Усаева Светлана Тархипқызының 9 сыныптың Алгоритмдеу және программалау тарауының 4 сабағына арналған қысқа мерзімді сабақ



Дата25.08.2017
өлшемі43,92 Kb.
#26410
түріСабақ
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы,

Подстепный қазақ ЖОББ мектебінің

информатика пәні мұғалімі

Усаева Светлана Тархипқызының

9 сыныптың Алгоритмдеу және программалау тарауының

4 сабағына арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары.




Күні




Сыныбы

9а

Сабақтың тақырыбы

Мәліметтерді енгізу және шығару. Сызықтық алгоритмдерді программалау.


Жалпы мақсаты

Енгізу-шығару операторларын және сызықтық программалау туралы оқып үйрену.

Күтілетін нәтижелер

А. Енгізу-шығару операторларының анықтамасын және сызықтық программалаудың

мағынасын түсінеді.

В. Енгізу-шығару операторларын салыстырып талдайды.

С. Сызықтық алгоритмдерді программалау тілінде жазады.















Керекті жабдықтар

Оқулық, Интерактивті тақта, компьютер, үлестірме парақтары, Венн диаграммасы, Блум таксономиясының сұрақтары.

Сабақ барысы

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

Білу

1. Ұйымдастыру:

Сергіту және топтастыру шарасы.

2. Топқа бөлемін.

Әр топқа үй тапсырмасы бойынша Блум таксономиясын қолданып сұрақтар құруға тапсырма беремін.



Топқа бірігеді.

Оқушылар Блум таксономиясының сұрақтарының үлгісін қолданып, сұрақтар құрастырады. Сұрақтарын басқа топ мүшелеріне қояды. Сұрақтар қайталанбауы керек. Басқа топ мүшелері жауап береді.



Тұсаукесер


Ой қозғау сұрағы қойылады.
1. Программада әрбір жолдан кейін қандай тыныс белгі қойылады?

2. Программа қандай оператормен басталады?

3. Программаның негізгі бөлігі қандай түйінді сөзбен басталып, қандай сөзбен аяқталады?

4. Қандай оператор меншіктеу операторы деп аталады?

5. Өрнек деген не?

6. Өрнекті Паскаль тілінде жаз.


Сабақтың бағалау критериясымен таныстыру.

Бағалау критерийі:

1. Тақырыпты толық аша білуі

2. Өз ойын анық жеткізуі

3.Топ жұмысында белсенділігі

4. Уақытпен жұмыс жасауы



Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді.


Бағалау критерийі бойынша белгілеп отырады.




Негізгі бөлім

Түсіну

Жаңа тақырыпты мына бөлімдерге бөліп,оқушыларға оқулықпен танысуға тапсырма беріледі:
I топ: Енгізу операторы туралы,

II топ: Шығару операторы туралы,

III топ: Сызықтық программа туралы

түсініктерін айтады.




Оқушылар оқулықпен жұмыстанады. Негізгілерін естеріне сақтайды. Осы топтың әрқайсысынан 1 адам қорғайды. Енгізу, шығару операторларына және сызықтық программаға түсініктеме береді. Қалғандары толықтырады.

Қолдану

1. y=a*x , бір айнымалысы бар

теңдеу.


Осы теңдеудің алгоритмін - I топ,

программасын - II топ,

блок-схемасын - III топ орындау керек.

2. Оқулықпен жұмыс.

П.ж. №10 (1, 2, 3).


Интерактивті тақтада тапсырманы орындайды.

Оқулықпен жұмыс жасайды.

Сызықтық программаға есеп шығарады.


Талдау

Енгізу және шығару операторларының ұқсастығы мен айырмашылығын Венн диаграммасы арқылы салыстыру.

Венн диаграммасын толтырады.



Жинақтау

Әрбір оқушыға үлестірме карточкалары арқылы жеке тапсырмалар беру. Компьютерде орындау. 1. Pascal тілінде берілген өрнекке сәйкес болатын арифметикалық өрнекті жаз: а)(SIN(2)+SQR(35.8))/2.6+SQR(1.3) в) 5+132/(SIN(25*3. 14/180)+SQR(5))

2.f=8x+2y функциясын есептеу алгоритмін құру, программасын жазу.

3.Ұзындығы а - ға тең, ені в - болатын тіктөртбұрыштың ауданын анықтайтын алгоритм құру, программасын жазу және блок-схемасын сызу. Алдымен бізге тіктөртбұрышты анықтайтын формуланы білуіміз керек. S:=a*b.



Жеке жұмыстанады.

Деңгейлік тапсырманы орындап, есептер шығарады. Программаны компьютерде орындап, нәтижесін талдайды.




Бағалау

Бағалау критерийі бойынша бағалау

Оқушылар өздерін бағалау критерийі бойынша бағалайды, топтың бағалауымен мұғалім баға қояды.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет