Түзете дамыту жұмыстарындағы ырғақ іс-әрекетінің тиімділігі
А.Б.Орынбаева
Атырау қалалық
№20 «Алтын балық» мүмкіншіліктері шектелген балаларға арналған балабақшасының І санатты ырғақ іс-әрекетінің маманы
Жеке тұлға болып қалыптасуына өнер ,эстетикалық тәрбиенің маңызы ,бала өміріне қосар үлесі өте зор. Хореографияда бұл қозғалыстың, дыбыстардың, жарық бояуларының, кастюмдердің үйлесімділігін, яғни бала арманы мен әсерін еркін жеткізе білуі. Балалар билерді көркем орындау дағдыларын игеріп, дамытып, сонымен қатар баланы сұлулық заңдарына
сай әдетпен жүріс-тұрыс ережесіне машықтандыру.Ырғақ іс-әрекетінде өнермен іс-әрекет баланың дене дамуына себеп болады және оларды рухани азықтандырады. Бұл үйлесімді қимыл-жаттығулар балаларды да ата-аналарды да жаттықтырады, жақындатады. Би мүсініне ие болған бала жан-жағындағыларды таңдандарады. Бірақ оның қалыптасуы балалардан көптеген сапа талап ететін ұзақ құбылыс.
Тәртіптілік ,еңбек сүйгіштік және сабырлық. Тек ырғақ іс-әрекетінде ғана емес, сонымен қатар тұрмыста да қажетті қасиеттер. Бұл сапалар жыл бойы педагог- хореографтар мен тәрбиеленеді және көптеген жетістіктерге жеткізеді.Өмірде өте қажет жауапкершілік сезімі би мен айналысатын балаларды алға қозғайды. Биде жаныңдағы тұрғанды алып кетуге болмайды, өзіңде біреулер тәуелдіі болғансоң қалып келуге болмайды,орындамауға болмайды.
Хореографиялық оқытудағы ұқыптылық, хореографиялық киімнің тазалығы балалардың ішкі дүниксіне де әсер етеді. Олар тек мүсінімен ғаға емес,сәнді шашымен,қарапайым киімді сәнді етіп киюімен ерекшеленеді.
Тақырыптың өзектілігі:
Мүмкіншіліктері шектелген балалардың арасындағы еске сақтау қабілетінің,зейінін ,бағыт-бағдарының нашарлауының, жалпақ табандылық пен омыртқаның қисаюы т.б. түрлі аурулардың кең белен алуына байланысты ең басты мақсатымыз оқу-тәрбие беру процессінде балалардың денсаулығын нығайту болып табылады. Балаларды түрлі аурулардың алдын алуда күн бойғы әрекетінде денесін шынықтыру және сауықтыру шаралары кіріктіре жүзеге асырылу қажет. Ал, оның ішінде музыкалық ырғақты би іс-әрекетінде осы өскелең ағзаның толық дұрыс дамуында көп ықпал тигізетіні анық.
Яғни музыкалық ырғақ іс-әрекетінде әсемдік пен қатар баланың бұлшық еттерінің дамуы мен дене сымбатының дұрыс өсуіне тигізер әсері мол.
Дені сау баланың көңіл-күйі де жақсы болатыны анық яғни баланың өз-өзіне сенімділігімен ерекшелігін сезіну жеке тұлға ретінде қалыптасуына маңызды рөл атқарады.
Ырғақты би қимылдары балалардың эстетикалық тәрбие мен шығармашылық қабілеттерін дамыта отыра денсаулықтарын нығайтады және артырады.
1.Би арқылы бұлшық ет күші мен иілімділігінсонымен қатар төзімділік қабілеттерін қалыптастыру.Әуенге сәйкес ырғақ пен қимыл үйлесімділігінің көркем де мәнерлі болуын жетілдіру.
2.Балалардың қимыл белсенділіктерін арттыру
Әуенге сәйкес дербес би қозғалыстарын ойлау арқылы баланың ой - қиялын және елестету қабілеттерін дамыту.
3.Ырғақты би арқылы еркіндік, шығармашылық пен психологиялық жағымды эмоциясын арттыру.
Педагог міндеті:
Баланың шығармашылық қызығушылығын арттыру.
Жеке тұлға дамуында заманауи инновациялық әдістерді қолдану.
Жалпы ережеге, тәртіпке бағына білуге тәрбиелеу.
Ырғақ іс-әрекетінің негізгі құрылымы:
1.Иілу/Би тілінде амандасу/шеңбер бойымен жүру,жүгіру түрлері.
2. Реверанс ,жалпы дамыту жаттығулар
3.Ортада би қимылдарын орындау.
4.Ұсақ-қол моторикасына/тілдік,логоритмикалық/ арналған жаттығулар.
5.Қимылды,аз қимылды ойындар.
6.Қортындылау,тыныс алу жаттығулары
Мектепке дейінгі жас адам өміріндегі өте жауапкершілікті кезеңдердің бірі, яғни осы жас шамалық кезеңде баланың денсаулығының негізі, ақыл ойы, психо-физикалық дамуы қаланып, оның жеке тұлғасы қалыптасады. Дәлірек айтар болсақ, бала өсіп дамиды сонымен қатар әуенге сай ырғақты би қозғалыстарына деген қажеттіліктері ұлғаяды. Ал музыка әуеніне қозғалу бұл би. Ырғақты би - бала үшін қозғалыс арқылы өз - өздерін көрсетудің тәсілі болып табылады. Себебі мектепке дейінгі жастағы баланың сөздік қоры бай емес, сондықтан да бала өз сезімін, эмоциясын ырғақты би арқылы бейнелеп, қоршаған ортаға жеткізеді. Ал қазіргі заманғы музыка әуені кең қозғалыстығымен көңілді динамикасымен балаларға жақын. Қазіргі заманғы балалар биін балабақшада қолданудың тиімділігі ол, балаларды музыкалық, психо-физикалық және эстетикалық тәрбие жағынан әр - түрлі әсерлі формаларды қолдана отырып ырғақты би қозғалыстарын дамыту болып табылады. Ырғақты би қимылы арқылы бала тәрбиелік және білімділік қасиеттерді бойына сіңіреді. Ол баланың сезімдеріне тікелей әсер ете отырып, оның рухани бейнесін қалыптастырады. Ырғақты би қимылы тек ептілік әдемілік, шығармашылық мүсін ғана емес, баланы жігерлендіреді. Ырғақ іс-әрекетінде тек қана би үйретіліп қана қоймай денсаулықтары нығайып, ой-өрістері дамиды. Бұлшық ет күштері жақсарып, икемділік, төзімділік қабілеттері дамиды және дене бітімдері түзеліп, сымбаттылыққа тәрбиеленеді, әдемілікке деген құштарлықтары артады, яғни ырғақты би қимылы баланың ішкі барлық ағзаларына әсер етеді. Мысалы ішкі рухани жағдайы өзгеріп, мазасыздықты басып, жақсартып, жалпақ табандылық, омыртқа қисаю ауыруларын алдын алады сонымен қоса балалардың зияткерлік деңгейінің артуына, оның ойлау жылдамдығына ықпалын тигізе отыра есте сақтау қабілеттерін жақсартады. Ырғақты би балаларды эстетикалық құндылыққа тәрбиелейді, эмоцияналдық көңіл-күйін жақсартады. Өздеріңіз білетіндей біздің кішкентай бүлдіршіндеріміздің мінез-құлықтары әр түрлі ашық, шапшаң, белсенді болса ал кейбіеулері ұялшақ, қорқақ, ұяң балалар да болады дәл осындай балалармен ырғақты би іс-әрекетінде балалардың тұйық мінезін ашып, көңіл-күйлерін жақсартып, өз-өздеріне «МЕН» деген сенімдерін арттыруға болады. Біздің бүлдіршіндеріміз көптеген билерді үйреніп қана қоймай ұлттық салт дәстүрлерді тез қабылдайды. Тәрбиеленушілердің арасында ерекше, биді жоғары орындау шеберлігі мен көзге түсіп жүргендері қалалық, облыс деңгейіндегі сайыс – байқауларына қатысып жүр. Олар бақшаның мақтанышы демек ата-ананыңда мақтанышы. Қазақ халқы би өнері арқылы қайғы-мұңдары мен қуанышытарын би арқылы жеткізе білген. Әсем әуенді естігенде бойы елітіп би билегісі келмейтін жан болмас. Ырғақты би қимылын қабылдау ерекшелігін белгілі бір деңгейде, дайындық кезеңінде жас ерекшеліктеріне қарай анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |