Украиндар (укр. украї́нці) — Украинаның негізгі халқы (37,4 млн.). Ресейде (4.4 млн.), Қазақстанда (469 мың), Молдавияда (600 мың), Беларусьте (290 мың), Қырғызстанда (100 мың), Өзбекстанда (150 мың), Польшада (350 мың), Канадада (550 мың), АҚШ-та (535 мың), Аргентинада (120 мың),
18 ғасырда ресейліктер берген украиндықтар (краина – яғни алыс шет сөзінен) атауы бекіген. Сонымен қатар козак (казак) - көшпелі казактардың (қазақтардан) этимологиясы, олардан әскери еріктілік өмір салтын алған (казак –деген «еркін, бос» деген мағынада). Бұнымен қоса әскери ақсүйектер казак-қыпшақтардан (Киев Русінің славян-түрік кангломераты) құрылған. Сонымен қоса әзілдеп хохол (кейбір ғалымдардың пікірі бойынша «көк, тәңірі», көк түрік деген мағына білдіреді) деп атаған.
Ескі есімдер: рустар, русындар, казактар, украин казактар, черкастар.
Украин тілі шығыс славян тілінің бірі болып табылады және үш диалектілік ерекшеліктері бар: а) солтүстіктік: солтүстік жағалаулық-полесский, оңтүстік жағалаулық - полесский, волынский-полесский сөйлеу ерекшеліктері; б) оңтүстік-батыстық: волынский-подольский, галицко-буковиндық, карпаттық, днестрлық сөйлеу ерекшеліктері; в) оңтүстік-шығыстық: днепровтық, шығыс-полтавалық сөйлеу ерекшеліктері. Соңғы сөйлеу ерекшелігі 18 ғ. ежелгі украиндық кітап тілі негізіне алынды. 18-19 ғғ. аралығында қазіргі украин (жаңа украин) әдеби тілі қалыптасты. 10 ғ. Кирилл мен Мефодий негізін салған ескі славян жазуы Украинадан бастау алды.
Діни сенімдері
Діни сенімдері – Украинаның негізгі халқы православиелік негіздегі христиан дінін, бір бөлігі католик дінін ұстанады. 988 ж. Киев князі Владимир христиандықты ресми түрде қабылдап, Киев Русінің халқын шоқындырған. 1596 ж. Украина мен Белоруссия аумағындағы праволславиелік шіркеуге келісімді Брест шіркеу униясы жарияланды.
19-20 ғғ. украин переселендерінің негізгі экономикалық өмірі жер өңдеу, мал шаруашылығы болды. Ауыл халқының бір бөлігі теріден етік, тондар тігу, құмыра жасау, икон жазу, бөшке жасау, шарап жасау және т.б сияқты кәсіптермен және қолөнермен айналысқан.
Достарыңызбен бөлісу: |