Түркістан 2023ж. Жоспар I. Кіріспе Қан жасушалары II. Негізгі бөлім



Дата04.11.2023
өлшемі63,79 Kb.
#189492
Байланысты:
JHKYJCMWMDOY23102023172155


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Жаратылыстану ғылымдары факультеті
Биология кафедрасы

БӨЖ
Тақырыбы: Қан топтары



Қабылдаған:Пусать Пилтень.
Орындаған: Ораз Г.
Тобы: ЖБл-112


Түркістан 2023ж.

Жоспар
I. Кіріспе
1. Қан жасушалары 
II. Негізгі бөлім
1.Қан жасушаларының қызметі
2. Қан жүйесінің физиологиясы және оның жастық ерекшеліктері
3. Қанның құрамы мен қасиеттері
4. Лейкоциттер
5. Тромбоциттер
6. Оқу мен дене еңбегінің қанға әсері
7. Қан топтары
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер


Кіріспе
Қан келесі қызмет атқарады: асқорыту – қан, ұлпалар мен мүшелерге қоректік заттарды, суды, минералды тұздарды және витаминдерді тасымалдайды;
бөліп шығару – қан бөліп шығару мүшелері арқылы ыдырау өнімдерін шығарады;тыныс алу - өкпе мен ұлпалардың арасында газ алмасу процесін қамтамасыз етеді;регуляторлық - әр түрлі мүшелердің гуморальдық реттелуін анықтайды, ағзада гормондар мен басқа заттарды жеткізеді, олар мүшелердің қызметіне әсер етеді (күшейтеді немесе бәсеңдетеді)қорғаныш – қанның құрамында фагоцит қабілеті бар жасушалар болады және арнайы ақуыздар - антиденелер болады, олар улы ағзалардың көбеюіне кедергі жасайды да оларды бөліп шығарады.терморегуляторлық – қан ағзаның тұрақты дене қызуын сақтайды.
Адам организмінің тіршілігі денеге қуат беретін қоректік заттарды организмде қорытылып, оттегінің қатысуымен болатын тотығу барысында энергия бөледі. Қоректік заттардың осы өзгерістерінің нәтижесінде қабылдап, оларды қорыту арқылы сақталады. Тамақ құрамындағы қоректік заттар адамның денесінде зат алмасудан пайда болған организмге қажетті заттармен қоса, қажетсіз, тіпті денені уландыратын заттар да пайда болады. Мұның бәрін тасымалдау қызметін денедегі қ а н атқарады. Қан бүкіл денені аралап, оның ұлпаларындағы жасушалардағы заттың алмасуына қажетті химиялық заттарды әкеліп, қажетсіз заттарын әкетеді. Мұны мен қоса, қан дененің тұрақты температурасын сақтауға қатысады, организмнің иммундық қасиеттерін қамтамасыз етеді және мүшелердің қызметін гуморальдық реттеуге қатысады.Адамның денесіндегі қан — организмнің сұйық негізгі ішкі ортасы. Қанның жалпы мөлшері ересек адамда 4,5-6 л шамасында, яғни дененің жалпы салмағының 6-8 %. Жаңа туған нәрестеде ол 10-20 %, 1 жаста 9-13%, 5-7 жаста 7-8 % болады. Организмдегі барлық қанның 50% қан деполарында қор болып сақталады. Ондай мүшелерге бауыр, көк бауыр, өкпе және тері жатады. Қан бауырда, көк бауырда, сүйек кемігінде түзіледі.Қан қан жасушаларынан және сұйық плазмадантұрады.Қан жасушаларына эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер жатады.Қанның бұл жасушалары бүкіл қанның 40-45%-ын, ал плазма 55-60%-ын құрайды. 
Қан плазмасының құрамы да күрделі: оның 90%-ға жуығы су, 7-8 % нәруыздар, 2 % түрлі органикалық және бейорганикалық заттар. Оның құрамында нәруыз 0,3-0,6%, май және липидтер 0,1%, 120 мг/% глюкоза қанты, 0,9% көмірсутегі, минерал заттар - натрий, калий, кальций, хлор түздары, амин қышқылдары мен полипептидтер 4-10 мг%, мочевина 10-25 мг%, түрлі ферменттер, гормондар, холестерин т. б. заттар болады. 
Плазманың нәруыздарының негізгілеріне альбуминдер 4,5%, ά,β,γ-глобулиндер 2-3 %, фибриногендер 0,2-0,3 % жатады. Плазманың осмостық қысымы мен белсенді реакциясы қанның маңызды физикалық және химиялық қасиеттеріне жатады. Плазманың осмостық қысымы деп оның құрамындағы органикалық және бейорганикалық заттардың ерітінділерін тудыратын қысымын айтады. Плазманың осмостық қысымы ондағы минерал заттарының мөлшеріне байланысты: неғұрлым олардың плазмадағы концентрациясы көп болса, соғұрлым осмостық қысым да көп болады. 
Қан жасушалары мен денедегі ұлпалардың тірлігі үшін, плазманың осмостық қысымының гүрақтылығының маңызы зор. Қанның белсенді реакциясы оның құрамындағы сутегінің иондарының концентрациясына байланысты және оны рН реакциясы (сутегінің корсеткіші) деп белгілейді. Қанның белсенді реакциясының тұрақтылығы денедегі бүкіл ферменттердің қатысуымен болатын реакциялар үшін маңызды.


Лейкоциттер - ядросы бар қан жасушалары. Ересек адамның 1 мл қанында 6-8 мың лейкоциттер болады. Баланың иммундық қабілеті (ауруға қарсы тұру , қорғану қабілеті) лейкоциттерге байланысты. Лейкоциттер бала организмінің жұқпалы, яғни инфекциялық ауруларға қарсы тұруын қамтамасыз етеді. Қан жасушаларының бұл маңызды қызметін Нобель сыйлығының лауреаты орыс ғалымы И. И. Мечников ашқан. 
Лейкоциттердің бірнеше түрлері бар: 

  1. дәнді лейкоциттер немесе гранулоциттер;

  2. дәнсіз лейкоциттер, яғни агранулоциттер;

  3. моноциттер.

Гранулоциттердің 3 түрі бар:

  1. нейтрофилдер,

  2. эозинофилдер және

  3. базофилдер.

Ал агранулоциттерге лимфоциттер жатады. 
Қанның құрамындағы лейкоциттердің түрлері адамның жасына лайықты мөлшерде шамамен тұрақты болады. Бұл тұрақтылықты лейкоцитарлық формула деп атайды. Лейкоциттердің саны мен бір-біріне қатынасы, яғни лейкоцитарлық формула түрлі әсерлерге (ауру, ауыр дене жұмысы, ас қабылдау, Ұйқы т. с. с.) байланысты өзгеріп отырады. Лейкоциттердің саны да сыртқы және ішкі әсерлердің ықпалынан үнемі өзгеріп тұрады. 
Қанның құрамындағы үшінші пішінді элементтер - тромбоциттер немесе қан пластинкалары. Олар сопақша немесе диаметрі 2-5 мкм дөңгелектеу пішінді келеді. Тромбоциттердің жалпы саны 1 мкл 300 мыңнан 100 мыңға дейін. Тромбоциттер сүйек кемігінде пайда болады. Олардың өсіп жетілу мерзімі 7-8 күн, ал қан айналымында 5-11 күндей болады. Тромбоциттердің саны тамақ ішкеннен кейін, ауыр дене жұмысымен шұғылданғанда, әйел екіқабат болғанда көбейеді. Оның мөлшерінің тәуліктік өзгерісі де бар: күндіз көбірек, түнде азырақ болады. Тромбоциттердің қызметі көп. Оларда ферменттер де өндіріледі, фагоцитарлық қабілеті де бар, ұсақ қан тамырларының өткізгіштік қасиетіне де әсер етеді. Тромбоциттердің саны баланың жасына қарай өте көп ауытқиды: 1 мкл қанда 150 мыңнан 600 мыңға дейін. Жаңа туған сәбидің қанында орта есеппен 150-350 мыңға жуық тромбоциттер болса, 1 жасқа дейінгі балаларда 15 мыңнан 424 мыңға дейін (орта есеппен 250000) жетеді. Дегенмен жеке бір баланың өзіндегі тромбоциттердің саны салыстырмалы түрде алғанда тұрақты келеді. 1 жастан 16 жасқа дейін 1 мкл қандағы орта саны 300000, 20-40 жаста 311000, одан әрі қарай шамамен 114 мыңнан 335 мыңға дейін (орта саны 224000), ал 70 жастан аса тромбоциттердің саны азаяды: орта есеппен 208000.
Қанның құрамы шамамен тұрақты болғанымен, баланың еңбегіне мөлшерден тыс талап қойылғанда Бұл тұрақтылық өзгереді. Мектеп жасындағы баланың жұмысы көбінесе - оқу, ми еңбегі. Оқу, ми еңбегі ретінде, қан жүйесіне де әсер етеді. Оқушы баланың оқу бағдарламасы жасына сәйкес болмағанда, 12 жасқа дейінгі балаларда лейкоцитоз, яғни лейкоциттердің көбеюі, орын алады. Баланың қанында, әсіресе нейтрофилдер мен лимфоциттер көбейеді. Бастауыш сынып оқушыларында (7-11 жас) оқудың өсерінен эритроциттердің тұну жылдамдығы (ЭТЖ) аздап озгереді, бірақ ол мұның сабаққа дейінгі қалпына байланысты болады. Айталық, сабаққа дейін ЭТЖ жоғары болса, сабақтың соңына таман ол баяулайды. Қанның тұтқырлығы да ЭТЖ іспетті сабақтың алдындағы деңгейіне байланысты. Сабаққа дейін ЭТЖ орта шамамем 3,7 болса, сабақтың соңында 5,0, ал сабақ алдында 4,4 болған оқушыларда сабақтың соңында 3,4 дейіи томендегені туралы мәліметтер бар. Жалпы алғанда қанның құрамына оқудың әсері олардың қалыпты жағдайындағы мөлшеріне тікелей байланысты. 
Дене еңбегі организмнің физиологиялық жүйелерінің қызметін, әсіресе қанның құрамы н озгертеді. Дене еңбегінен кейін балалар мен жастарда ересек адамдардағыдай миогендік лейкоцитоз байқалады. 
Адам жараланып, денесінен қанның жартысына жуығы аққанда әлсіреп, тірлігінен айырылады. Мұндай жағдайда бір кісінің қанын екінші адамға қүйып, жарақаттанған адамды аман алып қалуға болады. Бірақ адамдардың қанының құрамы бір-біріне сәйкес келмесе, қан қүйылған кісі өліп те кетуі мүмкін. Сондықтан донордың (қан беруші адам) қанын реципиентке (қан қүйылатын кісі) құяр кезде алдымен олардың қандарының сәйкестігін тексереді. 
Қанның құрамындағы эритроциттерде екі түрлі агглютиноген деп аталған зат бар: А және Вагглютиногендер. Қанның плазмасында Бұл армен кездескенде қанды ұйытып тастайтын ά және β агглютининдер болады. Егер агглютиноген А агглютинин альфамен немесе агглютиноген В агглютинин бетамен кездессе, қанның эритроциттері бір-біріне жабысып, бұзылып, қан ұйып қалады да, оттегін денеге таситын эритроциттер қызметін атқара алмай, адам өліп кету қаупінде болады. 
Бұл заттардың бір-бірімен қосылыс жасау мүмкіндігі 4 түрлі, соған байланысты адамдардың қанын 4 топқа бөліп АВО жүйесі деп атаған: 

  1. Эритроциттерінде агглютиногендер жоқ, бірақ плазмасында екі агглютининдері ά, β де бар кісілер. Мұндай адамдар 40%, олар І-топқа жатады;

  2. Қанының эритроциттерінде агглютиноген А, плазмасында агглютинин β бар адамдар 39%, олар II-топқа жатады;

  3. Эритроциттерінде агглютиноген В, плазмасында агглютинии ά бар кісілер 15%, олар Ш-топқа жатады;

  4. Эритроциттерінде агглютиноген А және В бар, плазмасында агглютининдер жоқ кісілер 6%, олар IV-топқа жатады.

Осы агглютиногендер мен агглютининдердің бір-бірімен кездеспеуін көздеп, донор мен реципиенттің қандарын тексереді. АВО жүйесінен басқа түрлі адамдар топтарында кездесетін қанның қорғаныс жүйелері бар екені анықталды. Оның ішінде алғаш рет макака-резус маймылдарының қанынан табылған резус-фактор деп аталған заттың маңызы күшті. Бұл зат адамдардың 85%-ында бар, ал 15%-ында жоқ. Резус-факторы бар адамдарды оң-резусты (RҺ+), жоқ адамдарды теріс-резусты (Rh-) деп атайды. Егер Rһ- кісіге RҺ+ адамның қанын құйса, ол реципиентте сол факторға қарсы антидене пайда болады. Ал екінші рет сондай қан құйылса, бұрын пайда болған арнайы аглютиногендер эритроциттерді бір-біріне жабыстырып, кызметін тоқтатады да, адамның өміріне қауіп төнеді. Осы резус-факторға байланысты Rh- жүкті әйелдердің ұрығына Rh+ әкесінің факторы тұқым қуалап ауысқанда жүкті әйелдің қанында ұрықтың факторына қарсы антидене пайда болып, түсік түседі. Сондықтан жүкті әйелдердің канында Бұл фактор болмаса, оның күйеуінің қанының факторын тексереді де, ол Rh+ болса, түсік болмаудың камын ойлап, арнайы емдейді. Сонымен, қанды құю үшін реципиентің қанының АВО және Rh-факторын міндетті түрде тексеру қажет.

Паидаланылған әдебиеттер тізімі



  1. Цитология және гистология. Оқу құралы. Сапаров Қ.Ә. — Алматы: Қазақ университеті, 2009. - 128 бет. ISBN 978-601-247-057-4

  2. ↑ Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9


Тест
1Қай қан тамырлары жүректен қан тасымалдайды?
A – артериялар
B – веналар
C – венулалар
D – капиллярлар
2Адам ағзасындағы ұсақ қан тамырлары қалай аталады?
A – артериялар B – веналар
C – венулалар
D – капиллярлар
2Қай қан жасушалары адам ағзасын аурудан қорғайды?
A – лейкоциттер
B – эритроциттер
C – тромбоциттер
D – плазма
3Қай қан жасушалары қанда жиі кездеседі?
A – лейкоциттер
B – эритроциттер
C – тромбоциттер
D – плазма
4Адам ағзасындағы ұсақ қан тамырлары қалай аталады?
A – артериялар
B – веналар
C – венулалар
D – капиллярлар
5Қай қан жасушалары қан ұюына қатысады?
A – лейкоциттер
B – эритроциттер
C – тромбоциттер
D – плазма жасушалары
6 Плазманың негізгі құраушысы не?
A – оттегі
B – көмірқышқыл газы
C – ақуыз
D – су
7Эритроциттер нені тасымалдайды?
A – оттегіні
B – көмірқышқыл газын
C – ақуыздарды
D – суды
8Жүрек қанша бөліктен тұрады?
A– 1
B– 2
C– 3
D– 4
9Жүректің төменгі бөліктері қалай аталады?
A – құлақша
B – қарыншааралық қалқа
C – қарыншалар
D – артериялар
10 Жүректің қай жақ қарыншасының қабырғасы жуан?
A – оң
B – сол
C – жоғарғы
D – төменгі
11Қанның тек бір бағытта ағуын қамтамасыз ететін жүрек бөлігі қалай аталады?
A – құлақша
B – қарыншалар
C – қақпақшалар
D – артериялар
12Жүректің жоғарғы бөлігі қалай аталады?
A – құлақша
B – қарыншааралық қалқа
C – қарыншалар
D – артериялар
12Жүректің қай бөлігіне оттексізденген қан келеді?
A – оң
B – сол
C – жоғарғы D – төменгі
13Жүрек қақпақшаларының негізгі қызметі қандай?
A – жиырылу
B – қанды жылжыту
C – кері ағысқа кедергі келтіру
D – жүректі қорғау
14Жүрек соғысының дыбысы қайдан пайда болады?
A – құлақшаның жиырылуынан
B – қарыншалардың жиырылуынан
C – қарыншааралық қалқаның жабылуынан
D – қанның ағуынан
15Қанның дұрыс ұюына әсер ететін дәрумен
А) Д
Ә) А
Б) К
В) В12

16Қан беруші адам


А) реципент
Ә) донор
Б) гемотолог

17Ересек адамның жүрегінің салмағы


А) 100 г
Ә) 200 г
Б) 300 г
В) 400 г

18.Эритроциттер қайда түзіледі?


А) өтте
Ә) өкпеде
Б) сүйек кемігінде

19. Жүректің бірінші қабаты


А) миокард
Ә) эпикард
Б) эндокард

20 Эритроциттер қандай қызмет атқарады?


А) қорғаныштық
Ә) тасымалдау
Б) фагоцитоз

21 Жүректе қандай бұлшық еттер бар?


А) көлденең жолақты
Ә) бірыңғай салалы
Б) көлденең салалы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет