальных жанров мультипликации выделяется большей ориентацией на взрослую аудиторию. Для аниме характерно дополнительное разделение на жанры для конкретной целевой группы. Критериями разделения служат пол, возраст или психологический тип зрителя. Часто аниме — это экранизации японских комиксов манга, также пользующихся большой популярностью.
Как аниме, так и манга рассчитаны на разные возрастные аудитории. Достаточно большая часть манги рассчитана на взрослых. По состоянию на 2002 год около 40 % всего издательского рынка в Японии занимают журналы с мангой.[7]
В Японии можно встретить два типа одежды — традиционную — вафуку (яп. 和服 японская одежда), и более простую, повседневную, по европейскому образцу. Кимоно (яп. 着物) — буквально переводится «одежда, наряд» — общий термин для обозначения любой одежды, а в узком — разновидность вафуку.
Юката — лёгкий халат;
хакама — штаны;
гэта, варадзи — сандалии;
оби — пояс.
В Японии популярны бейсбол, футбол и другие игры с мячом. Также традиционно популярны некоторые виды боевых искусств (дзюдо, кэндо и карате).
Борьба сумо хотя и не является официальным спортом в Японии, но по мнению профессиональной ассоциации сумо, считается национальным видом спорта.
Самурай
Ронин
Ямабуси
Ниндзя
Сёгунат
Камикадзе
Бусидо («путь воина»)
Самурай (яп. 侍, по-японски также используется слово «буси» (武士)) — в феодальной Японии — светские феодалы, начиная от крупных владетельных князей (даймё) и заканчивая мелкими дворянами; в узком и наиболее часто употребляемом значении — военно-феодальное сословие мелких дворян. Хотя слова «самурай» и «буси» очень близки по значению, но всё же «бу» (воин) более широкое понятие, и оно не всегда относится к самураю. Часто проводят аналогию между самураями и европейским средневековым рыцарством, но такое сравнение во многом неверно.
Само же слово «самурай» происходит от старинной неопределённой формы глагола «служить» (яп. 侍ふ сабурау)[1]; то есть самурай — служилый человек. Самураи — не только воины-рыцари. Они были и телохранителями своего даймё или сюзерена, и в то же время его слугами в повседневной жизни.
Основным оружием самурая были два японских меча — дайсё. В XIV—XIX веках это были катана и вакидз
Ронин (яп. 浪人, ро: нин, букв. 浪 «блуждающие волны» + 人 «человек» = «странник») — деклассированный воин феодального периода Япони
В середине XX века слово «камикадзе» стало использоваться для обозначения японских пилотов-смертников, появившихся на заключительном этапе войны в Тихом океане. «Камикадзе» — часть более широкого японского термина токкотай, которым обозначали всех добровольцев-смертников (не только лётчиков).
Ни́ндзя (яп. 忍者 — «скрывающийся; тот, кто прячется» < 忍ぶ синобу — «скрывать(ся), прятать(ся); терпеть, переносить» + 者 моно — суффикс для людей и профессий), другое название — синоби-но-моно (忍びの者, кратко — синоби 忍び) — разведчик-диверсант, шпион, лазутчик и наёмный убийца в средневековой Японии.
Достарыңызбен бөлісу: |