Улы жыландар мен жəндіктер шаққан кездегі алғашқы көмек
Күн жылынғаннан кейін біз уақытымыздың көп бөлігін далада өткіземіз.
Табиғатқа шығамыз
немесе қаланың саябақтарында демалуға тырысамыз. Өкінішке орай, бұл
маусымда белсенділік танытатын қауіпті жыландар мен жəндіктер демалуға
кедергі келтіруі мүмкін. Олардың ағзасында
уландырғыш заттар бар, олар адамның қанына келіп түскенде денсаулығы үшін
үлкен қауіптілікті тудыруы мүмкін.
Біздің аймақта улы жыландар мен жəндіктердің келесі түрлері кезедеседі:
Дала сұр жыланы, боз жылан;
улы өрмекшілер
: қарақұрт, бүйі, бұзау бас бүйі.
Алайда жыландардың барлық түрі адам үшін
улы емес, бəрібір қандай
болмасын таныс емес жыланды улы жəне қауіпті деп санау қажет. Жорыққа
немесе қала шетіне аттансаңыз жыланның белгілерін зерделеу артық болмас.
Жыланмен кездесіп қалған кезде мұқият болу қажет. Жыланды
ұстап алуға немесе онымен ойнауға тырыспаңыз.
Жыландар əрқашанда шабуыл жасауы туралы ескертеді
: кейбіреуі басын
дірілдетеді, кейбіреуі ысылдайды, кейбіреуі оралып алады. Сондай-ақ
өлген жыландардан да сақ болу қажет. Олардың кейбіреуіндегі улардың қасиеті
ұзақ сақталуы
мүмкін, сондықтан өлген жыланның тісі абайсызда өтіп кетсе қатты улануыңыз
мүмкін.
Егер сізді жылан шағып алса, мыналарға тыйым салынады:
•Шаққан жерді күйдіруге. Егер жылан теріңізді тістеп алса, онда сіз тек теріңізді
күйдіріп
аласыз, ал уды шығара алмай қаласыз.
• Тістелген жерді кесуге болмайды. Сіз өзіңізге одан əрі зиян келтіресіз.
• Алкоголь қабылдауға болмайды. Алкоголь удың ағзадан шығуын баяулатады.
Қолда бар
шөптерді жəне басқа да заттарды жараға тануға болмайды. Сіз жараға індет
жұқтырасыз.
• Бұрау салуға болмайды. Қалыпты қанайналымы қол-аяқтарды
жансыздандырмайды,
қанайналымының бұзылуы тіндердің ыдырауына əкеп соғуы мүмкін.
Жылан шаққан кездегі алғашқы көмек:
Зардап шегушіні көлденең жатқызып, тыныштықта қалдыру қажет, өйткені
қозғалыс удың бүкіл денеге таралуын тездетеді. Аяқты шаққан кезде оны
қозғалтпауға тырысыңыз. Шаққан қол-аяқтарды дəкелеп танып жəне олар біраз
көтеріңкі болып тұру үшін тізенің астына бір нəрсе қойыңыз. Қолды шаққан
кезде оны бүккен күйде ұстаңыз.
Уды сорып шығару. Жараны саусақпен басып, уды ауызбен қатты сору қажет.
Бұл үшін
кішкентай құтыны немесе шөлмекті пайдалануға болады. Құтының ішіндегі
ауаны сиретіп, от жақындатып жараға құтыны салу қажет. Уды алғашқы 15
минут ішінде үздіксіз сору керек. Бұл зардап шегушінің ағзасынан удың 50 %-ын
жоюға көмектеседі. Егер зардап шегуші жалғыз болса, онда уды өзі сору қажет.
Жараны залалсыздандырыңыз жəне стерильді таңғыш байлаңыз. Таңғыш
жұмсақ тінге тиіп кетпес үшін оны жиі-жиі босатып отыру қажет. Зардап шегуші
ағзадан уды шығару үшін көбірек сұйықтық ішу қажет.
Зардап шегушіні тезірек емдеу мекемесіне жеткізу қажет. Шұғыл жағдайларда
зардап шегушінің жүрегіне жəне тыныс алу жолдарына жасанды массаж жасау
қажет.Зардап шегуші рухани қолдауды қажет етеді!
Масалар шаққан кездегі көмек:
Қышуды азайту үшін шаққан жерді спиртпен,
одеколонмен, арақпен сүрту қажет.
Сона мен ара шаққан кездегі көмек
: Ең алдымен жəндіктің уы бар бізгекті
тауып алып тастау керек. Одан кейін шаққан жерді спирт ерітіндісімен жəне
йодпен сүртеді. Ауырғанды жəне ісікті басу үшін салқын су басқан абзал.
Жалпы улану белгілері кезінде, сондай-ақ аңқаны, жұтқыншақты, көзді шаққан
кезде шұғыл емдеу мекемесіне жеткізу қажет.