Түсінік хат
Мәңгілік ел- бұл қазақтың өткен тарихынан бастау алуы тиіс. Тамыры тереңге жайылған тарихтан сыр шертер болсақ, біз қазақ не көрмедік, қанша қиын жағдайларды, ашаршылық, соғыс, елден жыраққа ауып кету, тілімізден айырылу,барлығын бастан кешірдік.Бірақ осының бірде-біріне мойымастан бүгінгі күнге де аманшылықпен жетіп отырмыз. Шүкір, міне осының өзі-ақ мәңгі ел керегесі.
Әбіш Кекілбаев.
Бабалардан ұрпаққа: « Өткеннің жақсысы тағылым, жаманы-сабақ», - деген аталы сөз қалса, қазақ халқының айтулы ұлы Дінмұхамед Қонаев: «Өткенді бағаламай, болашақты қадірлей алмайсың»,-деген екен. Халқымыздың өткеніне үңіле отырып, біз болашаққа қадам басамыз. Қазіргі күннің өзекті мәселесіне айналған «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы сол өткен тарихымыздың негізгі жемісі болмақ.
«Мәңгілік ел» идеясы – елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея.Бұл дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз. Әрбір Жолдауында Ұлт Көшбасшысы халықтың жағдайын бір сәтке де ұмытқан емес. Күні бүгінге дейін айтылған міндеттердің бәрі жыл өткен сайын бірте-бірте орындалу үстінде. Өз тәуелсіздігінің жиырма екі жылын артта қалдырған егеменді еліміз бүгінде жаңа экономикалық өрлеу жолында.
Елбасы бүгінгі күннің ең маңызды мәселесі ел бірлігі мен тілге баса назар аударды. Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. «Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады». Бүгінгі Қазақстанның жеткен жетістіктері мен алған шыңдары бірліктің арқасы. Сондықтан қазақтың бірлігі — елдігіміздің кілті, жаң қазақстандық патриотизмнің идеялық негізі. Ел бірлігі — ең асыл қасиет», — деген Елбасы тұжырымы Отанын сүйген әр азаматтың жүрегінен орын тебуі керек«Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсіп жүр. Осы мақсатта біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар екендігін паш еттті. Ол – Мәңгілік Ел идеясы. Қазақстан Президенті қашанда ел ертеңі білімді ұрпақтың қолында екенін айтып, ұдайы білім беру саласын қолдап отырады. Ендігі мақсат — Мемлекет басшысы Жолдауында келтірілген, алдымызға қойылған міндеттерді басшылыққа алып, жұмыс істеуіміз керек. Жаңа бағдарламаны іске асыруда өз үлесімізді қосып, алдыңғы орында болатынымызға сенеміз.
Бұл курс бағдарламасы өз Отанынының өткен тарихы мен бүгінгі келешегін қызықтыратын барлық жастарға көмекші құрал бола алады.
Халқымыздың басынан өткерген небір аласапыран кезеңде Тәуелсіздік үшін жанын шүберекке түйіп, қаны мен терін төккен ата-баба шежіресін бүгінгі ұрпақ білуге міндетті.
Мақсаты:
Отаншылдыққа, елжандылыққа, ұлттық патриотизмге тәрбиелеу: «100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберінде білім беру процесіне Мәңгілік ел құндылықтарын енгізу; Қоғамда қазақстандық патриотизм идеясын дамыту; Тәуелсіздік алғаннан бергі Қазақстанның жетістіктерін насихаттау, басты құндылықтарды – тәуелсіздік, бейбітшілік, келісімді нығайту; Оқушылардың Отанға деген азаматтық жауапкершілікті сезінуіне ықпал ету.
«Мәңгілік ел» ұлттық идеясының дүниеге келуі, оның тарихи маңызы туралы оқыту арқылы оқушылардың белсенді азаматтық позициясын қалыптастыру.
Міндеті:
1) әлемдік тарихи үдерістің құрамдас бөлігі ретінде Қазақстанда адамзат қоғамының дамуына үлес қосқан тұлғалар туралы білімін қалыптастыру;
2) оқушылардың тарихи білімдерді қорытындылап, себеп-салдарлық байланыс орнатып, тарихи оқиғалар, ондағы тарихи тұлғалар туралы біле отырып, өзіндік көзқарастарын білдіру, күнделікті өмірде білімін қолдана білу дағдыларын дамыту;
3) тарихи деректермен жұмыс жасай білу және тарихи білімдерін шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыру, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстырмалы талдау арқылы ой елегінен өткізуге дағдыландыру;
Оқу пәнінің базалық мазмұны
1-бөлім. «Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері (): Жас ұрпақты «Мәңгілік ел» түсінігінің түп бастауы, оның шығу тарихымен таныстыру.
2-бөлім. Қазақ халқының көп ғасырлық күресінің жемісі (): Сонау түркі кезеңінен бері арман болып келген, халқымыздың өз хандығын құру жолындағы сан ғасырлық күресі туралы баяндау.
3-бөлім. «Мәңгілік елді» армандаған Маңғыстаулықтар (): Өлкемізден шыққан қоғам қайраткерлері, олардың қызметі жайлы мәлімет беру.
4-бөлім. Еліміз аңсаған Тәуелсіздік (): Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жолындағы күресі, қазақ елі үшін аянбай еңбек еткен мемлекет және қоғам қайраткерлері туралы сөз ету.
5-бөлім. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы – болашақтың белесі (): Идеяның дүниеге келуі, оның тарихи маңызы және келешегі.
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:
Курс соңында оқушылар:
Қазақ хандығының құрылу тарихын ;
өз туған жерінің қоғам қайраткерлерін ;
мәңгілік елдің ұлттық құндылықтары мен тарихи тамырларын білу.
№
|
Тақырыптар мазмұны
|
Меңгерілетін білім мазмұны
|
Сабақтың түрі
|
Сағаты
|
Мерзімі
|
1
|
Кіріспе
|
Жас ұрпақты туған жер, ата-баба тарихы, халқымыздың ғасырлар бойы жасаған рухани мәдениетімен таныстыру
|
Дәріс сабақ
|
1
|
|
«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері
|
2
|
«Мәңгілік ел» ұғымы түрік кезеңінде
|
Ұғымды тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады
|
Дәріс сабақ
|
1
|
|
3
|
Тоныкөк (Тұй-ұқық) негізін қалаған идея...
|
Түрік жұртының данагөйі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған данагөй туралы дерек
|
Презентация арқылы өткізу
|
1
|
|
4
|
Қорқыт бабамыздың мәңгі өмірі
|
Ғұлама ойшыл, сазгер Қорқыт атаның өмірі және оның асқақ арманы
|
Презентация арқылы өткізу
|
1
|
|
5
|
Еуразия құрлығының бірлігі
|
Еуразияшыл ғалым, тарихшы-этнолог Л.Н.Гумилевтің еуразияшыл пікірі
|
Дәріс сабақ
|
1
|
|
6
|
Қайталау
|
|
|
1
|
|
Қазақ халқының көп ғасырлық күресінің жемісі
|
7
|
«Қазақ» этнонимінің тарихи сахнаға енуі
|
Қазақ хандығы алғаш рет өз атауында халық этнонимі ретінде бекуі
|
Дәріс сабақ
|
1
|
|
8
|
Тарихи тұлға- Керей мен Жәнібек
|
Хандықтың негізін қалаған тұлғаларды дәріптеу
|
Дәріс сабақ
|
2
|
|
9
|
Әділ хан әз-Тәуке
|
Тәуке ханның елді билеудегі мықты саясаты, Жеті жарғысы
|
Дәріс сабақ
|
1
|
|
10
|
Көрнекті мемлекет қайраткері- Абылай
|
Өз мақсаттарына жетудегі ханның дипломатиялық шеберлігін, көреген саясатын түсіндіру
|
Дәріс сабақ
|
1
|
|
11
|
Ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы
|
Сырым, Махамбет-Исатай, Кенесары, Иса-Досан көтерілістері
|
Дәріс сабақ
|
2
|
|
12
|
Ескі дәптер естелігі
|
1931-1932 және 1937-1938 ж.ж. қуғын-сүргінге ұшыраған мыңдаған қазақтың Тәуелсіздік үшін жанын шүберекке түйіп, қаны мен терін төккен ата-баба шежіресі
|
Дәріс сабақ
|
2
|
|
13
|
Ызғарлы Желтоқсан
|
Желтоқсан оқиғасына 30 жыл, қатысушылары және тарихи нәтижесі
|
Дәріс сабақ, презентация арқылы таныстыру
|
2
|
|
14
|
Қайталау
|
|
|
1
|
|
«Мәңгілік елді» армандаған Маңғыстаулықтар
|
15
|
Елім деп өткен ер
|
Қазақ елі үшін, алаштық идея үшін аянбай еңбек еткен ұлықты тұлға- Нәзір Төреқұлов
|
Дәріс сабақ
|
1
|
|
16
|
Жалау Мыңбаев – қоғам қайраткері
|
Алаш ардақтысы, журналист, публицист Жалау Мыңбайұлы өмірінің жарқын беттері
|
Дәріс сабақ
|
2
|
|
17
|
Ұлт арысы, көрнекті қайраткер- Сайын Шапағатов
|
Тарихтың өзі туғызған тарланбоз тұлға, өлке перзенті- Сайын Шапағатов
|
Дәріс сабақ
|
1
|
|
18
|
Заманымыздың заңғар жазушысы
|
Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы- Әбіш Кекілбаев
|
Дәріс сабақ,
Саяхат сабақ
|
2
|
|
19
|
Қайталау
|
|
|
1
|
|
Еліміз аңсаған Тәуелсіздік
|
20
|
Қазақстан Тәуелсіздік жылдарында
|
1991 жылғы асқақ арманымыздың орындалуы
|
Дәріс сабақ
|
1
|
|
21
|
Әлем таныған жасампаз көшбасшы
|
Қазақ елінің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың көреген саясаты
|
Презентация арқылы таныстыру
|
1
|
|
22
|
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері
|
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері — Туы, Гимні, Елтаңбасы. Мемлекеттік рәміздердің пайда болу тарихы
|
Презентация арқылы таныстыру
|
1
|
|
23
|
Мәңгілік елдің — мәңгілік тілі.
|
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл
|
Дәріс сабақ
|
1
|
|
24
|
Қайталау
|
|
|
1
|
|
«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы – болашақтың белесі
|
25
|
Мәңгілік елдің ұлттық құндылықтары
|
Ұлттық құндылықтар – қазақ халқының рухани және материалдық мәдениеті. «Мәдени мұра» бағдарламасы.
|
Дәріс сабақ
|
1
|
|
26
|
«Қазақстан – 2050» стратегиясы
|
ҚР Президенті Н. Назарбаевтың. «Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» халыққа Жолдауы. Оның негізі басымдықтары.
|
Дәріс сабақ
|
1
|
|
27
|
«100 нақты қадам» — Мәңгілік елдің ұлттық жоспары
|
Н. Назарбаевтың Бес реформасы және оны жүзеге асырудың жолдары мен негізгі тетіктері.
|
Дәріс сабақ
|
1
|
|
28
|
Қайталау
|
|
|
1
|
|
Ақшұқыр мектеп-лицейі
«Мәңгілік ел»
элективті курс бағдарламасының жобасы
Дайындаған мұғалім: Кощжанова Ш.
2016 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |