Ескерткіштер көне тарихтан сыр шертеді Көне тарихымыздың заттай дерегі тарих және сәулет ескерткіштері болып табылатындығы сөзсіз. Бұл ескерткіштерді өткеннің келешекке қалдырған аманаты, ата-бабаларымыздың үзілмей келе жатқан салт- дәстүрлерінің нақты көрінісі деп бағаласақ та болады. Оларды қорғап, сақтап және қадір-қасиетін жалпы көпшілікке таныстырып отыру бәріміздің де парызымыз.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Туған жерге деген сүйіспеншілік…білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді…жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді» деп ұлттық құндылықтарымызға қамқорлық жасап, туған өлке тарихын біліп өсу, сөйтіп бүгінгіні өткен тарихпен сабақтастыру туған жерге деген сүйіспеншіліктің түп-тамыры болып табылатындығы жайлы айтқан болатын.
Сондай-ақ, бұл бағдарлама қазақтың төл тарихынан ойып тұрып орын алатын әрі елдігіміздің тұмары, өркениетіміздің жәдігері болған жергілікті деңгейдегі тарих және мәдениет ескерткіштері мен нысандарды қалпына келтіру бастамасын да қолға алуды ұсынады.
Ескі Күлтөбе Қазіргі Күлтөбе
Күлтөбе – Қазақстан Республикасының Түркістан облысы, Түркістан қаласында орналасқан ежелгі бекіністі қоныс және археологиялық ескерткіш. Нысан – ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне енген ескерткіш – Түркістан қаласының шығысындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі буферлік оңтүстік аймағында, 480 м жерде орналасқан.Қалашықтың жалпы аумағы 27 га, ол үш учаскеге бөлінген, әрқайсысы 9 га болады.
Ясауи кесенесінің 12ғасырдағы көрінісі қандай болған?
Белгілі профессор Мұхтар Қожа ағаштар арасында тіпті геометриялық 10 сияқты бояу салынған үлгісі де бар екенін және кесененің жоғары жағындағы мешіттерде мұндай ағаштар кездесетінін, тіреулерде немесе жоғары бөлігін жабуда осындай өрнектеліп боялған ағаштар бар екенін де айтты. Бұл хронологиялық жағынан алғанда 14-ғасырдан ертерек салған құрылыстарда қолданылған екен.
Күмбез қуысындағы ағаштарды таныстырған ғалым екінші дереккеде тоқталды.
– Екінші дерек Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің 12-ғасырдағы көрінісі қандай болған? Осы сауалға жауап іздеп көрелік. Біздің Түркістан тарихына қатысты зерттеу жүргізген археолог мамандар өте көп. Солардың бірі – Ерболат Смағұлов. Осы Смағұлов пен Байпақовтың кейінгі шыққан кітабында «Кесененің 12-ғасырдағы үлгісі осындай болса керек» деген сурет жарияланған. Менің пікрімше, кесененің 12-ғасырдағы түрі осындай болмаса керек. Кесененің сыртқы жағында қабірханасына жақын жерді реставраторлар жөндеу кезінде 12-ғасырға тән ою-өрнекті және суреттегідей бантик сияқты іспетті жасаған дуал қалдығы табылған. Өйткені ол жерде тек бір ғана осы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ғана болмаған. Бірнеше кесене болған. Ал «тап осындай ою-өрнекті дуал дәл осы Ясауи кесенесінен табылды» деген мәліметті археологтар бізге ұсынған жоқ. Сондықтан сол кезде мынадай болған деп айтуға және қабырғасы осындай болған деп санауға болмайтын сияқты,-дейді Мұхтар Қожа.
Ескі Қ.А.Яссауи кесенесі Қазіргі Қ.А.Яссауи кесенесі