Уразбекова Айгуль Бауыржановна



Дата02.05.2020
өлшемі14,68 Kb.
#65518
Байланысты:
эссе


Уразбекова Айгуль Бауыржановна.

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №11 орта мектебі» ММ.

8 «Ә» сыныбы.

Қостанай қаласы.

Құрманова Айғаным Мейрамбекқызы.

"Туған жердің қымбат маған әр тасы..."

Жүрек -адам мүшелерінің ешқайсысына да жетпейді... Негізі адам баласы бар дүниені есту, көру мүшелері арқылы таниды дейді. Алайда, мен ол пікірмен келіспеймін. Ең құдыретті сезім мүшесі –ол Жүрек!

Жүрек арқылы адам ақ пен қараны, жақын мен алысты ажыратады, жақсы –жаманды, қуаныш пен қайғыны сезеді.

Адамның ақыл –ойын, сана –сезімін де билейтін –Жүрек. Жүрек не деп билесе, қалған дене мүшелері соған құлдық етеді.

Ал, ендеше, Мен өз Отаныма деген сүйіспеншілігім мен махаббатымды, құрметімді әрқашан жүрегіммен білдіремін. Менің сүйікті Отаным –Қазақстан! Ол –орманы мен көлі, тауы мен тасы, даласы мен жасыл желегі жусаған кең –байтақ мекен. Мен Қазақстанда туып –өскенімді мақтан етемін! Себебі, Қазақстан 140 –тан астам ұлт өкілдеріне құшағын жая сая болған қасиетті мекен. Қазақстан көпұлтты мемлекет жəне де қазақ елі басқа ұлт өкілдерін ешқашан бөліп жармаған. Керісінше оларды бауырындай көреді. Қазақ елінің кеңпейілділігін осыдан аңғаруға болады. Қазақстанымның басқа әлем елдерінен айырмашылығы біршама. Оның сан жылдық тарихы, халқының қонақжайлылығы, көз тартар табиғаты, дәстүрі мен салты көрген адамның көңілін жайбырақат қалдырмас...

Ең алғаш еліміздің іргетасын Жәнібек, Керей хандарымыз қаласа, Жаңа Қазақстанымыздың іргетасын Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қалады. «Адамдағы білім, ақыл және жігер жақсылыққа, ізгілікті істерге, адамдарға деген сүйіспеншілікке бағытталуы тиіс»,- дейді Ұлы Абай атамыз. Міне, дәл осы асыл қасиеттер Елбасымыздың бойынан табылып, ол кісінің ақылы мен күш –жігері бізді жаhандану заманындағы гүлденген Жаңа Қазақстанға алып келді. Нұрсұлтан Әбішұлын биік шыңдарға жетелеген, арине, Оның Отанына деген махаббаты, Елінің оған деген сенімі.

Қоғам қайраткері Ә. Бөкейханов «Балам, халықтың ұлы болмасаң – менің де ұлым емессің» деген екен бір сөзінде, дәл осы сөз біздің Елбасымызға арналғандай, себебі, Н. Әбішұлы атасының ұлы емес, халықтың ұлы, көшбасшысы. Талай ұлттың басын біріктіріп, бір шаңырақ астында тату –тәтті өмір сүруге шақырып, көп елді айрандай ұйытқан нағыз Лидер!

Мен де Нұрсұлтан атамыздай еліне ерінбей қызмет ететін азаматша болғым келеді. Ол үшін ең алдымен, жақсы оқып, білімімді шыңдауым керек. Алдымда кездесетін барлық кедергілерден қайыспай өтіп, өзімді дйлелдеуім қажет. Сонда ғана мен өз қалаған арманыма жете аламын. Ең бастысы –бәрін жүрекпен істеу. Сонда нағыз жетістікке жетесің.

Қазақ елінің осылай тату –тəтті, əрі бақытты өмір сүруінің бірде бір себепкері ол Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев. Осы кісінің арқасында қазіргі таңда еліміз көркейіп, гүлдеп жайнап келе жатыр. Нұрсұлтан Əбішұлының маған көшбасшылығы мен өзіне деген сенімділігы қатты ұнайды. Мен де өскен соң осы кісідей болып өз армандарына жетпей қоймаймын!!



«Бақыттың мәні - парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде, ол мақсат тек кездейсоқ рақат үшін емес, шынайы игілік үшін бағыттылуында, адамның өз мінез - құлқын, іс - әрекетін ерікті түрде өзгертіп, ізгілікке бағыттап отыруында.» Ендеше мен өз арманыма рақат үшін емес, Еліме шынайы сүйіспеншілігімнің белгісі ретінде шынайы игілік үшін жетемін!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет