Түркістан өңіріндегі жеміс ағаштарына минералды тыңайтқыштарды енгізу мерзімі мен мөлшерін анықтау Ғ. И. Исаев



Дата23.08.2017
өлшемі103,6 Kb.
#25303
Түркістан өңіріндегі жеміс ағаштарына минералды тыңайтқыштарды енгізу мерзімі мен мөлшерін анықтау
Ғ.И.ИСАЕВ

техн.ғ.к., ОҚМПИ

В статье рассматривается вопрос определения сроков и объемов внесения удобрений под плодовые деревья Ботанического сада при Международном казахско-турецком университете Туркестанского региона. Вопросы влияния удобрений на плодовитость плодовых деревьев также рассмотрены в работе. Представлены виды удобрений и свойства каждого из них в агротехнических работах.

In the article the question of determination of terms and volumes of application of fertilizers under fruit-trees of the Botanical garden at the International Kazakh-Turkish University in the Turkestani district is considered. Questions of influence of fertilizers on fertility of fruit-trees are also considered in the given work. Types of fertilizers and property of each of them in agrotechnical works are presented.


Қазіргі уақытта егіншіліктің агротехникалық системасының аса жауапты бөлігі - дақылдарды дұрыс тыңайту болып табылады. Республикамызда егілетін дақылдардың өнімі және оның сапасы, олардың тіршілігіне қолайлы топырақ-климат жағдайы мен қатар, оларға қолданылатын агротехникалық іс-шаралардың дұрыстығына байланысты.

Минералды тыңайтқыштар егіншілікте көп таралған, біздің елімізде олардың 30-дай түрлері өндіріледі. Минералды тыңайтқыш – химиялық құрамында өсімдіктерге қажетті қорекік элементтері бар заттектер. Оларды топырақты тыңайту үшін пайдаланады.

Елімізде минералды тыңайтқыштарды пайдалану соңғы жылдары зор қарқынмен қолға алына бастады. Топырақты тыңайту үшін қолданылып жүрген азот, фосфор, калий тыңайтқыштарын маңызды ең негізгі макроэлементтер тыңайтқыштары деп атайды [1].

Табиғи – климаттық жағдайларына байланысты, құрғақ және топырақтары біршама аз сорланған аймақтарда калий мөлшері жеткілікті болғандықтан, калий тыңайтқыштарын енгізу қажет емес. Азотты және фосфорлы тыңайтқыштарды барлық топырақтарға енгізу қажет. Минералды тыңайтқыштар өсімдіктердің өнімін ғана арттырмай, олардың сапасын да жақсартады.

Минералды тыңайтқыштарды ғылыми негізделген жүйемен әр аймақтың топырақ-климат жағдайларына, олардың құрамындағы қоректік заттар мөлшеріне қарап енгізу қажет.

Топырақтағы өсімдікке қажетті қоректік заттардың қоры жыл сайын егілетін дақылдың өсіп-жетілуіне, оның өніміне жұмсалудың арқасында белгілі мөлшерде кеміп отырады. Сондықтан егістік жерден тұрақты және жоғары өнім алу үшін тыңайтқыш қолдану маңызы агротехникалық шара болып саналады [2; 3].

Өсімдіктердің қоректенуі мен топырақ құнарлылығын жақсарту мақсатында қолданылатын органикалық және минералдық заттарды тыңайтқыштар дейді. Олар химиялық құрамы жағынан органикалық және минералдық болып бөлінеді. Құрамында өсімдікке қажетті қоректік заттары бар химиялық қосылысты минералды тыңайтқыш дейді. Минералды тыңайтқыштар құрамындағы қоректік элементтің санына қарай және комплексті (құрама) болып ажыратылады. Жай тыңайтқыштар құрамында бір ғана негізгі қоректік элемент болса, құрама тыңайтқыштар құрамында екі-үш немесе одан да көп қоректік элементтер болады. Жай тыңайтқыштар азотты, фосфорлы, калийлі және микротыңайтқыштар болып бөлінеді. Құрама тыңайтқыштар өндіру тәсілдеріне қарай күрделі, аралас, күрделі-аралас болып ажыратылады. Сонымен қатар минералдық тыңайтқыштар кристалды және аморфты болып бөлінеді.

Қазіргі уақытта жеміс ағаштарының өнімі және оның сапасы, олардың қандай топырақ-климат жағдайында өсуімен қатар, оларға қолданылатын агротехникалық шаралардың дұрыстығына байланысты. ОҚО жағдайында халықтың жағдайын жақсарту үшін ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын жақсарту қажет. Интенсивті технологияның жетістіктерін дұрыс пайдалану арқылы, жеміс ағаштарының зиянкестерімен күресу жолдарын анықтау арқылы ауыл шаруашылық өсімдіктерінің өнімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік туады.

Республикамызда сан алуан шаруашылық дақылдары егіледі. Сондықтан бұл дақылдардың өнімі және оның сапасы, олардың қандай топырақ-климат жағдайында өсуімен қатар, оларға қолданылатын агротехникалық шаралардың дұрыстығына байланысты.

Сондықтан Түркістан қаласында өскен жеміс ағаштарының түрлік сипаттамасын үйрену, оларда кездесетін зиянкестердің биологиялық ерекшеліктерін анықтау арқылы, жеміс ағаштарының өнімділігін арттыруға экономикалық зиянын тигізетін зиянкестерді жою жолдарын қарастыру маңызды мәселелердің бірі болып табылады [3].

Қазіргі уақытта егіншіліктің агротехникалық системасының аса бір жауапты бөлігі - дақылдарды дұрыс тыңайту болып табылады. Тыңайтқыштарды қолданудың түрлері, мөлшері және мерзімдері тіпті бір дақыл үшін де әр түрлі болуы мүмкін, оған бұл дақылдың әр түрлі сорттарының болуы әр түрлі топырақ-климат жағдайында өсірілуі, мұның алдында егілген әр түрлі дақылдардың қасиеттері, т. б. жағдайлар үлкен әсер етеді. Тыңайтқыштарды әрбір дақыл үшін тиімді пайдалануда олардың әрқайсысының өзіне тән агрохимиялық және басқа ерекшеліктерін, олардың топыраққа әсерін, топырақтың ылғалдылығын, құрылымын, механикалық құрамын жетік білу шарт. Сондықтан егіншілік мәдениетін көтеріп, топырақ құнарлылығын едәуір арттырып, ауыл шаруашылығы дақылдары егісінен мол, әрі сапалы өнім алуда топырақ, өсімдік және тыңайтқыш арасындағы өз ара байланысты жетік білуді талап етеді.

Тыңайтқыштарды ұтымды және тиімді пайдалану үшін, ең алдымен өсімдіктің биологиялық ерекшеліктерін, соның ішінде қоректік элементтерді пайдалану деңгейін, сонымен қатар өсімдіктен алынатын өнім мен оның ішіндегі элементтердің мөлшерін алдын-ала болжау қажет. Осыған байланысты, әртүрлі топырақ құрамындағы элементтер мөлшері олардың қосындылар құрамындағы күйлерін, яғни сіңгіштік деңгейін анықтау керек.

ОҚО жағдайында халықтың жағдайын жақсарту үшін ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын жақсарту қажет. Интенсивті технологияның жетістіктерімен қатар, минерал тыңайтқыштарды үнемдеп пайдалану - топырақтың құнарлылығын және ауыл шаруашылық өсімдіктерінің өнімділігі мен сапасын арттырады.

Қазақстанның оңтүстігінде өсімдіктер ең алдымен, суға тапшы. Өсімдік тіршілік себепшарттары (факторлары) өзара тығыз байланыста және ең жоғары тиімділігін жеміс өсімдіктеріне бірігіп әсер еткенде көрсете алады.

Енгізілу мерзімдеріне байланысты тыңайтқыштар негізінен егуге дейін, егу алдындағы, егу кезеңіндегі және егуден кейінгі (үстеп қоректендіру) деп бөлінеді. Егуге дейінгі колданатын бүкіл тынайтқыштың 2/3-3/4 бөлігі топырақка енгізіледі. Бұл әдіс өсімдіктің вегетациялық кезеңіндегі дамуын қоректік заттармен қамтамасыз етіп, топырақтың құнарлылығын жақсарта отырып, оның биологиялық ырықтығын, физикалық химиялық қасиеттерін арттыру үшін қолданылады. Егу алдындағы тыңайтқыш күзде, немесе ерте көктемде топыраққа егістеліп шашылады. Осылайша жер жыртылар алдында органикалық тыңайтқыштар, сонымен бірге, ізбес, азотты, фосфорлы және калийлі тыңайтқыштармен өңделеді. Егу кезіндегі тыңайтқыш тұқыммен бірге себіледі немесе көшетпен отырғызатын өсімдіктер қатарынан сәл қашықтау жолақтанып себіліп, топырақпен жабылады. Бұндай пайдаланылған тыңайтқыштар жас өсімдіктердің қоректенуін жақсартады. Бұнда жақсы еріп, оңай игерілетін тыңайтқыштар топыраққа аз мөлшерде себіледі. Мысалы, тұқым өнгеннен соң екі-үш жетіде өсімдіктер фосфорды көбірек пайдаланады. Сондықтан егу кезінде бір гектарға 5-30 кг шамасында аммофос немесе суперфосфат себіледі. Егуден кейінгі (үстеме қоректендіру) тыңайтқыш өсімдіктердің дамуының жауапты, маңызды кезеңдерінде қоректік элементтермен қамтамасыз ету мақсатында қолданылады, Әдетте, ерте көктемде, қыстап шыққан күздік дақылдар қоректендіріледі [4].

Мәдени және жабайы өсімдіктерден жыл сайын шаруашылыққа пайдаланылатын өнімнің құрамында біраз мөлшерде макро- және микроэлементгер де болады. Сондықтан өсімдіктерді минералдық элементтермен қамтамасыз ету және топырақ құнарлығын қалпында сақтау мақсатында жасанды минералдық және органикалық тыңайтқыштар кеңінен қолданылады [5].

Өсімдіктен алынатын түсімнің мөлшерін және сапасын жақсарту мақсатында тамырдан тыс үстеме қоректендіру әдісі де жиі қолданылады, ол астық тұқымдастардың дәнінің ақуыздылығын 0,5-1%-ға жоғарылатады. Фосфорлы, калийлі тыңайтқышпен үстеме қоректендірілген қызылшаның қанттылығы 1-2%-ға өсіп, түсімі көбейеді. Егер тыңайтқыштар өсімдік қажеттілігіне көп мөлшерде қолданылса, түсімділігі көбеймей, өнім сапасы нашарлайды. Егістікке қолданылатын тыңайтқыштар мөлшері (нормасы) алдын-ала танаптық тәжірибелер арқылы анықталады [6].

Азот жекіліксіз болғанда өркендер мен тамырлардың өсуі кемиді немесе тоқтайды, гүлдеу мен жеміс байлау әлсізденеді, жапырақтары ерте түседі. Азот артық болғанда, өсуі тым күшейеді, гүлдеуі нашарлайды және жемістің пісу кезеңі ұзарады, реңі тұссізденеді және жемістерінің сақталу мерзімі қысқарады.

Фосфор өсімдіктердің пісіп жетілуін тездетеді. Фосфорлы тыңайтқыштардың әсерінен астық дақылдар 5-7 күн ерте пісіп жетіледі, өсімдік тамыры жақсы бұтақтанып, тереңдеп, жайылып өседі. Фосфорлы қорек жетіспеген жағдайда өсімдік жапырағында көмірсулардың мөлшері көбейед, жапырақтарда көгілдір және қызғылт дақтар пайда болады, өркендердің өсуі, тамырлардың бұтақтануы және жемістік өркендердің қалыптасуы әлсірейді.

Калий - өсімдіктердің қалыпты өсіп-өнуіне ең қажетті элементтердің бірі. Топырақта өсімдік үшін ең қолайлы - калийдің ерігіш тұздары болып есептеледі. Тыңайтқыш ретінде қолданылатын тұздар негізінен физиологиялық қышқыл болатындықтан, топырақта хлор және күкірт қышқылы жиналады. Клеткадағы калийдің 80%-ы вакуольде болады. Қазіргі кезде калий көптеген физиологиялық, биохимиялық процестерге өте қажетті элементтердің бірі. Калий тапшы жағдайда өскен өсімдіктердің жапырақтары төменімен жоғары қарай сарғая бастайды, кейінірек олардың жиектері және ұштары қоңырланып, қурап үгітіліп қалады. Калий жеткіліксіздігінен, негізінен, жапырақтарда ассимиляттардың тасымалдануы нашарлайды да, фотосинтез өнімділігі төмендеп, түсім төмендейді.

Кальций - өсімдіктерде көп мөлшерде кездесетін элементтердің бірі болып, ол ескі органдар мен ұлпаларда көп жиналады. Ол тамырдың өсуіне пайдалы әсер етеді. Кальций клетка қабығындағы пектиндік заттармен байланысып, жеке клеткалардың қабықтарын өзара жылдамдастыруға қатысады. Кальций жетіспегенде ең алдымен, жас меристемалық ұлпалар және тамыр жүйесі зардап шегеді. Кальций тапшылығынан пектинді заттар бөртіп, клетка қабықтары сілемейленіп, бұзылады, тамырлар, жапырақтар, сабағы шіріп, құрып кетеді. Жапырақ ұштары мен жиектері алдымен ағарып, соңынан қараяды да, алақаны қыңырайып, шиыршықтанып қалады, сабақ беріктігі нашарлайды, өркеннің ұшы сынғыш келеді, гүлсабағы солады, шайыр ауруы пайда болады, жемісі шашылғыш келеді.

Темір - өсімдік тіршілігіне өте қажетті, маңызды элементтердің бірі. Өсімдік клеткасындағы зат алмасу процесіне темірдің маңызы ең алдымен оның катализаторлық қасиеттеріне байланысты. Темірді пайдалануы нашарлаған өсімдіктің көзге оңай түсетін және тұрақты белгісінің бірі - хлороз (сарғаю) ауруы болып есептеледі. Темірдің физиологиялық тапшылығынан, азотты қосындылардың және органикалық қышқылдардың алмасуы бұзылады, өсімдіктерде фотосинтез қарқындылығы бәсеңдейді және ұлпаларының минералдық құрамы өзгереді. Қоректік ортада темірдің жетіспеуіне алмұрт, алма, қара өрік, шабдалы, жүзім, таңқурай өсімдіктері көбірек сезімтал болады да, ал қарлыға мен қарағай онша сезімтал емес.

Күкірт - өсімідіктерге қажетті негізгі элементтердің біріне жатады және негізінен сульфат күйінде енеді. Крестгүлділер, басқа өсімдіктерге қарағанда, күкіртті көбірек қажет етеді. Құрамында күкірті бар өсімдіктер мен жануарлардың органикалық қалдықтары топыраққа және суға еніп, сапрофиттік микроорганизмдердің қатысуымен минералданады да Н2S пайда болады. Күкіртпен қамтамасыздығы нашар өсімдіктерде амин қышқылдардың, белоктардың синтезделуі, фотосинтез, өсу процестері төмендейді. Хлоропластардың қалыптасуы нашарлайды, тіпті олардың ыдырап кетуі де мүмкін. Өсімдік жапырақтары майдаланып, сабақтары ұзарады.

Магний - топырақ құрамындағы мөлшері - 0,5%. Өсімдік тамыры еріген және алмасқыш магнийді оңай сіңіреді. Тұқымдағы магнийдің көп бөлігі хитиннің құрамына енеді және өсімдік органдарында фосфорлы қосындылардың мөлшері жоғарылайды. Магний жетіспеген жағдайда моносахаридтердің мөлшері көбейіп, олардың полисахаридтергс айналуы тежеледі, белок синтездеу аппаратының қызметі бәсеңдейді, рибосомалар жеке бөліктерге ыдырайды, пластидтердің қалыптасуы нашарлап, хлоропласт негізі (матрикс) түссізденіп, жапырақтың жасыл жүйкелерінің араларында ашық-жасыл, соңында сары ақшыл түстеніп, дақтар және жолақтар пайда болады, жапырақ жиектері сары, сарғыш-қызыл немесс қызыл-қоңыр түстеніп өзгереді [5].

Гумус немесе қарашірік - топырақ құнарлылығын анықтайтын басты агрохимиялық көрсеткіштің бірі. Қарашірік негізінен өсімдіктердің және топырақты мекендейтін микроорганизмдермен жәндіктердің қалдықтарының қоспасынан тұрады. Түрлі топырақта қарашірік мөлшері түрліше болады. Кейбір топырақта оның мөлшері топырақ массасының жүзден бір бөлігіндей болса, екінші біреулерінде оннан бір бөлігіндей болады. Мысалы, шөлді аймақ топырағында гумус 0,5-1%, шалғынды-далалы қара топырақты аймақта оның мөлшері 10%-ға дейін жетеді. Топырақ қарашірігі негізінен көміртек, сутек, лигнин, белокты заттар, май және смоладан тұрады, сонымен қатар оның құрамында өсімдіктерге қажет азот, фосфор, күкірт және басқалары бар. Топырақтағы қарашіріктің көбеюінде органикалық тыңайтқыштарды қолдану, көпжылдық шөптер егу шешуші рөл атқарады. Топырақ құрамындағы қарашірік мөлшерін білу тыңайтқыштарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді [7].

Минералды тыңайтқыштарды үнемдеп пайдалану - топырақтың құнарлылығын жоғарылатады және ауыл шаруашылық өсімдіктерінің өнімділігі мен сапасын арттырады. Алма ағаштарының өнімділігін көтеру және жемістердің сапасын жақсылау үшін, оларға берілетін минералды тыңайтқыштардың мерзімі мен мөлшері белгілі болса, өсімдіктерге оң әсерін тигізетіндігі анықталды.

Түркістан өңіріндегі ХҚТУ-нің Ботаникалық бағында өскен алма ағаштарына минералдық (N,P,K) тыңайтқыштарды енгізу арқылы, ғылыми тәжірибелердің нәтижесінде Ботаникалық бақта өскен алма ағаштарына берілетін минералды тыңайтқыштардың мерзімі мен мөлшерін анықтай отырып, жемістердің сапасын жақсарту және өнімділігін көтере отырып, төзімді және пайдалы сорттарды таңдау жолдары қарастырылды. Сонымен қатар, бақта орташа деңгейде өскен алма ағаштарының өнімділігін көтеру және жемістердің сапасын жақсылау мақсатында минералды тыңайтқыштарды енгізу арқылы олардың өсу қарқындылығы мен өнімділігі бағаланды.

ХҚТУ-нің Ботаникалық бағындағы жүргізген тәжірибелерге негізделе отырып, орташа деңгейде өскен алма ағаштарына минералды тыңайтқыштардың N180P90K60 мөлшері оңтайлы әсер ететіндігі және минералды тыңайтқыштардың 50 пайызын бүршік атқанға дейін, ал 50 пайызын бүршік атқаннан кейін бергенде, олардың өнімділігінің жоғары көрсеткіштерге ие болғандығы анықталды.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі:


  1. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенінің тұрақты дамуының 2006-2010 жылдардағы тұжырымдамасы. Астана, 2005.

  2. Байжигитов К.Б. //Интродукция декоративных, плодовых деревьев и кустарников в

  3. Туркестане. Дисс. на соискан. учен.степени доктора биол. наук. -Алматы. 2006г.

  4. Байжігітов К.Б. //Ботаникалық бақ. Сборник материалов посвященный к 10-летию университета - Туркестан. 2001г. 108 - 109б.

  5. Убайдуллаева А.К., Курманбекова С.М. О потребности плодовых деревьев в минеральных удобрениях. «Қазақстанның ғылыми әлемі»- Халықаралық ғылыми журналының № 3, 2011 ж.

  6. Убайдуллаева А.К., Курманбекова С.М. Жеміс-жидектердің тіршілігіндегі тыңайтқыштардың рөлі. Жандар Керімбектің Ермаханының 75 жылдығына арналған «Жаратылыстану ғылымдары және педагогиканың өзекті мәселелері» ғылыми-практикалық конференцияның материалдары, 28 қазан 2011, Түркістан, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ 36-39.

  7. Убайдуллаева А.К., Курманбекова С.М. Тыңайтқыштарды дақылдарға тиімді пайдалану жолдары «Қазақстан қоғамының даму тенденциялары: әлеуметтік-саяси, инновациялық аспектілері» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, Қызылорда қ., 2011, 537-541 бб.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет