Учебно методический


Тапсырма № 16. Босану әрекетінің аномалиясы



бет102/199
Дата06.02.2022
өлшемі5,99 Mb.
#79374
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   199
Байланысты:
УМКД Акушерство каз. 4 курс ОМ

Тапсырма № 16. Босану әрекетінің аномалиясы
Бастапқы тест сұрақтары

  1. Жоқ

  2. Жоқ

  3. Иә

  4. Жоқ

  5. Жоқ

  6. Жоқ

  7. Жоқ

  8. Жоқ

  9. Жоқ

  10. Иә

5 БЛОК. Босану патологиясы.
Тапсырма № 16. Босану әрекетінің аномалиясы
Қорытынды тест сұрақтары
1. Алғаш босанушы әйелде босанудың бірінші кезеңі 10 сағатқа жетіп, толғағы әр 3-4 минут сайын, ұзақтығы 45 сек, күші жақсы, ауырсынумен өтуде. PV: Жатыр мойны жайылған, шекарасы ригидті, ашылуы 2 см. Диагнозыңыз:
А) прелиминарлы кезең
Б) біріншілік босану әлсіздігі
В) екіншілік босану әлсіздігі
Г) патологиялық прелиминарлы кезең
Д) дискоординациялық босану әрекеті

2. Қайта босанушы әйел босану үйіне түскенде толғаы әрбір 3-4 минут сайын, ұзақтығы 45 сек . P.V.: Жатыр мойны жайылған, шекарасы жұқа, ашылуы 5 см. Келесі 4 сағатта толғағы әрбір 6-7 минут сайын, , ұзақтығы 25 сек. P.V.: Жатыр мойны жайылған, шекарасы жұқа, ашылуы 6 см. Диагнозыңыз:


А) прелиминарлы кезең
Б) біріншілік босану әлсіздігі
В) екіншілік босану әлсіздігі
Г) патологиялық прелиминарлы кезең
Д) дискоординациялық босану әрекеті

3. Алғаш рет босанушы әйелдің босану уақыты неше сағаттан кем болса, онда ол «ұмтылмалы-жедел» деп аталады:


А) 4 сағат
Б) 5 сағат
В) 6 сағат
Г) 7 сағат
Д) 8 сағат

4. Қайта босанушы әйелдің босану уақыты неше сағаттан кем болса, онда ол «ұмтылмалы-жедел» деп аталады:


А) 4 сағат
Б) 5 сағат
В) 6 сағат
Г) 7 сағат
Д) 8 сағат

5. Екіншілік босану әлсіздігі, жедел құрсақ ішілік ұрық гипоксиясында және ұрық басының жамбас түбінде орналасуында дәрігер әрекеті қандай болуы тиіс:


А) окситоцинмен босануды ынталандыруды бастау
Б) простагландиндермен босануды ынталандыруды бастау
В) кесар тілігі операциясын жасау
Г) акушерлік қысқыш салу
Д) құрсақ ішілік ұрық гипоксиясын емдеуді бастау

6. Біріншілік босану әлсіздігінде және қағанақ суы бүтін болғанда дәрігер әрекеті қандай болуы тиіс:


А) окситоцин енгңзу
Б) амниотомия жасау
В) перидуралды анестезия жасау
Г) кесарев тілігі операциясын жасау
Д) амниотомия жасаған соң, уте­ротониктерді енгізу

7. . Екіншілік босану әлсіздігінде, босанушы әйелдің шаршап қалуында және ұрықтың жағдайының қанағаттанарлық кезінде дәрігер әрекеті қандай болуы тиіс:


А) медикаментозды ұйқымен дем алғызу
Б) акушерлік қысқыш салу
В) перидуралды анестезия жасау
Г) кесарев тілігі операциясын жасау
Д) окситоцинмен босануды ынталандыруды бастау

8. Утеротониктерді аса көп қолдану қандай патологиялық жағдайларға әкелуі мүмкін:


А) Созылған босану
Б) патологиялық прелиминарлы кезең
В) біріншілік босану әлсіздігі
Г) екіншілік босану әлсіздігі
Д) дискоординациялық босану әрекеті

9. Утеротониктерді қолдануға қарсы көрсетілімдер:


А) азсулық, ұрықтың тігінен жатуы, жатыр миомасы
Б) көп туған әйел, ұрықтың көлденең жатуы, жатыр тыртығы
В) азсулық, ұрықтың жамбаспен жатуы, асқынған акушерлік анамнез
Г) үлкен жастағы алғаш босанушы әйел, азсулық, жатыр тыртығы
Д) созылмалы плацентарлы жетіспеушілік, ұрықтың жамбаспен жатуы

10. Босану әрекетінің аномалиясының қай түрі мына партограммада II санымен белгіленген:



А) патологиялық прелиминарлы кезең
Б) босанудың I кезеңінің біріншілік босану әлсіздігі
В) босанудың I кезеңінің екіншілік босану әлсіздігі
Г) босанудың II кезеңінің біріншілік босану әлсіздігі
Д) босанудың II кезеңінің екіншілік босану әлсіздігі
5 БЛОК. Босану патологиясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   199




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет