Туынды сөз 1.Біздің үйден тас лақтырым жерден арқырап ағып жатар ағыны қатты Бұқтырма - жаз шыға суға шомылған, қыста сырғанақ тепкен баланың жер-көкті шарқ ұрып шарласа таба алмас қызыққа толы мекені еді.
2.Қазір ойлаймын, егер қазақтың әйелдері атқарар бүкіл ісмерліктің қолөнер институтын, немесе фабрикасын ашып, менің апамды бастық сайласа, тұтас бір он саусағы өнер ұрпаққа дайындап шығарар еді.
3.Қазақта осыншалық мықты, осыншалық ақылды ұлы әйелдер болғаны қандай жақсы.
4.Біздің осы жұмысты аяқтауымызды күтіп тұрғандай, әлгінде ғана тас төбеге ілінген қара бұлттан бауырсақтай-бауырсақтай бұршақ төпелеп жөнелді.
5.Жеңеше, - деді Апама (неге жеңеше дейтінін білмейтінмін, өйткені шешем де солай атайтын) - ертең таңертең сиыршы шал Жүністі жіберем, соғымды сойып береді
Оралхан Бөкей Апамның астауы